3.35M
Category: psychologypsychology

Кәсіби педагогикалық қызметтің мәні, оның құрылымы және Педагогтің мимикалық және понтомимикалық мәнерлігінің негіздері

1.

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік
Қазақстан педагогикалық университеті
Кәсіби педагогикалық қызметтің мәні ,
оның құрылымы және Педагогтің
мимикалық және понтомимикалық
мәнерлігінің негіздері .
Педагог қызметінің ерекшеліктері мен
қиыншылықтары
Дайындағандар
Асилхан Н. Сәт Н. Ускенбай Ш.

2.

Жоспары
1. Кәсіби педагогикалық қызметтің мәні , оның құрылымы
2.Педагог қызметінің ерекшеліктері
3. Педагогикалық қиындықтармен жұмысты
ұйымдастыру тәсілдері

3.

Кіріспе
Педагог қызметі адамды қалыптастыруға, солардың алдағы
жағдайдын өзгеруіне қарай белсенділігін арттыруға
бағытталған. Мұғалім ең күрделі процестерді — жеке адамды
қалыптастыру процесін басқарады. Бұл процестің күрделілігі
тәрбиеленушінің жеке өзінің үнемі өзгеріп тұратындығына
байланысты. Мұғалім көптеген нақты жағдайда қысқа уақыттық
ішінде ен дүрыс педагогикалық шешімді таба білуі тиіс, ал мүның;
өзі әрқашан күрделі. Педагогикалық iс-әрекет, бiр қатар iсәрекеттер iшiндегi күрделi
ұйымдасқан жүйе болып есептеледi. Бiрiншi – оқыту
барысындағы мұғалiмнiң iс
— әрекетi. Сабақ берушi педагог жалпы қызметтер мен
мағыналардың iшiнен
өзiне қатысты қызметтердi ғана атқаруы тиiс. Келесi iс-әрекеттер
бiрiншi iс
— әрекеттерге рефлекстiк қосымша ретiнде келедi, яғни оған
қызмет жасайды.

4.

Кәсіби педагогикалық қызмет – педагогтік
шеберлікті қалыптастыру негізі
Педагогтің білім мен ақпаратты тасымалдаушы ғана болуы бүгінгі
күнде жеткіліксіз. Ендеше бүгінгі мұғалім жоғары педагогикалық және
психологиялық мәдениетті меңгеруі міндетті.Психологиялық мәдениетке
адамның психологиялық саулығы мен өзін-өзі және басқа адамды
тануы, өзін-өзі ұстау және қарым-қатынас жасау мәдениеті жатады.
Психологиялық құзырлылыққа педагогикалық іс-әрекеттің кәсіби міндетті
шешуге қажетті психологиялық білімі мен іскерлік кешені кіреді. Ал
адамның өзін-өзі таныта білу іскерлігі қоғамда аса маңызды.
Мұғалімдер шеберлігін арттыру мәселесі қай кезде болсын педагогика ғылымында
алдыңғы орында тұрғандығы белгілі. Оны зерттеушілер еңбектерінен айқын аңғаруға
болады. Мәселен, мұғалім қызметі формалары мен түрлі әдіс-тәсілі С.Гусев,
П.Груздев, С.Иванов, А.Моисеев, М.Рубинштейннің, педагогикалық іс-әрекеттің
ғылыми негіздері Н.Александров, В.Ильин, И.Огородников, А.Пискунов, Н.Кузьмина
және т.б. зерттеулерінде кеңірек орын алған.
Қазіргі таңда да осы мәселе төңірегінде зерттеу жұмыстары қызу жүргізілуде
(О.Абдуллина, Б.Айтмамбетова, В.Сластенин, А.Щербаков, Н.Хмель және тағы
басқалар).
Педагогикалық іс-әрекет мәнін ашуда біз, ең алдымен мұғалімнің кәсіби іс-әрекеті мен
жалпы іс-әрекет мәселесіне назар аударғанымыз жөн. Бұл іс-әрекеттің жалпы
теориясы М.Демин, Н.Гордеева, Б.Зинченко, Г.Батищев, М.Каган, А.Леонтьев, т.б.
ғалымдардың еңбектерінде қарастырылады.

5.

.Мұғалімнің жеке тұлғасы – кәсіби
қызметінің негізгі
«Ұстаз ... жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және
аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, бұлардың ешнәрсені
ұмытпайтын ... алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі ..., мейлінше шешен, өнер-білімге
құштар, аса қанағатшыл жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын, жақындарына
да, жат адамдарына да әділ .., жұрттың бәріне ... жақсылық пен ізгілік көрсетіп ...
қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек».
Әл-Фараби

6.

Педагогтың мимикалық және
пантомимикалық мәнері
Вербалдық емес сөйлеу құралы
Бұл келесі құралдар жатады:
1) паралингвистік (интонация, паузация, дем, дикция темп, дауыс, ритмика (ырғақ), тон, мелодика);
2) экстралингвистик (есік қағу, күлкі, жылау және басқа да дыбыстар);
3) кинесикалық (жесттер, мимика, көздің контактысы);
4) Проксемистік (тұрыстар, дене қозғалыстары және дистанция)
Ғалымдардың ойынша коммуникативтік процесс толық болмайды, егер біз оның вербальды емес құралдарына ауытқысақ. Вербальды емес құралдар
қарым-қатынас нені енгізеді. Олар:
1) вербальды мәліметтердің бастапқы немесе кейінгі бөлімдеріне назар аударады;
2) вебральды түрде жеткізілгендердің бәрін таң қалдырады;
3) айтылатын ойдың мазмұнына қарсы келетін мағыналарды көрсетеді;
4) паузаларды толықтырды және түсіндіреді. Бұл оның ойын жалғстырғысы келумен керекті сөздерді іздестіруін көрсетеді;
5) сөйлеушілер арасындағы қарым-қатынасты сақтайды және сөйлемдер үйлесімділігін арасындағы қарым-қатынасты сақтайды және сөйлемдер
үйлесімділігін тәртіпке келтіреді;
6) жеке сөздердің немесе сөйлемдердің орнын ауыстырады;
7) кеш болса да вербальды мәліметтер мазмұнының орнын басады;
Бұл мұғалімге не үшін керек? Вербальды емес қарым-қатынас құралдарын меңгере отырып мұғалім:
- оларды қатысушылар жұмысын бағалау және уақытты үнемдеу мақсатымен қолдана алады-жағымды қарым-қатынас тонусын жасау, қарымқатынасты сақтау;
- қатысушылардың сөйлеу белсенділігіне ықпал ету;
- сөйлеу материалдарын еске сақтауын ұйымдастыру.
Мұғалім сабақ жоспарын жасай отырып, өзінің де вербалдық емес тәртібін алдын ала жоспарлау керек, өйткені ол қатысушылар психикасына
үлкен әсер ету күшін өзінде сақтауы мүмкін.
Вербалды емес құралдар тек қана продуктивті ғана қызметінде қолданылады деп ойлау дұрыс емес. Пиктограммалар, белгілер, текстердің орналасуы,
шрифтер, абзацтар және тағы осы сияқты, осының барлығы оқарман үшін вербалды емес тіл болып табылады. Сонымен қатар тыңдаушы мимиканы,
дене қозғалыстарын, интонацияны «оқи» білу керек.

7.

Мұғалімдер қоғамдағы ғасырлар бойы қалыптасқан әлеуметтік
тәжірибені саралап ең дұрыс және ең қажетті жақтарын жас
өспірімдердің бойында қалыптастыруға тырысады. Сонымен қатар
мүғалімдер жас өспірімдердің дүниетанымдарын, ұлттық сана
сезімдерін, салауатты өмір салтына деген көзқарастарын
калыптастырады. Яғни, мұғалімдерді баланың қоғамдық
қатынастарға бейімделуін, әлеуметтенуін басқарушысы ретінде
қабылдауға болады. ¥лы орыс педагогы К.Д.Ушинский мұғалім
мамандығын жоғары бағалай отырып: «Мұғалім мамандығы
сырттай қарапайьш болғанымен - тарихтағы ең ұлы істердің бірі» деген сөздері шынайылыққа үйлеседі.

8.

Адамзат тарихында мұғалім мамандығының ең маңызды
ерекшеліктерінің бірі -оның қай елде болмасын ең кең
таралғандығы.
Мысалы, Қазақстан Республикасының жоғары оқу
орындарын бітіруші түлектерінің басым көпшілігі
педагогтар екенін атап айтуға болады. Бұл нені
білдіреді? Бұл дегеніміз педагог мамандығының қоғам
дамуы үшін аса қажеттілігінің, зор маңыздылығының
көрсеткіші, себебі егер бұл мамандыққа қоғам
тарапынан сұраныс болмаса, мұндай көп мамандарды
даярлау кажеттілігі де болмаушы еді. Бұл мамандык
мәңгілік ескірмейтін мамандықтардың бірі. Жьл сайын
жоғары оқу орындарында арнайы даярланған жоғары
білімді педагогтар қоғамымыздың білім беру
мекемелерінде педагогикалық еңбекке кірісіп жатса да,
мұғалімдер саны жетіспейді. Қазіргі үздіксіз білім беру
жүйесінің дамуына байланысты сапалық деңгейлері
жоғары, кәсіби кұзіретгі мұғалімдерге деген сұраныс
жыл сайын күшейе түсуде.
Мұғалім қызметі тек
болашаққа ғана бағытталған.
Мұғалімнің іс-әрекеті, қызметі
балалардьң болашағына
байланысты болып келеді.
¥стаз еңбегінің нәтижелілігі де
келешекте ғана көрініс
береді. Мысалы, мұғалім
еңбегінің жемісі нақты бір ісәрекет жасағаннан кейін
емес, айлар, жылдар өткен
соң, шәкірттің бір табысқа қол
жеткізуіне байланысты
бағаланады.

9.

Педагогикалық қиындықтармен жұмысты
ұйымдастыру тәсілдері
Қазіргі таңдағы зерттеу көрсетіп отырғандай, педагог қызметін жаңа бастаған жас педагог-маман бейімделу
кезеңінде өзбетті жұмыстануда өзіндік мамандану бойынша дағдарысты басынан кешеді. Еңбек жолын жаңа
бастаған жас мамандарда қажетті психологиялық-педагогикалық, практикалық білімдердің, білік пен
дағдылардың болмауы, педагогикалық жұмысқа даярлығының жеткіліксіздігі, жіберген қателіктері мен сәтсіздіктері өкініш, көңіл қалу сезімдерін туғызады. Туындаған мәселелердің қиындығы және оларды жеңу жолдарын
анық білмеуі, олардың көңіліне сенімсіздік туғызып, жас педагог-психологтардың кәсіби бейімделуіне кері әсерін
тигізеді. Жас педагог мамандардың кәсіби бейімделу процесі ішкі және сыртқы қайшылықтармен
сипатталатындығын зерттеушілер анықтаған. Кәсіптік бейімделу процесі барысында туындайтын ішкі
қайшылықтар: жас маманның өз бетінше практикалық міндеттерді шешуге ұмтылуы және оған қажетті білімі,
білік-дағдыларының жоқтығынан; жалпы теориялық білімін практикалық қызметінде қолдана алмауынан; жас
маманның өзін-өзі таныту қажеттілігі мен оның коммуникативті мүмкіндігінің сәйкессіздігінен. Жас маманның кәсіби
бейімделу процесінде оның жұмыс орнына байланысты кездесетін сыртқы қайшылықтар: жас мамандардың
өмірлік жоспарлары, құлшыныстары, кәсіби үміті, олардың жаңа әлеуметтік жағдайы; жас маманның талаптілектері және оны аталған ұжымның тұлғааралық қарым-қатынастар құрылымындағы нақтылы алатын орны
арасында; педагогикалық ұжымның мамандыққа байланысты қойылатын нақтылы талап-тілектері мен жас
мамандардың даралық ерекшеліктерінен туындайтын оның сенімділік, қызығушылық ұмтылысы арасында;
қарым-қатынас тәжірибесінің жеткіліксіздігіне және алғашқы жылдарда қоғамдық-педагогикалық-психологиялық
қызметінің көп салалығына байланысты да туындайды. Туындаған қайшылықтарды жеңу үшін жас мамандардың
алдымен оларды жақсы түсіне білуі және болатын қажетті өзгеріске ынта-құлшыныспен қарауы өте маңызды.
Дегенмен, диплом алу, жұмысқа орналасу бойынша бөлу бәрі де артта қалғандай, алда не күтіп тұрғаны белгілі
секілді. Бірақ көптеген және көптеген буын тәжірибесі жас маманның жұмысқа шығуы барысында "адасушылық"
мәселесі әлі де шешілмегендігін көрсетеді. Тіпті барлығы дерлік жұмыстың алғашқы айларында белгілі бір үрейді
сезінеді және осы тәжірибе жас мамандардың көпшілігі бірдей қателіктерге ұшырайтындығын көрсетеді.

10.

Педагог жұмысы барысында кездесетін
қиындықтарды келесідей көрсетуге болады:
Әлеуметтік және
коммуникативті
құзіреттілік бойынша;
Практикалық қызмет сферасы
бойынша; Психологиялық диагностика;
Психологиялық коррекция;
Психологиялық ағарту; Психологиялық
кеңес беру. Сондай-ақ нормативті
құжаттармен жұмыстануда да
қиындықтарға ұшырап жатады.
Жұмысының кең ауқымдылығына
байланысты;
Жоғары сұраныстарға
байланысты;
Жұмыс уақытына
байланысты.
Материалдық
жағынан:
кабинеттің
жабдықталмауы
;

11.

Жалпы педагогтардың жұмыс барысында кезде-сетін
қиындықтарды шешу мына 2 факторға байланысты:
1. Ішкі
фактор
психолог шеше алатын - бұған
өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі
жетілдіру,үздіксіз білім алу,
тәжірибелі психолог
мамандармен кездесу,
тәжірибе алмасу т.б. жатады.
2. Сыртқы
фактор
мектеп әкімшілігі, ЖОО, білім
беру департаменті шеше
алатын - бұған қаржыландыру,
жабдықтау, қолдау, жалақыны
көтеру т.б. жатады.

12.

Педагог жұмысы барысында кездесетін қиындықтарды
шешу және алдын алу бойынша төмендегідей ұсыныстар
жасаймыз:
ЖОО-да мамандарды
даярлауда теориялық
білім берумен қатар
практикалық білімді
көбірек қарастыру,
ЖОО-нда болашақ
мамандарға
психологияның
қолданбалы
салаларынан (психологиялық диагностика,
психологиялық
коррекция,
психологиялық ағарту
жұмысы, психологиялық
кеңес беру) жетік
біліммен қамтамыз ету.
Ол үшін болашақ
мамандарға оқытуда
жаңа пәндерді енгізу
(қиын балалармен
жұмыс, психологиялық
ағарту, психологтың ісқағаздарын жүргізу
негіздері т.б.)
Арнайы жеке
кабинетті жарақтау.
Материалдық
жағынан мазмұнға
сай қамтамасыз ету
(стимулдық
материалдар,
компью- тер,
ойыншықтар,
магнитофон,
видеокассета,
теледидар, сенім
телефоны т.б.) Топтық
жұмыстарды өткізуге
арналған тренинг
кабинетімен
толықтыру
Ресми сабақ кестесі
аясында оқу
уақытының I кезегінде
когнитивті психикалық
процестердің
диагностикасын өткізу
мүмкіндігі мен құқығын
ресми түрде рәсімдеу.
Тәжірибелі мамандармен
кездесулер ұйымдастырып тұру,
бұл мамандардың тәжірибе
алмасуына және білімін
жетілдіруге көмектеседі. Адамы
мен заманы да дағдарысқа
ұшыраған қазіргі кезде балаға
көмек көрсетіп, күйзелістен
шығуға жол көрсететін психолог
мамандарының жұмысы нәтижелі
болуы үшін жоғарыда аталып
өтілген біздің ұсыныстарымыз
жүзеге асуына тілекшіміз.

13.

Қорытынды
Мұғалім-баланың жеке тұлғасын қалыптастырушы,маңызды тәлім-тәрбие
өнегесінің бастаушысы,жарқын үлгісі,бала қиялын самғатып,арманын көкке
ұсындырушы басты тұлға.Бүгінгі жас өркеннің ертеңгі әлеуметтік –саяси қоғам
мүшесі ретінде қалыптасуында тәлім-тәрбиенің маңызы зор екендігі
белгілі.Ендеше қоғамдағы қол жеткен тәрбиелік жақсы дәстүр атаулыны
пайдаланып,биік адамгершілік қасиеттерге баулу,тәрбиелеу-мұғалімнің басты
міндеті.Мұғалім жан-жақты жетілген білімді,әдістемелік шығармашылық шеберлік иесі,халықтық дәстүр,әдет-ғұрып пен салтсана ерекшеліктерін әлеумет- тік қарым-қатынастар түрлерін кәсіби түрде
меңгеруі тиіс. Әсіресесе осы кәсіби білік дағ- дыларын шыңдауы оның ұстаздық
тәжірибе жинақтауының ең басты алғы шарты болып табылады.[2]
Қазіргі таңда мұғалім болу,тәрбиеші болу оңай жұмыс емес.Басқа ешбір
мамандық адамға дәл мұғалімге қойылғандай талаптар қоймайды.Педагогтық
қызметтің жетістігін бағалау да өте қиын.

14.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Асылханова М.А. Болашақ мамандарға кәсіби психологиялық білім берудің маңызы.//.
Мектептегі психология –Психология в школе.- 2009.-№1.-14б.
2. Карандашев В.Н. Психология: Введение в профессию: учеб. пособие для студ. высш.
учеб. заведений -3-е изд., стер. – М.: Смысл; Издательский центр «Академия», 2005. – 382с.
3. Қайсаева Г.А. Жас педагогтардың кәсіптік бейімделу мәселе- лері.// Мектептегі
психология - Психология в школе.-2011.-№1(31)
4. Леонова Г. Рабочее время педагога-психолога.//Школьный психолог.-2009.-№21.-1011с.
5. Материалы семинара «Нормативно-правовое обеспечение работы школьного
психолога» интернет-ресурсы
6. Психолог: Введение в профессию: учеб. пособие для студ. высш. учеб. заведений./
В.А.Фокин, Т.М.Буякас, О.Н.Родина и др.; под ред. Е.А.Климова. – М.: Издательский центр
«Академия», 2007. – 208с.
English     Русский Rules