Similar presentations:
Қоғам және оның әлеуметтік құрылымы (№ 2 дәріс)
1. № 2 дәріс
Қоғам,әлеуметтік
құрылым және
стратификация
2.
Әлеуметтік теңсіздікдегенді қалай түсінеміз?
Әлеуметтік теңсіздік қалай
пайда болады?
Жеке тұлғаның басты
қасиеттері қандай?
Барлық адамның
мүмкіндіктері бірдей ме?
3. Дәрістің жоспары
1. Қоғам, теңдік және теңсіздік.2. Стратификация
және оның
жүйелері. Әлеуметтік
мобильділік.
3. Жеке тұлғаның қоғамдағы
орны: әлеуметтену және
бірегейлік.
4.
ҚОҒАМ – табиғаттан бөлектенген, әлеуметтікжіктелу мен еңбек бөлінісі тән болатын
адамдардың іс-әрекеттерінің тарихи даму
формасы түрінде көрінетін материалдық
дүниенің бір бөлігі.
Қоғамның пайда болуы туралы негізгі теориялар:
Инструменталдық; (Құрал-жабдықтық) теория.
Қоғамның пайда болуын ерекше еңбек құралдарының
ойлап табылуымен, сөйтіп адамның жануарлар
дүниесінен бөлектенуімен байланыстарады.
Сексуалдық; қоғамды адамдардың жыныстық
қатынастар мен дүниеге келген ұрпаққа бақылау
жасауының нәтижесінде пайда болды деп санайды.
Себебі адам маусымнан тыс көбейетін жалғыз тіршілік
иесі;
5.
Гендерлік ; әйелдердің ұрпаққабақылау жасауына тепе теңдік ретінде
ерлердің күші пайдаланылды, сөйтіп,
еңбек бөлінісінің арқасында қоғам пайда
болды деп санайтын теория.
Кратиялық; бір адамдардың
өзгелеріне күш көрсетіп бағындыруынан
туындатады;
Семантикалық; адамдардың қоғамды
түрлі символдар арқылы өзара
байланысып, бірігуінен туындататын
теория;
6.
Меншіктік (мүліктік); теория –адамдардың жеке меншіктерінің пайда
болуынан мүліктік теңсіздіктің, онан
әлеуметтік теңсіздіктің туындауынан
қоғам пайда болды деп санайтын
теория.
Қоғамдық келісім; қоғамды
индивидтер арасындағы өзара келісімге
келуінен туындататын теория.
7. Қоғамның жіктелуі:
Дәстүрлі қоғам. Өндіріс тәсілі бойынша(ағайынды Герхард және Джерард
Ленскийлер):Аңшылар мен терімшілер
қоғамы; Бау-бақшалық және бақташылық
қоғам;Аграрлы қоғам.
Индустриалды қоғам (Анри Сен-Симон) –
жаппай тауар өндірісі мен капитал жинақтауға
негізделген өндірістік қоғам;
Постиндустриалды қоғам – ақпараттық
технологияға негізделген, ҒТП, үнемдеу,
экологияға көңіл бөлетін қоғам. Ондағы басты
капитал – адам.
1.
8.
Карл Поппер бойынша:Ашық қоғам;
Жабық қоғам;
Фердинанд Теннис бойынша:
Гемайншафт – аграрлы, дәстүрлі қоғам;
Гезельшафт – индустриалды, дамыған қоғам.
Карл Маркс бойынша:
Алғашқы қауымдық құрылыс;
Құл иеленушілік формация;
Феодалдық формация;
Капиталистік формация;
Коммунистік формация (алғашқыс сатысы
социализм)
9. Құрылымдық-функционалдық анализ. Негізін салушылар:
Толкотт Парсонс.Қоғам – бұл әрбір элементі белгілі
бір қызмет атқаратын
әлеуметтік құрылым.
Роберт Кинг Мертон.
“Дисфункция” ұғымын енгізіп,
қоғамның әр элементі бір мезгілде
бірнеше қызмет атқаратынын айтты.
10.
Құрылым – латынның “struerе” – құру,жинақтау деген сөзінен шыққан.
Әлеуметтік құрылым - бұл қоғамдағы
өзара әрекеттесуге түсетін, оның
тұтастығын қамтамасыз ететін тұрақты
сипаттағы жүйешіктердің, құрамдас
бөліктер мен элементтердің өзара
байланыстағы әрекеттесу тәсілі.
Қоғам:
Әлеуметтік топтардан;
Әлеуметтік қауымдастықтардан;
Әлеуметтік ұйымдардан;
Әлеуметтік институттардан тұрады.
11. Қоғамда адамдар қажеттілікке қол жеткізу үшін институттар құрады.Олардың бастылары мыналар:
Мемлекет және саясат институты.Өндіріс және экономика институты.
Дін және сенім институты.
Отбасы және неке институты.
Білім беру институты.
Денсаулық сақтау институты.
“Қоғамдық қарым-қатынас” –
саясат,экономика, дін, этика, өнер,
ғылым, білім, дәстүр т.б.
12.
Әлеуметтік теңсіздік – бұл түрлі индивидтер, әлеуметтіктоптар, жіктер, таптар әлеуметтік иерархияның түрліше
сатысында орналасып, өмір сүруге, қажеттіліктерін
қанағаттандыруға деген әр түрлі мүмкіндіктерге ие болатын
әлеуметтік жіктелудің формасы.
Әлеуметтік теңіздіктің формалары:
1. Биоәлеуметтік:
Жыныстық;
Ұлттық;
Жас ерекшелік;
2. Кәсіби-экономикалық;
3. Биліктік;
4. Таптық;
5. Шығу тегі бойынша (тектік, сословие, ру);
6. Престиждік (құрметке бөленуі), олигаполия.
13.
14.
3. Стратификация — қоғам мүшелерініңбелгілі бір әлеуметтік позициялары,
мәртебелері бойынша жіктелуі.
Қоғамдағы заңдастырылған теңсіздікті
стратификация деп атаймыз.
Көрсеткіштері: табысы, билігі, білімі,
құрметке бөленуі (престиж мамандық)
ТУЫСТЫҚ БАЙЛАНЫСТАРЫ.
Ең бастысы – қоғам тарапынан осы
артықшылықтарының арқасында
мойындалуы (легитимділігі).
15. П. Сорокин стратификацияның тарихи типтері деп мыналарды санайды:
Құлдық – адамдардың жеке, меншік ретіндегітәуелділігі; (патриархалдық – теңсіздіктің
критерийлері төмендеу болатын және
классикалық – теңсіздік заңды түрде бекітілген
түрлері бар)
Касталық қоғам (Каста – адамға тууы бойынша
мәртебе берілетін қоғам);
Сословиелік қоғам (Сословие – дәстүрлі немесе
құқықтық заңда бекітілген, мұраға берілетін
артықшылықтарға ие иерархиясы айқын теңсіздік
– дінбасылар, дворяндар, шаруалар,
қолөнершілер, саудагерлер.)
Бұлардың мобильділігі (мүшелерінің
мәртебелерінің ауысуы, өзгеруі) болмайды
немесе өте төмен.
16.
Таптық қоғам – ашық жүйедегікездесетін, мүшелерінің мобильділігі
мүмкін болатын қоғам.
Таптар деп – қоғамдағы меншіктерге
қатынасы мен олардан алатын
табысына, табыс алу тәсіліне қарай
еңбек бөлінісінде белгілі бір орын
алатын әлеуметтік құрылымның үлкен
қауымдастықтарын айтамыз.
17. Таптық жіктелудің түрлері:
1. Аристотель.Жоғарғы;
Орта;
Төменгі таптарды бөліп, қоғамның тірегі
орта тап деп санады. Себебі, ол екі
тапты бітістіруші тап болып саналады.
2. Марксистер – таптарды қанаушылар
және қаналушылар деп антагонистік
(бітіспес) екіге бөледі. Олар қоғамдықэкономикалық формациямен
анықталады.
18. Қазіргі батыстық (Л. Уорнер):
Жоғарғы-жоғары тапқа – табысы жоғары, атақтары менерекше шығу тегімен мақтана алатын жандар жатады.
Жоғарғы-төменгі тапқа - өздігінен байыған, бірақ атағы мен
ерекше шығу тегі жоқ тұлғалар енеді;
Жоғарғы-орта тапқа – ұсақ буржуазия өкілдері мен
табысы мол қызметтерде жұмыс жасайтын, соған
лайықты жоғары білімі бар жандар енеді; (ғалымдар,
ЖОО оқытушылары, білікті дәрігерлер)
Ортаңғы-орта тап - жақсы табысқа ие интеллигенция
өкілдерін, орташа жалақы алатын, орта арнаулы білімді
мамандарды қамтиды (мұғалімдер, дәрігерлер қауымы).
Төменгі-орта тап – ой еңбегімен айналысатын,
табыстары төменірек болатын тұлғаларды қамтиды
(ұсақ кеңсе қызметкерлері, хатшылар, референттер
және т.б.)
19.
Төменгі- жоғары тап орта және төменгібіліктілігі бар, табысы да аз дене
еңбегімен айналысатын жандарды
қамтиды;
Төменгі-төменгі тап – жұмыссыздар,
үйсіздер, қайыршылар, жезөкшелер
және т.б.қамтиды. Оларды “қоғамның
қаспағы”, андеркласс” деп те атайды.
Сонымен қатар осы еңбеккерлердің ең
төменгі сатысын, қоғамнан
шеттетілгендер – люмпендер деп те
атайды.
20.
Әлеуметтік мобильділік деп бізиндивидтердің бір әлеуметтік жіктен
екіншісіне өтуін, орын ауыстыруын
айтамыз.
Оның формалары:
1. Тік – индивидтің мәртебесінің өрлеуі
немесе төмендеуі;
2. Көлденең – жағдай өзгереді, мәртебе
ауыспайды;
21.
Адам - өзінің биологиялыққұрылымымен және ойлау қабілетінің
болуымен өзге тіршілік иелерінен
дараланатын тіршілік иесі.
Индивид – адамзаттың жекеленген
өкілі.
Даралық (индивидуальность) –
индивидке тән қасиеттер жиынтығы.
Тұлға – қоғамның мүшесі болып
табылатын және оның нормаларын
саналы түрде меңгерген индивид.
22. З. Фрейдтің психоаналитикалық тұжырымдамасы
Адам – тұтас қажеттіліктер жиынтығы.Қоғам – тұтастай тыйымдар жиынтығы.
Тұлға – қоғам нормаларын бұзбай, өз
қажеттіліктерін саналы түрде қанағаттандыра
беретін индивид.
Оған сананың үш деңгейі әсер етеді:
Ид (ол) – бейсаналық деңгей;
Эго (мен) – саналылық деңгейі;
Супер эго (жоғарғы мен) – жоғарғы сана деңгейі.
23. Тұлғаның мінез-құлықтық теориясы (Б. Скиннер, Дж. Хоманс)
Тұлға – бұл түрлі стимулдарғареакциялар жүйесі түрінде қалыптасқан
индивид.
Стимул – адамға қажетті құндылықтар
жүйесі.
Стимул неғұрлым жоғары болған сайын,
сәйкесінше мінез-құлық та өзгереді.
Ч. Кулидің “Айнадағы – Мен” тұжырымдамасы.
Тұлға өзгелерге, қоршаған қоғамға қарай
отырып өзін өзі қалыптастырушы индивид.
24.
2. Тұлғаның әлеуметтенуі деп оныңқоғам нормаларын меңгеру, яғни
қоғамға кірігу процесін айтамыз.
Ол тұлғаның дүниеге келген сәтінен
басталып, оның барша саналы ғұмыры
бойына жүреді.
Әлеуметтену негізінен білім алуды,
үйренуді, тәрбиеленуді қамтитын
тұлғаны жан-жақты қалыптастыру
процесі.
25.
Әлеуметтену процесін жүзеге асыратынтұлғалар мен институттарды
әлеуметтенудің агенттері деп атайды.
Оларды:
- бастапқы (отбасы немесе оны
ауыстырушы мекемелер)
- кейінгі (ересек кездегі өзге мекемелер
мен тұлғалар);
- Негізгі (тікелей) және қосымша(жанама);
- Тұлғалық және институционалдық
деп бөледі
26. 3. Тұлғаның құрылымы:
қажеттіліктер, мүдделер, нормалар,ұстанымдар, қасиеттерден тұрады.
Қажеттіліктер – бұл адамның өмір
сүруіне қажетті құндылықтары
(биологиялық, рухани, материалдық,
әлеуметтік).
Мүдделері – қажеттіліктердің тұлға
бойынан көрініс табуы.
Нормалары - қоғамдағы қатынастарды
реттеуге арналған ережелері
(моральдық,топтық, ұжымдық, арнаулы,
кәсіби, құқықтық нормалар)
27. 4. Тұлғаның типологиясы.
А) Құндылықты бағыт ұстануына қарай:Дәстүршілдер – талаптарға қатаң бағынуымен
және өз бетінше әрекет жасай алмауымен
ерекшеленеді.
Идеалистер – дәстүрлерді ұстанбай, тек өз
дегенімен әрекет етуші тұлғалар.
Реалистер – дәстүр мен идеалистік
ұстанымдарды керегінде ұштастыратын
тұлғалар.
Гедонистік материалистер – тек қажеттіліктерін
қанағаттандыруға бағытталған тұлғалар.
Фрустрацияланған типтер - өзін-өзі төмен
санаумен, үнемі пассивтілікпен ерекшеленетін
тұлғалар
28. Қоғамдағы таралуына қарай:
Идеалды тип – барлыққұндылықты қасиеттерді бойына
жинақтаған тұлға.
Базистік тип – қоғам талаптарына
барынша сай келетін тұлға.
Модальды тип – қоғамда жиі
кездесетін тұлға.
29.
Тұлғаның белгілі бір құқықтары менміндеттерін қамтитын қоғамдағы
орны оның ӘЛЕУМЕТТІК
МӘРТЕБЕСІ деп аталады.
Мәртебенің түрлері:
- басты;
- интегралды (жинақтық);
- Туа біткен;
- Қол жеткізген.
30.
Рольдердің түрлері:тұлға аралық (өзгелермен қатынастағы
ролі);
Тұлға ішілік (тұлғаның бойындағы
рольдер). Осыған сай рольдік
кикілжіңдер туындайды. Рольдер
объективті (қоғам тарапынан) және
субъективті (әр адамның түсінігіне сай)
түсінілуі мүмкін.
Роль рольдік күтілімдер мен рольдік
мінез-құлықтан тұрады.