111.39K
Category: educationeducation

Жұмыс беруші талаптары және бәскеге қабілеттілік

1.

№5 практикалық
қабілеттілік
сабақ: 1. Жұмыс беруші талаптары. 2. Бәскеге
Сабақ мақсаты: Жұмыс беруші талаптары және бәскеге қабілеттілік
тақырыбына пайдалы мағлұмат беру арқылы ақпараттық құзіреттілігін
қалыптастыру; сұхбаттасу. Жаңа сабақты түсіндіру және грамматикалық
тақырыптарды меңгерту.
Материалдар мен құралдар: әдебиеттер, глоссарий, бақылау сұрақтары.
Жұмыс мазмұны мен орындалу тәртібі: Мәтін бойынша жоспар құру,
мәтіннің бір бөлімін тыңдап, болжау жасау, ақпаратты анықтау; кесте,
диаграмма, шартты белгілер мен сызбаларда берілген ақпараттарды өзара
салыстырып бағалау; Мәтінге ауызша шолу жасау; ақпараттың/объектінің
кемшілік тұстарын салыстыра отырып, өз ойын дәлелдеп жазу; Грамматика:
үстеу тудырушы -лай, -лей, -ша, -ше жұрнақтары, мақсат үстеулерін мысалдар
арқылы бекіту, еркін қолданысқа түсіру.
Сабақ түрі: практикалық
Сабақтың типі: жаңа сабақ

2.

ОҚЫЛЫМ
Тапсырма:Мәтінді оқыңыз, берілген мәлімет бойынша жоспар құрып, мәтіннің
бір бөліміне ат қойыңыз, ақпаратты түсіндіріңіз.
Жұмысқа қабілеттілікті арттыратын 8 әдіс
Жұмыста әлі атқаратын іс көп, бірақ оларды орындайтын күш қалмайтын кездер
көпшіліктің басынан өткен болар. Адамның жұмысқа қабілеттілігіне қандай факторлар әсер
етеді? Өз қызметіңіздің жалпы өнімділігін арттыруға көмектесетін 8 қарапайым әдісті
ұсынамыз. Кейде ең сүйікті және шығармашылық жұмыстың өзі «жүрмей қалады».
Қолыңыздан ештеңе шықпайды немесе күшіңіз жетпейді. Адамның жұмысқа қабілеттілігін
арттыратын және қысқа уақыт аралығында үлкен нәтижелерге жетуге болатын ережелер бар.
1. Мотивация. Нәтижелі жұмыс үшін мотивацияның орны маңызды. Мотивация
әрекет етуге итермелейді. Әрекет етуді бастау үшін ғаламдық мақсат тұжырымдау керек. Ол
мақсат шынайы, өлшелмелі және қолжетімді болуы керек. Оған жету үшін микро
мақсаттарды тұжырымдау керек боласыз. Мақсат үшін және әрбір микро мақсат үшін нақты
уақыт (дедлайн) қойыңыз.
2. Ынталандыру. Қызметкердің жұмысқа қабілеттілігін арттыруда ынталандыру да
маңызды рөл атқарады. Көп жағдайда ол бонус беру, жалақы арттыру және мансап
баспалдағы бойынша өсу ретінде көрсетіледі.
3. Толыққанды ұйқы. Тиімді жұмыс үшін демалып, ұйқыны қандыру керек. 7-8
сағаттық толыққанды ұйқы – жоғары жұмысқа қабілеттілік кепілі. Режим жасап, шамамен
сағат 22:00 немесе 23:00-де ұйықтап кету керек.

3.

4. Гаджеттерден аулақ болу. Түрлі гаджеттер мен интернет көп уақытты
алады. Ұялы телефондағы, планшеттегі және компьютердегі хабарламаны
өшіріп қойыңыз.
5. Кабинетті желдету. Адамның өнімділігі мидың оттекпен қанығуына
тікелей байланысты. Жұмыс орнындағы таза ауа жұмысқа қабілеттіліктің
қосымша қорын алуға көмектеседі.
6. Үйден жұмысқа дейінгі жол. Үйден жұмысқа дейінгі жол 1 сағаттан көп
уақытты алса, қажытып жібереді. Жұмыс пен үйдің арасы 1 сағаттан аз
уақытты алғаны жөн. Егер үйден жұмысқа дейін жаяу 20-40 минут уақытты
алатын жер болса, тіпті жақсы болады. Мұндай серуен жұмыс алдындағы
керемет сергектік қуат болып табылады.
7. Уайымдамау. Мазасыздану – өнімділіктің жауы, сондықтан әлемге және
проблемаларға жай қарап үйрену керек. Релаксация әдістерін меңгерген
жөн. Мысалы, медитация жасау.
8. Көп мәселелікке жоқ деңіз. Жұмысқа қабілеттілікке әсер ететін фактор –
көп мәселеліктің жоқтығы. Көп мәселелік жұмыс сапасын төмендетеді, бір
іске толықтай мән беруге мүмкіндік болмайды. Сондықтан жұмыс мөлшерін
шамаңызға қарап алыңыз.

4.

Айтылым
Мәтінге ауызша шолу жасаңыз. Берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
Ақпараттың/объектінің кемшілік тұстарын салыстыра отырып, өз
ойын дәлелдеп жазу.
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. Бәскеге қабілеттілік
2. Жастардың өз-өздерін еңбекке баулу құзіреті қаншалықты
дамуда?
3. Жұмыс пен оқуды үйлестірген жастар ұтады ма, әлде....?
4. Кездескен қиыншылықтарды қалай жеңуге болады?
5. Табысты адам кандай адам?
6. Табыс формуласы дегеніміз не?

5.

Тыңдалым
Тапсырма. Мәтін бойынша жоспар құрастырыңыз,
мәтіннің бір бөлімін тыңдап, болжау жасаңыз.
Ақпаратты анықтап, кесте, диаграмма, шартты
белгілер немесе сызбалар арқылы ақпараттарды өзара
салыстырып, тыңдалған пікірлеріңізді бағалаңыз.

6.

Жазылым
1-тапсырма: Ертең, тез-тез, бүгін, ендігәрі, анағұрлым, бірте-бірте,
күні бойы, таң сәрідеғ әлдекімше, қыстыгүні, төмен, әрең, бірге –
үстеулерін қатыстырап, жұмыс беруші мен жұмыскер арасында диалог
құраңыз.
2-тапсырма: Жоғарыда берілген мәтін мазмұнынан өз таңдауыңызбен
сөйлемдерді өңдеп, берілген кестедегі мысалдар топтамасынан бір-бір
мезгіл, мекен, сын-қимыл, мөлшер, күшейткіш, мақсат, себеп-салдар
үстеулерін қосып, жаңа сөйлемдер құраңыз.
3-тапсырма: Жағдаяттық тапсырма орындалған соң, алынған
ақпараттар негізінде кемшілік тұстарын салыстыра отырып, өз ойын
дәлелдейтін 5 жай сөйлем жазыңыз және синтаксистік талдау жасаңыз.

7.

ЖАЗЫЛЫМ
Тақырып бойынша проблемалық эссе жазыңыздар.
ТАҚЫРЫП:
1. Еңбек нарығы дегеніміз не?
2. Сұранысқа ие мамандықтар.

8.

Әдебиеттер:
1. Абдуова Б.С., Асанова Ұ.О. Қазақ тілі: Орыс тілді топтарға арналған оқу
құралы. – Астана, 2017. - 282 б.
2. Ерназарова З.Ш. Эссе түрлері. – Алматы, 2019. – 80 б.
3. Күзекова З.С., Байтелиева Ж.Д. Қазақ тілі: ортадан жоғары деңгейге арналған
оқулық. – Астана, 2016.
4. Күзекова, З.С. Қазақ тілінің функционалды практикалық грамматикасы: оқу
құралы. – Астана: Фолиант, 2015. – 180 б.
5. Сатбекова А.А. Студенттердің қазақша тілін дамытуға арналған мәтіндер
жинағы. Оқу құралы. – Алматы, 2013. – 112 б.
6Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі: 50 мыңға жуық сөз бен сөз тіркесі /жалпы
ред.басқ. Т. Жанұзақов. – Алматы:Дайк-Пресс, 2008. – 968 б.
7. Онлайн ресурстар: kaz-tili.kz, www.sozdik.kz, www. soylem.kz, tilalemi.kz.
emle.kz.
terminkom.kz.
atau.kz,
https://znanija.com/task/28846691
https://ult.kz/post/zhastar-memlekettin-bolashagy
English     Русский Rules