Similar presentations:
Саяси ойлар және қазіргі кездегі саяси мектептердің тарихы
1.
Саяси ойлар және қазіргікездегі саяси мектептердің
тарихы.
2-дәріс
2.
Дәріс жоспары:1
Саяси ойлардың даму кезеңдері.
2
Ертедегі дүниеде саяси ойдың қалыптасуы.
3
Ортағасырлық саяси ойлардың дамуы.
4
Қайта өрлеу және “ Ағарту ” дәуіріндегі саяси ойдың ерекшелігі.
5
Жаңа және жаңаша дәуірдегі саяси ойлар.
3.
Мифологиялық саяси идеялардан саясиғылымға дейін
• Саяси ғылымның негізін қалаушы - гректің ұлы ойшылы,
философ Аристотель болатын. Бұл ойшыл өз заманына дейінгі
саяси ойларды зерттеп, аса маңызды ғылыми тұжырымдамалар
жасады. Аристотельдің бұл еңбектері саяси ғылымның дамуына
осы күнге дейін зор әсерін тигізіп келеді. Саяси ой-пікірлердің,
білімдердің даму тарихы Аристотельге дейін де ұзақ уақытты
қамтиды. Жалпы саяси білімдердің дамуы үш кезеңге бөлінеді:
мифологиялық, діни және ғылыми. Мифологиялық кезеңнің
өзінде-ақ ежелгі адамдар тайпаның, қауымның, қоғамның дамуы
адамдардың қасиеттерімен тікелей байланысты екенін түсінеді.
4.
Көне грек ойшылдары• Шын аты – Аристокл. Платон атақты фәлсафашы Сократтың шәкірті
Платонның 200 еңбектері бар Олардың ішінде саясаттану ғылымына
қатысы бар шығармалар “Мемлекет”, “Саясатшы”, “Заңдар”, “Софист”,
“Парменид”.
• Платонның ойынша, Адамдар қажеттіліктерін жеке-дара өтей алмайды.
Олар бірігудің арқасында ғана қажеттіліктерін өтейді. Осы бірігудің
арқасында қоғам, мемлекет пайда болады.
• Мемлекеттік құрлысты 5 түрге бөлді:
Аристократия, Тимократия, Олигархия, Демократия, Тирония.
Осылардың ішінде аристократияны қолдады және қоғамдық меншікті
қолдап, жеке меншікке қарсы тұрды
5.
Көне грек ойшылдары• Аристотель Платон академиясында білім алған.
Аристотель Афинада өз лицейін ашып, саяси
ғылымды пән ретінде енгізді және өзі сабақ берді.
Саясаттануға қатысты еңбектері “Саясат”,
“Афиналық полития”, “Этика”, “Риторика”
6.
Орта ғасыр ойшылдары• Орта ғасырдағы ойшылдардың ішінде Фома Аквинский ерекше
орын алады. Басты еңбегі – “Теологияның жиынтығы”. Фома
Аквинский: «заң - белгілі мақсатқа сәйкес тиісті тәртіпті
айқындаушы ереже», адам үшін бұл ереже «рахат» деп түсінді.
Фома билік құдайдан туындайды деп тұжырымдайды. Ал «Құдай
жауыздықтың емес, қайырымдылықтың көзі, сол себепті билікті
құрайтындардың бәрі мейірімділіктен туындайды, Құдайдан
шығады, ал жамандықтың бәрінің шығу тегі адамдардан» деп
түсіндіреді Аквинат.Фома монархияны жақтады, оның ойынша,
саяси монархия шіркеуге, папаға емес, заңға сүйенеді.
7.
Орта ғасыр ойшылдары• Келесі құдайшыл ойшыл орта ғасырлық Мартин Лютер (1483-1546).
Оның еңбектерінде әртүрлі таптардың наразылығы көрініс тапты,
олар: серілік құрушылар, қала тұрғындары, князьдар мен төменгі дін
иелері өкілдері арасындағы келіспеушіліктер Римдік-католик дініне
қарама-қарсы Лютер адам және оның зайырлы өмірі негізінен күнәлі
деп қаралмауы тиіс екендігін дәлелдеуге тырысты. Ол адам мен құдай
арасындағы шіркеу мен дін иелерінің жарастырушылық ролін теріске
шығарды. Лютер өзінің міндетін алғашқы христиандыққа қайта оралу
деп есептеді, бірақ бұл жолды тек дін саласында жүргізуді уағыздады.
Лютердің саяси іліміндегі негізгі тезис – екі әлемнің болуы.
Христианшыл Лютердің пікірі бойынша, адам бір мезгілде екі әлемде:
рухани (аспандағы) және нәрселік (жердегі) әлемде өмір сүреді.
8.
Қайта өрлеу• Саяси білімдер дамуының ерекше маңызды кезеңі – Қайта өрлеу дәуірі. Қайта өрлеу дәуіріндегі саяси - әлеуметтік
ғылымдардағы жарқын жұлдыздардың біріне италиялық Никколо Макиавелли жатады. Оның саясатқа байланысты
шығармалары: “Тақсыр”(«Государь»), “Соғыс өнері”, “Флоренцияның тарихы”. Макиавелли діни саясатқа қарсы
шықты. Шындықтың белгісі – сенім емес, тәжірибе деп білді. «Адамдар мен қоғамның өмірі, тағдыры құдайдан»
деп күтіп отырмай, саяси ойды, саясатты қоғамдағы мәселелерді шешуге бейімдеу керек. Адамдардың өмірін
жақсарту үшін «елді басқаруға қабілеті бар билік, мемлекет ұйымдастыру керек» – деп түсініп осы мақсатқа
жеткізетін әртүрлі әдіс-тәсілдерді көрсетті. Макиавелли саяси ғылымның мәнін, қызметін, мақсатын айқындауға
жол ашты. Макиавеллидің шығармаларында саяси ойдың басқа да көптеген мәселелері зерттелді. Мысалы, табиғат
жағдайының адамдардың мінез-құлқына әсері, мемлекетті басқару түрлерінің алмасу заңдылықтары туралы бағалы
пікір айтты. Макиавелли халық пен меншік иелерінің арасындағы мүдделердің қарама-қайшылығын көрсетті.
«Адамдар табиғатынан жауыздықпен жаралған, саясатпен айналысушы ең алдымен осыны ескеруі қажет» деп
есептеді. Италиялық ғалым бір орталықтан басқарылатын мемлекетті жақтады. Оған мемлекеттің тұтастығын
әлсіретіп күйрететіннің бәрі жат, жамандық болып көрінді. Алауыздықтың, бақталастықтың себебі болатын
дворяндар мен шіркеуге қарсы болды. Макиавелли мемлекетті негізгі екі түрге: монархия мен республикаға бөліп,
“Тит Ливидің бірінші онкүндігі жөнінде ойлар”атты еңбегінде республиканы монархиядан жоғары қояды. Ең
ұтымдысы - республика: билікте халық өкілдері, ақсүйектер мен сайланбалы мемлекет басшысы болуы керектігін
көрсетті. Макиавеллидің пікірі бойынша республикада еркіндік пен теңдікті жеңіл жүзеге асыруға болады.
Макиавеллидің көптеген ой-пікірлерінің ішіндегі саяси білімдер дамуына қосқан үлкен үлесі – саяси мәселелерді
діни, жалпы этикалық - философиялық көзқарастан ажыратып, бөлек сала ретінде түсіндіріп саяси ғылымды біздің
қазіргідей түсінуімізге жол ашуы.
9.
Фрэнсис Либер• 1857 жылы АҚШ-тың Колумбия колледжінде (кейін Колумбия университетіне айналды)
профессор Фрэнсис Либер “Тарих және саясаттану” кафедрасын ашты. Яғни, саясаттану
ғылымы тарихта алғашқы рет академиялық пән мәртебесін алды. Осы колледжде 1880
жылы саяси ғылымның жоғары мектебі құрылды. Саясаттанудың қоғам өміріндегі рөлінің
өсуіне байланысты 1880 жылы АҚШ-та “Саяси ғылымдар” атты журнал шықты. 1872 жылы
АҚШ-тағы сияқты Францияда да мемлекеттік аппаратқа арнайы қызметкерлер дайындайтын
саяси ғылымдар мектебі жұмыс істей бастады. 1889 жылы АҚШ-та «Саяси және әлеуметтік
ғылымдар» академиясы, 1903 жылы «Америкалық саяси ұйымдар ассоциациясы» құрылды.
Қазіргі кезде осы ассоциацияның құрамында бірнеше бөлімдері, мыңдаған мүшелері бар.
ХХ ғасырдың басында саясаттану жеке академиялық пән ретінде толық бөлініп шықты. Бұл
ғылымның халықаралық мәртебе алып, толық қалыптасуына ЮНЕСКО-ның басшылығымен
1949 жылы құрылған «Саяси ғылымдар халықаралық ассоциациясының» қосқан үлесі
жоғары.