136.29K
Category: educationeducation
Similar presentations:

"Т. Рысқұлов ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Қ. Сәтбаев атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

1.

"Т.Рысқұлов ауданы
әкімдігінің білім бөлімінің
Қ.Сәтбаев атындағы орта
мектебі" коммуналдық
мемлекеттік мекемесі

2.

Мектепті
дамытудың
перспективалық
жоспары

3.

Даму кезеңдері:
2023
Дайындықұйымдастыру
жұмысы,
инновациялар
еңгізу және
деректер
қорын
жинақтау.
20232026
Практикалық
қызмет
көрсету.
Мектептің ішкі
жабдықтарын
жаңарту, күрделі
жөндеуден өтуге
ықпал жасау,
әдістемелік
жұмыстарды
жандандыру
2027
Алдағы
кезеңдердегі
жүзеге асқан
істердің
нәтижесін тарату
және жариялау,
рефлексиялау

4.

Жұмыс жоспары
Іске асыру
мерзімдері
(кезеңдері)
2023 – 2027 жылдар
даму жоспары үш кезеңде іске асырылатын болады:
бірінші кезең: 2023 жыл;
екінші кезең: 2023-2026 жылдар.
Үшінші кезең – 2027 жыл
Нысаналы
индикаторлар
-
-
Мектеп педагогтерінің жалпы санынан жоғары , педагог-шебер, педагогзерттеуші, педагог –сарапшысы бар біліктілігі жоғары педагог
қызметкерлердің үлесі – 60 %дан кем емес;
мектептің қамқоршылық кеңесінің жұмысының ықпалын кұшейту;
Білім беру мекемесін басқаруда әрі қарай ізгілендіру және бөлінген
көшбасшылық үрдісін дамыту;
Жаратылыстану-математика пәндері бойынша білім беру оқу
бағдарламаларын жетік меңгерген оқушылардың үлесі – 70 %;
Қоғамдық-гуманитарлық пәндер бойынша білім беру оқу
бағдарламаларын жетік меңгерген оқушылардың үлесі – 80 %;
Инклюзивті білім беру үшін жағдайлар жасаған мектеп қатарына ену;
Мектеп бітіруші түлектердің мемлекеттік грант иегерлерін 40%-ға
жеткізу;
Аббаттандыру, көгалдандыру жұмыстарын жүргізу- 100%
Мектептің безендірілуі – 100%

5.

Мақсаты: Мұғалімнің кәсіби
шеберлігі мен құзыреттілігін дамыту
арқылы оқушылардың бәсекеге
қабілетілігін арттыра отырып,
табысты оқытуға қол жеткізу.

6.

Жоспарды іске асыру міндеттері
2024-2028 жылдар
Іс-шаралар жоспарына сәйкес мектеп дамуының негізгі бағыттарын іске асырудың
басталуы және оған жағдай жасау;
Мектептің даму бағдарламасын іске асыруды ресурстық қамтамасыз ету;
Білім алушылардың білімін рейтингтік бағалау жүйесін енгізу;
Кешенді-мақсатты бағдарламалар мен жобаларды әзірлеу және енгізу: «Оқуға құштар
мектеп», «Дебаттар қозғалысы », «Балалар және театр» жобасы, мұғалімдерге арналған
«Шебер ұстаз» жобасы;
Денсаулық сақтау іс-шараларын іске асыру және орындау, оқушылар мен ата-аналар
арасында салауатты өмір салты құндылықтарын насихаттау (бірлескен спорттық ісшараларды, әртүрлі бағыттағы мамандармен кездесулерді жаңа форматта өткізу арқылы
және т.с.с.).
Педагогтардың психологиялық-педагогикалық біліктілігін арттыру;
Желілік қоғамдастық және білім беру мен жетілдіру орталықтары арқылы озық істәжірибе алмасу;
Үйірме сағаттарының сапасы мен сұранысын арттыру мақсатында үйірмелер, секциялар
санын арттыру. (Робототехника және хор, домбыра, шахмат үйірмесі.);
«Жас ұлан», «Жас қыран» жасөспірімдердің бірыңғай ұйымының жұмысын
жандандыру;
Мектептің әлеуметтік желілерде жеке парақшаларын барынша тарату;
Жоғары оқу орындарымен ғылыми -әдістемелік жұмыстарды жандандыру үшін
байланыс орнату;
Маңызы бар іс-шараларды өткізу мақсатында ауыл мәдениет үйімен тығыз байланыста
болу;

7.

Оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдерді сабақтарында үнемі қолдану;
Педагогикалық бастамаларды және мектеп педагогтарының инновациялық
қызметін қолдау және ынталандыру;
Дарынды балалар мен талантты жастарды қолдауды дамыту;
Даму бағдарламасын іске асыру бойынша мектеп қызметінің нәтижелерін
сырттай сараптауға ұсыну, жоспарды іске асыру нәтижелері бойынша мектеп
ұжымының шығармашылық есептері;
Мектеп педагогтарының практикалық қызметіне сандық оқыту нысандарын
енгізу;
Мұғалімдердің сабақ барысында заман талабына сай оқу ресурстарын
тиімді, жүйелі қолдануын жүзеге асыру;
Білім алушылардың ақпараттық құзіреттілігін арттыру;
«Ардагерлер, аналар, әкелер мектебін» құру;
Мектепке “Жомарт түлектермен” кездесулер өткізіп, демеушілер тарту;
Қамқоршылық кеңесінің жұмысын жандандыру;
Мектептің даму бағдарламасының негізгі бағыттары бойынша
ұйымдастырушылық іс-шаралар жоспарын іске асыруды аяқтау, рефлексиялау.

8.

Даму жоспарының бағдарламасы
1. «Цифрлы мектеп» жобасы
3. «Мектеп сапасы» жобасы
4. «Оқуға құштар мектеп» жобасы
5. «Өзін –өзі басқару күні» жобасы

9.

Қ.Сәтбаев атындағы орта мектебінің кешенді
бағдарламасының жобасы
Мақсаты:
Заманауи педагогикалық зерттеу дағдыларын меңгеріп, мектеп оқушыларының сапалы білім
алуын қамтамасыз ететін, үздіксіз кәсіби дамитын, шебер ұстаз қалыптастыру.
Міндеттері:
- Педагогтардың біліктілігін жетілдіруі мен үздіксіз дамуына басшылық жасау;
- Мектептің даму бағдарламасын жоспарлауға және жүзеге асыруға педагогтардың белсенді
қатысуын қамтамасыз ету;
- Мемлекеттік білім беру стандарты мен оқу бағдарламаларының жүзеге асырылуын қадағалау;
- Озық педагогикалық тәжірибенің таратылуын ұйымдастыру және қолдау;
- Кәсіби дамуды әдістемелік қолдау арқылы үздіксіз жетілуді қамтамасыз ету;
- Оқушылардың сапалы білім алуын қамтамасыз ету.
Күтілетін нәтиже:
- Педагогтардың біліктілігін жетілдіруі мен үздіксіз дамуы қамтамасыз етіледі;
- Мектептің даму бағдарламасын жоспарлауға және жүзеге асыруға педагогтар белсенді қатысады;
- Мемлекеттік білім беру стандарты талаптары мен оқу бағдарламалары орындалады;
- Қол жеткізілген нәтижелер мен даму деңгейі үдерісіне сараптау жасалып, шығармашылық
жұмысқа қолдау көрсетіледі;
- Озық педагогикалық тәжірибе таратылып, мұғалімдердің кәсіби шеберлігі шыңдалады;
- Оқушылардың сапалы білім алуы қамтамасыз етіледі.

10.

“Цифрлы мектеп” жобасы
Мақсаты:
Оқу үдерісіне цифрлық технологияларды енгізу арқылы білім және тәрбие процесінің
тиімділігі мен сапасын арттыру.
Міндеттері:
• Барлық сатыдағы мектеп персоналдарының жұмыс орнын автоматтандыру жүйесін
жүзеге асыру;
• Мектеп оқу кабинеттерінің цифрлы зертханалары мен заманауи компьютерлерінің
үлесін арттыру;
• Мұғалімдер мен білім алушылардың ақпараттық құзыреттілігін және компьютерлік
сауаттылығын жетілдіру;
• Интернет желісіндегі сайттар арқылы білім мекемесінің және мұғалімдер мен
оқушылардың ақпараттық кеңістігін кеңейтуге мүмкіндік жасау.
Күтілетін нәтижесі:
Мектептің цифрлы білім беру контентін қалыптастыру;
Барлық сатыдағы мектеп персоналдарының жұмыс орны автоматтандырылады;
Мектеп сайтының мазмұндық сапасы мен жұмыс істеу мүмкіндіктері артады;
Цифрландыру жүйесі арқылы сапалы форматтағы білім алу қолжетімділігі
қалыптасады;
Мектеп басқаруының әділ де, ашық кеңістігі жасалады.

11.

Электронды басқару жүйесі
Электронды кітапхана
«Құрылғылармен жұмыс бағыты»
Ақпаратпен жұмыс бағыты
«Кадрлық база» бағыты
Электронды аннотация
«Цифрлы мектеп» жобасы
«Өзін-өзі басқару» жобасы
«Оқуға құштар мектеп » жобасы
«Stem оқыту» жобасы
«ROBOTICS» орталығы
«Аудио кітап» жинағы
«100 жаңа оқулық» жинағы
«Мәдени мұра» ақпараттық бөлімі
«Жаңа буын жазушылар» жинағы
«Классик жазушылар» жинағы
Цифрлы
мектеп
«BILIMLAND»
“Әдістемелік жинақтар” (сабақтар
және сынып сағаттары, видео,
интерактив, вебинарлар)
2. «Курстар»
3. «Мақалалар»
4. «І MEKTEР”
5. «І TEST»
«KUNDELIK.KZ»
«Бағдарламалар орталығы»
«Журналдар»
«Кестелер»
«Есептер»

12.

«Заманауи мектеп» кешенді бағдарламасының
«Мектеп сапасы» жобасы
Мақсаты:
Жалпы білімдік іскерліктер мен нәтижиеге бағытталған оқу дағдыларын
меңгерген, функционалды тұрғыдан сауатты, ұжымдық жұмысқа бейімдескен
тұлға қалыптастыру.
Міндеттері:
- Білім беру сапасын бағалаудың айқын жүйесін әзірлеу;
- Жекелеген пәндерді оқытуды кеңейту және тереңдету;
- Қалай оқу керектігін үйрету;
- Коммуникативті қарым-қатынас тәсілдерін, оның ішінде тілдік дағдыларды
пайдалану;
- Оқушының адамгершілік - рухани қасиеттерін қалыптастыру;
- Инновациялық білім негіздерін терең меңгеру;
- Өзін және өзгелерді бағалау арқылы кері байланысқа түсу;
-Оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту.
-Білім алушылардың өткен оқу жылындағы білімін толықтыра отырып, жаңа
оқу
жылының бағдарламасын жүзеге асыру.

13.

«Мектепішілік бақылау»
білім сапасының мониторинг жүйесі
Білім сапасын арттырудағы тәуелсіз
бақылау жүйесін енгізу жұмыстары.
Тесттік бақылау жұмыстарының базасын
жасау және жетілдіру.
Мониторинг, талдау, түзету
жұмыстарын сараптауды
орталықтандыру және сәйкестендіру.
Пәндердің оқытылу сапасын бақылау.
Ата -аналарға оқушылардың үлгерім
көрсеткіштерінің ашықтығын
қамтамасыз ету.
«Шабыт» дарындыларды
дамыту орталығы
«Мектеп көшбасшылары» (үздік оқушыларды
қолдау байқаулары)
Білім беру сапасының деңгейі халықаралық
TIMSS, PISA және PIRLS(мониторинг зерттеулері
арқылы анықтау,оқушылардың қабілетін бағалау)
«Зияткер тұлға» (жаратылыстану және
гуманитарлық бағыттағы пәндерді терең меңгеру
мақсатында танымдық жарыстар)
«Полиглот» (интеллектуалды – танымдық
кіріктірілген ойындар жүйесі)
“Мектеп
сапасы”
жобасы
«Фокус топ» зерттеу топтары
Зерттеу сабақтары арқылы оқу
мен оқытуды қолдау
Педагогикалық консилиум
"Оқушы үні - оқыту кілті" психо –
әлеуметтік қолдау жұмыстары
"ЖАДА” оқу мен оқытуды қолдау
орталығы

14.

«Оқуға құштар мектеп»
ЖОБАСЫ
«Оқуға құштар мектеп – оқуға құштар ұлт». Оқу сауаттылығы – табысты,
бәсекеге қабілетті тұлғаны және оның қазіргі қоғамда коммуникативтік құзыретін
қалыптастырудағы базалық дағдылардың бірі.
Мақсаты:кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру және оны қолдау,
кітап мәртебесін арттыру
Жобаның негізгі бағыттары өзара қарым-қатынас пен әлеуметтік әріптестік
арқылы білім алушылардың оқу құзыреттілігін, оқу мәдениеті мен оқу
белсенділігін арттыруды, оқу сауаттылығы бойынша халықаралық
зерттеулерге қатысуын жалғастыруды, оқырмандар қауымдастығын
қалыптастыруды, іс-шараларға ата-аналарды қатыстыруды көздейді.
Міндеттері: Мектеп сайтында үздік балалар әдебиеті мен мектеп әдебиетіне
арналған түрлі сервистер, балалар мен жасөспірімдердің кітап оқу үрдісін кеңейту
бойынша ресурстар (интернет-викториналар, сервистік ұсынымдар, кітапханалар
туралы ақпарат және т.б.) ұсыну.
Мектепте және отбасында 20 минуттық кітап оқу ұйымдастыру
Мектеп холдарында үлкен үзілістерде кітап оқуды ұйымдастыру үшін
«Буккроссинг» бұрыштарын құру

15.

«Өзін –өзі басқару»
ЖОБАСЫ
Мақсаты:
білім алушылардың бойында азаматтық белсенділік, әлеуметтік
құзыреттілік, азаматтық жауапкершілік дағдыларын дамыту, әлеуметтік
шығармашылыққа қабілетті, өзінің жеке басын, қоғам мен мемлекетті
жетілдіру мүддесінде әрекет ете алатын жоғары мәдениетті, гуманистік
бағыттағы азаматты тәрбиелеу.
Міндеттері:
-білім алушылардың қабілеттері мен мүдделерін, мектепте бірыңғай
құқықтық кеңістікті дамыту үшін жағдай жасау, білім беру ұйымын
басқаруға қатысуға нақты мүмкіндік беру;
-- ұжымдық өмір нормаларына, мемлекет заңдарына, адамдарға пайда
әкелгісі келетіндігіне, достары мен құрдастарына қиындықтарды жеңуге
көмектесуге оң көзқарас қалыптастыру;
- әрбір білім алушыны білім беру ұйымының қоғамдық өміріне тарту;
-өзіндік ойлау мен өзіндік сана-сезімді, көшбасшылық мінез-құлық
дағдыларын, ұйымдастырушылық білімді, іскерлікті, ұжымдық және
басшылық қызмет дағдыларын дамыту.
-оқушылардың өзін-өзі басқару перспективалары мен концепциялары
негізінде көшбасшылыққа тәрбиелеу;

16.

Жетістікке жету жолы
Мектепте жағымды психологиялық ахуал орнату;
Бес жылға мектептің даму жоспары мен жетістік индикаторын
бекіту;
Әрбір орынбасарлармен “Бөлінген көшбасшылық” жобасын іске
асыру
Индикаторлардың орындалуын педагогикалық кеңесте қарау;
Мектептің әлеуметтік желілерде жеке парақшаларына мектеп
жұмысын қысқа бейне таспалармен жарнамалау;
Сайт ашу ;
Мектеп түлектерімен кездесу жасап болашақта жүзеге асырылатын
жобаларды ұсыну.;
“Мектеп – ата-ана-оқушы” арасында үздіксіз тиімді кері байланыс
орнату
Мектептің материалдық- техникалық базасын нығайту бойынша
жұмыстарды жандандыру;
“Оқушы, ата-ана үні” жобасын іске асыру

17.

Желілік қоғамдастық құру және сыртқы қоғамдастықтармен тәжірибие
алмасу үшін мектепке бір күндік саяхат ұйымдастыру;
Мектептің “Мектеп өмірі” атауымен шығатын танымдық газетін
шығару;
Youtube желісінен мектептің каналын ашып, үздік ұстаздардың
сабақтарын салып отыруды жалғастыру;
Балалардың қауіпсіздігі үшін мектептің артқы бөлігін тазалау, қауіп
төңдіретін ағаштарды , бұтақтарды болдырмау;
Мектеп айналасындағы жарықтандыру жұмыстарын жүргізу.
Мектептің дәліздерін безендіру, ақпараттандыру;
Мектеп айналасына заңсыз сауда-саттық жүргізетін азаматтармен
нәтижелі жұмыс жүргізу;
Оқушылардың психологиялық ахуалдарын басты назарда ұстау, зерттеу
жобаларын үздіксіз жүргізу.
English     Русский Rules