Similar presentations:
Жеке кәсіпкерлік
1.
Жеке кәсіпкерлікЖеке кәсіпкер дегеніміз заңды тұлға жасамай және заңды тұлғаның қатысуынсыз жеке кәсіпкерлікпен айналысатын жеке тұлға. Жеке кәсіпкерліктің түрлеріне
дербес кәсіпкерлік және біріккен кәсіпкерлік жатады.
Дербес кәсіпкерлік иелігіндегі мүлікке хұқы бар бір азаматпен жасалады, сонымен қатар мүлікті пайдалану мен билеудің басқа хұқықтары бар.
Біріккен Кәсіпкерлік жалпылық иелігіндегі мүлік хұқықтарына ие бірнеше азаматтың бірлесуісен құрылады, сонымен қатар мүлікті бірігіп пайдалану мен бірігіп
билеу хұқына ие азаматтар. Жеке кәсіпкерлік мүліктік жауапкершілік негізінде құрылады.
Жеке кәсіпкер заңды тұлғаға қарағанда салықты аз мөлшерде төлейді. Ол өзі үшін және қатысушылар үшін жинақтық зейнетақы қорына төлем төлеп тұруы
тиіс.
Салық мөлшері кәсіпкер жұмыс істейтін салық режимімен анықталады. Патент негізінде құрылған қызметте кәсіпкер кірісі 3 проценттік табысқа негізделеді.
Жеңілдік декларациясы негізіндегі кәсіпкер кірісі3-7 проценке дейін оның сомасына байланысты бөлінеді.
Жеке кәсіпкердің бухгалтерлік есебі патент пен жеңілдік декларациясын қолданатын болса, заңды тұлғаның бухгалтерлік есебінен жеңіл болып келеді.
Патентепен жұмыс кезінде ол мүлде болмайды. Бұл артықшылық жеке кәсіпкердің бухгалтерлік есепті бухгалтер жалдамай-ақ өзі жүргізуіне мүмкіндік береді.
Жеңілдік декларациясын қолдану заңды тұлғаға да болады, бірақ көп жағдайда бухгалтер жалдауды қажет етеді.
Жеке кәсіпкер заңды тұлғамен қайта құрыла алмайды, мысалы ЖШС бола алмайды.
Жеке кәсіпкер ретінде тіркелуге шығын өте аз.
Мемлекеттік тіркеуден кейін жеке кәсіпкер ретінде мөр мен белгінің дайындалуына төлеуіңіз керек, егер оны қажетсіз деп санасаңыз 1000 теңге төлейсіз. Егер
сіз банкке есеп аштырамын десеңіз банктік карточкаларға қол қою үшін жасалатын нотариалды қызмет үшін де ақы төлейсіз (87 теңге, 4 карточкаға дейін),
сонымен қатар егер сіз барған банкте ақылы болса, есеп аштырғаныңыз үшін де төлейсіз.
2.
Жеке жұмысты қалай ашуға болады?Өз бизнесіңді ашу үшін, бірінші кезекте ол үшін заңды тұлға жасау қажет пе деген сұрақты шешу керек, себебі заңнама кәсіпкерлік қызметті жеке кәсіпкер
ретінде жасауды қарастырған.
Егер заңды тұлға жасағыңыз келсе, өз қызметіңіздің негізгі мақсаты негізінде түрін анықтап алу қажет (Жауапкершілігі шектеулі серіктестік, акционерлік қоғам,
өндірічстік кооператив, холдинг және т.б).
Назар аударыңыз!
Мемлекеттік тіркеуден кейін сіз фирма қызметіне толық мемлекеттік реестрден шыққанға дейін жауап бересіз. Заңнамаға сәйкес коммерциялық қызмет ашқан
заңды тұлғалардың келесі түрлерін қарастырады: жауапкершілігі шектеулі серіктестік (ЖШС), жауакершілігі қосымша серіктестік (ЖҚС), толық серіктестік (ТС),
коммандитті серіктестік (КС), өндірістік кооператив (ӨК) немесе акционерлік қоғам (АҚ), жеке кәсіпкерлік (ЖК).
3.
4.
Заңды тұлғалар категорияларының негізгі ұғымдарыЖауапкершілігі шектеулі серіктестік үлеске бөлінетін жарғылық капитал жасайтын бір немесе бірнеше тұлғамен құрылады. ЖШС өз иелігіндегі мүлікке
міндеттілігімен жауап бере отырып, құрамындағы адамдар үшін же жауап береді.
ЖҚС қатысушыларының ЖШС-дан айырмашылығыжарғылық капиталға өзінің салым салу міндетімен жауап береді, егер бұл сома жетіспейтін болса қосымша
мүлік көлемінде салынады.
Серіктестіктің жарғылық капиталы құрылтайшылар салымының бірлестігімен жүзге асады, құрылтайшылар салымының алғашқы өлшемі айлық есептік
көрсеткіштің 100 өлшемімен өлешенеді. Тіркелгеннен кейін жарғылық капиталға мерзімі бір жылдан көп емес уақытта салу керек.
Өндірістік кооператив дегеніміз - өз еркімен біріккен азаматтардың бірлескен кәсіпкерлігін құру мақсатындағы мүшелердің мүліктік жинағы негізінде құрылатын
бірлестік. Мұның серіктестіктен айырмашылығы жарғылық капиталдың болмауы, өндірістік кооператив құрылтайшылары екіден кем болмауы тиіс, кооператив
мүшелері кооператив міндеттемелері бойынша қосымша жауап береді.
Толық серіктестік деп толық серіктестіктің мүлкі жетіспеген жағдайда мойнындағы барлық мүліктің міндетемелеріне жауап беретін қатысушылары бар
серіктестікті айтамыз. Коммандитті серіктестікке серіктестік міндеттемелеріне қосымша жауап беретін бір немесе бірнеше қатысушысы бар серіктестік жатады,
олардың жауапкершілігі жарғылық капиталға салған салыммен шектеледі.
Акционерлік қоғам дегеніміз өз қызметін жүзеге асыру үшін жабдық жинау мақсатында акция шығаратын заңды тұлға.
Заңды тұлғаның ұйымдастырушылық-хұқықтық түрін анықтап алғаннан кейін кәсіпорынды тіркетіп, заңды тұлға дәрежесін алу керек.
Жеке кәсіпкер дегеніміз заңды тұлға жасамай және заңды тұлғаның қатысуынсыз жеке кәсіпкерлікпен айналысатын жеке тұлға.
5.
Жеке кәсіпкер қызметінің тоқтауыЖеке кәсіпкердің қызметі ерікті түрде немесе күшпен тоқтатылуы мүмкін. Жеке кәсіпкер қызметі ерікті түрде жеке кәсіпкердің өзі қабылдаған шешімі негізінде, кез
келген уақытта жеке кәсіпкердің, барлық қатысушылармен біріге отырып, бірікке кәсіпкерлік алдында тоқтатылады. Егер қатысушылардың жартысынан көбі дауыс
берген болса, егер басқа жағдай өзара келісім барысында қарастырылмаса жеке кәсіпкерлікті тоқтату туралы шешім қабылданған болып есептеледі.
Жеке кәсіпкерліктің күшпен тоқтауы соттың шешімімен төмендегідей жағдайда жүзеге асырылады:
банкрот болу;
жеке кәсіпкердің тіркелуі кезінде қалпына келтірілмейтін сипаттағы заңнаманың бұзылғанын білдіретін өрескел қателер кеткенде жарамсыз деп табылуы;
егер қызмет лицензиялануға тиісті болса, немес заңнамалық актілермен қызметіне тыйым салынса, қызметін лицензиясыз бастаса;
қызметін бірнеше рет күнтізбелік жыл ағымында немесе заңнаманы өрескел бұзу арқылы жүзеге асырса;
заңнамалық актілермен қаралған басқа да жағдайларда.
Жеке кәсіпкер қызметін тоқтату бақылау және қадағалау функцияларын атқаратын мемлекеттік органның өтініші бойынша сот арқылы жасалады.
Көрсетілген негіздемелерден басқа жеке кәсіпкердің төмендегі қызметтері:
жеке кәсіпкерлік – жеке кәсіпкер азамат еңбекке жарамсыз деп табылса немесе ол қаза болса;
отбасылық кәсіпкерлік және қарапайым серіктестік – егер 1 тармақшада айтылған жағдайлар туындаса, бірікке кәсіпкерлікте бір ғана немесе бір адам да қалмаса,
сонымен қатар некенің бұзылуына байланысты мүлікті бөліскен кезде.
Жеке кәсіпкер өз қызметін ерікті түрде тоқтатқан жағдайда жеке кәсіпкер қызметін тоқтату туралы шешім қабылдағаннан бастап үш жұмыс күні ішінде салық
органына жазбаша хабарлайды.
6.
7.
Қызметін тоқтату, есептен шығаруХалыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы заңды тұлғаның қызметін тоқтатқанын тіркеу үшін, заңды тұлғаның филиалы және өкілдіктерін есептік тіркеуден
шығару үшін құжаттарды ресімдеу
Заңды тұлғаның қызметін тоқтатқанын тіркеу үшін Орталыққа мынадай құжаттар:
1.Тіркеу органы бекіткен үлгідегі өтініш;
2. заңды тұлға мүлкi меншiк иесiнiң немесе меншiк иесi уәкiлеттiк берген органның не оған заңды тұлғаның мөрi басылған құрылтай құжаттарымен уәкiлеттiк
берген заңды тұлға органының шешiмi;
3. құрылтай құжаттары, мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiк пен статистикалық карточка;
4. заңды тұлғаның таратылуы, кредиторлар қойған талаптарды мәлiмдеудiң тәртiбi мен мерзiмдерi туралы баспасөз басылымдарында ақпараттың
жарияланғанын растайтын құжат;
5. таратылатын заңды тұлға мүлкiнiң құрамы, кредиторлар мәлiмдеген талаптардың тiзбесi туралы мәлiметтер қамтылған аралық тарату балансы, сондай-ақ
оларды қарау нәтижелерi;
6. тарату балансы;
7. заңды тұлға мүлкi меншiк иесiнiң немесе заңды тұлғаны тарату туралы, заңды тұлғаның мөрi басылған аралық жәнe тарату баланстарын бекiту туралы
шешiмдi қабылдаған өзге де органның шешiмi;
8. заңды тұлға мөрiнiң жойылғандығы туралы құжат;