1.58M
Category: psychologypsychology

Философия тарихында жан мен рух, сана мен ақыл мәселесі

1.

Орталық Қазақстан Академиясы
Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы
Пән: «Философия»
Дәріс-презентация №3
Философия тарихында жан мен рух, сана
мен ақыл мәселесі
Жаңа типтік оқу жұмыс бағдарламасы бойынша
Құрастырған: философия ғылымдарының докторы, профессор
Мирзабекова Алма Шаимовна
Қарағанды – 2020 -2021 оқу жылы

2.

Философия тарихында жан мен рух, сана мен ақыл
мәселесі
1.Ежелгі
Шығыс
және
антикалық
философиясындағы
жан
мен
ақыл-ойдың
космологизмі
2.Ортағасыр дәстүріндегі рух және жан туралы
теологиялық түсінігі
3.Тума идеялар Декарт) және транс-цендентализм
(Кант)
4. Казақ философиясы: Шәкәрім жан, рух, ақыл
туралы

3.

Шығыс және Батыс мәдениетіндегі
адам санасының бағытталуы
Ежелгі
Шығыстың
Үнді
және
Қытай
мәдениетіндегі
адамның
санасы
өз-өзін
дамытуға, ішкі рухани
күшін
көбейтуге
бағытталған.
Батыстың әрекетшіл
адамының
санасы
сыртқы
дүниені
өзгертуге бағытталған.

4.

Ежелгі Шығыс философиясында жан мен
ақыл-ойдың космологизмі
Ежелгі үнді философиясында ғарыштық
дүниежүзілік жан – «Брахман»,
жеке дара
(индивидуалдық) жан - «Атман» деп аталады.
Упанишады бойынша, «Атманның арқасында көру,
есту, иістерді ажырату, сөздерді айту, тәтті мен тәтті
еместі ажырату мүмкін» [Упанишады. М., 1991]
Субъекттің біртұтастығында жеті құрамдас
бөліктері бар: дене, өмірлік қуат, сезімдер,
интеллект, таза зерде («жоғарғы Манас»), Атман
(«Мен») және Брахман. Таза зерде мәңгі, ал
бұзылатын деңгейлерге жанның өсімдік түрі
(дененің өмірлік қуаты), сезімталдық және
менталдық түрлері жатады. Олар уақытша өмір
сүретін және өлімнен кейін жойылатын адамды
құрайды. Ежелгі Үнді дәстүрінде Атман мен
Брахманның, психикалық пен ғарыштықтың тепетеңдігі туралы идеяның негізінде жанның өлместігі
және
оның
қайта
туылуы
туралы
ілім
қалыптасқан.

5.

Брахманизм – алғашқы діни-мифологиялық ілім
бойынша басты құдайлар
Брахма
Брахма
Вишну
Лакшми
Шива

6.

Үнді космогониясы
Брахманизм ілімінде Пуруша
– ғарыштық адам, «үндемейтін
жоғарғы куә», оның жаны,
рухы, санасы бар, ол Пракритидің («материяның») әрекеттерін байқайды.
Пурушаны құдайлар құрбандыққа шалып, оның денесінен
жер үстіндегі әлемді жасады

7.

Брахманизм философиясындағы жан туралы
түсініктер
«Ведалар» –
қасиетті
кітап
Брахман – 1) ғарыштық жан, абсолют; 2)
діни қызметкер, абыз; 3) жоғарғы
каста, одан абыздар мен ел басылар
шығады
Атман – жеке адамның жаны
Сансара – жанның мәңгілік өмір сүруі,
осы дүниеге қайта оралуы
(реинкарнация)
Карма – тағдыр немесе жазмыш заңы:
жанның бұл өмірде қандай бейнеде
туылуы оның өткен өмірдегі іс
әрекетіне байланысты
Мукти – жанның өткен өмірдегі кінәсін
өтеу, карманы азайту
Мокша – жанның кармадан құтылуы

8.

Буддизм
«Дхарма дөңгелегінің үш
бұрылысы» туралы буддизмнің
ілімі бойынша, үшінші бұрылыс
кезінде Будда «тек қана сана
туралы»
ілімді уағыздаған,
оған сәйкес «үш дүниенің бәрі
де тек қана сана»
Қазіргі
кезде
буддизмнің
қайраткерлері
(олардың
Сиддхартха Гаутама
қатарында - Далай-лама XIV)
(560-480 жж.
буддизмді «сана туралы ғылым»
б.д. д.)
«Будда» - «нұрланған,оянған » деп анықтайды
«Шакьямуни» - «шакья
тайпасының данасы»

9.

Будданың төрт ақиқаты
1.Өмір азапқа
толы
2. Азаптың
себебі бар
3. Азаптан
құтылу мүмкін
4. Азаптан
құтылудың
жолы бар

10.

Зардаптан құтылудың сегіз сатылы жолы
1
Дұрыс сезім
жаман сезімдерді жою
2
Дұрыс ой
жаман ойларды жою
3
Дұрыс тіл
жаман сөздерден, өтірік – өсектен тартыну
4
Дұрыс назар
заттар мен адам тәнінің өткінші екенін ұғыну,
жойылып-жоғалатын заттарға өкінбеу
5
Дұрыс өмірсалт
зиянды әдеттерден бас тарту, құмарлы ойындарға
берілмеу, күнделікті өмірдің дұрыс тәртібін сақтау
6
Еріктің
дұрыс күш
салуы
ақиқат жолынан таймау, өзін-өзі дұрыс жолға
бағыттау
7
Дұрыс
іс-әрекет
жаман қылықтардан бас тарту
8
Жанның
дұрыс
тыныштығы
Ешнәрсеге қобалжымай, күйзеліссіз өмір сүру, түнде
тыныш ұйықтау

11.

«Нирвана» қалыпы
«Нирвана» (санскриттен: «сөніп қалу»
«өшіп қалу» зардаптан құтылудың 8сатылы жолын өткеннен кейін өмірге құштарлықты басу. Адамның санасы сөніп
қалған шыраққа ұқсайды.

12.

Будда қалыпы
«Будда» - (санскриттен:
нұрланған, оянған):
- ой тазалығы
- -іс әрекет тазалығы
- -тірі нәрсені зәбірлемеу
- -зұлымдыққа зорлықпен
қарсы шықпау
- -дүние қумау
- -кемтар адамға қол ұшын
беру

13.

Буддизмнің рәміздері (символдары)

14.

Жайнизм
Б.д.д.VI-V ғ. пайда болды
Негізін қалаушы –
Вардхамана (б.д.д.VIVғ.).Ол «Махавира»
(«Ұлы каһарман»),
«Джина» («Жеңімпаз»)
деп те аталады.
Жайнизм екі бағытқа
бөлінді:
1.Шветамбар (ақ
кигендер)
2.Дигамбар (ауа
кигендер)

15.

Жайнизм философиясы
-жанды
да материяны
да ешкім
жасамаған, олар мәңгі
- екі мәңгілік бастама бар: джива (тірі)
және аджива (өлі )
- бірде-бір затты толығынан танып білу
мүмкін емес

16.

Шветамбар (ақ кигендер)

17.

Дигамбар (ауа кигендер)

18.

Жайнизм іліміндегі жанның үш
маржаны
- Дұрыс сенім
- Дұрыс білім
- Дұрыс мінез-құлық
Жанды кармадан босатудың
жолы:
Апариграха - байланбау
Сатья - өтірік айтпау
Астея - ұрламау
Ахимса - тірі нәрсеге зиян
жасамау

19.

Жайнизмнің символы
Қол: “тоқта, асықпа,
ойлан”. сансара
дөңгелегінің
ортасында «ахимса»
(«өлтірме») деген сөз
жазылған
Свастика джайнистер
қауымының төрт тірегі
Үш нүкте - “үш
маржан” :
Бір нүкте - «сиддх”
деңгейі, яғни кармадан
босатылған қалып

20.

Чарвака-локаята
Негізін
қалаушы

Брихаспати
«Чарвака»- материалисттік
мектеп. «Чарвака» терминнің мағынасы: 1)«чар» «жағымды»,
«вак»-сөз,
(«іш, же, көңіл көтер»
ұранымен байланыстырылады);
2) «чар» - төрт, «вак»бастама (дүниенің төрт
бастамасын
мойындауымен байланыстырылады)

21.

Чарвака-локаята философиясы
Онтологиясы:
барлық объектілер төрт
бастамадан тұрады : от,
ауа, су, жер. Адам
санасы материяның
жемісі.
Гносеологиясы:
танымның сенімді көзітікелей, сезімдік
қабылдау.

22.

Ежелгі Қытай философиясындағы (б.д.д.VII ғ.-III ғ.)
жан мен ақыл-ойдың космологизмі
Жан
мәселесін
қарастырған
мектептер:
- инь және ян
- даосизм
- Конфуций мектебі

23.

Инь және Ян
Инь
және Ян - бүкіл
әлемдік хаосты реттеуші
бастау болып табылады
У-син (бес элементтер) - Инь мен
Янның туындысы. Су – отты
өшіріп жояды. От - металлды
балқытып, оның күшін жояды.
Металл - ағашты жояды. Ағаш тамырларымен жерді бұзады. Жер
- суды сіңіріп жояды.

24.

Жанның Инь және Ян деңгейлері
Ян Шэнь
- бұл рух,
жанның
жарық,
қуаты
күшті деңгейі
Инь Шэнь
жанның
қараңғы, қуаты аз деңгейі
Адамның
мақсаты

жаттығулар арқылы дененің
«ци»
қуатын
көбейтіп,
жанның Ян Шэнь деңгейіне
жету

25.

Даосизм
Лао-Цзы
Негізгі еңбегі
«Дао дэ цзин»
«Дао» - «жол», алғашқы
негіз,
бәрін
жарататын Абсолют
«Дэ» - бос кеңістік,
әлемдік «ана жатыры»,
ол өсіреді, қоректендіреді, моральға айналып, тәрбиелейді

26.

Даосизм адамның жаны туралы
Адам жанының басты мақсаты Даомен бірігу және оған қайта оралу.
Адам бойында рухтар мен жындар
жиналған. Олар бірі-бірімен адамның жанын билеу үшін соғысуда.
Егер адам жақсы іс-қылықтармен
рухтарды қоректендірсе, оның жаны
күшейіп шығады, Даоға жақындайды. Егер адам жаман іс-қылықтармен жындарды қоректендіріп,
олардың санын көбейтсе, жан әлсіреп
кетеді де, Даодан алшақтап кетеді.

27.

Конфуцийдің моральдық іліміндегі
жан мәселесі
«Жоғары парасатты болу – жанның
еркін болуы . Біреуге ылғи ашуланып
жүретін, бір нәрседен тоқтаусыз
қорқып жүретін және нәпсіге толық
берілетін адамның жаны еркіндікке
жете алмайды»
Конфуций (Кун-фуцзы)
б.д.д. 551-479 ж.ж..
Негізгі еңбегі - «
Лунь-Юй»
«Бес нәрсе кемел ізгілікті құрайды:
байсалдылық, жанның жомарттығы,
адалдық, ынта, мейірімділік»

28.

Антикалық философиядағы жан мәселесі
Ғасырлар бойы антикалық ойшылдар
жанның қайда орналасқанын
іздеген:
адамның бас миынан, жүрегінен, немесе
тұлғаның
ар-ұжданмен теңдестірілетін
тереңдігінде
Ежелгі грек мифологиясында «жан»
ұғымы жебеуші әйел-құдай Психеяның
есімімен байланысты. Жанды өліктің
жанып жатқан отынан ұшып шығатын
және Аидтың өлгендер патшалығына
қарай бағытталған көбелек немесе ұшып
бара жатқан құс кейіпінде бейнелеген

29.

Жан, рух, сана мәселесін түсінуде
антикалық философияның
ерекшеліктері
• Космологизм
ғарыш проблемасының
басымдылығы. Рух, парасат, идеялар ғарыштың
рухани құрылымы ретінде танылады.
• «Рух» ұғымы екі сөзбен берілген: «пневма» (тыныс,
дем, леп) және “нус» – ақыл, зерде.
• Дүниежүзілік жан - ғарышты жандандыратын
бастама.
• Құдай - ғарыштық сана, парасат, зерде болса, адам
- ғарыштың бөлігі, микрокосмос. Адам жаны –
дүниежүзілік жанның бөлшегі

30.

Милет мектебі (б.д.д VII- VI ғғ.): Фалес,
Анаксимандр, Анаксимен
1. Дүниенің бастапқы
негізін іздеді
2. Бастапқы негіздің рухы
бар деп түсінді

31.

Фалес (625-547 б.д.д.) космологиясындағы
жан туралы түсінігі
«Дүниенің негізін құрайтын
алғашқы зат - су, оның рухы
бар, сондықтан ол бәрін өзінен
қалыптастырады. Дүниежүзілік
жан бар, ол эфир сияқты зат.
Дүние құдайларға толған»
Фалес
(625-547 б.д.д.)

32.

Анаксимандрдің космологиясы
және жан туралы түсінігі
Анаксимандр
(б.д.д. 610-546 жж.)
«Алғашқы
негіз
апейрон (грек тілінен:
шексіз,
бейнақтылы).
Оның рухы бар. Апейрон
дүниедегі
шектелген
әртүрлі заттарды өзінен
жаратады.
Адамның жаны ауаға
ұқсайды»

33.

Анаксименнің космологиясындағы жан
туралы түсінігі
Анаксимен
(585-525 б.ғ.д.)
«Ғарыштың алғашқы бастауы –
ауа, «тыныс алу» (pneyma), ол бәрін
қамтиды. Ауа сирей келе отты
тудырады, қысыла келе - желге,
бұлтқа, жерге, тасқа т.с.с. айналады.
Адамның жаны да – ауа. Ол біздің
денемізді қадағалайды»

34.

Гераклиттің космологиясы мен
жан туралы түсінігі
Ғарыш - лаулап жанып тұрған
от. Адамның жаны – от.
Су отты сөндіреді, сондықтан
ең жақсы жан - құрғақ жан, ол
өзін ылғалдан сақтануы керек.
Шарапты ылғал десе болады.
Гераклиттің сөзіне сүйенсек,
маскүнем
адамды
бала
басқарады

35.

Пифагордың космологиясында адам
жанының орны
Ғарыштың, дүниенің алғашқы
бастауы – сандар. Бастапқы сан – 1
Жетілген сан – 10
Адамның жаны денемен бірге
өлмейді, ол басқа орынға, басқа бір
жануардың түріндегі денеге өтуі
мүмкін.
Пифагордың
өзі
қайтыс
болғаннан кейін, оның ізбасарлары
оны құдайға айналды деп санаған

36.

Пифагорлік одақ
- Пифагорлік Одаққа
көп
жылдық
дайындық
пен
тексеруді сәтті өткен
азат адамдар ғана
қабылданған
- Пифагорліктердің
мүлкі ортақ болған
- Достықты пифагорліктер
бәрінен
жоғары санаған
Ақыл-ес қабілеттерін дамытуға арналған
мнемоникалық жаттығулармен айналысқан

37.

Демокрит жан туралы
Демокрит жанды зат
қозғалысының
себебі
ретінде
түсінген.
Жан
материалды. Ол өте ұсақ,
жылтыр,
қозғалмалы,
отты атомдардан тұрады.
Олар
бүкіл
денеге
жайылған
Демокрит
460 -. 370 до н. э.

38.

Анаксагордың космологиясы
• Ғаламның дамуына бастама
беретін қозғалыс - сана
жұмысы. «Бәрі біртұтас болды:
сонда Сана келді және бәрінің
тәртібін
орнатты».
Сана
шексіз, оқшауланған және
элементтердің жалпы бірігуіне
ешқандай қатынасы жоқ; егер
ондай жағдай бола қалса, онда
ол
эволюция
үдерісіне
араласып
кетіп,
ештеңені
Анаксагор
(б.з.д. 500—428 жж.) бақылай алмай қалады».

39.

Платонның жан туралы ілімі
(“Федр” және “Тимей”
диалогтарда )
(б.д.д 427-347жж.):
Жаратушы
мәңгі дүниежүзілік
жанды және аспандағы денелерді құдайларды өзі жаратқан. Ал
құдайлар адамдарды және олардың
жандарын жасаған. Жаратылған
жан құдайлардың жетекшілігінде
ақиқат әлеміне, идеялар дүниесіне
саяхаттап барады. Сонда алған
білімге қарай жан өзіне лайықты
денені және өмір салтын өзі
таңдайды.

40.

Платонның үнгір туралы аллегориясы
Платон адамдардың көбі үңгірдегі
адамдарға ұқсайтынын айтады. Олар
үңгірдің артқы қабырғасына қарап,
сырттағы заттардан түскен көлеңкені
көреді. Заттардың қандай екенін көру
үшін адам күн сәулесі түсіп тұрған жерге
шығуға тиіс. Бірақ адамдардың көбі
үңгірде отыра беруге үйреніп алған. Олар
сыртқа шығуға қорқады. Оларға нақты
дүниенің сыртқы белгілері жеткілікті.
Олар заттарды шынайы күйінде көргісі
келмейді. Нақты дүниенің сыртқы
белгілерін
қабылдау
мен
олардың
шынайы мәнін саналы түрде үғыну үшін
өмірін сарп етуге дайын философтар ғана

41.

Аристотель жан мен тән туралы
“Жан туралы” еңбегінде
Аристотель жанның денеден
бөлінбестігі туралы ойды
ұсынды. Ол жанның үш түрін
ажыратады: өсімдіктің жаны
(өседі
және
көбееді),
жануардың жаны (сезеді және
жылжиды), адамның есті
жаны (ойлайды). Жанның
үш түрі адамға тән. Жанның
бірінші және екінші түрі
денемен бірге өледі, ал
үшінші жан өлмейді.
Аристотель
(б.д.д 384-322жж.)

42.

Аристотель адамның ақыл-ойы
туралы
- Адам орны тіршілік әлемінде ерекше.
Адам – есті жанның, ақыл-ойдың иесі.
Оның ақылы екіге бөлінеді:
-1) қабылдайтын ақыл-ой
- 2) шығармашыл ақыл-ой
-( «әрекетшіл ақыл-ой»).
-Оның қайнар көзі - Құдайда

43.

Ортағасырлық христиандық
дүниетанымдағы жан туралы теологиялық
түсініктер
1) Библияға сәйкес, дене және жан
адамның ең мәнді құрамды бөлімдері деп
түсіну
2) Адам жанының қасиетті сипатын
дәріптеу (жан арқылы адам өзін азаптан
құтқарып, рахатқа жетеді) және Құдайға
жақындауға шек қоятын денені елемеу
(дене – зұлымдықтың, бақытсыздықтың
көзі, адамды қарғаудың символы).

44.

Августиннің іліміндегі жан туралы
тұжырымдамасы
Августин
Аврелий
(354-430 жж.)
«Жанның
мөлшері туралы»
Августин адам денесі мен жанның дуализмі
туралы діни түсінікті қолдайды. Адам Құдайдың
кейіпі бойынша жаратылған және өзінің бойында екі
бастаманы біріктіреді: жан мен тәнді, ақыл мен
сезімді. Бір жағынан, жан Құдайдан ерекшеленеді,
екінші жағынан, Құдайға жаннан жақын нәрсе жоқ.
Жан мен дененің өзара қатынастарын Августин
иерархия ретінде түсінеді: жоғарғысы төменгісін
басқарады. Құдай әлемді қалай басқарса, солай жан
денені басқарады, ол денеге жетекшілік ету үшін
жаралған. Егер Платон денені жан үшін абақ, түрме
деп қарастырса, Августин жанның денеден қашудың
моральдық себептері жоқ, өйткені дене - рухтың
мекені, - деген. Жан - өмірлік күш-қуат. Адам
бойында жанның үш деңгейі бар; өсетін, сезетін және
есті деңгейі. Есті жанның бес қабілеті бар: ойлау,
ізгіліікке ұмтылу, Құдайға ұмтылу, ақиқатты танып
білуге, ақиқатты аңғаруға

45.

Фома Аквинский жан туралы
Фома Аквинский
(1225 - 1274)
«Теология жинағы»
Фома Аквинский Аристотельдің ілімін қолдайды:
адам – бұл жан мен дененің
бірлігі. Жан – дене тіршілігінің және белсенділігінің
бастауы.
Фома
Аквинский
жанның
вегетативтік,
сезімдік және ақылмен
ұғынылатын
бөлімдерін
ажыратады

46.

Фалсафа: Ибн Сина рух туралы
Ибн Сина
(980-1037)
«Рух - бұл қажетті болмыс. Ол
таза, ізгі, таза акикат және таза
акыл ой
Эманация
(өзінен
ағызу)
жолымен
ол
табиғатты
жаратқан.
Табиғат - ықтималды болмыс.
Рух мәңгі болғандықтан, табиғат
та мәңгі.
Жан денемен бірге өзара
әрекеттесіп
өмір
сүреді,
сондықтан оның денеден бөлек,
жеке өлместігі мүмкін емес»

47.

Жаңа Заман: Рене Декарттың дуализмі
Рене Декарт
(1596-1650)
Жаңа
Заманда
жан
денеден
ерекшеленетін мән ретінде танылды
Р.Декарт «философияның негізгі
сұрағын»
дуализм
тұрғысынан
шешеді: «Не бірінші: материя ма, әлде,
сана ма деген таласы мағынасыз. Адам
табиғаты дуалистік болғандықтан (өз
бойында екі - материалды және рухани
субстанцияны
біріктіретіндіктен),
материя да, сана да бірінші бола
алмайды - олар әрқашан болған және
тұтас болмыстың екі түрлі көрінісі».

48.

Рене Декарт «тума идеялар»
туралы
Декарт: «Тума идеялар адам
санасына
тәжірибеден
тәуелсіз
берілген. Бұл Құдай туралы және
өзгермейтін мәңгі мәндер туралы
идеялар мен анық геометриялық
ұғымдар»
Жаңа Заман философиясында
«рух - зерде және ойлау» деген
рационалдық түсіндірме дамып
шықты.

49.

Неміс классикалық философиясындағы
ақыл-ойдың транценденталдық негіздері
Иммануил Кант
(1724-1804) – неміс
классикалық
философиясының негізін
қалаушы,
субъективті идеалист
Иммануил Канттың философиясында «тума
идеялар» рөлін априорлық танымдық формалар
атқарады. Олар трансценденталды сипатта, яғни
эмпирикалық танымның алдында келе жатып,
оны ұйымдастырып тұрады.
Мысалы, сезімділіктің априорлық формалары
ретінде кеңістік пен уакыт туралы «тума
сезімдер» адам санасында берілген.

50.

Гегель объективтік-идеалистік
іліміндегі рух ұғымы
Георг Вильгельм
Фридрих Гегель
(1770-1831) - – неміс
классикалық
философиясының
шыңы
Рух, Гегель пікірінше, 3 түрлі:
1. субъективті рух;
2. объективті рух;
3.
абсолютті рух,
Субъективті рух - әрбір адамның санасы, жаны
(«өзіндік рух»);
Объективті рух - рухтың екінші сатысы, түтас
алғанда «қоғам рухы». Объективті рухтың көрініс
беретін салалары - құқық, мораль, азаматтық қоғам,
мемлекет
Абсолютті рух рухтың ең жоғарғы көрінісі,
мәңгі шын ақиқат, Абсолютты рухтың көрініс беретін
салалары: өнер, дін, философия
(«Рух феноменологиясы» (1807)

51.

Шәкәрім жан мен рух туралы
Шәкәрім
Құдайбердіұлы
(1858-1931)
Шәкәрім жанның мынадай ерекшеліктеріне басты назар
аударады:
1) жан тән сияқты адамға о бастан берілген, ол таза табиғат
туындысы емес, «жаратылыстың бір шыбынынан, не бір
тозаңынан адам жаратыла алынбайды»;
2) жан баста бар болса, тұрған денесі орын болуға
жарамаған соң, денеден шыққанда біржола жоғалып кетпейді;
3) жанның бар екендігіне жаннан шыққан ерік, талап, ой,
мақсат, сезім, білім арқылы көзіміз жетсе де, оның денелерге
қосылып кетуіне (индуизмдегідей) ешбір дәлел жоқ;
4) жанның жай психикадан айырмашылығын оның адамиморальдық негіздерінен іздеу керек, ұждан-жанның тілегі, осы
арқылы жанның мәңгілігі жүзеге асады.
Шәкәрім «Үш анық» еңбегінің аяғында мынадай
қорытындыға келеді: «Мен жан да бар, жын да бар, адамның өз
жанының қуаты да бар деймін. Дәлелім:
1) Шақырмаған жан келіп, кейде өзі пәленшенің жаны екеніне
нанарлық сөз айтатыны.
2) Кісіге
шақырмаған
бақсылық-дуаналық,
фақризм,
жындылық кез болатыны.
3) Ұйқыда кезу лунатизм, магнетизм мен біреудің еркін билеу,
түсі дәл келу - бұл үш түрлісі үш бөлек қуаттың иесі болуға
лайық»

52.

Шәкәрім ұждан, рух, ақыл туралы
Шәкәрім
«Үш анық»
Шәкәрім көбінесе деизмге және рационализмге бейім болды.
Деизм бағыты бойынша Шәкәрім дүниені жаратушы бір күш бар
дегенді мойындайды, сонымен бірге, адамның белсенділігін,
адамның болмысты танып білуі адам өзін - өзі жетілдіру арқылы
жүзеге асатынын құптайды
Шәкәрімнң пікірінше, жанның жоғарылап, тазаруы үшін адам
ұжданға сай арлы өмір сүруі керек. Жан, адам өлген соң, одан әрі
тазарып, жоғарылайды, өздігінен өмір сүреді. Ұждан, немесе ұят жан қасиеті. Ал бұл қасиет адамның рухымен байланысты. Бұл
байланыс неғұрлым тығыз болса – солғұрлым ұят жоғары. Жан
сипаты болып табылатын рух тәнмен осы адами қасиет арқылы
байланысады. Ендеше адамды адам ететін адами қасиет дегеніміз
ақыл-ес, ой-өріс, сана-сезімнің рухтанған, яғни рухпен нұрланған
қалпы.
«Адам ақиқатты бас көзімен көрмейді, ақыл көзімен көреді...
Бес сезім мүшелерін біріктіріп Шәкәрім «бас көзі» деп атайды.
«Ақыл көзі» - адамның ақыл-ойының жұмысы. Шәкәрім «ақыл»
деген сөзді оның кең мағынасында пайдаланады. Ақыл адамның
ақыл-есін, ой-өрісін, сана-сезімін анықтайды. Шәкәрім адамның
ақыл-парасатына айрықша зор мән береді: «Ақыл, парасатты
ақыл қандай да нәрсені, құбылысты дұрыс түсініп бағалауға, ақ–
қараны айыра білуге мүмкіндік береді. Сондықтан, «ақылмен
сыналмаған іс болдырмау» деп түйіндейді.

53.

Әдебиеттер
Упанишады: в 3 кн. Кн. 2 / пер., предисл. и коммент. А. Я.
Сыркина. М., 1991
Джонстон Дерек Философияның қысқаша тарихы: Сократтан
Дерридаға дейін. – Алматы, «Ұлттық аударма бюросы».қоғамдық
қоры, 2018 жыл.- 216 бет
Кенни Энтони Батыс философиясының жаңа тарихы: 1-том.
Антика философиясы. – Алматы, Ұлттық аударма бюросы"
Қоғамдық қоры, 2018. - 408 бет
Кенни Энтони Батыс философиясының жаңа тарихы: 2-том.
Орта ғасыр философиясы.. – Алматы, "Ұлттық аударма бюросы"
Қоғамдық қоры, 2018. - 400 бет
О.В. Шубаро Представления о душе в древнегреческой и
древнеиндийской философии: опыт сравнительного анализа//
Интернет-ресурс // https://www.google.com/
Мырзалы Серік Қажи-Ахметұлы. Философия . – Алматы,
“Бастау” баспасы, 2014.- 648 бет
English     Русский Rules