Similar presentations:
буллинг (1)
1.
2.
3.
Мақсаты:Оқушылардың
арасындағы етек
жайып бара жатқан
буллингтің алдыналу, балаларды
буллингке қарсы
тұру қасиеттерін
үйренуге жағдай
жасау.
Міндеттері:
Оқушыларды өмірде
кездесетін буллинг
түрлерімен таныстыру.
Жеке тұлғаға буллинг
және кибербуллингке
қарсы тұру туралы
білім алуына қолайлы
жағдай туғызатын оқутәрбие процесін
ұйымдастыру.
Оқушыларда буллингке
қарсы көзқарас
қалыптастыру және
адамгершілік
қасиеттерін дамыту.
4.
Буллинг5.
Буллинг (bullying) – ағылшын тілінен аударғанда,қорлау, қудалау, мазалау дегенді білдіреді. Адам
үйде, мектепте, автобуста немесе интернетте, жалпы
айтатын болсақ, кезкелген жерде буллингке
ұшырауы мүмкін. Бұл кез келген адамның басында
болатын жағдай. Бірақ есіңізде болсын, ешкімнің
сізді ренжітуге немесе өзіңіз жайлы жаман ойлауға
мәжбүрлеуге құқығы жоқ.
6.
«Кибербуллинг» кезінде адамүнемі онлайн қудалауға
ұшырайды. Оған қорлайтын
хабарламалар жіберіліп, желіде
оның фотолары мен
видеоларының беделін түсіретін
хабарламалар жарияланады.
Кейде агрессорлар өздерінің
құрбандарын қорлау үшін
жалған веб-сайтты жасайды
немесе онда олар
компроматтарды жариялайды.
7.
«Буллингтің қандай түрлерібар?
Қарым-қатынаста – жағымсыз, ерекше мінезқұлық, «азаптаушы» мінез-құлық, қауесеттің
таралуы, әлеуметтік оқшаулану (мысалы,
кітаптарын жасырып қою, қорқыту әрекеттері).
Физикалық – біреудің мүлкіне зиян келтіру,
итеру, аяқпен тебу, қолмен ұру, ұрып-соғу немесе
кез келген күш қолдану.
Жыныстық қатынас – қалауынан тыс
физикалық байланыс немесе жыныстық
қорлайтын пікірлер.
Вербалды – ат қою, сарказм, қауесет, мазақтау.
Экономикалық-материалдық буллинг – бөтеннің
мүлкіне зиян келтіру, бопсалау. Мысалы, күш
қолдану немесе қорқыту арқылы бірдеңе, әсіресе
ақша беру талабы.
8.
Виртуалды агрессияның түрлеріХейтинг – желідегі жек көрушіліктің көрінісі, басқа адамды негізсіз
сынау.
Троллинг - бұл әлеуметтік арандатушылық, желідегі диалогтардағы
қорқыту. Агрессор жәбірленуші ашуланса, ләззат алады.
Flaming - бұл сөйлесу бөлмелерінде, әлеуметтік желілерде және
форумдарда болатын ауызша шайқастар. Әңгімелесушілер арасында
кенеттен пайда болған эмоциялар тіпті бастапқы тақырыпқа
қатысты болмауы мүмкін.
Киберталкинг – жалған айыптау, жала жабу, жеке профильді ұрлау,
ақпаратты бопсалау үшін пайдалану
9.
0102
03
Сексисттік буллинг
Адамның жынысына қатысты басқаша
көзқараспен қарау. Мысалы, ұлдар
қыздарға қарағанда жақсырақ деген
оймен қыздарды келемеждеу. Не
керісінше, қыздар жасай алатын кейбір
нәрселер ұлдардың қолынан келмейді
деген ұғым қалыптастыру.
Дінге қатысты буллинг
Біреуді дініне немесе нанымына
байланысты қорлау немесе әдепсіздік
таныту. Мысалы, киелі кітапты оқу,
мешітке бару сияқты діни дәстүрлерді
мазақ ету.
Ксенофобтық буллинг
Басқа елден келгендіктен, адамдарға
қысым көрсету.
Мүгедектерге қатысты буллинг
Адамды мүгедек болуына байланысты
қорлау және оған тіл тигізу.
10.
• Гомофобтық буллинг• Адам өзінің жыныстық көзқарасы жағынан қорлауға ұшыраған кезді
жатқызамыз. Мысалы, біреуді «гей» деп атау немесе «гей» сөзін қорлау
сөзі ретінде қолдану.
• Расисттік буллинг
• Біреудің нәсіліне, түсіне, нанымына байланысты басқаша көзқарас
туындау. Сондай-ақ адамның нәсіліне қарай жағымсыз сөздер айту
жатады.
• Таптық буллинг
• Адамдар біреудің белгілі бір әлеуметтік тапқа жататындығын
анықтағаннан кейін, сол адамға жаман көзбен қарау. Мысалы, біреулер
«ауылдан келген» деп адамды жекелету.
• Адамның сырт келбетіне қатысты буллинг
• Біреуді көпшілікке ұқсамағандығы үшін кемсіту, мысалы адамның
шашы жирен болуы немесе қысқа бойлы болуы, я болмаса көзілдірік
киіп жүруі үшін.
11.
• адамды мазақтау, қорлау, соқтығысу• оның ақшасын не басқа заттарын тартып алу, оларды
бүлдіру
• сол жайында өсек тарату
• оны елемеу немесе жекелету
• ренжітетін, жаман әзіл айтып, басқа адамдардың
алдында ыңғайсыз жағдайға қою
• ұрып-соғу, тепкілеу, итеру немесе басқаша зақым
келтіру
• қоқан-лоқы көрсету немесе қорқыту
12.
Буллинг қандай жағдайларға әкеліп тіреуімүмкін?
● Біреу саған күш көрсетпей, қорлап,
қорқытқан да сенің жаныңа батады.
Осындай жағдайға тап болған адам түрлі жағдайларды басынан кешіруі
мүмкін, атап айтқанда:
уайымдау
ұйқының бұзылуы
тәбеттің болмауы
өзі жайлы жаман ойлау
өз-өзіне физикалық зақым келтіру
өлім туралы ойлау
сабақ үлгерімдерінің нашарлауы
ауыру
«маған ешкім көмектесе алмайды» деп ойлау
өзін жалғыз сезіну, уайымға берілу, ашулану
қорқу
13.
«Біреу сені қорқытып, қорлап жүрген жағдайда не істеу керек?»психологиялық кеңес беру
• Өзіңе деген сенімділікті арттыр
• Буллинг өте жиіркенішті жайт. Соған байланысты сен өзіңді жаман сезіне бастайсың. Бірақ, сен өз-өзіңді ұнатуға үйренуіңе
болады. Мүмкін, бұл бірден көмектесе қоймайтын шығар, дегенмен көп жағдайда адамның өзіне деген сенімділігі артқан
сайын буллинг проблемасы жойылады
• Жаңа нәрселер жасауға тырыс
• Сабақ үстінде қол көтеру сияқты онша елеулі емес нәрселер жасауға болады. Сен бұрын қолыңнан келмейді деп ойлаған
нәрселерді жасай алатындығынды байқайсың. Жаңа нәрсе жасауға тырыссаң, бірте-бірте өзіңе деген сенімділігін арта түседі.
• Өзіңнің ұнамды жақтарыңды жазып отыр
Әр адамның өзіне ұнамды жақтары болады. Сондықтан, өзің туралы тізім жаса. Мүмкін, сенің музыкалық талғамың жақсы
шығар? Әлде әңгіме барысында сенің басқаларды тындай білу қасиетің бар шығар?
• Батыл болуға үйрен
• Батыл болу деген агрессия танытпай, өзіңді қорғай білу. Сен өз ойыңды дөрекі және ызалы сөздерсіз білдіруге үйрене
аласың.
Кейде біреумен келіспеген жағдайда өзіңді шын мәнінде қалай сезінетініңді жеткізу қиын. Дегенмен сен батылдыққа үйрене
аласың. Ол үшін айтқың келетін сөздерді қағазға жазып, ал уақыты келгенде айтып қал. Кезі жеткенде сенің батылдығыңның
арқасында барлық қорлық пен қорқытулар тоқтайды.
• Жәбірлеушіні бұғатта
• Телефондағы байланыс нөмірлерін бұғаттауға болады. Сондай-ақ, әлеуметтік желілерде басқа пайдаланушыларды бұғаттап,
оларды достар тізімінен өшіріп тастауға болады. Олар саған қонырау шалмаса немесе хабарлама жазбаса, сенің көңіл-күйің
орнына келіп, мазасыздануын азаяды. Және де олардың көзіне түспеу үшін мектептен үйге қарай басқа жолмен баруыңа
болады немесе мектепте олармен сөйлеспеу үшін аулақ жүруге тырысу керек.
14.
Құрбыңмен/досыңмен бөлісДостарың сені оларға барлық оқиғаны ашып айтпасаң да,
саған қолдау көрсете алады. Олар сені қолдап, көңіліңді көтере
алады. Сонымен қатар, достарың жәбірлеушілер енді мазаңды алмас
үшін оларға қалай жауап беру керектігін айта алады.
Ересек адамдармен бөліс
Сен өз оқиғаңмен ата-анаңмен, өзіңнің қамқоршыңмен немесе
сенімді ересек адамның біреуімен бөлісуіңе болады. Олар сені қолдап,
мәселені шешуде ақыл-кеңес бере алады.
Мұғаліммен бөліс
Мектебіңдегі мұғалімдер саған бас-көз болуға міндетті. Сен
мектепте болған кезіңде өзіңді қауіпсіздікте сезінуге толықтай
құқығың бар. Мүмкін, сенің мектебіңде буллингке қарсы тұруға
қатысты кейбір нұсқаулар бар шығар. Сонымен қатар, сен мектеп
психологына да жүгіне аласың.
15.
әлеуметтік желіде сол адамды бұғаттаәлеуметтік желінің әкімшісіне сен туралы айтылған постқа шағым келтір (әдетте ол
үшін «report» батырмасын басу жеткілікті)
ондай хабарламалар/посттарға жауап берме, әйтпесе жағдай ұшығуы мүмкін
осы хабарламаларды/посттарды дәлел ретінде сақтап қой, яғни скриншот жаса
бұл жағдайда сені қолдап, не істеу керектігі жөнінде ақыл-кеңес бере алатын
ересектерге – ата-анаңа, қамқоршыңа, мұғаліміңе айт
біраз уақытқа интернеттен шығып, өзіңе ұнайтын нәрселермен айналыс (велосипед
теп, қыдыр, киноға бар).
16.
Егер басқа біреукибербуллинге
ұшыраса ше?
Біреуді онлайн
қорлаған жағдайға куә
болсаң, бұны тоқтатуға
көмектес. Ондайда
жасауға болатын
әрекеттер:
осы ренішті суреттерді,
фотосуреттерді,
хабарламаларды,
посттарды біреуге
жіберіп, ары қарай
таратпа
қорлауды қолдама
және оған қатыспа
ол топтан/чаттан
шығып кет
сол адамға
жәбірлеушіні
бұғаттауда көмектес
және әкімшіге постқа
шағымдан
сол адамға қолдау
көрсет: жылы сөз
айтып, көмегіңді
ұсын
өзіңе қауіпті болмаса,
жәбірлеушіге
қорлауын тоқтатуын
айт
17.
Оқушылардыуайымдаудан
арылту, өзі жайлы
жаман ойлаудан
құтылу жолдарын
көрсету
Буллинг әсерінен
оқушыларда пайда
болатын өз-өзіне
физикалық зақым
келтірудің алдын алу
Күтілетін
нәтиже
Өзін жалғыз сезіну,
уайымға берілу,
ойларынан арылту,
баланың өзіне
сенімін арттыру
Буллинг және
кибербуллингтан
қорғануға
үйренеді