Similar presentations:
Өнер қайраткерлері
1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТ
СӨЖТақырыбы: Өнер қайраткерлері
Дайындаған: Аманғалиева Ақтоты
Тексерген: Нұрғали Сауле
2. Кеңес Дүйсекеев
• Кеңес Дүйсекеұлы Дүйсекеев 1946 жылы 10 ақпандаҚызылорда облысында дүниеге келген. Композитор,
Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері (1994 ж.).
Алматы консерваториясын бітірген (1974 ж.). 1974-1976
жылдары “Гүлдер” ансамблінің бас дирижері және
музыка жетекшісі, 1976-1979 жылдары “Қазақконцерт”
гастрольдік-концерт бірлестігінің музыка жетекшісі, 19751984 жылдары Қазақ теледидары музыка редакциясының
бас редакторы болып қызмет атқарған. Дүйсекеевтің
жетекшілігімен “Тамаша”, “Халық — талант қайнары”,
“Шабыт”, “Жастарға арналған музыкалық кештер”,
“Музыка әлемінде”, т.б. теледидарлық бағдарламалар
шығарылды.
3. Кеңес Дүйсекеев
• 1984- 1997 жылдары Қазақстан мемлекеттік телерадио комитетіэстрадалық-симфония оркестрінің көркемдік жетекшісі және бас
дирижері болды. 1997 жылдан “Қазақконцерт” гастрольдік-концерт
бірлестігінің көркемдік жетекшісі. Ол – “Толғау” симфониясының
(1984), “Жалаңтөс батыр” симфония поэма-картинасының (1996),
“О, дүние” кантатасының (1997), “Жыл мезгілдері” романстар
циклінің (1991), “Мәди”, “Аққу Жібек” мюзиклінің, “Алдар көсе”
опереттасының, симфония-концерттер, аспаптарға арналған
концерттер, камералық оркестрге шығармалар, соната, рапсодия,
вариациялар және 200-ден астам әндердің авторы. Дүйсекеев
әндерін Р.Рымбаева, Н.Есқалиева, М.Жүнісова, А.Мейірбеков,
Н.Өнербаев, М.Дәулетбақова, т.б. әншілер орындап жүр.
4. Әбілxан Қастеев
• Әбілхан Қастеев (1904 —1973 жж.) — қазақтыңәйгілі кескіндемешісі, график-суретші, қазақ
бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі.
Туып-өскен жері — Алматы облысына қарасты
Жаркент төңірегі. Топырақ бұйырған жері —
Алматы қаласы. Қазақстанның халық суретшісі
(1944). Қазақстан Суретшілер одағы
басқармасының төрағасы (1945-1956).
5. Әбілxан Қастеевтің туындылары
• «Колхоздағы сүт ферма», «Мақта жинау»,«Колхоздың тойы», «Қыз алып қашу», «Сатып
алынған қалыңдық», «Алтын астық», «Ақсай
карьері», «Медеу мұз айдыны», «Түрксіб»,
«Талас жағалауы», «Қапшағай даласы». Сонымен
қатар Кенесары Қасымов, Абай, Шоқан
Уәлиханов, Жамбылдың портреттері; ерекше
танымал болып табылатын портреті –
«Амангелді Иманов» портреті сияқты танымал
суреттері бар.
6. Ғалымбаева Айша Ғарифқызы
• Айша Ғарифқызы Ғалымбаева (29 желтоқсан 1917,Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы - 21
сәуір, 2008, Алматы) - қазақ кескіндемешісі және кино
суретшісі, Қазақстан халық суретшісі (1967),
Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері (1961),
Қазақ қыздарының арасынан шыққан алғашқы суретші.
7. Айша Ғарифқызының шығармашылығы
• Оның еңбектерінде қазақ әйелдерінің көркем бейнесіталантты және нәзік бейнеленген. Суретшінің кез келген
туындысынан халқының өнеріне деген ерекше махаббатты
көруге болады. Негізгі еңбектері:«Сәукеле»«Көктем және
күз» және т.б.Шығырмашыық жұмысын:"Махаббат туралы
аңыз" (1954)"Шабандоз қыз" (1955)"Бұл Шұғылада болған
еді" (1955) фильмдеріне эскиз жасаудан бастады.Алғашқы
кескіндемелік туыңдылары:"Тоқымашылар"
(1951)"Г.Разиеваның портреті" (1952)"Автопортрет"
(1956)"Халық таланттары" (1957)"Халық ісмері
Б.Бәсенованың портреті" (1958)"Дастарқан" (1959).