Тақырыбы: Физикалық географиядағы зерттеу әдістері
SMART МАҚСАТ:
Негізгі міндеттері:
В.П.Максаковский бойынша зерттеу әдістері
В.С.Жекулин жіктемесі
Географияның зерттеу әдістері мен жіктелуі
Блум таксономиясы
Оқу және электронды құралдары
Назарларыңызға рахмет!
2.93M
Category: educationeducation

Кенжебай Р.Н Геог зерттеу әдістері

1.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ
ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті
коммерцияялық емес акционерлік қоғамы
Пән: Географиялық
зерттеу әдістері

2. Тақырыбы: Физикалық географиядағы зерттеу әдістері

Сабақтың жоспары
Географиялық зерттеу әдістері және жіктелуі.
Физикалық-географиялық зерттеу әдістері
Оқу-әдістемелік қамтамасыз етілуі
БББ: 6В05220 – География

3. SMART МАҚСАТ:

Білім алушыларға географиялық зерттеу
әдістері туралы терең білім бере
отырып,
табиғат
және
табиғиантропогендік жүйелерге географиялық
зерттеу жүргізуді меңгерту, зерттеу
әдістерін
ғылыми-зерттеу
жұмыстарында қолдана алуға қол
жеткізу.

4. Негізгі міндеттері:

1.Географиялық зерттеу
әдістерін саралап, қажеттісін
таңдай алуы.
2.Зерттеу әдістерінің
география ғылымындағы
ролі мен маңызын айқындау
3.Теориялық меңгерген
білімді, практика мен нақты
ситуацияда қолдана алуға
үйрету
4.Дәйектер мен себептерге
сәйкес ақпаратты талдау
және жіктеу

5.

Географиялық термин,
негізгі ұғымдар мен
анықтамалар,
географиялық қағидалар,
ережелермен жұмыс
жасай алуы
Географиялық
зерттеу әдістерін
қазіргі ГАЖ
технологиясымен
байланыстыра алуы
Географиялық
зерттеудің
жолы мен
кезеңдерін
білуі
Күтілетін
нәтижелер
География саласындағы
ғылыми зерттеулердің
одан әрі дамуын болжау
және ғылыми талдау
әдістемесін меңгеруі
Арнаулы және
аралас пәндер
шеңберінде
географиялық
әдістің синтезі мен
анализі

6.

Географияның зерттеу әдістерін ғылыми-теориялық тұрғыдан қарастыру нәтижесінде, бұл
мәселенің ерте кезден-ақ қалыптасқанына куә болдық. Ерте заманнан қазіргі уақытқа дейін
географияның зерттеу әдістері белгілі бір практикалық және ғылыми мақсаттарды шешуге негізделіп,
дамыды. Зерттеудің дәстүрлі әдістері түрленіп, қазіргі жаңа технологиялық элементтермен
толықтырылды.
Географияның зерттеу әдістері қарапайым картографиялық суреттер (бейнелеулер) болып
алғашқы қауымда пайда болды (Солтүстік Американың эскимостары, Мұхиттық аралдардағы
микронезиялықтар). Ал ғылыми тұрғыда Ежелгі Грекиядан бастау алды. Соның ішінде сипаттау әдісі
географиядағы ең көне осыдан 2 мың жыл бұрын қалыптасты. Оны А.Гумбольдт, К.А.Арсеньев,
П.П.Семенов-Тянь-Шанский,
Н.М.Пржевальский,
Н.Н.Миклухо-Маклай,
Н.Н.Баранский,
Ю.Г.Саушкин, В.В.Покшишевский, Э.М.Мурзаев т.б. еңбектерінен кездестіреміз. Бұл әдіс бүгінгі күнде
жаңарып, математикалық әдіске айналған.
Салыстырмалы географиялық әдісті ғылымға А.Гумьболдт пен К.Риттер енгізді, сонымен қатар
И.М.Майергойз географияны салыстырудың негізгі принциптерін жасады. Қазіргі таңда бұл
аэроғарыштық әдіс болып саналады. Ал сандық әдіс картометрия жұмыстарымен тығыз байланысты.
Картометрия жұмысын ғылымға б.э.д ІІІ ғасырда Эратосфен енгізсе, бұл әдіс кейіннен геоморфология,
гидрология, мұхиттану, топырақтану, әлеуметтік-экономикалық география т.б. ғылымдарда
қолданылды. Д.И.Менделеев, Е.Е.Святловскаялар дамытты.

7.

Баллдық әдіс – географияда нысандар мен үрдістерді сандық тұрғыда бағалауда қолданылды.
Атап айтар болсақ, табиғи ресурстарды бағалауды А.А.Минц, территорияның табиғи-ресурстық
потенциалын бағалауды Д.Д.Дмитриевский, елді мекеннің табиғи жағдайын бағалауды
О.Р.Назаревский, өнеркәсіпті орналастыру факторларын сипаттауды бағалауды А.Т.Хрущев, аудандық
жоспарлау сипатын Е.Н.Перцик, ТТК үлгілеуді бағалауды М.К.Бадман т.б. қарастырған.
Картографиялық зерттеу әдісі – географиядағы ең көне және көп қолданылатын әдіс. Бұл әдісті
дамытуда Г.Меркатор, К.А.Салищев, С.У.Ремезов, В.И.Татищев, И.К.Кирилов, А.А.Тилло,
Ю.М.Шокольский, В.В.Докучаев, П.П.Семенов-Тянь-Шанский, А.Л.Вегенер, Н.Н.Баранский,
А.Ф.Асланикашвили, Л.Г.Руденко, А.В.Червяков, А.В.Постников т.б. зерттеген.
Ал географияның геодезиялық әдісі топография ғылымымен бірге дамыды. Бағзы замандарда
жер бетінде қашықтық пен ауданды өлшеудегі ашылған Заңдылықтар Геодезияның ғылым ретінде
қалыптасуына негіз болды. Әсіресе, Ежелгі Египет, Қытай елдерінде өркендеп, Александриялық
Геронның еңбегі бүгінгі күнге дейін жетті. В.Я.Струве, А.В.Маслов, А.Г.Юнусов, Г.И.Горохов,
Курошев Г.Д т.б.
Білім мен ғылым саласында да картография және геодезияның дамуына көптеген ғалым-педагогтар
үлес қосты. Атап айтсақ, Веселова Л.К., Гельдиева Г.К., Ульман В., Бейсенова Ә.С., Медеу А.,
Қарақұлова Р., Керимбай Н.Н., Қуанышбаев С.Б т.б.

8.

Адамзат баласы әрқашан қоршаған ортаны танып-білуге ұмтылды, сан мыңдаған
жылдардан бері жаңа жерлерді игеріп, сол жердің мәдениетін, дамуын т.б үйренді. Соның
негізінде зерттеу әдістері қалыптасты. Зерттеулер өзінің сипатына қарай әртүрлі болады.
География тарихынан белгілі географиялық зерттеулер өткен дәуірлерде кешенді
сипатқа ие болған. Соған сәйкес географтар кешенді географиялық әдістерді қолданған.
Мұндай әдістер дегеніміз не? Әдіс пен құралдың айырмашылығы неде? Әдіс? Принцип?
Ғылым әдісінің әртүрлі түсініктері қалыптасқан.
В.Я.Ром бойынша ғылым әдісі – бұл зерттеу жолы және де теория (кейбір грек тілінде
«әдіс» сөзі осындай мағына береді.
Әдіс ғылымда жаңа білімді игеруде қолданылған әдістер мен тәсілдердің жиынтығы
және оның теорияда сұрыпталуы (обобщения), әдістің мазмұнынан ғылыми теориясы
қалыптасады.
Ғылым әдісі – жаңа білім игерудегі жүргізілетін зерттеудің шарттары мен ережесі.
В.П.Максаковский бойынша ғылым әдісі – зерттеу нысанын жан-жақты бейнелеу,
оның қасиетін ашу, заңдылықтарын түсіну.
Тұжырымдар:
-Ғылым әдістері «нәтижеге қалай жетеміз?» деген сұраққа жауап беруі тиіс;
-Белгіленген нысанды одан әрі терең білу үшін іс-әрекеттерді тұрақты түрде жүргізіп
отыру.

9. В.П.Максаковский бойынша зерттеу әдістері

Географияның зерттеу әдістері
Жеке географиялық
Жалпы географиялық:
Сипаттау;
Картографиялық;
Салыстырмалыгеографиялық;
Сандық;
Математикалық;
Аэроғарыштық
(қашықтық);
Геоақпараттық
Физикалық
географиялық:
Геохимиялық;
Геофизикалық;
Палеогеографиялық
т.б.
Әлеуметтік –
экономика
лық
географиялық

10. В.С.Жекулин жіктемесі

Географияның зерттеу әдістері
Салыстырмалыгеографиялық
Үлгілеу,
эксперимент, анализ
бен синтез негізінде
түсіндіру
Тарихи және
диахронды әдіс
Диалектикалық әдіс
Географиялық болжам,
ретроспективті
географиялық анализ,
«экспертті бағалау
әдісі»

11. Географияның зерттеу әдістері мен жіктелуі

Жалпы географиялық әдістер
Дәстүрлі
Жаңарған
1)
Сипаттау әдісі;
1)
Математикалық әдістер
Эмпирикалық (18ғ. дейін);
Ғылыми (18 ғ.кейін)
2) Салыстырмалы-географиялық әдіс
2) Аэроғарыштық әдіс
1)
Картографиялық әдіс
3)
Геоақпараттық әдіс
3)
Сандық әдістер:
4) Үлгілеу әдісі:
- картометрия (карта бойынша координат, биіктік, тереңдік, - материалдық үлгілер (макет, муляж);
ұзындық, ара қашықтық, аудан, көлем, бағытты өлшеу);
- ойлау (мысленные) үлгілері (фотографиялар, зарисовкалар);
- балл әдісі,
- образды-белгілік үлгілер ( карталар, чертеждер, схемалар,
-баланстық әдіс;
графиктер, блок-диаграммалар);
- статистикалық әдіс (нақты бір территориядағы әртүрлі - жүйелік үлгілеу: логикалвқ, блоктік, картографиялық;
нысандар мен құбылыстардың таралу сипатын оқып- - салалық үлгілер;
үйренудегі аналитикалық және графикалық әдістердің - аймақтық;
жиынтығы);
-кешендік (салааралық және ауданаралық);
- орталық сызықтық әдіс (Д.И.Менделеев ұсынған).
-аэроғарыштық;
- геоақпараттық.

12.

Әртүрлі принциптерге байланысты зерттеу әдістерін төмендегідей жіктейміз:
1.Пайда болу уақытына байланысты (тарихи принцип):
- дәстүрлі;
- жаңа;
- жаңарған;
2.Қолдану принципті бойынша:
- жалпы;
- жеке;
А) далалық зерттеу әдістері (бастапқы кезең);
Б) алғашқы мәліметтерді жүйелеу және сақтау әдістері;
В) оны өңдеу әдістері;
Г) болжау әдістері;
Д) ғылыми нәтижелерді ұсыну әдісі мен оны практикаға енгізу әдісі;
Е) ғылыми теорияны құру әдісі.
3.Мазмұны бойынша:
1.Эмпирикалық;
А) бақылау (оқып-үйренетін нысан туралы алғашқы мәлімет алу және сандық көрсеткіштерін өлшеу);
Б) экспедициялық (стационарлы, жартылай стационарлы, бағыттық способы)
2) теоретикалық:
А) логикалық
- дедукция (жалпыдан жекеге);
- индукция (жекеден жалпыға);
- аналогтік әдіс – зат пен құбылыстар қасиетін, белгілерін, қатынастары мен ұқсастықты айқындау;

13.

Физикалық географияның зерттеу әдістері
1. Сипаттау әдісі – географиядағы ең көне әдіс, осыдан 2 мың жыл бұрын қалыптасқан.
2. Салыстырмалы-географиялық әдіс– Александр Гумбольдт мен Карл Риттер ендірген.
3. Сандық әдістер. Картометрия – карта бойыша ара қашықтық, аудан, координат, биіктік, тереңдік,
ұзындық, көлем, бағыт т.б. өлшеу дегенді білдіреді.
4.Балл әдісі – географиялық нысандар мен үрдістерді сандық тұрғыдан бағалау.
5. Геологиялық әдістер. Геологиялық әдістердін, ішіндегі ең негізгісі - жер қыртысын құрайтын
заттарды тікелей бақылау және талдау арқылы жан-жақты зерттеу болып табылады.
6.Аэрофотогеологиялық және космогеологиялық зерттеу әдістері самолеттен немесе ғарыштық
аппараттар арқылы түсірілген фотосуреттерді қолданып жер құрылысын зерттеуге негізделген.
7.Геофизикалық зерттеу әдістері - жердің, әсіресе оның терең қабаттарын зерттеуде кеңінен
қолданылады.
8.Сейсмикалық әдіс - жер сілкіну кезінде немесе жасанды қопарылыс (жарылыс) кезінде туатын
тербеліс толқындардың жер қабатында жан-жаққа таралу жылдамдығын зерттеуге негізделген.
9.Гравиметриялық әдіс - дененің жерге тартылу шамасының жер бетінде әр түрлі болатындығына
негізделген.

14.

Физикалық географияның зерттеу әдістері
10.Магнитометриялық әдіс - жер қыртысының жекелеген аудандарында Жердің магнит өрісінің
өзгеруін зерттеуге негізделген.
11. Палеомагниттік әдіс - тау жыныстарында сақталған қалдық магнетизмді зерттеуге негізделген.
12. Геотермиялық әдіс - жердің жылу өрісінін, тау жыныстарының тереңдігіне байланысты өзгеріп
тұратындығын зерттеуге негізделген.
13. Геохимиялық әдіс - арқылы жер қыртысын және басқа планеталарды құрайтын заттарды, сонымен
бірге метеориттердің химиялық құрамын салыстыра зерттейді.
14. Математикалық әдіс - табиғи процестерді математикалық модельдер жасау арқылы зерттеу әдісін,
математикалық статистика және т. б. әдістерді айтуға болады.
15. Стратиграфикалық әдіс қабаттардың бұзылмаған жазық жатысты қыртыс үшін қолданады.
16. Палеонтологиялық әдіс әр түрлі участкелерде бір біріне қатысты отырылған жыныстардың
жасын анықтауға мүмкіндік береді.
17. Картографиялық үлгілеу. Оқып-үйрену барысында танып білудің жаңа жолдарын табу
мақсатында қарастыратын нақты бір нысандардың құбылыстар мен үрдістердің үлгісі ретінде
талдаулар мен картографиялық өнімдерді қайта құрулардың нәтижесінде жасалатын жүйелерді
картографиялық үлгілеу дейміз.

15. Блум таксономиясы

бағалау (30
балл)
- «Географиялық зерттеу әдістері» бойынша ғылыми-
синтез
(20 балл)
- «Географиялық зерттеу әдістері» тақырыбында топтық
талдау (20
балл)
- «Географиялық зерттеу әдістері» тақырыбында кейс, яғни
қолдану (15 балл
зерттеу жұмысына қолданудың жүйесін құрастыру;
жоба
проблеманы шешу;
)
- Географиялық зерттеу тақырыбына қатысты тест
тапсырмасын құрастыру;
түсіну (10 балл)
білу (5 балл)
- Тақырыпқа қатысты терминдермен жұмыс жасау;
- Жалпы әдіс және географиялық әдіс жайлы білу;

16. Оқу және электронды құралдары

17. Назарларыңызға рахмет!

English     Русский Rules