Similar presentations:
Сана және өзіндік сана айка майка футболка
1. Сана және өзіндік сана айка майка футболка))
izden.kz2. Сана түсінігі психология саласында негізінен адам болмысы тұрғысынан, яғни қоғамдық үдірістердің көрінісі, құбылыс және адамзаттық та
Сана түсінігі психология саласынданегізінен адам болмысы тұрғысынан, яғни қоғамдық үдірістердің
көрінісі, құбылыс және адамзаттық тарих пен мәдениетті
жалғастыруды қамтамас етуші әдіс ретінде қарастырылады. Сана
қоғамдық және жеке «өлшем» бірлігінен көрінеді. Шын мәнісінде,
сана арқылы қоғамдағы байланысты жеке адам өзінде бекітеді.
Сана — бейнеге сүйене қоғаммен қарым-қатынасқа түсе
алатын адам қабілеттілігі, адамның заттармен байланыс іс-әрекеті,
табиғи және мәдени қатынасы, қашықтағы, жақындағы адамдар
өзара қатынасы мен қызметі, яғни осы образдарды өзінің мінезқұлық бағытында әдіс-тәсілі ретінде пайдалану. Сана түсінігі
бұл психика түсінігі; психика тірі жанның қоршаған
ортаментікелей байланыс тәсілі (сондай-ақ жеке адам) деп
түсіндіріледі, демек олардың өмірлік үрдістерінде әсерлендірушісі
және көрінісі ретіндегі, психикалық қабілеттілік
жыйынтық, табиғи және ғарыштық ырғақтар байланыстарында
адамның қоғамдық және мәдени іс-әрекеттерінде өз-өзіне бағытбағдар жасай алуы мен басқара алатын қабілеттілікпен
қамтамасыз етуі.
izden.kz
3. Сана құрылымы
Сана мидың айналадағы объективтік шындықтыбейнелеуінен туады, яғни ми қызметінің жемісі.
Адамның психикалық өмірінде кездесетін негізгі психикалық
процестерге таным процестері — түйсік,
қабылдау, зейін, елес, ес, қиял, ойлау мен сөйлеу: эмоциялық,
процестер адамның көңіл-күйлері сезімі; ерік процестері —
адамның алдына қойған мақсатына ұмтылуы, талаптануы
және соған байланысты әрекет жасауы жатады. Осы
психикалық процестердің құрылымы деп сана құрылымын
айтады.
izden.kz
4. Сана мен іс-әрекеттің бірлігі
Сана мен іс-әрекеттің бірлігі - сананың генетикалық жәнефункционалдық байланыс бірлігі. Бұл ұстаным ғылыми
психологияның философиялық
және методологиялық іргетасын қалайды. Психология
ғылымының негізгі принциптерінің бірі — сана іс-әрекетті,
іс-әрекет саналы болуға тиісті дегенді ұстанады.
Санаастылы — психиканың түрлі саналанбайтын
жүйелерін (мысалы: санаалды мен санасыздық) немесе
олардың жиынтығын білдіретін жинақтаушы ұғым.
izden.kz
5. Санасыздық
Санасыз — санасыз акт, адамның жан дүниесінде санадан тысатқарынатын әрекет. Санасыз әрекетке адам мән бере қоймайды. Санасыздық,
субъект өзіне әсері бар екенін есеп бере алмайтын шынайы құбылыстың
ықпалымен болатын психикалық үрдістер, актілер мен күйлер жиынтығы
немесе психикалық бейнелеудің формасы. Санасыздың санадан
айырмашылығы: санасыздықты ырықты бақылау және ондай әрекеттерді
бағалау мүмкін емес. Санасыздықта өткен, қазіргі және болашақ жай бірігіп бір
психикалық актіде іске асады (мысалы, түс көруде). Санасыздық балада
ертеректе болатын (таным әрекетінде): ойлауында, интуициясында
аффектісінде, үрейленгенде, түстерінде, гипноздық жағдайда көрініс береді.
Санасыздық құбылыстарды психоанализ бағытымен түсіндіруге әрекеттеніп 3.
Фрейд "санасыздықты динамикалық ығыстыру" терминін ғылымға енгізді. Ол
санасыздықта әлеуметтік нормалардыңталабына байланысты іске аспаған
әуесқойлықпен құштарлықтар болады деп түсінген. Психолошяда
санасыздықты зерттеуге қазіргі кезде көп көңіл бөлінуде.
izden.kz
6.
• Сананың бүлінуі— орталық жүйке жүйкесінің зақымдалуынан
туындайтын психикалық ауру адамның миы әр түрлі жағдайларға байланысты
ауруға шалдығуы мүмкін. Ми зақымдалған кезде оның жоғары жүйке қызметі
өзгеріске ұшырайды. Адамның қабылдауы, ойлауы, көздеген әрекегі бұзылады.
Балаларда сананың бүлінуі әр түрлі кезеңде орталық жүйке жүйесінің
зақымдалуынан болады. Біреуінде зақымдану құрсақта жатқан кезде болса,
енді біреуінде туғаннан кейін 3 жасқа дейін болады. Процестің өзін тікелей
миға әсер еткен дәл осы кезеңде оның зақымдануын органикалық зақымдану,
ал балалардың өздерін олигофрендер деп атайды. Санасына зақым келген,
санасы бүлінген балалардың психикасын психологияның арнайы саласы —
дефектология ғылымы қарастырады. Балалардың орталық жүйке жүйесінің
бұзылуы әртүрлі себептерге (әйелдердің жүкті кезде жарақаттануы, анасының
немесе баласының жұқпалы аурулармен ауыруы, анасының теріс резусфакторы, зат алмасудың бұзылуы және т.б.) байланысты болады. Ал мидың
зақымдануынан жоғары жүйке жүйесінің қызметі қатты бүлінеді. Бұдан бүкіл
психикалық процестердің дамуы бұзылады. Кейде 3 жастан кейін де баланың
санасы бүлінуі мүмкін. Оған әр түрлі жарақаттар, мидың қабынуы, психикалық
аурулар және т.б. себеп болады. Бұдан балалардың бүкіл психикалық
процестері — ойлау, сөйлеу, есте сақтау, қабылдау және т.б. қабілеттерінің
дамуы бұзылады. Ақыл-ойы кем мектеп оқушыларындағы басты белгі және
психикалық ерекшелік — ойлау процестерінің жетілмеуі (атап айтқанда, ой
қорытындылаудың, талдап жинақтаудың нашарлығы) болып табылады. Мұның
бәрі сананың бүлінуінен болады
izden.kz
7.
• Санасыз әрекет — адамның жандүниесінде санадан тыс атқарылатын әрекет.
Санасыз әрекетке адам мән бере қоймайды,
қашан, қалай болғаны жөнінде есеп бере
алмайды. Санасыз әрекеттің қарапайым
мысалына адамның ой жүгіртпей істелетін
дағдылы әрекеттері, түс көру, кейбір мәселенің
шешімін кенеттен аян бергендей табуы, т.б.
жатады. Санасыз әрекет туралы ойлар Г.
Лейбниц, В. Вундт, З. Фревд. т.б. ғалымдардың
еңбектерінде кездеседі. Санасыз әуестік —
белгілі бір уақытта адамның өзі түсінбейтін, бірақ
оның психологиясы мен қылығына әсер ететін
адамның ішкі түрткілері, қажеттіліктері, қылық
себептері
izden.kz
8. Өзіндік сана
Өзіндік сана- адамның өзін және жеке қасиеттерін түсіну. Адамның өзі кім екендігіне
ой жүгіртіп, бойындағы күш- қуатын, ақыл- ойын, қабілеттілігін, әр бір іс- әрекеттерін
атқарудағы ниеті мен мақсат- міндетін, өзін қоршаған орта мен әлеуметтік жағдайға,
өзге адамдарға, өз басына деген көзқарасын білдіретін қасиеттерін анықтауы,
аңғаруы.
Өзіндік сана индивидке ғана емес, қоғамға, сыныпқа, әлеуметтік топқа, ұлқа тән.
Өзіндік сана- сезім рефлексиямен тығыз байланысты, мұнда ол теорилық ойлау
деңгейіне көтеріледі.
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Ұлттық өзіндік сана - белгілі бір ұлттық қауымға енетін адамдардың осы қауымның
идеалдарын, мәдени нормаларын, дәстүрлерін, тұрмыстық стереотиптерін меңгеруін,
сондай-ақ, олардың жалпы қоғамдағы осы әлеуметтік-этникалық топтың мүдделері
мен жағдайларын түсінуді сипаттайтын елестетулер деңгейі.[1]
Ұлттық өзіндік сана - белгілі ұлт өкілі ретінде индивидтің өзі туралы салыстырмалы түрде
тұрақты, ұғынылған және қайталанбайтын жүйе. Ұлттық өзіндік сана — ұлттық қоғамдық
шындықты өзінше қабылдап, оны салт-дәстүр, ұлт тілі, ұлттық өнер арқылы білдіруі. Сана
объективті дүниені және өзінің жеке болмысын ой елегінен өткізуге белсене қатысатын
адамның психикалық процестерінің бірлігін көрсетеді. Ол адамның еңбек, қоғамдықөндірістік қызметі барысында пайда болады және сананың өзі сияқты тілмен тығыз
байланысты. Адам объектілерге түсініп ұғына қарайтындықтан, оның дүниеге қатынас
тәсілі ғана сана деп аталады.[2]
Этностық өзіндік сана - топ деңгейінде ұлттық сананың, діннің, нәсілдің ұғым ретіңде
пайдаланылуы әр ұлттық орта — ол қоғамдық сананың нысанына сәйкес келетін
ерекше әлеуметтік ықшам топ. Этностық өзіндік санада ұлттық мәні бар құндылықтар
болады. Этностық өзіндік сана индивидтер, ұлт пен ұлыстар деңгейінде байқалады.
Этностық ой-сана — этностық салт-сананың, әдетғұрыптың, дүниетаным көзқарастарының кемелденуін білдіретін ұғым.
9.
С.Л.Рубинштейн сана мәселесін зерттей келе ,өзіндік сана дамуының бірнеше кезеңдерін
бөледі.Бастапқысы өзінің денесін меңгеруі мен ырықты қозғалыстардың пайда бола бастауымен
байланысты, ал екіншісі – басқа адамдармен қатынасындағы өзіндік еркінің көрінуімен, қоршаған
ортадан өзін бөле алуымен байланысты.Осы кезден тұлғаның өзіндік санасы қалыптаса
бастайды,алғашқы рет өзінің «Мені» туралы көзқарасы туындайды.Сондай-ақ С.Л. Рубинштейннің
ескертуінше, тұлғаның «Мен» бейнесі оның басқа тұлғаларға деген қатынасының туындауына
себепші болып табылады.Осы қатынастар тұлғаның сыртқы жоспарына ене отырып, тұрақты қарымқатынас нормасының белгілі бір деңгейіне ие болады.Қарым-қатынас үрдісінде басқа адамды
қабылдауы өзі туралы елестетулерімен байланысты болады. Өзіндік сана өзіне сырт жақтан, яғни
басқа адамның көзімен қарай ашу іскерлігімен, өзінің әреккеттерін белсенді іс-әректтің ішкі логикасы
тұрғысында бақылай алу іскерлігімен анықталады.Өзіндік сана сана мен еріктің бірлігі ретінде
балада белгілі бір даму кезеңінде пайда болады. Өзіндік сана көптеген құрылымдық бірліктерден
тұратын өте күрделі психикалық құрылымболып табылады.Өзіндік сананың құрылымына кіретін
компоненттерді салыстырғанда зерттеушілердің пікірі бір ортадан шықпай жатады. В.С. Мерлин
өзіндік сананың құрылымын 4 компонентке бөледі:
-өзінің ұқсастығының санасы
-өзінің «Менінің» санасы
-өзінің психикалық қасиеттерін ұғынуы
-өзінің әлеуметті-құлықтылық бағалауының белгілі бір жүйесі.
И.И. Чеснокова өзіндік сана құрылымындағы өзара байланысты 3 компонентке бөледі:
-өзін-өзі тану
-өзіне деген эмоционалды-құндылықты қатынас
-тұлғаның мінез-құлқын өзіндік реттеу
Бұл аталған компоненттер И.С. Конның өзіндік сана құрылымындағы көрсеткен компоненттеріне
ұқсас келеді.Оның пікірінше, «Мен» бейнесі –бұл көзқарастар және ұғымдар формасындағы жай
ғана бейне болса, ал әлеуметтік нұсқаулар тұлғаның өзіне деген қатынасы болғандықтан,3
компоненттен тұрады:
1 танымдық (когнетивті)
2 эмоцианалды (өзінің қасиеттерін бағалау)
3 мінез құлықтық (өзіне деген практикалық қатынасы)
10.
Өзіндік сана - бұл адамға тән бастапқы немесе алғашқы мәлімет емес, олдамудың өнімі.
Адамның өмірлік тәжірибесі жинауына қарай оны өмір жайлы қайта
ойландырады. Осы қайта ойлану үрдісіадамның барлық өмірінде жүре
отырып,адамның өмірде шешетін тапсырмаларының ішкі мазмұны мен
іс-әрекет мотивін анықтайтын ішкі дүниесінің негізгі мазмұнын
қалыптастырады.
Адамның қоғамдағы, еңбектегі, жеке өміріндегі кез-келген өзгеріс тек оның
іс-әрекетін өзгертіп қана қоймай, сондай-ақ өзіне деген қатынасын, сол
жағдайдың субъектісі ретінде де өзгертеді.Өзін ұғыну дегеніміз ол тек өзін
психо-физикалық тіршілік иесі ретінде ғана ұғыну емес, ол ең алдымен
өзін әке ретінде, тәрбиеші,ұжымның мүшесі ретінде сезінуі болып
табылады.
izden.kz