330.14K
Category: medicinemedicine

Балалар организмінің реактивтілігінің ерекшеліктері

1.

Каферда: Патофизиология
СӨЖ
Тақырыбы: Балалар организмінің реактивтілігінің
ерекшеліктері
Орындаған: Жолдасбекова А.
Тексерген: Момбиева Ж.
Тобы: ЖМ13-20-2қ

2.

Жоспар
➲Кіріспе
➲Негізгі
бөлім
➲Балалар реактитілігінің ерекшеліктері
➲Себеп-салдары
➲Клиникалық көріністері
➲Қорытынды

3.

Кіріспе
Бала (сәби) – жаңадан туған сәттен бастап кәмілеттік
жасқа толмаған биологиялық ағза.
Реактивтілік – қоршаған орта әсеріне бүкіл ағзаның
немесе жекелеген мүшелердің тіршілігін өзгертіп
жауап қайтаруы.

4.

Негізгі бөлім
Реактивтіліктің жіктелу түрлері өте көп. Солардың
бірі – даралық реактивтілік. Даралық
реактивтілікке:
➲ ағзаның жасы;
➲жынысы;
➲ дене бітімдік ерекшеліктері;
➲т.б. бойынша жіктеу тән.

5.

Балалар реактивтілігі
Ерте балалық шақтағы реактивтіліктің төмен
болуы байқалады. Ол бірнеше факторларға
байланысты:
➲Сыртқы және ішкі биологиялық
тосқауылдардың толық жетілмеуіне;
➲Жүйке және эндокриндік жүйелердің
жетілмеуіне;
➲Иммундық жүйенің толық дамымауына

6.

Биологиялық тосқауылдардың жетіспеуі
салдарынан:
➲Ауру
тудыратын қоздырғыштардың ағзаға
өтімділігі жоғары болады;
➲Жұқпалар мен уытты заттар, бір жерде іркіліп
қалмай, бүткіл организмге тарайды;
➲Улы заттарға, дәрілерге ағзаның сезімталдығы
көтеріледі;

7.

8.

Жүйке және эндокриндік жүйелердің
жетілмеуі салдары:
➲Жаңа
туған нәрестелерде ауру сезімі әлсіз болады;
➲Жүйкелік-рефлекстік жолдармен дамитын икемдестікбейімделістік серпіністердің жетіспеушілігі байқалады;
➲Дене қызымы сыртқы ортаға тәуелді болады;
➲Қалжырау басым болады, себебі, мидың сыртқы
қыртысының қозымдылығы төмен болып, тежелу үрдісі
басым болады және балада тез шаршау сезімі пайда
болады.

9.

Жаңа туған балалардың дерттері бір жерде орнықпай,
денеге тез таралады. Ауру: құсу, қобалжу, баланың
жылауымен, тырыспа-селкілдектің дамуымен көрініс
береді.
●Гипоталамус-гипофиз-бүйрекүсті бездері жүйесінің
жетілмеуі нәтижесінде ағзаның бейімделу қабілетінің
төмендігі байқалады.
●Қансырауға бейім болады;
●Гемолиздік ауру кезінде бүйрек үсті бездерінің қызметі
әрдайым жеткіліксіз болады. Себеп: тікелей емес
билирубин бүйректің тотығу-фосфорлану үрдістерін
ажыратады.

10.

Иммундық жүйенің жеткіліксіздігі
➲Гуморалдық
тетіктерінің қалыптасуы мен дамуы
жеткіліксіз болған жағдайда жас балалар вирустық
және жұқпалы аурулармен аурушаң келеді.
➲Лизоцим және комплимент өте аз боллуы салдарынан
олардың денесінде бактериялар тез өсіп-өнеді.
➲Аллергиялық серпілістер ішек-қарын
бұзылыстарымен, дерматиттер дамуымен көрінеді.

11.

12.

Қорытынды
Адам ағзасы реактивтілікке сезімтал келеді. Олардың
жас ерекшеліктері, дене бітімдері, жыныстарыны,
әлеуметтік жағдайлары өте маңызды болып келеді.
Біздің ағзамызда, жоғарыда байқағандарыңыздай,
реактивтілікті жан-жақты құбылыстардың
жиынтығымен көрсетеді.

13.

Пайдаланылған әдебиеттер
➲www.google.kz
➲www.wikipedya.ru
➲Патофизиология,
Ә. Нұрмұхамбетұлы, Алматы, 2007 ж.
English     Русский Rules