Similar presentations:
Айша бибі-Арулар анасы
1.
“Айша бибі-Арулар анасы”Мазмұны:
1.Кіріспе
1.1. Жыр жампозы-Заметдин
Ибадуллаев
1.2. Алғысөз.Тарихтан жеткен
мағлұматтар
2. Негізгі бөлім
2.1. Айша ана жайлы аңыз
2.2. Айша ананың бейіті
2.3. Айша ананың қасиеті
2.
3. Біздің зерттеу жұмысымыз3.1. Айтыскер ақын-Заметдин
Ибадуллаевтың «Жылдар мен
жырлар» кітабындағы «Айша ана
туралы аңыз» жырымен танысу
3.2. Айша ана жайлы басқа да
жазылған жыр мен аңыз әңгімелерді
әдеби мұра ретінде кейінгі ұрпақтың
бойына сіңіру, Айша ананы дәріптеу
Кенжебекова Ләззат Жамалхановна
3.
Мақсаты:Айша бибі ананың тарихымен кеңірек
танысу.
Міндеттері:
• Айша бибінің туып өскен жері, мазары
жайлы білу
• Ана жайлы аңыз әңгімелер мен
жырларды кейінгі ұрпаққа жеткізу
• Айша ананың тарихын танып – білу
• Жас ұрпаққа имани, тәрбиелік берік
ұстам қалдыру
4.
Зерттеу нысаны - Айша ана жайлы жырларЗерттеудің өзектілігі – біз Айша ана жайлы көп біле
бермейміз. Аңыз әңгімелерге сүйене отырып, көпшілік
қауымға Айша ананың қадір-қасиетін таныта білуіміз
керек. Ана бойындағы асыл қасиеттерді болашақ қыз–
аналарымыздың бойына сіңіру
Зерттеудің болжамы – егер біз кітаптардан, газетжурналдардан, интернет көздерінен Айша ана
жайлы көбірек оқып білсек, онда Айша ананың
көптеген ашылмаған сырларын ашар едік.
Зерттеу әдістері
- ғылыми әдебиеттердегі анықтамалармен
танысу;
- Танымал ақын-жазушылардың жазбаларымен
танысу;
5.
1. КіріспеОның тарихы қайдан бастау алады?
6.
https://yandex.kz/video/preview/14562253432476137984Айша бибі кесенесі жайлы видеоролик
7.
Жыр жампозы- Заметдин ата• Заметдин Ибадуллаев республикаға белгілі
айтыскер ақын. Еліне қадірлі, үлкенге інілік
ізет, кішіге ағалық қадір көрсете білген
Заметдин ата Сыр өңірінің сыршыл
ақыны.Оның қаламынан туындаған жүрек
жырлары оқырмандарын әп-сәтте-ақ баурап
алады. Соның бірі, ақынның «Жылдар мен
жырлар» жинағына енген «Айша ана туралы
аңыз» жыры.
8.
Тарихтан жеткен мағлұматтар:• Айша бибі кесенесі — ХІ-XII
ғасырлардағы сәулет өнерінің көрнекті
ескерткіші. Жамбыл облысы Жамбыл ауданында Айша
бибі ауылында орналасқан.
Сырты керамикалық плиталармен қаланып, ойып
жасалған өрнектің сән-салтанаты мен сан түрлілігі
жағынан Қазақстандағы басқа мемориалдық-дәстүрлік
ескерткіштер ішінде оған тең келетіні жоқ. Ескерткішті
қалаған кірпіштердің әртүрлілігінің өзі таң қалдырады.
Оның алғашқы қалпы біздің уақытымызға дейін тек
батыс қабырғасында сақталған.
• Тараз қаласынан 18 км қашықтықта басқа да діни
ескерткіш орналасқан. (XI- XIIғғ.)
9.
10.
2. Негізгі бөлім2.1. Айша ана жайлы аңыз
Түркістанда білімімен аты шыққан, кемеңгер, терең
ойлы, көріпкел кісі Сүлеймен хакім өмір сүріпті. Әйелі
Әнбармен өзінің көрген түсін айтып, өзінің өмірден
қайтатынын, Әнбарға өзінің есігінде жүрген түрі
келмеген қызметшісі Зеңгіге қосылуын, кішкентай
бүлдіршін қызы Айша екеуін соған аманаттайтынын
айтады. Сүлеймен хакім дүние салған соң бір жылдан
кейін Алланың қалауымен Әнбар Зеңгіге қосылады.
Айша қызды Зеңгі өз қызындай көріп өсіреді, өзінің
Әнбардан Ғали Ғасқар деген бір ұлы болады. Айша
көркіне ақылы сай болып, шаһарда білім алады, сол
білім алып жүрген кезінде шаһар басшысы Мұхаммед
падишахты кездестіреді.
11.
Айша бибі- ғашықтардың анасыТолғанда 17 жас 11-ші ай,
Айша қыз бой жетіп ед, ақша маңдай.
Бұралған қолаң шашты, құлын мүсін,
Нұрлы жүз қараңғы үйге жаққан шамдай.
Келбеті келістінің біреуі еді,
Ажарын айту қиын атқан таңдай.
Секілді салған сурет әдемі жүз,
Талайлар сұқтанатын көзін алмай.
5 жаста-ақ білім десе құштар болды,
Сөйлесе жанға жайлы , тілі балдай.
15-те білімділер қатарында,
Ғылымның құпиясын аңғарғандай.
Күндіз-түні кітаптарды ақтарумен,
Білімді сіміруші еді мейірі қанбай.
Пәктік пен адалдықты аңсайтұғын,
Құран мен хадистерден көзін алмай.
12.
Алланың нұр сипатын таныған соң,Иманның сәулесінен қуды қалмай.
Бабаның Қожа Ахмет білімінен,
Сусындап құлшылығын жүрді жалғай.
Айшаға айналасы таңданушы ед,
Тақуа қыз болар деп, сірә, мұндай?
Алланы анық сүйген бір құл еді,
Сол үшін жаратылған халал жандай.
Пенде ғой, пенде бейбақ қайдан білсін,
Күндердің туатынын алда қандай.
Алдына кедергілер қойып Алла,
Құлдарын сынайтынын ондай-ондай.
Ол кезде Айша міскен қайдан білсін,
Бақыт құс кететінін қолға қонбай.
Бақиға аттанарын білді ме ол,
Бұл дүние қызығынан ләззат алмай.
Ол Шаш қаласының тұрғыны болғанмен білімді Түркістан
шахарында медреседе оқып алады. Бір күндері «Жолды босат,
Мұхаммед хан келед!» деп хан жаршылары айқайлайды.
13.
Отыздарға келіп қалған алқымдап,Ат әбзелін қойған зерлеп алтындап.
Ойнақтаған күрең тұлпар астында,
Билеп басып келе жатқан аршындап.
Бір жігітке көзі түсті Айшаның,
Жанарынан ұшқын шашқан жарқылдап.
Ол да бұған қарап еді таңдана,
Сөйлей келген сөзін тыйып сампылдап.
Барлыңы да қас пен көздің арасы,
Ойлағанның бұған жетпес санасы.
Әміршіні жүрісінен тоқтатқан,
Сұлулықтың құдіретіне қарашы.
Әмірші қолын созып еді қалып,
Айша да қолын ұсына берді назданып.
Екеуі үнсіз аз ғана уақыт тұрған соң,
Күрең тұлпар жөнеле берді қозғалып.
Содан бастап талай көңілсіз күндер өтіпті, талай-талай ұйқысыз
түндер өтіпті. Ғашықтық дерті Айша аруды жүдетті. Сары күз кетіп, суық
қыс өтіп, уағдаласқан күн жетіп, сағынумен сарғайып, сұрықсыз көктем
бұл да өтті, сүйгеніне баруға Айша қыз бел буыпты. Зәңгі өгей әкесі
ұлықсатын бере алмай, теріс батасын беріпті. Айша сұлу анасы Әнбар
болғанмен Бабажының тәрбиесінде ер жетті, Бабажы сүт анасы көш
бастап, Тараз әміршісі Мұхаммед ханға қызымды қолдан ұзатам деп,
найзалы 40 жігітті 40 тұлпармен, 40 хор сұлуын 40 нармен, 41-ші ақ
нарға Айшаны мінгізіп жолға шығыпты.
14.
Жалғанды жаратушы Алла бір деп,Бар қазақ Мұхаммедке болған үмбет.
Біздің ұлт өз еркімен қабылдаған,
Ешкім де зорламаған дінге кір деп.
Бабалар рухы арын тазартуға,
Таңдаған Алла жолын етіп сүннет.
Осылай ислам жолын ұстаған соң,
Қырық парыз бәрімізге болған міндет
Мұхаммед қарахандық қожа еді,
Бұйыртып пайтахтыны берген дәулет.
Бабасы өте діндар кісі болған,
Сондықтан атын қойған Мұхаммед деп.
Есімін Расулалланың тағылым еткен,
Білмекке кейінгіге тегі кім деп.
Мұхаммед, Айша бибі есімдері,
Атынан белгілеп тұр бізді біл деп.(215 бет, З.И. Жылдар мен
жырлар)
15.
-Екі күн тойладыңдар, жетер, енді,Ағайын, есіңді жи, атқа мін,-деп.
Жан-жаққа түнемелік тыңшы кетсін,
Жағдайын жауыңның да керек білмек.
Сендерге тағы да бір айтарым бар,
Өз басын күйттеді деп, жүрме күндеп.
Бір қызбен қосылам деп уағдам бар ед,
Көктемді белгілеп ем келемін деп.
Оныншы ай ат үстінде жүргеніме,
Қан кештім өздеріңмен дірдек-дірдек.
Уағдасын бұзған жігіт-өлген жігіт,
Мен үшін бұдан жақсы көрге кірмек.
Ылайық басымызға салтанатпен,
Ойым бар Орда болып соған жүрмек.
Орнынан отырғандар өре тұрды,
Баянды, Баһадүрім, «Өмір сүр» деп. (217 бет)
16.
Қоңыр күздің жабық ед бұлтты аспаны,Алланың күні ашылып шұғыла шашпады.
Аса өзені баяу ғана жфлжиды,
Кешегі күнгі басылған шалқып тасқаны.
Қырық қыз бен қырық жігіт көңілді,
Гүлдей жайнап, бәрінің қатар жастары.
Шатыр құрып, үй тігіп жатыр жабылып,
Топ-топ болып құралып түгел бастары.
Ортасында Айша ару жүр жарқылдап,
Секілденіп таулардың биік асқары.
Айша да гүлдей құлпырып еді бұл күні,
Көлденең көрген таңдандырып басқаны.
-Бір ауыз өлең құрастыр деп жастарға,
Еркелей жүріп ерекше қалжың тастады.
Өз сөзімнің өзгертпеңдар бір әрпін,
«Қоңыр күз, бұлтты аспан» болсын бас жағы.
«Дүние ұжмақ қой, шіркін» делінсін,
Бұл сөзімнің өзіме аян астары.
Деді-дағы Айша сұлу назданып,
Құпиялап ой төркінін ашпады.(222 бет,З.И. Жылдар мен жырлар)
17.
Қыз-жігіттер ақылдасып кеңесіп,Өлең жолын құрастыра бастады.
«Қоңыр күзде бұлтты аспан қараса,
Отырсаң бір сүйгеніңмен оңаша
Дүние ұжмақ қой, шіркін, сол бір шақ,
Қайталанбас бұл ғұмырдан тамаша».
Жастар айтты бұл өлеңді таласа,
Әзіл-қалжың бойларына жараса.
Айша сұлу жастар ойын тапқанға,
Сол бір шақта қуанып еді балаша.
Қуанғанмен Айша міскін балаша,
Тағдырына кім болмақшы араша.
Періште көңіл қайдан білсін арманның,
Орындаларын Алла ғана қаласа.
Отырды қыздар өзен бойын жағалап,
Ортасына Айшаны алған қамалап.
Ән бастауға барлығы бірдей келісіп,
Ұнатқан бірін әндерінің саралап.
Шар етті де, отыра қалды Айша қыз,
Абыр-сабыр сол аяғын сабалап.
Су жыланы аяғына оралған,
Қара шұбар түрі жаман ғаламат.
18.
Ащы даусы естілген соң Айшаның,Ұмтылған ед барлық қауым, жамағат.
Балтырынан шағып алды аяғын,
Арашалап ала алмады саламат.
Қазаннан әкеп күйе де жақты қаралап,
Бәкімен тіліп ағызды қанын жаралап.
Ісігінің қайтатұғын түрі жоқ,
Денесін алып бара жатыр аралап.
Сол кездерде сөз бастады Айша қыз,
Үнсіз ғана көзінің жасы домалап.
-Ренжіп бұған абыржымаңдар, достарым,
Өзім де осылай болар-ау дегем жобалап.
Сіздер шығарған өлең сөздің жобасы,
Арманым еді түсініңіздер шамалап.
Сапарыма келіспеген әкемнің,
Қарғыс сөзі ойыма келіп оралад.
Өгей әке теріс бата беріп ед,
Күлсе күлер, амалым жоқ, табалап.
Қайран анам кешірер мекен ақ сүтін,
Тек қана менің анама ғана обал-ақ.
Барлығына шүкірлік еттім, Раббым!
Сүйгеніммен тілдессем болды, қанағат.
Қосағымен қосылмай кетті дей-тұғын,
Ақырғы тілек-бермеші Алла жаманат!(224 бет, З.И.)
19.
Апырмай, менің ақырғы күнім батар ма,Апарыңдаршы сүйемелдеп отауға.
Ақ отауда Арыстанымды күтейін,
Екеу болып қосылармыз біз қатарға.
Қожаларға бибі болсам деп едім,
Бар деп еді енелнрім мен атам да.
Тектілерім-ай, бұйырмаған ба мен үшін,
Перзентім деп беретұғын батаң да?
Сүйгенім үшін қарғыс алдым әкемнен,
«Ата қарғысы-оқ» деген еді мақалда.
Теңін тапса таңдап жүріп, несі айып,
Тектіні сүйген мен бе екенмін жаһанда?
Махаббат мәнін түсінбегенге не шара?
Өлексе де, тірі де тамақ наһанға.
Арыстанымның мен үшін соққан жүрегін,
Әкемнің берер батасына сатам ба?
Сондықтан да махаббатыма құрбанмын,
Ардақтамасам азабын тартып жатам ба?
Түсінбеген перзентінің жүрегін,
Рахымсыз әкелер мұнша қатал ма?
Кейінгілерге менен қалар өсиет,
«Есебін тапсаң, әкеңнен теріс бата алма».
Кешірерсің, кешірмессің, әкешім,
Осылай да, әке жазықсыз қызын атар ма?
20.
-Сүйінші! –деген дауыс шықты төбеден,Айшаны ойлап жоқ еді ешкім елеген.
Айша ұмтылып орынынан үш тұрды,
Ісіп кеткен ебедейсіз денемен.
Азаматтар, алып шықшы далаға,
Қымыз көтер, қыздар ұмтыл сабаға.
Қуат берді, Алла, шүкір, жақсымын,
Жездеңді күт, маған, қыздар, қарама.
Осы кезде жетіп келді Мұхаммед,
Екі-ақ адым жер қалып ед арада.
Айшасының шошып кетті түрінен,
Пайда болып болмаған жай санада.
Қуанды ма, әлде қайран қалды ма?
Өкініш оты жүрегін әлде жарды ма?
Екі көзі шамадан тыс аларып,
Айша қызды көтеріп алды алдына.
21.
-Не болған, жаным, не болған, күнім, өзіңе?Қапаланбай, көзіңді салшы көзіме.
Сенен кейін он ай жүрдім қан кешіп,
Күш-қуат бердің шайқаста жүрген кезімде.
Жекпе-жектерде бейнеңді сенің көремін,
Сені көрсем, ойламаймын деп «өлемін»
Жүрегім соғып, сол кездерде қатайып,
Қиындықтарда талай мені демедің.
Кешір, жаным, қала алмадым жолымнан,
Айналамда көбейді жауым торыған.
Ел-халқымды көрінгенге құл етіп,
Тірі жүрсем, бергім келмейді қолымнан
Аң екеш аң да қорғайды жаттан мекенін,
Бұлайша тастап дедім бе сені кетемін?
Ұйқыдан безіп, күлкіден безіп жүрсем де,
Көрініп тұрды, сенің керек екенің.
Кешір, жаным, қала алмадым жолымнан,
Айналамда көбейді жауым торыған.
Ел, халқымды көрінгенге құл етіп,
Тірі жүрсем, бергім келмейді қолымнан. (226 бет, З.Иадуллаев
22.
Бесін де өтіп, келіп те қапты екінді,Қуаныштан ба, тыңайған Айша секілді.
Мұхаммедтің құлағына сыбырлап,
Молданы мұнда келтіруін өтінді.
-Алла берсе, арманымызға жетерміз,
Қосылып бір қуанайықшы екеуміз.
Осы қазір мына елдің алдында,
Асыл жарым, қиылсыншы некеміз.
Кімнің келмейді теңін таңдап сүйгісі?
Кімнің келмейді махаббатына күйгісі.
Осы жерде арманыма жетейін,
«Қожалардың болсам деген бибісі».
Сіздер үшін, халқым, әзір тойым бар,
Сіздерге айтар арман, тілек, ойым бар.
Өз әкем қойған атымды менің жаңалап,
Мұхаммед хан мен Айша бибі қойыңдар.
Мұхаммед елді шақырып түгел жидырды,
Нән кесеге неке сцын құйдырды.
Куәлар мен молдасын да алдырып,
Ел алдында некелерін қидырды. 227 бет. З.И. Жылдар мен жырлар.
23.
Аспанға қарап әуелі әлсіз сыбырлап,Содан кейін бар денесі жыбырлап.
-Қоңыр күз, бұлтты аспан,
Дүние ұжмақ қой, шіркін,-деді де,
Үзілді Айша еріндері қыбырлап.
Қоңыр күздің түнеріп кетті аспаны,
Сол уақытта нөсер құя бастады.
Айыру қиын адамдардың жүзінен,
Бетін жуған жаңбыр кәні, жас кәні.
Қараңғыланып атырап кетті түнеріп,
Үсті-үстіне құйды кеп нөсер үдеріп.
Қайғы ма, шер ме, ыза ма, мұң ба-белгісіз,
Жүректі қысты алқымға келіп тіреліп.
Заманының ерекше өскен гүлі еді,
Махаббатынан үміткер еді жүрегі.
Он екіден бір гүлі де ашылмай,
Орындалмай кетті солай тілегі.
Қайтемін десе Алланың еркі пендені,
Мұхаммедтің қайтпады мақсат, еңбегі.
Төбелердің биігіне апарып,
Айша қызды өз қолымен жерледі.
24.
Өлмеген соң жер басып жүрміз бүгінде,Осылайша болады анық түбінде.
Айша бибім кездесерміз екеуміз,
Алла жазса таңда Махшар күнінде.
Азаматтың уағдасын бұзса өлгені,
Қайтейін, Алла тілегімді бермеді.
Есіміңді ертеңгілерге қалдырдым,
Кешір мені, қолымнан осы келгені.
Ертең-ақ, жаным, бізді жылатқан күз өтер,
Күңіренумен айлар өтер, жыл өтер.
Мені күтіп орыныңда жата бер,
Дем біткен соң ғашығың да бір жетер.
Бір заманда осы жерден жол өтер,
Тұсымыздан не жандардың ізі өтер.
Біздің тағдыр күрсіндіріп талайды,
Талайлардың жүректері тыз етер.
Астамшылық еткен кейбір пенделер,
Тәубә етіп, өз-өздерін түзетер.
Кей жүректі келекелеп күлдірсе,
Кей жүректі жабырқатып жүдетер.
Ақырға дейін ұмытылмас атымыз,
Жылдан жылға жаңартуын үдетер,
Бұл деген, жаным, Алланың берген сыйлығы,
Басын иер ғашықтарға пір етер.
Сондықтан да өкінбейік еекуміз,
Тыңдармандар бізді талай жыр етер.
Бұл дүниеде жылатса Алла біздерді,
Ол дүниеде айналамызды гүл етер.
Өйткені, жаным, екілік жоқ Аллада,
Инншалла, сүйген құлының бірі етер.
25.
Есімдеріңді өшіргенімен тарихтан,Бір Алладан күдерімді үзбедім.
Бибі Айша ана түседі есіме,
Бұлтты аспанды Тараздың көрсем аспанын.
Бұл күндері ғашықтардың ол анасы,
Түнейді барып көңілінде барлар жарасы.
Қуантып бәрін риза етіп қайтарар,
Кереметіне ешкімнің жоқ таласы.
Айша бибі-Айша ару қалпында,
Сегіз ғасыр өткенменен уақыт арасы.
Мұхаммед баба отыздарға жетпеген,
Сол баяғы әдгі жігіт шамасы.
Қоңыр күзде бұлтты аспанды еске алар,
Нөсерлетіп Тараздың байтақ даласы.
Сусыз да, нусыз Аса өзені баяғы,
Мұңлы үн шертер құлазып тұрып жағасы.
Ғасырлар өтер, өшпейді өзен саласы,
Адамдар кетер, адамның келер жаңасы.
Осылайша жасай берер мәңгілік,
Айша бибі-ғашықтардың анасы. 233 бет. З.И. Жырлар мен жылдар.
26.
Айша бибі туралы аңызАйша бибі туралы аңыз сонау орта ғасырларда елі мен жерін жау найзасынан
қорғаған Қарахан есімді батыр өмір сүрген екен. Талай алыпты тағынан түсіріп,
қарсыласының алдында тайсалмаған Қарахан батыр қас жауының қызына ғашық
болады. Көп ұзамай қыз әкесінің бұл некеге қарсы болатынын білген соң сүйгенін
алып қашуға бел буады. Екі жастың қол ұстасып қашып кеткенін білген әкесі
сарбаздарына оларды өлтіруді бұйырады. Қуған нөкерлерден қашамыз деп
ғашықтар ұзақ жол жүреді. Арада біраз уақыт өткен соң тоқтаусыз шапқылай
беруден шаршаған ару Асу атты өзеннің жағасында аялдауды ұсынады. Хан
жарлығын бұлжытпай орындауды жөн көрген сарбаздар Қарахан мен Айша
бибіні көре салысымен қыздың сәукелесіне жылан салып қояды. Бақыттың
құшағында жүрген ғашықтар мұны байқамай қалады. Жылы суға рахаттанып
түсіп шығып, Айша бибі киіне бастайды. Ақырында сәукелесін кие берген кезде
жылан шағып алады. Осы сәтте ғашығының қолында мерт болып бара жатқанын
көрген Қарахан алай-дүлей күйге түсіп, мына өмірден баз кешеді. «Бұл жалғанда
бірге болу бұйырмаса да, о дүниеде жұбымыз жазылмасын» деп сүйгенін жақын
маңдағы молдаға алып барады. Жас жігіттің Мәжнүндей қайысқанын көрген
молда ғашықтарға батасын беріп, некесін қияды. Бейкүнә екі жастың отбасылық
бақыты небары бірнеше минутқа созылады.
27.
«Шын ғашықтар қосылмайды»Даналардың «Шын ғашықтар қосылмайды» деген сөзі бекер айтылмаса керек.
Ешбір жауының алдында иілмеген батыр тағдырдың алдында бас иіп, Айша бибі
қайтыс болған жерге мазар тұрғызады. Қарахан батыр сүйгенінің жанында болу
үшін Айша бибінің қасынан өзіне де мазар салдырады. Өмірінің соңына дейін ақ
киім киіп, Айша бибі мазарында түнейді. Жаратқанға жалбарынып, кешірім
сұрайды. Осы адалдығы үшін халық оны есінде сақтаған. Ал бұл жер «Әулие ата»
деп аталып кеткен. Айша бибі кесенесі ХІІ ғасырда Жамбыл облысы Жамбыл
ауданында Тараз қаласынан 18 шақырым жерде тұрғызылды. Қазір мемлекеттік
дәрежедегі архитектуралық ескерткіш. Кесенені өңдеу үшін Қазақстанның
ертеректегі андрон, сақ тайпаларының геометриялық, зооморфты мотиві бар оюөрнектері пайдаланылған. Төрт бұрышында батпан тіреуіші бар. Оның қалай
салынғандығы жайлы тарихта нақты деректер жоқ. Алайда, халқымызда Айша
бибінің сүйген жігітіне деген махаббатын баяндайтын аңыз бар. Ол аңыздың 28
нұсқасы сақталған. Жоғарыда сол аңыздың 1 нұсқасы келтірілген. Алғаш Айша
бибі кесенесін 1893 жылы орыс археологы Василий Бартольд зерттеген. 2002
жылы кесене мен оның айналасындағы саябақты ретке келтіру жұмыстарын
жүргізу үшін Нишан Рамето сайланған. Кесененің жалпы көлемі 7,6 х 7,6 метр.
Кіру есігі шығыс бөлігінде орналасқан. Ал керегесі 80 сантиметр қалыңдықтағы 3
қабаттан құралған. Бұдан өзге кірпішінде 60 түрлі ою-өрнек түрлі пайдаланылған.