Сана, рух және тіл
Дәріс жоспары:
Сана
Сана
Рух
2.02M
Category: psychologypsychology

Сана, рух және тіл

1. Сана, рух және тіл

2. Дәріс жоспары:

1. Адамның біртұтас болмысы – дене, жан, рух, сана
2. Сана деген не?
3. Рух деген не?
4. Тіл деген не?

3.

Адам болмысы

4.

5.

6. Сана

Сана – объективті шындықты бейнелеудің адамға тән
жоғарғы формасы
Сана ойлау, ерік, түйсік, ниет, тіл, жады және т.б. тұтас қамтиды.
Сана мидағы ерекше феномен. Ми болмаса сана болмайды. Ми
бүлінсе сана шатасады
Санаға қатысты сұрақтарға жауап іздейік...
1. Объективті шындық дегеніміз не?
2. Объективті шындықты бейнелеу қалай жүзеге асады?
3. Сананың материалдық негізі бар ма?
4. Адам ғана саналы ма, әлде өзге биологиялық түрлер де
саналы бола ма?

7. Сана

Көзімнің қарасы
Көңілімнің санасы...
Абай
Философия тарихында сана
жөнінде сұрақтардың қойылуы
антика заманынан бастау
алғанымен, тек ХІХ ғасырдың
ортасында ғана ғылыми
тұжырымдамасы қалыптасты
М
ә
д
е
н
и
е
т
Сана
З. Фрейд «Мен және Ол», «Тотем
мен Табу» және т.б. Еңбектерінде
адамның іс-әрекетінің саналылық
деңгейден өзге, бейсаналық
деңгейде жүретінін мәлім қылды.
З. Фрейдтің ойынша, адам
психикасының 3 деңгейі бар:
- «Id» (Libido – құштарлық,
іңкәрлік) – адам психикасының
іргетасы, бейсаналық;
- «Ego»(«Мен») – адамның
өзіндік санасы;
- «Super ego» («өзіндік санадан
жоғары») – қоғамның тұлға
алдына қоятын талаптары
Зигмунд Фрейд
(1856-1939)

8. Рух

Рух адамдар үшін нақтылы зат емес, ол адам болмысында бар
болғанымен, денелік түрде сезілмейтін, бірақ бар нәрсе деп қабылданған
феномен
Рух – адамның жанының “жалыны”, жанның жоғары сатысы. Рух адамның
жанына ғана тән
Рух – бүкіл болмысты биікке, жақсылыққа, табысқа жетелеуші,
адам жанын жарқындыққа бөлеуші
Әр мәдениетте рухқа әр түрлі қаралады. Мәселен, қазақ
мәдениетінде рухты “аруақ” ұғымы арқылы қарауымызға
болады
Діндер көбі, кейбір идеалистер рухты денеден де, жаннан да
бөлек, мәңгілік деп есептейді.
Бірақ қазіргі биология ғылымы рухты жанның қазіргі ерекше
күйі деп санайды

9.

Неміс философы Г.В. Гегель “Рух феноменологиясы”
еңбегінде (1807 жылы баспадан шыққан) рухты үшке
бөліп түсіндіреді:
1. Субъективті рух (адамның жеке санасы)
2. Объективті рух (құқық, мораль, отбасы, азаматтық
және т.б.)
3. Абсолютті рух (өнер, дін және философия)

10.

Тіл – болмыстың үйі
М. Хайдеггер
Тіл
Тіл – қоғам мүшелерінің бір-бірімен мәнмағыналар алмасудың басты тетігі, сөйлеу, жазу
немесе ишара сияқты символдардың көмегімен
байланысу қабілеті
Тіл мен сананың, тіл мен рухтың байланысы қандай?
Тілдегі ұғымдардың маңыздылығы неде?
Тіл коммуникация құралы ғана ма?
Адамзаттың ортақ тілі болуы мүмкін бе?
Бір мәдениеттің тілін білмейінше оған толық араласу мүмкін емес.
Тілдің жоғалуы мәдениеттің жоғалуына әкелуі мүмкін

11.

Сана мен рухтың жалпыланған формалары
1. Ұлттық сана деген не? Тарихи сана деген не?
2. Ұлттық рух деген не?
3. Ұлттық тіл деген не?
4. “Төл сана” және “бөгде сана” деген не?

12.

«Басқа жұрт қазақты, әсіресе өзіміз – надан, білімсіз, өнерсіз, мәдениетсіз
дейміз. Өнерсіз надан қалғанымыз рас. Бірақ жете тексерсек, біздің де зор
білімді адамдарымыз болған. Жер жүзіне жайылған, ғылым іздеп, өмірін
сарп еткен бабаларымыз өткен. Әбу Насыр, Әбу Сина, Қорқыт, Ұлықбек
тағы-тағылар түрік қауымынан, бізден шыққан. Тіпті кешегі өткен Әнет
Бабаның өзі ғалым-философ адам екен. Соны да тани алмай, баға бере
алмай келдік қой. Абайға не қылмадық, не көрсетпедік – қарғадық, сөктік, жала
жаптық, ұрдық, соқтық, талас-тартыс, ру партиясын қуумен өттік қой. Нақыл
сөздердің иесі, алтын қазынаның қорларын жасаған – Асан, Бұқар, Марабай,
Марқасқа, Өтеген, Үмбетей сияқты дүлдүл, төкпе ақын, жыраулар, осыларды
жете ұғынып, түсіне алдық па? Жоқ!»
А. Шәкәрімұлы. «Менің әкем, халық
ұлы – Шәкерім» мақаласынан
(Жұлдыз журналы. – 1992. – №11)
Шәкәрім Құдайбердіұлы
(1858-1931)
Ахат Шәкәрімұлы
(1900-1984)

13.

Джавахарлал Неру
(1889-1969)
Индиялық ұлтжандылықтың жатжұрттық билікке қарсы бірігуі
– заңды әрі солай болуға тиісті құбылыс еді. Соған
қарамастан, біздің зиялыларымыз ХІХ ғасырдың аяғына
дейін саналы түрде немесе оны қаперіне алмастан
империяның ағылшындық идеологиясын қалай қабылдап
келді десеңші. Мектептер мен университеттерде
оқылатын тарих, экономика және басқа да пәндер
Британ империясының көзімен жазылды және оның
біздің өткеніміз бен бүгінгі күндеріміздегі көптеген
кемшіліктерімізге иек сүйей отырып, ағылшындардың
жасап берген жақсылықтары мен олардың «ұлттық
парызы» баса көрсетілді. Біз белгілі мөлшерде осынау
жалған пайымдауды қабылдадық, тіпті оған іштей қарсы
тұратын күннің өзінде ол бізге өз ықпалын жасады. Өйткені
менің елімнің тарихы ағылшындардың көзқарасымен
жасалған тарих еді
Дж. Неру. «Өмірбаян» кітабынан, 1955 ж.

14.

С. Торайғыровтың «Социализм» мақаласында білімғылымды екіге бөледі: “Адам баласының ауыр күн
көрістен құтылып бақытты болуына себеп болатын
Европадағы ғылымды мен екі жікке айырып ұғамын,
бірі – дене азығы, бірі – ар азығы”
Сұлтанмахмұт Торайғыров
(1893-1920)
“Дене азығы”:
Мысалы: пароход, от
арба, телеграмма,
телефон, ұшатын
аэроплан, көліксіз
электрик яки пар
қуатымен жұмыс
атқаратын машина,
тағы-тағы сондайлар
“Ар азығы”:
ӘДІЛЕТ
“Ар азығының ержетпегендігінен
Европадағы адам баласының күн
көрісін жеңілейтеді, бақытты қылады
деген өнерлердің бәрі, адам
баласының бірінің етін бірі жеуіне,
бірінің қанын бірі ұрттауына
жұмсалып жатыр”
КОЛОНИЗАЦИЯ !!!
ГУМАНИЗМ???

15.

“Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың
хас жауы”
әл-Фараби
Білім қауіпті ме?
Көрінер ғылымды елдің сырты таза,
Тексеріп терең ойға салмағанда.
Ақымақ пен айуанның иісі аңқиды,
Істерін əбден сынап талдағанда…
…Ар түзейтін бір ғылым табылмаса,
Зұлымдықты жалғанда əділ жеңбес
Шәкәрім
Пайдасыз, отарлық білім арқылы «мәңгүрт»
қылуға болатыны Шыңғыс Айтматовтың
“Ғасырдан да ұзақ күн” романында және
Мұхтар Мағауиннің “Жармақ” романы мен
“Подонок” шығармасында баяндалады
“Шын залымға берме ғылым,
Ол алар да оқ қылар,
Қаруым дер, кісі атып жер,
Ол ғылымды айла етер”
Шәкәрім

16.

«Ғасырдан да ұзақ күн» романынан үзінді сөздер
Шыңғыс Айтматов
(1928-2008)
«Тарихтың бәрі ерте-ертедегі ертек қой. Бұл арада
қазір әлемдік, космостық мәселелер шешіліп жатыр. Ал,
біз барып әлдебір зират туралы арыз айтқанымыз
жараспайды ғой. Кімге керек ол? Олар үшін ол дегенін –
тіфу! Қойсаңшы, шал, бос әуре ол. Мен барады деп иегің
қышымай-ақ қойсың. Маған оның түкке де керегі жоқ» деді Сәбитжан»
«Ақыл сұрап, көмек күтетін адам Сәбитжандай бола ма, құдай-ау? Сауатты, оқыған
бала, мұндайлар мен сияқты қарапайым жұмысшыны тез түсініп, тіл табысады деп
үміттеніп қалды ғой. Оның түрлі курстарды тауысып, бәленбай институтта
оқығанынан не пайда? Мүмкін, оны дәл қазіргісіндей қайырымсыз болсын
деп оқытқан шығар. Сәбитжанның дәл қазіргідей Сәбитжан болып шығуы
үшін көп күш жұмсаған әзәзіл біреу отырған шығар бір жерде.
– МӘҢГҮРТСІҢ СЕН! НАҒЫЗ МӘҢГҮРТТІҢ ӨЗІСІҢ! – деп ашына күбірледі Едіге
Сәбитжанды әрі аяп, әрі құсықтан да жек көріп»

17.

Абай Құнанбайұлы
(1845-1904)
«Ләкин осы күнде орыс ғылымын баласына үйреткен
жандар соның қаруымен тағы қазақты аңдысам екен
дейді. Жоқ, олай ниет керек емес. Малды қалай адал еңбек
қылғанда табады екен, соны үйретейік, мұны көріп және
үйренушілер көбейсе, ұлықсыған орыстардың жұртқа бірдей
законы болмаса, законсыз қорлығына көнбес едік. Қазаққа
күзетші болайын деп, біз де ел болып, жұрт білгенді біліп,
халық қатарына қосылудың қамын жейік деп ниеттеніп үйрену
керек
«Дүнияда ерге теңдік, кемге кеңдік, азды көпке
теңгеретін, елсізді елдіге теңгеретін, жоқты барға
теңгеретін ғылым менен өнер»
Ахмет Байтұрсынұлы
(1872-1937)
English     Русский Rules