Дәріс тақырыбы
Дәріс жоспары:
РЕАКТИВТілік лат.: re – қарсы; action- әрекет
Көріну түрлеріне қарай:
ГИПЕРЕРГИЯ
Гипергия
АНЕРГИЯ
ДИЗЕРГИЯ
Төзімділік (резистенттілік)
Төзімділіктің түрлері
Реактивтіліктің түрлері:
Түрлік реактивтілік:
Топтық реактивтілік:
Даралық реактивтілік:
Дерттік реактивтілік:
Дерттік реактивтілік байқалады:
Даралық реактивтілік:
Тектік ерекшеліктерінің маңызы:
Тектік ерекшеліктеріне қарай:
Дене бітімінің дерт дамуындағы маңызы
Дене бітімінің жіктелулері
2. КРЕЧМЕР БОЙЫНША:
Организм реактивтілігіндегі жүйке жүйесінің маңызы
Жоғары жүйке әрекеттерінің ерекшеліктеріне қарай И.П.Павлов:
Гиппократтың жіктемесі
Организм реактивтілігінде эндокриндік жүйенің маңызы
Организм реактивтілігіндегі иммундық жүйенің маңызы
Организм реактивтілігінде қоршаған орта ықпалдарының маңызы
Организм реактивтілігіндегі қоректенудің маңызы
БИОЛОГИЯЛЫҚ ТОСҚАУЫЛДАРДЫҢ ЖЕТІЛМЕУІНЕН:
ОЖЖ ЖӘНЕ ІШКЕ СӨЛДЕНУ ЖҮЙЕСІНІҢ ЖЕТЕ ДАМЫМАУЫНАН:
Иммундық жүйенің жетілмеуінен:
Қарттық жастағы реактивтіліктің ерекшеліктері
Егде және қарттық жастың аурулары:
ЖЫНЫСТЫҢ РЕАКТИВТІЛІКТЕГІ МАҢЫЗЫ
7.84M
Category: medicinemedicine

Организмнің реактивтілігі

1. Дәріс тақырыбы

•Организмнің
реактивтілігі

2. Дәріс жоспары:

1. Организм реактивтілігі туралы түсінік,
анықтамасы;
2. Реактивтіліктің көріну түрлері;
3. Организм төзімділігі, түрлері;
4. Реактивтіліктің түрлері, сипаттамасы.
5. Даралық реактивтілікті анықтайтын
ықпалдар:
6. Тұқым қуалаушылықтың маңызы;
7. Дене бітімінің маңызы;
8. Жүйкелік, эндокриндік, иммундық
жүйелердің маңызы;
9. Адамның жас мөлшері мен жынысының
маңызы.
ліктегі маңызы.

3. РЕАКТИВТілік лат.: re – қарсы; action- әрекет


Реактивтілік – организмнің қоршаған орта ықпалдарына белгілі бір жолмен
жауап
қайтару
қасиеті.
• (Н.Н.Сиротинин).

4.


Реактивтілік- сыртқы орта
ықпалдарына тұтас организмнің, оның жекелеген ағзалары мен жүйелерінің тіршілігін өзгертіп жауап қайтару
қабілеті немесе қасиеті.

5.

Реактивтілікті – белгілі бір
ықпалға жауап ретінде
организмде қабыну, қызба,
иммунитет, жараның бітуі,
лейкоцитоз, фагоцитоз т.б.
даму жылдамдығы,
қарқыны мен ұзақтылығы
бойынша анықтайды.

6. Көріну түрлеріне қарай:

Реактивтілік
нормергия
патергия

7.

Патергия:
Гиперергия
Гипергия
Анергия
Дизергия

8. ГИПЕРЕРГИЯ


- қоршаған орта ықпалдарына организмнің жауап қайтару қабілетінің
көтерілуі. Ол ауру туындататын әсерлерге дене қызымы қатты көтерілуімен, қабыну қарқынды дамуымен,
қабынулық
сіңбенің
тосқауылдық
қызметі артуымен, фагоцитоз және
антиденелер
өндірілуі
күшеюімен,
жараның бітуі тездеуімен көрінеді.

9. Гипергия

• - қоршаған орта ықпалдарына
организмнің жауап қайтару қабілетінің төмендеуі. Ауру туындататын
ықпалдардан
қабыну
сылбыр өтеді, дене қызымы
онша көтерілмейді, жараның
бітуі баяулайды.

10. АНЕРГИЯ

• - қоршаған орта ықпалдарына организмнің жауап қайтармауы (шала туылған нәрестелерде, қарттарда, терең кома,
сілейме, наркоз кездерінде).
• кейбір адамдардың бактерия
тасымалдаушылығы.

11. ДИЗЕРГИЯ

• - қоршаған орта ықпалдарына организмнің
бұрмаланған түрде жауап
қайтаруы (аллергия,
тербелістік ауру, климакс
кездерінде)

12. Төзімділік (резистенттілік)

• - дерт туындататын
ықпалдарға организмнің тұрақтылығы немесе қарсы тұруы (төзімді
болуы).

13. Төзімділіктің түрлері

Спецификалық
Туа біткен
төзімділік
(иммунитет)
Жүре пайда
болған төзімділік
Белсе
нді
Енжар
Табиғи
иммунитет
Жасанды
иммунитет
Бейспецификалық
Туа біткен
төзімділік
Белсенді
(қорғануикемделу
тетіктері
қатысуымен)
Жүре пайда
болған
төзімділік
Енжар:
- биологиялық тосқауылдар,
- қорғаныстық рефлекстер
- дене
шынықтыру,
- суық суға
жаттықтыру,
- гипоксияға
бейімдеу,
- бейдәстүрлік емдеу
тәсілдері.

14.

• Бақыт іздеп мал бақ, тас қала,
• Бірақ, балам, мынаны естен
тастама:
• Бақыттысың бақыт іздеп
сорласаң,
• Бақытты боп сорлап жүрсең
масқара!
• (Мұқағали Мақатаев)

15. Реактивтіліктің түрлері:

Түрлік
Топтық
Даралық
Спецификалық
Физиоло
-гиялық
Бейспецификалық
Дерттік
Аллергиялық
Фиэиологиялық
Иммундық
Дерттік

16. Түрлік реактивтілік:

• Жануарлар әлемінің жекелеген
түрлерінің реактивтілігі. Жыл
маусымдарына қарай жануарлардың мекен жайын ауыстыруы, түстерін өзгертуі, құстардың күйдіргі ауруымен, адамның ірі қара мал мен иттердің
обасымен ауырмауы т.с.с.
жатады.

17. Топтық реактивтілік:

• Адамдардың тұрған мекенжайына, қан топтарына, дене
бітіміне,
тін
үйлесімділік
антигендеріне,
жынысына,
жас мөлшеріне т.с.с. қарай
бөлінген топтарының қоршаған орта ықпалдарына жауап
қайтару қабілеті.

18. Даралық реактивтілік:

• - қоршаған орта ықпалдарына әрбір жеке адамның
жауап қайтару қабілеті.

19. Дерттік реактивтілік:

• - әдеттегі немесе дерт
туындататын ықпалдарға
организмнің ауытқыған,
өзгерген түрде жауап
қайтару қасиеті.

20. Дерттік реактивтілік байқалады:

• Тұқым қуалаушылыққа бейімділігі,
аллергиялық болмысы бар адамдарда;
• Қоршаған ортаның химиялық улы немесе
радийбелсенді заттармен ластанулары;
• Сүлде дерттер болуы;
• Шала туған жас балалар мен қарттарда;
• Ұзақ ашығу;
• Ұзақ гиподинамия т.б. кездерінде.

21. Даралық реактивтілік:

• Адамның тектік және дене
бітімдік ерекшеліктеріне;
• Жүйкелік, эндокриндік, иммундық жүйелерінің жағдайына;
• Өмір сүретін ортасының
жағдайларына;
• Жас мөлшеріне және жынысына
т.с.с. жағдайларға байланысты.

22. Тектік ерекшеліктерінің маңызы:

• Ауру дамуына бейімділігі бар адамдарға
тегімен берілетін бейімділік гендері бар,
тектік ерекшеліктері қолайсыз қиыстырылған адамдар жатады.
• Бейімділік гендері – адамның туылуына
және туғаннан кейінгі өміріне аса теріс
ықпал етпейтін, бірақ белгілі бір қолайсыз
жағдайларда ауру туындауына әкелетін
қалыптыдан ауытқыған гендер.

23. Тектік ерекшеліктеріне қарай:

• Дерт туындататын (жұқпаларға,
улы заттарға, дәрі-дәрмектерге,
т.б.) ықпалдарға “төзімді” және
“сезімтал” адамдарды
ажыратады. Соңғылары дерт
дамуына бейім адамдарға
жатады.

24.

• Химиялық және дәрілік заттар организмнен N-ацетилтрансфераза ферментінің қатысуымен ацетилденіп
шығарылады. Осы реакцияның
жылдамдығына қарай: жылдам,
баяу, аралық ацетилдейтін адамдар
деп үш фенотипке бөледі. Жылдам
фенотипке қалыпты аллелі бойынша
гомозиготтылар, баяу фенотипке
ауытқыған аллелі бойынша гомозиготтылар, аралық фенотипке гетерозиготтылар жатады.

25.

• Жеке дара адамның генотипін немесе
гендердің қадағалауымен түзілетін
өнімдерін (ферменттер, нәруыздар)
анықтау арқылы оның белгілі дертке
тұқым қуатын бейімділігін аңғаруға
болады. Мәселен, альфа-антитрипсин жетіспеуінен қабынулық ауруларға, глюкоза-6-фосфатдегидрогеназа
тапшылығынан эритроциттердің
артық гемолизіне т.с.с. бейімділік
болады.

26.

• Ауру дамуына тұқым қуатын
бейімділікті алдын-ала
аңғарып, сол дерттен сақтандыру жолдарын қарастыратын медицина саласын
предиктивті медицина
дейді

27.

•Даралық
реактивтілікке әсер
ететін жағдайлар?

28. Дене бітімінің дерт дамуындағы маңызы

Дене бітімі (ағылш.- somatotype) тұқым қуалайтын және жүре
пайда болған қасиеттері негізінде
қалыптасқан адам денесінің
құрылымдық, функциялық
ерекшеліктерінің жиынтығы.

29. Дене бітімінің жіктелулері

1. СИГО БОЙЫНША:
ТЫНЫСТЫҚ
АС ҚОРЫТУЛЫҚ
БҰЛШЫҚЕТТІК
МЫЙЛЫҚ

30. 2. КРЕЧМЕР БОЙЫНША:

• а) астениялық
(шизоидтық)
• б) атлеттік
(эпилепсиялық)
• в) пикниктік
(циклоидтық)

31.

М.В. Черноруцкий бойынша жіктеменің
құрылымдық-функциялық ұстанымы
АСТЕНИК
НОРМОСТЕНИК
ГИПЕРСТЕНИК

32.

АСТЕНИК
Кеудесінің көлденеңдігінен ұзындығы басым,
денесі арық, аяқ-қолдары
ұзын, қарын-үстілік
бұрыш сүйір, жүрегі тік
(«тамшы» тәрізді)
орналасқан, құрсақ
көлемі кішкене

33.

ГИПЕРСТЕНИК
Кеудесінің ұзындығынан
көлденеңдігі басым,
денесі толық, аяққолдары мен мойыны
қысқа, қарын үстілік
бұрыш доғал, жүрегі
көкетке көлденең орналасқан, құрсағы кең және
үлкен

34.

Көрсеткіштер:
Астеник
Гиперстеник
1. Артериялық қысым
2. Гемоглобин мен
эритроциттердің
мөлшері
3. Өкпенің тіршіліктік
сыйымдылығы
4. Асқазанның сөлденуі
мен қимылдық
әрекеттері

35.

Көрсеткіштер:
Астеник
5. Зат алмасуларының
қарқыны
6. Қанда
қант
пен
холестерин
7. Гипофиз қызметі
8. Бүйрек үсті бездерінің қызметі
9. Қалқанша бездерінің
қызметі
10. Жыныс бездерінің
қызметі
Гиперстеник

36.

Дене бітімінің ерекшеліктеріне байланысты
ауру даму жиілігі:
АСТЕНИК
Артериялық
гипотензия,
гипогликемия,
гипоацидтік
гастрит,
асқазанның
ойық жара
ауруы, сүлде
колит, анемия,
туберкулез
ГИПЕРСТЕНИК
Артериялық
гипертензия,
қантты диабет,
семіздік, атеросклероз, жүректің ишемиялық
ауруы, қан тамырларының тромбозы, өт-тас
ауруы

37. Организм реактивтілігіндегі жүйке жүйесінің маңызы

• Жоғары жүйке әрекеттерінің
өзгерістерінен ішкі ағзалар
мен
мүшелердің
реттелуі
өзгереді, оларда дистрофия
дамиды. Осындай ауруларды
психосоматикалық
аурулар
дейді.

38. Жоғары жүйке әрекеттерінің ерекшеліктеріне қарай И.П.Павлов:

Адамдар
Күшті
Ұстамды
Жігерлі
Ұстамсыз
Салмақты
Әлсіз

39. Гиппократтың жіктемесі

40. Организм реактивтілігінде эндокриндік жүйенің маңызы

• “гипоталамус-гипофиз-бүйрек үсті
бездерінің сыртқы қабаты» жүйесі
қоршаған орта ықпалдарына
организмнің бейімделуінде маңызды
орын алады;
• Қантты диабет, тиреотоксикоз,
гипотиреоз т.б. эндокриндік аурулар
реактивтілікті бұзады.

41. Организм реактивтілігіндегі иммундық жүйенің маңызы

• Иммундық жүйенің біріншілік
немесе салдарлық тапшылықтарынан бактериялық,
вирустық жұқпаларға организмнің төзімділігі төмендейді,
қатерлі өспелер өсуі
жиілейді.

42. Организм реактивтілігінде қоршаған орта ықпалдарының маңызы

• Дем алатын ауаның, ішетін тамақтың
және ауыз судың химиялық улы
заттармен, ауыр металдармен
ластанулары;
• Өмір сүретін ортаның иондағыш
сәулелермен және радийбелсенді
заттармен ластанулары - организм
реактивтілігін бұзады.

43. Организм реактивтілігіндегі қоректенудің маңызы

• Тамақта нәруыздардың тапшылығынан анемия дамиды, организмнің
бейімделу
қабілеті
төмендейді,
иммунитет әлсірейді;
• Тағамда витаминдер мен микроэлементтер жетіспеуінен тіндерде зат
алмасулары
бұзылады,
анемия
дамиды, реактивтілік төмендейді.

44.

Жас балалар реактивтілігінің
ерекшеліктері:
БИОЛОГИЯЛЫҚ
ТОСҚАУЫЛДАРДЫҢ
ЖЕТІЛМЕУІ
ОЖЖ және
ІШКЕ
СӨЛДЕНІС
БЕЗДЕРІ
ЖҮЙЕСІНІҢ
жете
дамымауы
ИММУНДЫҚ
ЖҮЙЕНІҢ
ЖЕТІЛМЕУІ

45. БИОЛОГИЯЛЫҚ ТОСҚАУЫЛДАРДЫҢ ЖЕТІЛМЕУІНЕН:

• Организмге дерт туындататын
қоздырғыштардың жеңіл өтіп кетуі;
• Жұқпалар мен уыттар бүкіл денеге
тарап кетуі;
• Улы заттарға, дәрілерге организмнің
сезімталдығы көтерілуі – байқалады.

46. ОЖЖ ЖӘНЕ ІШКЕ СӨЛДЕНУ ЖҮЙЕСІНІҢ ЖЕТЕ ДАМЫМАУЫНАН:

• Ауыру сезімі әлсіз болады;
• Рефлекстік бейімделулік серпілістер жеткіліксіз болады;
• Икемделудің жедел дамитын тетіктері айқын болмайды;
• Жалпы серпілістер басым болады.

47. Иммундық жүйенің жетілмеуінен:

• Қанында бактерия жоятын ферменттер (лизоцим) мен нәруыздар (комплемент) аз болады;
• Фагоцитоз аяқталмаған болады;
• Жұқпаларға қарсы антиденелер аз
өндіріледі;
• Жас балалар жұқпалы және вирустық
аурулармен жиі ауырады;
• Аллергиялық серпілістер айқын
болмайды.

48. Қарттық жастағы реактивтіліктің ерекшеліктері

Қарттық жас – 75 жастан жоғары
Жүйке, эндокриндік жүйелердің кері
дамуынан жүйкелік-сұйықтық
реттелулердің кемуі, ағзалар мен
жүйелердің функциялық белсенділігін
төмендетеді

49.


Аурудың көріністері әлсіз болады;
Бір өзінде бірнеше дерттер болады;
Ауру созылмалы түрде өтеді;
Ауру барысында икемделу жүйелері
тез қалжырайды;
• Иммундық жүйе кері дамиды;
• Өспелер өсуі жиілейді.
• Жалпы серпілістер айқын болмайды;

50. Егде және қарттық жастың аурулары:


Жүрек жеткіліксіздігі;
Артериялық гипертензия;
Жүректің ишемиялық ауруы;
Қатерлі өспелер;
Қантты диабет;
Қуық асты безінің аденомасы;
Паркинсонизм;
Тұнжырау синдромдары;
Қарттық психоздар;
Қарттық алжу;
Альцгеймер ауруы;
Қарттық катаракта;
Сүйек қуыстануы және буын сүйектерінің
қабынуы

51.

• Денсаулықтың жаңасын,
• Ақшаға қайдан аларсың?
• (даналардан қалған сөз)

52. ЖЫНЫСТЫҢ РЕАКТИВТІЛІКТЕГІ МАҢЫЗЫ

Әйелдердің реактивтілігі оларда екі ХХ
хромосомасы болуымен айқындалады, ол
анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктерді, гормондық жағдайды қалыптастырады;
• Бұл екі ХХ хромосоманың біреуі өзгеріске
ұшырағанның өзінде екінші Х хромосома
организмнің төзімділігін қолдап тұрады;
• Әйелдер
өмірінің
орташа
ұзақтығы
еркектерге қарағанда ұзағырақ болады.
(Казақстанда ол: әйелдерде – 71 жыл,
еркектерде – 60 жасқа жетер-жетпес)

53.

• Арулар – аяулылар, ардақтылар,
• Өмірдің жылуы боп қалмақ
бұлар,
• Арулар – тіршілікке күре тамыр,
• Өмірді бір-біріне жалғап тұрар.
• (Мұқағали Мақатаев)

54.

Әйелдерде:
● мый сыңарлары әрекетін біріктіруге
жауапты нейрондардың саны, еркектерге
қарағанда, 23% ға көп болады;
• мый қыртысының қыртыс асты құрылымдарға тежеуші әсері аздау болады.
Содан мыйдың сезім билеуге жауапты
орталықтары (лимбикалық жүйе) тежеуші
ықпалдан жиі шығып кетеді;
• түйсіну жылдамдығы, санау, қол
жылдамдығы бойынша шапшаң және
үздік шешендік өнерге шеберлік болады.

55.

• Жүктілік, бала емізу кездерінде және ай сайынғы жыныстық гормондардың оралымды түрде
өндірілуінің өзгерістері эндокриндік бездердің
қызметтеріне
ауыртпалықтар жүктейді; сол
себепті, әйелдерде эндокриндік аурулар жиі
дамиды (тиреотоксикоз еркектерге қарағанда 10
есе жиі кездеседі).
• Әртүрлі ауыртпалықтарға ұшыраудан «гипоталамус-гипофиз-бүйрек үсті бездері» жүйесінің
белсенділігі жоғары болуы нәтижесінде әйелдер гипоксияға, суыққа, аштыққа, қансырауға
төзімдірек келеді.
• Әйелдерде темір тапшылықты анемия жиі
кездеседі.

56.

● Еркектердің реактивтілігі XY хромосомаларымен айқындалады, оның негізінде
анатомиялық - физиологиялық ерекшеліктер қалыптасады;
• Еркектер кеңістікті жақсы тұспалдайды,
қозғалу жылдамдығы, үйлесімділігі жоғары, математикалық ойлау қабілетіне
бейім;
• Еркектердің ауыртпалықтарға төзімділігі
аздау, оларда дезадаптациялық аурулар:
атеросклероз, ЖИА, гипертензиялық ауру,
асқазанның ойық жарасы жиірек
кездеседі.

57.

• Организмнің
даралық
реактивтілігіне көптеген ықпалдар, солардың ішінде оны бұзатын, жағдайлар әсер етеді. Мәселен, негізгі
ауруынан басқа сүлде дерттердің
(қантты диабет, туберкулез, сүлде
гепатит т.б. қабыну ошақтары) болуы
реактивтілікті бұзады.
• Сондықтан, “айқындалған дертті ғана
емдемей, тұтас науқас адамды
емдеу” қажет!
English     Русский Rules