66.54K
Category: lingvisticslingvistics

Өнертабыс және жаңашылдық

1.

Лексикалық тақырып: Өнертабыс және
жаңашылдық
1. Әлемге әйгілі өнертапқыштар
2. Нобель сыйлығы
3. Келер шақ

2.

Сөздік
Дамыту - разработка
Өнеркәсіп - промышленность
Өнертабыс - изобретение
Пайдалы - полезный
Қарапайым - скромный
Хабардар - быть в курсе
Дамыған - развитый
Жетілдіру - улучшение

3.

Тірек сөздер: өнертабыс, ғылым мен техника,автокөліктер,микроскоптар,
отандық өнертапқыштар, байланыс құралдары, нанотехнологиялар, робот
техникалар.
1-тапсырма. Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыз.
Кез келген елдің экономикасын дамыту үшін ғылым мен техниканы
жетілдіру қажет. Әлем тез өзгереді, өнеркәсіптің дамуы да өзгеріп
тұрады. Өнертабыс дегеніміз қазір бұрынғыдай күрделі дүние емес.
Пайдалы және қарапайым өнертабыстар күнделікті өмірімізді жеңілдетіп,
жақсартады. Мысалы, автокөліктер мен кір жуғыш машиналар өмірді
жеңілдетеді; микроскоптар, компьютерлер ой-өрісті, білімді кеңейтеді;
теле-радио жаңалықтардан хабардар етеді және т.б.
Әдетте, өнертабыстарды адамдар бір нәрсені жеңілдету немесе
ыңғайлы ету мақсатында жасайды.

4.

Адамзат көптеген дүниелер үшін өнертапқыштарға қарыздар,
өйткені біз ойлап тапқан заттарды күнделікті өмірде
пайдаланамыз. Илизаров аппаратын ортопед хирург Гавриил
Илизаров жасаған; Калашников автоматын Михаил Калашников,
Мартен пешін Пьер Мартен, Морзе әліппесін Сэмюэль Морзе,
cаксофонды Адольф Сакс ойлап тапқан және т.б.
Қазіргі өнертапқыштар да осал емес. Бүгінгі компьютер,
байланыс
құралдары,
электромобиль
сияқты
көптеген
өнертабыстар – біздің замандастарымыздың табысы.
Өнертапқыштықты
қолдау
мақсатында
Қазақстан
Республикасының Әділет министрлігі жыл сайын «Шапағат»
республикалық
байқауын
өткізеді.

5.

2-тапсырма. Сұхбатты оқып, “Кім қандай өнерді жақсы көреді”
деген тақырыпта екеуара сөйлесіңіздер.
Абай: Қанат, сен қандай өнерді жақсы көресің?
Қанат: Ағашпен жұмыс істеуді ұнатамын. Ағаштан бейнелер жасау, өрнек
салу мені өте қызықтырады. Ал өзің ше?
Абай: Мен техниканы жақсы көремін. Машина тетіктерінің бәрін білгім
келеді.
Қанат: Машинаның жаңа үлгісін жасағың келе ме?
Абай: Иә, техникалық мамандықты таңдауым да сондықтан.
Қанат: Мен ағаштан үй жиһаздарын жасайтын шебер болғым келеді.
Абай: Тамаша! Дегеніңе жетуіңе тілекиеспін!
Қанат: Саған да тілектеспін!

6.

3-тапсырма. Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыз және қазақ тілінде
түсінгеніңізді әңгімелеңіз.
Мыңжылқы Бердіқожаев – нейрохирург. Ол 2006 жылы «Болашақ»
президенттік бағдарламасының стипендиаты болды. Ресей, Санкт-Петербург
қаласындағы С.М.Киров атындағы Әскери-медициналық академиясының
клиникалық ординатурасында оқыған. Ординатураны сәтті аяқтаған соң,
Астанаға келіп, Республикалық нейрохирургиялық ғылыми орталықта
нейрохирург болып қызмет етті.
2008-2015 жылдар аралығында 1500-ден аса бас миының тамырларына
жоғары технологиялық ота жасады. Мыңжылқы Сайлауұлы 2016 жылдың
1 қаңтарынан бастап Алматы қаласына Совмин аурухананың нейрохирургиялық
бөлімінің меңгерушісі болды. Соңғы үш жылда 800-ге жуық ішкі тамыр
жүйелеріне қатысты ота жасады және Алматы қаласында инсульттан көз жұму
көрсеткішін 2% төмендетті. Бүгінгі уақытта Мыңжылқы Сайлауұлы басшылық
ететін нейрохирургиялық бөлімдер Қазақстанның аймақтарындағы, сонымен
қатар қиыр Шығыстағы дәрігерлерді оқытатын үлкен оқыту орталығы болып
табылады.

7.

Сөздік:
ғылыми орталық –
бас миының тамырлары –
жоғары технологиялық ота –
нейрохирургиялық бөлім –
ішкі тамыр жүйелері –
ота жасау –
инсульттан көз жұму көрсеткіші –
басшылық ету –
нейрохирургиялық бөлім –
дәрігерлерді оқытатын оқыту орталығы –

8.

4-тапсырма. Сөйлемдерді сұраулы сөйлемге айналдырыңыздар.
1. Мыңжылқы Бердіқожаев – нейрохирург.
2. Ол 2006 жылы «Болашақ» президенттік бағдарламасының стипендиаты болды.
3. Ресей, Санкт-Петербург қаласындағы Әскери-медициналық академиясының
клиникалық ординатурасында оқыған.
4. Ресей, Санкт-Петербург қаласындағы Әскери-медициналық академия С.М.Киров
атында.
5. Мыңжылқы Бердіқожаев Ординатураны сәтті аяқтаған.
6. Республикалық нейрохирургиялық ғылыми орталық Астанада.
7. М.Бердіқожаев 2008-2015 жылдар аралығында 1500-ден аса бас миының
тамырларына жоғары технологиялық ота жасаған.
8. Мыңжылқы Сайлауұлы 2016 жылы Алматы қаласына Совмин аурухананың
нейрохирургиялық бөлімінің меңгерушісі болды.
9. 800-ге жуық ішкі тамыр жүйелеріне қатысты ота жасаған.
10. Ол Алматы қаласында инсульттан көз жұму көрсеткішін 2% төмендетті.
11. Мыңжылқы Сайлауұлы басшылық ететін нейрохирургиялық бөлімдер
Қазақстанның аймақтарындағы үлкен оқыту орталығы.

9.

3) Келер шақ. Келер шақ іс-әрекеттің сөйлеп тұрған мезгілден кейін
орындалатынын білдіреді. Келер шақтың үш түрі бар:
1) болжалды келер шақ,
2) мақсатты келер шақ,
3) ауыспалы келер шақ.
Болжалды келер шақ етістіктің түбіріне -ар, -ер, -р және болымсыз
етістікке -с жұрнағы жалғану арқылы жасалады. Мысалы: қуан-ар-сың,
жет-ер-сің, тоқы-р-сың, айтпа-с, сындырма-с, келтірме-с, келме-с т.б.
Мақсатты келер шақ -мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек жұрнақтары
арқылы жасалады. Мысалы, тапсыр-мақ, үйрен-бек, келіс-пек, ақылдаспақ, сұран-бақ, келтір-мек т.б.
Ауыспалы келер шақ -а, -е, -й жұрнақтары арқылы жасалады.
Мысалы, ертең кел-е-мін, кешке ақылдас-а-мын, таңертең сұран-а-мын
т.б.

10.

5-тапсырма. Көп нүктенің орнына болжалды
келер шақтың жұрнағын қойыңыздар.
1. Жауын-шашын тоқта.... емес.
2. Мемлекеттік бағдарлама бойынша салынған үй осы
бол.......... .
3. Көп ұзамай бұл мәселенің де шешімі табыл.......... .
4. Ол өз ойын ашық айт......... ма екен, айтпас па екен?
5. Конференцияның негізгі мақсаты осы бол.......... .

11.

7-тапсырма. Мақсатты келер шақ формасындағы етістіктерді
пайдаланып, сұхбатты аяқтаңыздар.
1. Бөлмені таңертең жинау керек.
Досыңыз: – Бүгін таңертең қыдырасыз ба?
Сіз: – Жоқ, мен ..............................................................
2. Сізге жұмыс ұсынды, сіз түстен кейін баратын болып шештіңіз.
Досыңыз: – Саған жұмыс ұсынды деп естідім.
Сіз: – Иә, ................................................. .
3. Сарамен хабарласуыңыз керек. Оған таңертең хабарласатын болдыңыз.
Досыңыз: – Сарамен хабарластың ба?
Сіз: – Жоқ, ................................................. .
4. Сіз жейде кеудеше сатып алдыңыз, бірақ ол сізге жараспайды. Сіз оны
қайтарамын деп шештіңіз.
Досыңыз: – Мына жейде кеудеше саған тым үлкен.
Сіз: – Білемін, ............................................. .

12.

8-тапсырма. Келесі етістіктерден келер шақ етістік
жасаңыздар.
Танысу, көшіру, есептеу, дайындау, жазу, жабу, жуыну, зерттеу,
кету, жату, сөйлесу, апару, ашу, әкелу, бару, билеу, жөндеу, болу,
ішу, білу, көру, оқу, жеңу, үйрету, іздеу, тоқу, тазалау, өзгеру,
өзгерту, беру.
9-тапсырма. Сөйлемдерді бірнеше нұсқада аяқтаңыздар.
Адамдар өнертабыстарды пайдаланбайынша, . . .
Саксофонды ойлап таппайынша, . . .
Өнертапқыштар өз үлестерін қоспайынша, . . .

13.

10-тапсырма. Болжалды келер шақ мәнді сөйлем құраңыздар.
1. Жаз найзағайлы болса, .......................................... (қыс/жайлы/бол).
2. Жазда құйын көп болса, .............................................(қыс/аязды/бол).
3. Көктемде күн көп күркіресе, ............................... (егін/шөп/мол шық).
4. Жазда күн кенет ысып кетсе, ................................(ұзамай/жауын/жау).
5. Жазда жұлдыздар жарқырап тұрса, ................... (келер күн/ыстық/бол).
6. Көктемнің алғашқы жаңбырында күн күркіресе,............ (шөп/көп/бол).
7. Қыста кемпірқосақ көрінсе, ........................ (жыл берекелі/жайлы/бол).

14.

11-тапсырма. Болжалды келер шақтың болымды,
болымсыз түрлерін жасап, сөйлемді аяқтаңыздар.
1. Алдағы айда азық-түлік бағасы ......................... (қымбатта).
2. Келесі жылдан бастап жалақы мөлшері ............... (көтеріл).
3. Келесі курста сіздерге ағылшын тілі сабағы ............... (бол).
4. Айдың соңында республикалық конференция .............. (өт).
5. Осы жолы біздің балалар бірінші орын ........................ (ал).

15.

Нақыл сөздерді аударыңыздар, есте сақтаңыздар.
1. Ғұламалық – ащы тамырдың тәтті жемісі.
Катон
2. Ғылыммен шұғылдануды мұрат еткендер білімге өздеріне сеніп тапсырылған
қазына ретінде қараулары керек, ал ол қазына – бүкіл халықтың меншігі.
КА.Тимирязов
3. Ғылым – іштегі нұр,
Өнер сыртқа салынған түр.
Т.Ізтілеуов
4. Поэзияда – тапқырлық, математикада – ойлылық, жаратылыс ғылымында
– тереңдік, философияда – пайымдылық, логика мен шешендікте – айтыса
білу қасиеттері қажет.
Ф.Бэкон

16.

Үй тапсырмасы:
Қызықты өнертабыстар туралы
материалдар жинап, презентация жасаңыздар.
English     Русский Rules