1.73M
Category: geographygeography

Қазақстан қазіргі әлемде. Практикалық сабақ №1

1.

Практикалық сабақ №1
Қазақстан қазіргі әлемде

2.

Мақсаты:
1. Геокеңістіктік мәліметтерді өңдеудің және картографиялық
модельдеудің
заманауи
әдістерін
қолдана
отырып,
шығармашылық жұмыс біліктері мен дағдыларын жетілдіру;
2. Студенттердің дүниежүзілік географиялық кеңістіктің
барлық деңгейлерінде туындайтын ел экономикасындағы
геоэкологиялық,
геоэкономикалық
мәселелерді
шешуге
бағытталған географиялық және кеңістіктік ойлауын дамыту.
3. Қазақстанның қазіргі әлемдегі орнын айқындау.

3.

Тапсырма
1.
№9
«Көлік-коммуникация
кешені
инфрақұрылымының географиясы» тақырыбындағы суреттерді
пайдаланып, қазіргі әлемдегі Қазақстанның ЭГЖ-на сипаттама
жасаңыз.
Рәсімдеуге қойылатын талаптар:
1.Қазақстанның ЭГЖ сипаттамасының жоспары:
а) Жаһандану дәуіріндегі қазіргі әлемдік экономикалық жүйеде
Еуразия континентінің орталығында Қазақстанның географиялық
орналасуының артықшылықтары қандай?
б)Жаңа
Жібек
жолындағы
Қазақстанның
әлеуметтікэкономикалық дамуындағы халықаралық теміржол, автомобиль
және құбыр көлігі транзиттік дәліздерінің маңызы қандай?
в) Қазіргі ЭГЖ арқасында Қазақстанның Еуразиялық кеңістіктегі
қалыптасып
жатқан
сауда-экономикалық
интеграция
процестеріне қатысу перспективалары туралы өз қарасыңызды
эссе түрінде білдіріңіз.

4.

Тапсырма
2.
Жаһандану
жағдайында
мемлекеттердің
әлеуметтік-экономикалық
дамуының жаңа мүмкіндіктері тауарлар, қызметтер,
еңбек күші мен капиталдың елден және елге
ағылуымен байланысты. Заманауи ақпараттықкоммуникациялық
технологияларды
қолдана
отырып, Қазақстанға капиталдың (инвестицияның),
тауарлар мен қызметтердің экспорты мен импорты,
еңбек
көші-қонындағы
ықтимал
жаңа
тенденциялардың схемалық картасын әзірлеңіз.
Өзіңіздің
ойларыңыз
бен
мәселеге
көзқарастарыңызды топтық талқылауға ұсыныңыз
және оны семинарда презентация түрінде
қорғаңыз.

5.

Рәсімдеуге қойылатын талаптар
1.Картографиялық бағдарламалардың нұсқаларын, интернетресурстарды пайдаланып, жоспарға сәйкес картосхеманы
жобалаңыз:
а) минералды шикізат ресурстарының экспорты мен
импортының негізгі бағыттары;
б) өнеркәсіп өнімдерін экспорттау мен импорттаудың негізгі
бағыттары; в) инвестициялық ресурстар ағынының негізгі
бағыттары;
г) халық және еңбек көші-қонының негізгі бағыттары.

6.

Тапсырма 3. АДИ көрсеткіші бойынша елдер төрт кең
санатқа бөлінеді: адам дамуының өте жоғары, жоғары,
орташа және төменгі деңгейлері. 2020 жылы жарияланған
БҰҰДБ жыл сайынғы Адам дамуы туралы есебі 2019 жылғы
мәліметтерді бағалау негізінде құрастырылды. Бұл есеп АДИ
бойынша елдердің рейтингін ұсынады. Рейтинг БҰҰ-ға мүше
193 елдің 187-сі, сонымен қатар Гонконг (ҚХР-ның арнайы
әкімшілік аймағы) және Палестина кіреді. Біріккен Ұлттар
Ұйымына мүше 6 мемлекет (КХДР, Монако, Науру, СанМарино, Сомали және Тувалу) деректердің болмауына
байланысты енгізілмеген. Қолда бар деректерге және 1суретке сүйене отырып, өз нәтижелеріңізді жазыңыз.

7.

Рәсімдеуге қойылатын талаптар
1.Суретті келесі жоспар бойынша талдаңыз.
а)АДИ рейтингін талдау негізінде қандай
қорытынды жасауға болады?
б) Дәріс материалдары мен интернетресурстарды қолдана отырып, 5 еуропалық және
5 азиялық елдердің көрсеткіштерін АДИ және
жан басына шаққандағы ЖІӨ бойынша
салыстырыңыз (таңдаубойынша).
в) Неліктен АДИ көрсеткіштерімен табыс
көрсеткіштерінің әркез сәйкес келе бермейтінін
түсіндіріңіз?
г) АДИ рейтингіндегі Қазақстанның болашағы
қандай? Өз пікіріңізді негіздеңіз.

8.

Өздік жұмысқа арналған тапсырмалар
Тапсырма 1. Өзіңізді «Жасыл ауыл» ЭКСПО2017 көрмесінің экскурсия жетекшісімін деп
елестетіп көріңіз және сізге оның айналасында
экскурсия жүргізуге нұсқау бар. Осы тақырып
бойынша оқылған материалдарды қолдана
отырып, осы экскурсияның презентациясын
дайындаңыз және оны өз курстастарыңыз бен
бірге семинарда өткізіңіз.

9.

10.

Тапсырма 2. Қазақстанның қазіргі жетістіктері - бұл
әлемдік тәжірибені зерттеу және талдау негізінде
жүргізілген 1990 жылдардағы экономикалық
реформалардың нәтижесі. Сіздің ойыңызша,
экономикалық дамудың заманауи қазақстандық жолын
одан әрі жетілдіретін экономикалық реформалардың
басқа да мүмкін нұсқаларын дәлелдеуге және негіздеуге
тырысыңыз. Нәтижелерді хабарлама немесе реферат
түрінде қалыптастырыңыз, ол сіздің ғылыми
жобаларыңыз бен дипломдық жұмысыңыздың тақырыбы
бола алады.
English     Русский Rules