423.11K
Category: educationeducation

Профессиограмма - белгілі бір мамандық иелеріне қойылатын талаптар мен міндеттемелер жинағы

1.

ЖОСПАР:
1. Кіріспе.
2. Негізгі бөлім.
3. Қорытынды.

2.

1. Кіріспе.
Профессиограмма – белгілі бір мамандық иелеріне қойылатын талаптар
мен міндеттемелер жинағы; сонымен қатар мамандық иесінің психологиялық
және моралдық қасиеттерінің тиісті үйлесімі; мамандық иесі білуі қажет
ақпараттар мен меңгеруі тиіс қабылеттер мен әдістемелер жиынтығын
білдіреді.
Денсаулық
сақтау
саласындағы
әлеуметтік
жұмысшының
профессиограммасы – тиісті қызметкер білуі міндетті әдіснамалар, қабылет
және білімдер тұрғысынан қойылатын талаптар мен міндеттер жиынтығы.
Денсаулық сақтау саласынадығы әлеуметтік қызметкерлерге қойылатын
міндеттемелер қызметкердің мінездемелік қасиеттері оның кәсіби
міндетіндегі маңыздылығын көрсетеді.
Денсаулық
сақтау
саласындағы
әлеуметтік
жұмысшының
профессиограммасын құрастыруда қызметкердің мінез-құлығын, діни,
өмірлік көзқарастарын, ортасын, моралдық принциптерін, өзін-өзі басқару
және өзгелердің жағдайына түсе білу қабылеттерін ескерсек болады.
2. Негізгі бөлім.
Әлеуметтік қызметкер үшін өзін-өзі бақылау және оның қандай адам
болуы өте маңызды.
Әлеуметтік қызметкердің басты міндеті - клиенттердің өзін-өзі
бақылауы мен өзін-өзі сезіну дәрежесін арттыруға көмектесіп, қамқорлық
жасауы қажет деп санаймын.
Әлеуметтік қызметкердің профессиограммасын анықтайтын әртүрлі
кәсіби функциялардың ішінде келесі функцияларды бөліп көрсетер едім:
коммуникативті, психологиялық, ұйымдастырушылық және педагогикалық.
Әлеуметтік қызметкер жұмысты сапалы жүзеге асыру үшін маман
бірқатар дағдыларға ие болуы керек. Олардың мынадай екі топқа бөлер
болсақ:
Көптеген
әдебиеттерден
түрлі
әлеуметтік
қызметкердің
профессиограммасының жіктелуімен таныса отырып, мен мына бірнеше
топтарды бөлер едім:

3.

• Танымдық дағдылар.
- Өзінің және басқа адамдардың мінез-құлқын бағалау қасиеті;
- Түрлі мәселелер мен тұжырымдамаларды талдау алу;
- Өз білімін іс жүзінде қолдану;
• Коммуникативтік дағдылар.
- Жұмыс ортасында жайлы атмосфераны құра алу және қолдау;
- Адамдарға жағымсыз әсер ететін себептерді анықтау және оны жеңу;
- Жұмыста жеке, ұлттық, әлеуметтік және мәдени-тарихи сипаттағы
айырмашылықтарды ескеру;
- Адамдармен қарым-қатынаста агрессия жеңу, ашуды азайту;
- Мұқтаж және қарт адамдарға жәрдемдесу;
• Ұйымдастырушылық дағдылар.
- Құпиялылық пен іскери тәжірибеге қатысты қызмет көрсету саясатын
ұстану;
- Есептер мен құжаттар дайындау;
- Жұмысты ұйымдастыру, жоспарлау және бақылау;
- Қолжетімді технологияларды пайдалана отырып ақпарат алу;
3. Қорытынды.
Менің ойымша әлеуметтік маман тек білімді ғана емес, бойында
шыдамдылық, түсіністік таныту, өзін өзгенің орнына қоя білу, шын жүректен
көмектесу, проблеманы шешу секілді қасиеттерді бойынан таба білуі тиіс,
сонымен қатар практикалық әлеуметтік жұмыс әдістерін, соның ішінде тиісті
қабылеттерді, құралдарды игеруі керек. Мысалы: отбасылар мен жекелеген
адамдарға, әртүрлі жастағы және этникалық және т. б. халық топтарына
әлеуметтік көмек және қызмет көрсету
Әлеуметтік қызметкер ерекше қажеттіліктері бар жеке тұлғалармен және
топтармен, арнайы мекемелер мен бас бостандығынан айыру орындарынан
оралған мүгедектермен және т. б. әлеуметтік жұмыстарды жүргізе алуы
қажет деп санаймын.
English     Русский Rules