10.97M
Category: psychologypsychology

Эмоционалды интеллектінің дамуы

1.

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті
Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру кафедрасы
СӨЖ
Тақырып: Эмоционалды интеллектінің дамуы
Орындады: Нагиматдин Ботагөз
Топ: 111/1
Қабылдады: Кулымбаева А.К

2.

Қазіргі қоғамда эмоцияны түсіну мен
білдірудегі құзыреттілік мәселесі өте
маңызды болып отыр. Көптеген
зерттеушілер эмоциялардың әлеуметтік
мәніне баса назар аударып, ақыл-ойды
жетілдіруге негіз болатын қоғамның
ажырамас бөлшегі екендігін атап өтті.
Өйткені, адам өзінің ойлауынан гөрі
сезімі және басқа адамдармен қарымқатынасы барысы тұлғаның қалыптасуына
негіз бола алады.
schematiq

3.

Эмоционалды интеллектіні неліктен
дамыту қажет?
• ЭИ-ді дамыту арқылы адам эмоциялардың
қарқындылығын басқара алады, әсіресе шамадан
тыс күшті эмоцияларды бәсеңдетеді;
• эмоциялардың сыртқы көрінісін басқара алады;
• өз эмоцияларын басқалармен достық қарымқатынас орнату және қолдау үшін білдіре алады;
эмоцияны анықтай алады, яғни өзі немесе басқа
адам қандай эмоцияны бастан кешіріп жатқанын
анықтай алады және оның сөздік көрінісін таба
алады;
• өзінің ішкі әлемін білуге және байытуға тырысады
• осы эмоцияны тудырған себептерді және оның
салдары қандай болатындығын түсінеді;
• ішкі мотивацияға ие болады, жетістікке жетіп,
мақсаттарын орындай алады.
schematiq

4.

Бірінші қадам:
Алғашқы және басты қадам - бұл өз
эмоцияларыңызды түсіне білу. Бұл
оңай болып көрінгенмен, шынында
күрделі процесс болып табылады.
Күнделікті өзіңізден: мен не сезініп
тұрмын, қандай эмоцияға ерік
берудемін,
неліктен?
деген
сұрақтарға жауап беріңіз. Ол үшін
эмоционалды күнделік жүргізіңіз.
Оны дәптерге де, не арнайы
бағдарламаға
да
жүргізуіңізге
болады. Мысалы:
Psy
Mind tracker

5.

Екінші қадам:
Біз
басқа
адамдардың
эмоцияларын
түсіне
білуіміз
керек. Ол үшін басқа адамның
вербалды емес мінез-құлқына
назар
аударып,
эмпатия
дағдыларын дамытуға болады.
Егер
қарым-қатынас
жақын
адаммен орын алса, сіз өзіңіздің
болжамдарыңыздызды
келтіре
аласыз:
"сіз
өзіңізді
қалай
сезінесіз?" немесе "менің ойымша,
сіз ренжулі секілдісіз"

6.

Тәжірибе: Мылқау теледидар
Тәжірибе
мақсаты:
Басқалардың
эмоцияларын
түсіне білу
Тәжірибе шарты: Сіз әлі
көрмеген фильмді немесе
телехикая қосыңыз. Біраз
уақыт кейіпкерлердің не
сөйлеп жатқанын,
мимикасы,
пантомимикасы, жестімен
қандай эмоция көрсетіп,
не істеп жатырғандарын
бақылаңыз.
Енді көріп
жатқаныңыздың
дауысын өшіріп қарап
көріңіз. Ал одан кейін, сіз
бірнеше рет көрген,
сюжетін білетін фильмді
дауыссыз қараңыз.
Қандай айырмашылық
сездіңіз? Барлығын
жазып алып, талдау
жасаңыз

7.

Үшінші қадам:
Эмоционалды интеллектті дамытудағы үшінші
қадам-эмоцияларыңызды басқару. Эмоцияларды
басқару мен оларды басуды шатастырмау
маңызды. Көбінесе біз білетін жалғыз тәсіл - бұл
эмоцияларымызды басу. Дегенмен, эмоцияларды
түбегейлі басу мүмкін емес, олар басқа жағдайда
көрініс береді немесе біздің физикалық күйімізге
әсер етеді (мысалы, бас ауыра бастайды).
Эмоцияларыңызды басқарудың басқа жолдары
бар. Олардың көпшілігі бізге белгілі: тыныс алу,
серуендеу, физикалық белсенділікпен айналысу.
Сіздің эмоцияларыңызды басқарудың тиімді
әдістерінің бірі вербализация - болған жағдайды
дауыстап сипаттау: "мен аздап уайымдаймын,
мазасызданамын, аздап тітіркенемін" және т. б.

8.

Тәжірибе: Дене әдістері
Тәжірибе
мақсаты: Өз
эмоцияңызды
денеге көңіл бөлу
арқылы басқарып
үйрену
Тәжірибе шарты: Кезкелген жағдайда
қолдануға болатын
эмоцияны басқарудың
дене әдісін таңдаңыз.
Мысалы, қатты ашуланған
кезде жұдырығыңызды
қысыңыз немесе
қолыңызды аздап
шымшыңыз
Сіз тек ашуланған
кезде ғана емес,
басқа жағымсыз
не сіз басқаруға
қиын эмоциялар
туындаған кезде
басқаша дене
әдістерін ойлап
тапсаңыз болады

9.

Төртінші қадам:
Басқа
адамдардың
эмоцияларын
басқару. Бұған, егер адам қатты
ашуланса, қорықса немесе ренжіген
болса, сол адамды тыныштандыру,
сондай-ақ,
керісінше,
басқаларға
жағымды
эмоцияларды
"жұқтыру"
секілді дағдылардың тұтас кешені
кіреді. Егер сіз осы қадамды игеріп
алсаңыз, басқалардың сіздің көңілкүйіңізді өзгертуге жол бермейсіз және
олардың
эмоцияларын
басқарып,
өзгертіп үйренесіз

10.

Тәжірибе: Менің айналамлағы эмоционалды
мотиваторлар
Тәжірибе
мақсаты:
Айналаңыздағы
адамдардың
эмоцияларын
басқара білу
Тәжірибе шарты: Қағаз бен
қалам алыңыз. Енді
ортасына бір ұзын сызық
сызыңыз. Бір жағына: "мен
айналамда көңілсіз,
агрессивті атмосфера
орнату үшін не істеуім
қажет?" деген сұрақ
қойыңыз. Екінші жағына:
"мен айналамда көңілді,
қызықты, достық
атмосфера орнату үшін не
істеуім керек?" деген
сұрақ қойыңыз
Енді сызбаны
толтырып шығыңыз.
Бұдан, сіз қаншалықты
айналаңыздағы
адамдардың
эмоциясын басқара
алатыныңзға көз
жеткізесіз.
Жазғандарыңызды
өмірде жасап көруге
тырысыңыз.
Нәтижесін бақылаңыз

11.

Қорытынды:
И.Н.Андреева
атап
өткендей,
жоғары
дамыған
эмоционалды интеллект басқа адамдармен терең және
тығыз қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік беретін
эмоционалды көріністердің табиғи болуына және өзіндік
позитивті
қатынасқа
ықпал
етеді
Эмоционалды
интеллект - бұл адамның сезімдері мен тілектерінің ішкі
ортамен өзара әрекеттесу мүмкіндігі; интеллектуалды
талдау және синтез негізінде жеке қатынастарды түсіну
және эмоционалды саланы басқару мүмкіндігі. Бұл
мүмкіндікті қолданып білу қажет!
English     Русский Rules