1/11

Абсолюттік және салыстырмалы шамалар

1.

Абсолюттік және салыстырмалы
шамалар

2.

ДЕНСАУЛЫҚСАҚТАУДАҒЫ АБСОЛЮТТІК ШАМАЛАР
Деректерге статистикалық талдау жасау барысында абсолютті,
салыстырмалы немесе орта шама ретінде берілген сандық деректермен
жұмыс істеу қажеттілігі туындайды.
Абсолютті шама нысандар санын (мысалы, пациенттер, дәрігерге қаралу,
төсек-күн, эритроциттер) немесе көрсеткіштің шамасын (мысалы, дене
массасы, бой ұзындығы, жүрек жиырылу жиілігі, систолалық артериялық
қысым) өлшеу нәтижесін көрсететін сандық көрсеткіш болып табылады.
Абсолюттік шаманың атауы, өлшеу бірлігі бар, бүтін немесе бөлшек сан
болуы мүмкін, теріс мәнге ие болуы мүмкін (егер біз құбылыстың теріс
динамикасы жөнінде айтар болсақ; мысалы, емдеу нәтижесінде дене
температурасының 2 градусқа төмендеуі -2 түрінде берілуі мүмкін).
Абсолюттік шамалар қосу және азайту сияқты арифметикалық амалдарды
қолдану барысында пайда болады.
Абсолюттік шамалардың мысалдары:
Ауруханада 120 дәрігержұмыс істейді.
Ауруды емдеу ұзақтығы 5 күнге созылды.
Пациенттің тыныстық қозғалысы минутына 16 –ға тең.

3.

САЛЫСТЫРМАЛЫ ШАМАЛАР
Салыстырмалы шамалардың төрт түрі болады:
интенсивті,
экстенсивті,
қатынас көрсеткіштері,
көрнекілік көрсеткіштері.

4.

Интенсивті көрсеткіштер
Интенсивті көрсеткіштер – ортада құбылыстың пайда болу жиілігін
көрсетеді.
Орта ретінде, әдетте бір бөлігінде қандай да бір құбылыс болатын қандай да
бір нысандар жиынтығы алынады (тұрғындар, пациенттер, жағдайлар).
И.к. = құбылыс/орта*коэффициент.
Коэффициент көрсеткішті беру (немесе салыстыру) ыңғайлы болу үшін
қолданылады, 10 санының әртүрлі дәрежелері ретінде беріледі және әдетте
100, 1000, 10 000, 100 000 мәндерін қабылдайды.
Оның шамасы құбылыстың кездесу жиілігіне тәуелді: неғұрлым сирек
кездессе, соғұрлым үлкен коэффициент.
Туу, өлім-жітімділік , тұрғындардың жалпы ауру-сырқаулық көрсеткіштері
әдетте 1000 адамға шаққанда есептеледі.
Аналар өлім-жітімділігін есептегенде, сирек оқиғалар ретінде , 100 000
коэффициенті қолданылады.
Керісінше, уақытша еңбекке жарамдылығын жоғалту сияқты жиі кездесетін
оқиғалардың жиілігі 100 жұмысшыға шаққанда есептеледі.

5.

Интенсивті көрсеткішті есептеу мысалы:
Есеп: Н. ауруханасында бір жылда 360 хирургиялық ота жасалынды. Отадан
кейінгі кезеңде 54 жағдайда әртүрлі асқынулар болды. Отадан кейінгі
асқынулар жиілігін 100 отаға шаққанда табу керек.
Шешуі: Отадан кейінгі асқынулар жиілігі - бұл интенсивті көрсеткіш, оны
құбылыстың ортаға қатынасы ретінде есептеуге болады. Мұндағы ортажасалынған оталар (360) жиынтығы, олардың ішінде 54 жағдайда болған
асқынулар - құбылыс .
Сонымен:
Отадан кейінгі асқынулар жиілігі = (Отадан кейінгі асқынулар саны) /
(Жасалынған оталар саны) * 100 = (54 / 360) * 100 = 15.
Коэффициенттің мәні 100-ге тең , себебі, есептің шарты бойынша ,
жасалынған 100 отаға қатысты есептелген жиілікті табу керек болды.
Жауабы: Н. ауруханасында бір жылда отадан кейінгі асқынулар жиілігі
жасалынған 100 отаның 15 жағдайында кездеседі.

6.

Экстенсивті көрсеткіштер
Экстенсивті көрсеткіштер – құбылыстың
құрылымын сипаттайды, көбіне пайызбен, кейде,
сирек жағдайда – промиллмен немесе бірліктер
үлесімен өлшенеді. Экстенсивті шамалар белгілі
бір бірліктер тобының барлық жиынтық
құрылымының қандай бөлігін құрайтынын
көрсетеді.
Э.к. = бөлік/бүтін*100% формуласымен
есептелінеді.

7.

Экстенсивті көрсеткішті есептеу мысалы:
Есеп: Пневмонияны жаңа антибиотикті қолданып емдеу
тиімділігін анықтау үшін жүргізілген зерттеуге 200 пациент
қатысты, олардың ішінде 90 – ер кісілер. Зерттелушілер
арасындағы ер кісілер үлесін анықтау қажет, нәтижесін %
көрсетіңіз.
Шешуі: Ер жынысты пациенттер барлық зерттелушілер
жиынтығының бөлігін құрайды. Демек, біз экстенсивті
көрсеткішті есептеу формуласын қолдануымыз керек:
Барлық зерттелушілер ішінде ер жынысты пациенттер үлесі =
(ер кісілер саны) / (барлық пациенттер саны) * 100% = (90 /
200) * 100% = 45%.
Шешуі: Зерттелушілер құрылымында ер жынысты
пациенттер үлесі 45% құрайды.

8.

Қатынастар көрсеткіштері
Қатынастар көрсеткіштері – екі бір-бірімен
байланыспаған жиынтықтардың қатынасын сипаттайды.
Жиынтықтың деректері бірдей шамалармен өлшене алады,
басты шарт, олардың өзгерістері бір-бірінен тәуелсіз өтуі
қажет.
Әдетте мұндай түрде әртүрлі индекстер, коэффициенттер,
тұрғындардың қамтамасыз етілу көрсеткіштері беріледі.
Қ.к. = (бірінші жиынтық) / (екінші жиынтық)*коэффициент
формуласымен есептеледі.
Коэффициент әдетте 1 мәнін қабылдайды (индекстер үшін)
немесе 10 000 (тұрғындардың қамтамасыз етілу
көрсеткіштері үшін).

9.

Қатынастар көрсеткішін есептеуге мысал:
Есеп: Казахстан Республикасы аудандарының бірінде 40 000 тұрғын
тұрады. Осы ауданның емдеу-профилактикалық мекемелерінде 384
стационарлық төсектер қойылған. Ауданда тұрғындарды төсекпен
қамтамасыз ету қандай?
Шешуі: Бізде екі жиынтық бар: тұрғындар және стационарлық
төсектер. Тұрғындар санының өзгеруі стационарлық төсектердің
өзгеру санына тәуелді емес және керісінше, соған байланысты
берілген жиынтықтар бір-бірімен байланысты емес деген
қорытынды жасаймыз. Тұрғындарды стационарлық төсекпен
қамтамасыз ету көрсеткішін есептейміз:
Тұрғындарды төсекпен қамтамасыз ету = (төсектер саны) /
(тұрғындар саны) *10 000 = (384 / 40 000) * 10 000 = 96.
Жауабы: Тұрғындарды стационарлық төсекпен қамтамасыз ету
10 000 тұрғынға 96 құрайды.

10.

Көрнекілік көрсеткіштері
Көрнекілік көрсеткіштері зерттеліп отырған құбылыстың
уақытқа қатысты өзгеру дәрежесін талдау үшін қолданылады.
Бұл көрсеткіштер салыстырылып отырған көрсеткіштердің
берілген уақыт кезеңінде қанша пайызға немесе қанша рет
көбейгені немесе азайғаны жөнінде мәлімет береді.
Көрсеткішті салыстырылып отырған шамалар қатарының
алғашқы шамаға (100 немесе 1деп қабылданған, )қатынасы
ретінде есептейді, нәтижесін пайызбен немесе үлеспен көрсетеді.
Мұндай алғашқы шама үшін уакыттық қатардың бастапқы немесе
соңғы мәндерін алады.

11.

Көрнекілік көрсеткіштерін есептеу (1990-2010 жж. бала туу
коэффициенттерінің динамикасын талдау негізінде )
1990ж. бала туу көрсеткішінің мәнін 100% деп қабылдайды.
Онда 1995-2010 жж. көрнекілік көрсеткішін келесі формулалар
бойынша табады:
Қорытынды:
1995ж. бала туу көрсеткіші 1990ж.
қатысты 80,7% (19,3% -ға немесе 1,2 есе
азайды), 2000 ж. - 56,0% ( 44,0% немесе
1,8 есе азайды), в 2005 г. - 52,4% (47,6%
немесе 1,9 рет азайды), 2010 ж. - 61,4%
(38,6% немесе 1,6 рет азайды).
English     Русский Rules