Similar presentations:
XX ғасырдың екінші жартысындағы халықаралық құқық қорғау ұйымдарының мақсаты және міндеттері қандай?
1.
Нұр-Сұлтан қаласы Білім беруді жаңғырту орталығыБөлім тақырыбы:
ХХ ғасырдың екінші жартысындағы әлемнің саяси дамуы
Сабақ тақырыбы:
XX ғасырдың екінші жартысындағы халықаралық құқық қорғау
ұйымдарының мақсаты және міндеттері қандай?
Койшыгарина Гулнур Калкамановна
Дүниежүзі тарихы
9-сынып
2.
Оқу мақсаты:9.2.3.2. адам құқықтарын қорғау идеяларының қазіргі халықаралық құқық қорғау
ұйымдарының қызметіне ықпалын сипаттау
9.3.1.2. Еуропа мен Азияның жетекші елдерінде конституциялық құқықтық
идеологиянының қалыптасу жолдарын талдау (БҰҰ, ЕҚЫҰ, Гаагадағы
Халықаралық Сот, Халықаралық қылмыстық сот және т.б.)
Бағалау критерийлері:
-ХХ ғ. ІІ жартысында БҰҰ қабылдаған құжаттармен танысады.
- Еуропа мен Азияның жетекші елдерінде конституциялық құқықтық
идеологиянының қалыптасу жолдарын талдайды.
3.
ХХ ғ. ІІ жартысынан адам құқықтарымен бостандықтарын сақтауды жүзеге
асыратын халықаралық ұйымдар пайда
болды. Осы жолда бүкіл әлемде
бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау,
ұлттар арасында достықты дамыту,
халықаралық
мәселелерді
шешуде
ынтымақтастық пен адам құқығын
құрметтеуді қолдау, ұлттардың бірлесіп
әрекет етуіне қол жеткізу мақсатында
құрылған БҰҰ (1945 ж., СанФранциско) маңызды орын алады.
Соғыстан кейін Батыс Еуропа
елдерінде, АҚШ, Канада және де
бірқатар азиялық мемлекеттерде
мемлекеттік-конституциялық
құрылыстар
дамып,
қоғамдық
өмірді демократияландыру процесі
жүрді.
4.
1946 – 47 жж. Италия, Франция, 1949 ж. ГФР-да, 1975 ж. Португалияда (Қалампыртөңкерісінен соң), 1978 ж. Грекияда (әскери хунта құлағаннан кейін), Испанияда
демократиялық режим күшейіп, жаңа конституциялар қабылданды. 1949 жылы
Жапонияда император құқықтары шектетіліп, парламенттік демократия орнады.
Үндістан тәуелсіздіктен соң адамдардың барлығының тең құқықтылығын
жариялады.
Буржуазиялық-демократиялық
мемлекеттердің
конституцияларында
саяси
бостандықпен қатар, сөз, бірлестіктер, діни сенім, әйел теңдігі, жеке адам құқығы,
еңбек етуге, демалуға, ереуіл жасауға, әлеуметтік қамсыздандыруға, білім алуға т.б.
құқықтары жазылды.
5.
Бұған адам құқықтарының халықаралық құқық актілері қабылдануы негізболды. 1948 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы Адам құқықтарының жалпыға бірдей
Декларациясын жариялады. Бұған қол қойған елдерде Декларация ұлттық
құқықтық құжат күшіне енді. Сөйтіп, мүше елдер адам құқықтарын сақтауға
қатысты келісімдерге қол жеткізді. Мұнда адамның негізгі азаматтық, саяси,
әлеуметтік, экономикалық, мәдени құқықтары мен бостандықтары анықталған.
6.
АдамҚұқықтарының
Жалпыға
Бірдей
Декларациясын әзірлеуге
жауапты
БҰҰ
Адам
құқықтары
жөніндегі
комиссиясына төрағалық
еткен Элеонора Рузвельт
Декларация бейнеленген
плакатты ұстап тұр
7.
Адамның табиғи құқықтарыөмір сүру, еркіндік пен жеке басына қолсұғылмашылыққа;
құлдықтан, азаптаудан және адамгершілікке жатпайтын қарым-қатынастан
қорғауға;
жеке және отбасылық өміріне, үйіне және хат-хабарларына, абыройы мен
беделіне қолсұғылмаушылыққа, тәуелсіз және бейтарап сотпен өз құқықтарын
қорғауға құқығы бар.
Адамның азаматтық құқықтары мен бостандықтары
азаматтық алу құқығы;
мемлекет ішінде еркін жүріп-тұру және тұрғылықты орын таңдау;
елден кету және саяси баспана алу құқығы бар.
8.
Адамның саяси құқықтары мен бостандықтарыой, ар-ождан және дін бостандығы, наным-сенім, бейбіт жиналыстар мен
қауымдастықтар бостандығы;
өз елін басқару құқығы;
жалпыға бірдей және тең сайлау құқығы бар.
Адамның экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтары
еңбек еркіндігі және жұмысын еркін таңдау, тең жұмысқа тең ақы төлеу,
кәсіподақтар құру құқығы;
демалыс және әлеуметтік қорғау;
ана мен баланы қорғау;
білім алу және мәдени өмірге араласу құқығы бар.
9.
1948 жылы қабылданған Адам құқықтарының жалпыға бірдей Декларациясындақамтылған құқықтар мен бостандықтардың топтамасы.
Сондай-ақ 1963 жылы Нәсілдік кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы
Декларация қабылдады. Нәсілшіл режимді тоқтату мақсатында 1973 жылы
апартеидті жоюды көздейтін, 1979 жылы әйелдерге қатысты кемсітудің барлық
түріне тыйым салу туралы, 1989 жылы балалардың құқықтары туралы Конвенция
қабылдады.
Сонымен қатар ұйымның басты мақсаттарын қол жеткізу үшін БҰҰ Халықаралық
соты құрылған. Ол өз қызметін әділеттілік пен халықаралық құқық қағидаттарына
сәйкес жүргізеді.
10.
1946 жылы құрылған БҰҰ Халықаралық Соты орналасқан Бейбітшілік сарайы(Гаага, Нидерланды)
11.
Еуропаелдерінде
конституциялық
құқықтың дамуы демократияға қарай
бетбұрыс
жасады.
Оған
әлеуметтік
бұқаралық қозғалыстардың ықпалы болды.
Әлеуметтік
қозғалыстар
азаматтық
қоғамның
өмір
сүру
мәселелеріне
байланысты пайда болды. Оған қоса, Батыс
Еуропада орын алған интеграциялық
процестерге
байланысты
ұлтаралық
институттар пайда болды. Адам құқықтары,
демократиялық даму, заң үстемдігі, мәдени
байланыстар саласында мүше елдердің
өзара ынтымақтастықта жәрдемдесетін
ұйым ретінде 1949 жылы Еурокеңес
құрылды.
Адам құқықтары жөніндегі Еуропалық сот
Еуропа Кеңесі құрған адам құқықтары
жөніндегі Еуропалық соттың штаб-пәтері
Францияның Страсбург қаласында орналасқан.
12.
Жалпыеуропалық үдеріс барысында Хельсинкиде Еуропадағы қауіпсіздік пенынтымақтастық туралы кеңес (1975 ж.) құрылды. Ол барлық еуропалық мемлекет
арасындағы ынтымақтастықтың тұрақты жүйесін құруға алғышарт болды.
Ұйым 1994 жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы болып
өзгертілді.
Тәуелсіздік алған жылдары Қазақстанда
осы ұйымға мүшелік етті.
2010 жылдан бастап ЕҚЫҰ-на
Қазақстан төрағалық етіп, аталған
жылы Астана (қазіргі Нұр-Сұлтан)
саммиті өткен болатын.
13.
1-тапсырмаХХ ғ. ІІ жартысында БҰҰ қабылдаған құжаттар мен шыққан
жылдарын сәйкестендір
1948 ж.
Әйелдерге қатысты кемсітудің
барлық түрлеріне тыйым салу
туралы Конвенция
1963 ж.
Адам құқықтарының
жалпыға бірдей
Декларациясы
1979 ж.
Нәсілдік кемсітушіліктің
барлық нысандарын жою
туралы Декларация
14.
1-тапсырма жауабы:ХХ ғ. ІІ жартысында БҰҰ қабылдаған құжаттар мен шыққан
жылдарын сәйкестендір
1948 ж.
Әйелдерге қатысты кемсітудің
барлық түрлеріне тыйым салу
туралы Конвенция
1963 ж.
Адам құқықтарының
жалпыға бірдей
Декларациясы
1979 ж.
Нәсілдік кемсітушіліктің
барлық нысандарын жою
туралы Декларация
15.
2-тапсырма:1977-1978, 1980-1983 және 1986-1989 жылдар аралығындағы ЕҚЫҰ
кездесулері қай қалаларда өтті?
16.
2-тапсырма жауабы:1977-1978, 1980-1983 және 1986-1989 жылдар аралығындағы ЕҚЫҰ
кездесулері қай қалаларда өтті?
1977-1978 жж. – Белград
1980-1983 жж. – Мадрид
1986-1989 жж. - Вена
17.
ҚорытындыАдам құқықтарын қорғау идеяларының қазіргі
халықаралық
құқық
қорғау
ұйымдарының
қызметіне ықпалын сипаттадыңыздар.
Еуропа мен Азияның жетекші елдерінде
конституциялық
құқықтық
идеологиянының
қалыптасу жолдарын талдадыңыздар.
18.
Оқу тапсырмасы:Тақырыптың хронологиялық кестесін
толтырыңыз