Similar presentations:
Модельдеу мақсаттары
1.
Математикалық модель - бұл шындықтың математикалық көрінісі,модель ретінде жүйенің варианттарының бірі, оның зерттелуі басқа
жүйелер туралы ақпарат алуға мүмкіндік береді. Математикалық модель
нақты объектінің іс-әрекетін болжауға арналған және оның идеалдануының
дәрежесін білдіреді.
Математикалық модельдеу - іс-әрекеттің өзі және математикалық
модельдерді құру мен оқудың қабылданған техникасы мен тәсілдерінің
жиынтығы.
Модельдеудің негізгі мақсаты - процестің немесе жүйенің мінез-құлқын
болжау.
Модельдің маңызды сипаттамасы
объектімен ұқсастығының толықтығы.
-
модельдің
модельденетін
Модельдеу мақсаттары:
• Нақты объект және құрылымы жайлы зерттеу жүргізу;
• Нысанды және процесстерді айқын критерийлер бойынша бағалау;
• Тікелей және жанама салдарларды болжау
Есептердің қолдану саласы бойынша 3 классы бар: өндірістік
есептер, коммерциялық делдалдар есептері, коммерция (сауда)
есептері.
Өндіріс есептері тауарға деген сұранысты анықтау, болжау,
нарықты зерттеу, өндірілетін өнім көлемін анықтау жайлы.
Мұндағы коммерциялық делдалдар есебі жүк қозғалысы, тиеутүсіру, сақтау, тасымалдау, орау, қаптау, әрлеу операцияларымен
байланысты әрі құжаттармен байланысты есептерге бөлінеді.
Коммерция (сауда) есептері тұтынушымен тікелей байланысты
туындайтын операциялық есептер және т.б. құрайды.
Есептердің қолдану аясы бойынша 3 классы бар:
коммерциялық-ұйымдық, ғылыми-зерттеу, проект-аналитикалық.
Транспорт есебі - жұмыс пен ресурс бір бірлікпен өлшенетін
тарату есебі. Транспорт есебінің мысалы ретінде қойма ішіндегі және
өндіруші мен тұтынушы арасындағы тауар тасымалдауды айтуға
болады. Транспорт есебі бір пунктен келесі пунктке тасымалдау
операциясының экономикалық аспектісін қарастырады. Транспорт
есебінде шығындар тарифке, тасымалданатын өнім көлемі мен типіне
және көлік түріне байланысты анықталады.
2.
Транспорт есебіндегі параметрлер:а) n - жөнелту нүктелерінің саны, m - баратын жерлер саны.
ә) а - Ai жөнелту нүктесіндегі өнімдер қоры.
б) bj - Bj пунктіндегі өнімдерге сұраныс.
в) cij – А-пункттен Bj бағытына өндіріс бірлігін тасымалдау тарифі
(құны).
г) xij - Ai жөнелту нүктесінен Bj-ға тасымалданатын өнім мөлшері.
ғ) L(X) - барлық өнімді тасымалдауға арналған көлік шығындары.
Транспорт есебінің математикалық моделін құру кезеңдері:
1. Айнымалыларды анықтау.
2. Теңдестірілген есепті тексеру.
3. Теңдестірілген транспорт матрицасын құру.
4. L(X) есебі – барлық транспорттық шығындар.
5. Шектеулер есебі.
Транспорт есебінің моделі:
Шектеулердің бір тобы – пунктегі өнім көлемі пункттен шығатын өнім
көлеміне тең болуы қажет, ал екінші тобы – пунктен шыққан өнім көлемі
сұраныс көлеміне тең болуы қажет.
1) Су қорын бөлу туралы есебінің қойылымы және математикалық
моделі.
Су қорын құруда математикалық моделдің екі деңгейлі жүйесін құру
тиімді. Бірінші деңгейде макро-деңгейдегі су қорын тарату бойынша
есептер, екінші деңгей микро-деңгейде суды тарату бойынша есептер.
3.
Бірінші деңгейдегі есептер су қорын тарату бөлімінің стратегиялықпараметрлерін анықтаса, екінші деңгейде тактикалық параметрлерін
анықтайды.
Есептің матрицалық сызбасы:
Су есебінде айналмалылар вектор күйінде беріледі.
Су қорын бөлу есебінің математикалық жазбасы:
V-толу векторы
U-суды айдау векторы
U̅-суды айдаудың оптимальды шешімі.
W – су қорының векторы
t – уақыт
A ж/е B – жүйелі шарттар.
Жоғарыдағы математикалық есеп пен модельдер су қорын рационалды
тарату мен оптималды қор ұстауды қамтамасыз етеді.