463.74K
Category: philosophyphilosophy

Әл-Фарабидің «Ізгі қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат», «Бақытқа жету туралы кітап»

1.

СӨЖ-1
Әл-Фарабидің «Ізгі қала тұрғындарының көзқарастары туралы
трактат», «Бақытқа жету туралы кітап», «Бақытқа жол сілтеу» еңбектерінің
негізінде бақыт жайлы эссе дайындау.
Жоспар:
1. Әбу Насыр Әл-Фарабидің өмірбаяны.
2. Ойшылдың еңбектері.
3. «Ізгі қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат», «Бақытқа
жету туралы кітап», «Бақытқа жол сілтеу» еңбектеріне талдау, бақыт
жайлы эссе.(ӨЗ ОЙЫМ)
4. Қорытынды
Орындаған:

2.

1. ӨМІРБАЯНЫ.Әбу Насыр ибн Мұхаммад әл-Фараби (870-950) –
әлемге әйгілі ойшыл, философ, социолог, математик, физик, астроном,
ботаник, лингвист, логика, музыка зерттеушісі.
Әл-Фараби
қазіргі
Қазақстанның
оңтүстігінде
Фараб(Отырар)қаласында
түркі
тектес
әулетте
Оныңәкесіәскербасыболатын.
орналасқан
туылған.
Зерттеуші ғалымдар әл-Фарабидің балалық, жастық шақтары туралы
тұщымды
әңгіме
айтпайды.
Себебіұлығалымныңөмірініңбұлкезеңітуралымағлұматтаржоқтыңқасы.
Сондықтан
да
зерттеушілерұлыойшылдыңөмірбаяныноныңелуденасқаншағындаБағдатшаһа
рынақонысаударуынанғанабастайды. Оныңғылымжолындағықызуізденістері
мен
ұзақсапарларынақ
осы
кезденбасталсакерек.ӘлФарабижастайынантүрліғылымдардыоқыпүйренді.
Оныңақылойыныңұшқырлығы
мен
білімініңмолдығынатәнтіболғанталайжанеріксізтаңдайқаққан.
Олбірнешетілдердіәсіресе араб, парсы, түріктілдерінжетікмеңгерді.
Ұлы ойшыл біраз жылдар Бағдат шаһарында ғылыми ізденістермен
айналысып тұрақтап қалады. СоданкейінШамаймағынақонысаударады да
сексенжасқажетіп, өмірденөткеншесолөлкедеқалады.
Алғашқы сапарында әл-Фараби Бағдат шаһарында логика, математика
ғылымдарын терең зерттеп, араб тілін игереді. Олелденасқанзерекеді.
Дүниеніңөткіншіқызықтарынан,
ойын-сауықтаналысболатын.
Тұрмысынажетерлік
аз
дүниегеқанағатетіп,
уақытыныңбарлығынғылымжолынаарнайтын.
Олалдыңғытолқындағыданалардыңізінқуғанданышпан философ. Сондай-ақ,
ол медицина ғылымын да толықмеңгерген.
Ал
Шамаймағынакелгенкездеәл-Фарабиалғашында
Дамаск
қаласындағыбірбақтабағбанболыпжұмысістейді.
Мұндаолжемісағаштарынбаптайжүріпғылымменайналысуынәріқарайжалғаст
ырады.
Оләсіресе,
логика
ғылымынтереңзерттеді.
Осы
бұрынсоңдысаладажазылғанеңбектердіңбәрінпарақтапоқыпшықты.
Тұрмысыныңжұпынылығынақарамастанқолындағы
бар
қаражатынкітапсатыпалуғажұмсап,
күні-түніғылымменайналысты.
Олбаққарауылшысыретіндеберілетін
май
шамныңжарығыменталайтомдардыоқыптүгесті.
Өзініңеңбектерін
де

3.

жазыпшықты.
Ақырындаоныңесіміәлемгежайылды.
Еңбектерішартарапқатарағаннансоңесімідүниегеәйгіліболды. Уақытөтекеле
оны білімиелерімойындап, өззаманыныңбірегейғұламасына, біртуар дара
тұлғасынаайналды.
Әл-Фарабидің
аса
парасаттылығытуралыестігенХалебқаласыныңәкіміСәйфәд-Дәуләәл-Хамдани
оны басқа да мұсылманғалымдарменбіргесарайынашақырыпқұрметтеп,
қонаққылады. Ұлыданышпанныңданалықсөздерінденқойыптыңдағанәмірші
оны
өзінежақындатудыойлайды.
Оны
қазылыққатағайындайды.ӘлФарабикиетінкиімі
мен
тұрмысына
аса
көпназараудармайтын.
Оныңқарапайымтіршіліккешкенісондай,
кейдетіпті,
тек
қанақарасуменкүнелткенкездері де болған.
2. ШЫҒАРМАЛАРЫ.Әл-Фараби жетпіске тарта кітаптар мен түрлі
зерттеу жұмыстарын жазып кетті. Олардафилософия, астрономия, логика,
геометрия,
музыкасындығылым
мен
өнердің
сан
алуантүрініңмәселелеріталқыланады. Алайдаоныңеңбектерініңкөбіаумалытөкпелізамандардажоғалыпкетті
де
бізгеосынау
мол
мұраныңаздағанбөлігіғанажетті.
Әл-Фарабиеңбектеріһижраныңтөртінші,
бесіншіғасырларындамұсылманәлемініңшығысбөлігінетаралып,
одансоңАндалузияғажетті.
Андалузиялықтарәл-Фарабиеңбектеріноқыпүйреніп,
оларданкөршілесевропалықтароқып,
көпшілігінөзтілдерінеаударады.
Әл-Фараби ғылымдарды мынадай басты екі бөлімге бөлген:
Бірінші: теориялық ғылымдар. Бұлтопқажаратылыстануғылымдары
мен метафизиканыенгізген.
Екінші: практикалық ғылымдар. Бұл топқа этика, фиқһ, кәләм
ғылымдарын
жатқызған.Данышпан
бұл
пікірін
Ихса
әл-Улум
(«Ғылымдардың классификациясы») атты еңбегінде келтірген. Осы кітап әлФарабидің
түрлі
танымдар
мен
ғылымдардыэнциклопедиялықтәсілменалғашретжүйелегенғалымекендігіндәл
елдейді.
Аталмышеңбегіндеғұламаоқырмандыәрбірғылымсаласыныңқырсырыментаныстыруғатырысқан.
Европалық шығыстанушылар мен тарихшылардың пайымдауынша әлФараби сондай-ақ Шығыс философияның да негізін қалаушы.
Оларұлыкемеңгердіңкелеліпікірлерініңастарларынаүңіліп, көпзерттеген. ӘлФарабидіңойшылдығынатәнтіболысқан.
Ғұламаныңпікірлерініңқұндылығысонда

олфилософиялық
ой-

4.

толғаныстарынежелгі
грек
философтары
Аристотель,
Платондардыңпікірлерінегіздеріндеөрбітеотырып,
солпікірлердіисламинегіздергеорайластырған.
Сондай-ақ, әлФарабидіңАра’уәл-МәдинатәлФадила(«Ізгіқаланыңпікірлері»)аттыатақтыкітабы
бар.
Бұлеңбектеұлыфилософтың этика, қоғамтану, саясат, теология, психология
салаларындағықұндыпікірлеріжинақталған.
ӘлФарабиізгіқаладепидеалдыбилікжүйесінатайды. Олқаланыңтұрғындарының
осы дүниеде де, ақыретте де бақыттыболуларыныңжолдарыніздейді.
Әрбірхалықтың
осы
бақытқажетуіүшінкеректіжайттардыңғылыминегіздерінжасапшыққан.
Мысырдыңжиырмасыншығасырдағыойшылы Аббас Махмуд АққадәлФарабидіңаталмышкітабыжайында:
«ӘлФарабидіңбасқамұсылманфилосфтарынанерекшелігісололсаясатты
таза
философиялықтанымтұрғысынанқарастырып,
зерттейбілген.
Биліктіңеңидеалдытүрінелестетіп,
оныңжүзегеасуыүшінқажеттіэтикалықнормалар,
саясипринциптердібелгілеген.
Билеуші
мен
биленушініңмақсаттарыннақтытүрдеайқындаған.
Жамандық
пен
азғындықжайлағанқоғамдықаттысынаған.
АйналыпкелгендемұныңбәріәлФарабидіңкемеңгерлікдеңгейі мен пікірініңеркінекендігіндәлелдейді», – деп
ой
тербейді.
Әл-ФарабиБағдатшаһарындаәлМуқтадирбилләһаттыхалифаныңтұсында логика ғылымыноқып-үйреніп,
жетікмеңгереді.
Бұлсаладаалдынажансалмайтынмайталманғаайналады.
Логика тақырыбындажазылғанеңбектергетүсіндірмелержазып, оны оқыпүйренудіңжаңажолдарын, әдістемелеріненгізеді. Өзіненбұрынғы араб
философы
әлКиндижәнетағыбасқағалымдарескермегенкөмескімәселелердіжарыққашығар
ып,
айқындәлелдерменөзіндікжаңашаүрдісқалыптастырады.
Ғұламалогиканыңзерттеуобъектісінайқындап,
бұлғылымдыүйренудегімақсаттардыашыпкөрсетті.
Қолдануаясынкеңейтті.
Осындайжаңашылдыққабілеттерінебайланыстыоның
логика
тақырыбындажазылғанеңбектеріүлкенсұранысқаиеболды.
3. ӨЗ ОЙЫМ. Әл-Фарабидің адам бақытын теориялық кемелдікке
теңеген көзқарасы «Ізгі қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат»,
«Бақытқа жету туралы кітап», «Бақытқа жол сілтеу» еңбектерінде берілген.
Әл-Фараби шығармаларында бақытты білім арқылы кемелденуге теңейді.
Бақыт деген теориялық ізгілік деген көзқарасы «Ізгі қала тұрғындарының

5.

көзқарастары туралы трактат» еңбегінде көрініс табады, трактатта
көрсетілгендей адамның әрекетшіл ақыл-парасаты кемелдіктің ең жоғары
сатысына жетуге септігін тигізсе, әрекетшіл ақыл-парасаттың осы деңгейі
жәнне сол деңгейге адамның жетуі теориялық бақытқа кенелтеді, бұл
жағдайда адам жоғары бақытқа жетеді.
Жалпы, Әл-Фараби бақыт түсінігіне адамның өмірдің қызығы мен
қуанышына, рахатына қанағаттану дәрежесін танытатын этикалық ұғым
деген анықтама береді. Сонымен қатар, ойшыл бақыттың өлшемін адамның
алға қойған мақсаты деп біледі және адам сол үшін өмірге келді және
мақсатына жету арқылы өзіне тиісті бақытқа кенеледі.
Негізінен, бақыт – кең мағыналы ұғым. Оның басты түсініктерін былай
келтірсек:
1. Бақ-дәулет;
2. Қуаныш, рахат.
3. Жақсылыққа жету, даналық.
4. Өмірден өз орнын табу.
Басқаша айтсақ, бақытқа жету – қуанышқа кенелу, дәулетке жету, рахатқа
бөлену. Адамға қуаныш әкелетін оқиғалар – табысқа жету, іс-әрекеттің
марапатталуы, мақсаттың орындалуы, бала-шағаның қызығы. Қуаныш
сезімі адамға күш беріп, жігеріне жігер қосады. Алайда қуаныш пен
бақыттың арасында айырмашылық бар. Қуаныш жасанды бақыт секілді,
ол түрлі оқиғалардан туындайды және ол өткінші, тек белгілі бір
жағдайларға ғана тиісті болуы мүмкін. Ал бақыт – адамның бүкіл өмірінің
арқауы. Өмірде адамгершілікке жат, әділеттілікке қарсы қуаныштар да
болуы мүмкін.
Қазіргі заманда аталған критерийлерге өркениеттік құндылықтар да –
демократия, нарық, адам құқының сақталуы – кіреді.
Ең есте сақтайтын нәрсе, - дейді Әл-Фараби бақыт туралы
шығармаларында – адам тамаша туындыларды кездейсоқ, өз ырқынан
тыс та жасауы мүмкін. Алайда мұндай жағдайлар адамды бақытқа
жеткізбейді, адам бақытқа тек өз маңдай тері сіңгенде ғана, жетістік өз
таңдауы болғанда ғана жетеді. Егер тұлға әрдайым саналы түрде
мақсатына ұмтыла отырып, өмірлік міндетін есте сақтаса, жетістікке
маңдай тері сіңсе ғана, тіпті сол аталған мақсатына жете алмай қалса да
адам терең бақытты сезіне алады.

6.

Әл-Фарабидің бақыт пен денсаулық жайлы айтқан еңбектері әлі күнге
дейін өзекті. Адамның физикалық дамуы оның мінез-құлқының дамуына
тікелей қатынасты, сол секілді адамның денесін өсіретін іс-әрекеттер
оның мінезін қатайтады.
Әл-Фараби өзінің «Бақыт жолын сілтеу» деген еңбегінде: «Бақыт - әрбір
адам ұмтылатын мақсат, өйткені ол белгісіз бір жетілу болып табылады.
Мұны түсіндіріп жату (артық) сөзді керек етпейді, өйткені бұл мейлінше
белгілі (нәрсе)»,- дейді.
Жетілушіліктің кез-келгені - адам талпынатын мақсат, өйткені жетілу
дегеннің өзі бір игілік және оның өзі, адамның қалауы. Адам талпынатын
қалаулы игілік ретінде мақсаттардың саны көп болғандықтан, бақыт
солардың ішіндегі ең пайдалысы болып табылатындығы анық. Адам күрделі де қиын құбылыс. Оның күрделілігі мен қиындығының өзі сонда,
оның жұмбағы көп, қалауы мен мақсаты шексіз. Сол қалаулы игіліктердің
ішіндегі көп мақсаттардың бірі – ол бақыт. Бұл - игіліктердің ішіндегі ең
үлкен игілік. Әл-Фарабидің пікірінше, кейбір адам байлықты бақыт десе,
кейбіреулері басқа нәрсені бақыт деп түсінеді. Сондықтан игіліктер ішінде
бақыттың орнын жоғары бағалай отырып, соған жетуді қалайтын адамнан
оны игерудің әдісі мен амалын табуын талап етеуі керектігіне де мән
береді. Ол: «Адамның өмірінде мадақтауға немесе жазғыруға болатын,
яки болмаса болмайтын жағдайлар баршылық. Мұндай жағдайларда адам
бақытты бола алмайды. Мадақтауға немесе жазғыруға болатын
жағдайлардың жиынтығы қосылғанда ғана бақытқа жете алатындығы
ғалымның еңбектерінде шынайы қарастырылады.Қиыншылықтарға төзе
білетін, шыдамды адамдар ғана бақытты бола алады. Мұндай адамдардың
бойында осы қасиеттерді ажырата алатын, яғни «жақсы ақылпарасаттылық (адамның) ақиқатқа көзі жеткенінде немесе сол ақиқатқа
жеткізетін не нәрсе екенін ажыратуға қабілетті болуында»,- деп кезкелген жағдайда әрекетінің дұрыс болуы үшін не істеу керек? Оған
баратын қандай жол бар? Оны анықтап алудың қандай жолы бар?- деген
өзекті мәселені жас ұрпаққа түсіндіреді. Ол: «Адам бақытқа жету үшін
кез-келген нәрсені ойлап, соған жету барысында саналылықпен әрекет
жасаса ғана, бүкіл өмірінде нені қалай жасау қажеттігін, және қалай
ажырату керектігін біліп отыратын ақыл-парасатты болса ғана бақытқа
жетеді»,- дейді. Ол жас ұрпағымыздың бойында болуға тиісті саналылық,
ақыл-парасаттылық қасиеттер бақытқа жетудің бір жолы деп көрсетеді.
Әл-Фараби даналықты адам бойында туа бітетін қабілеттілік қасиет деп
қарайды.

7.

«Адам бақытын өз қолымен жасайды. Ақыл-парасатының күші арқылы
әуелгі бастамалары мен білімдерін дұрыс пайдаланып пайымдау арқылы
және оны қалай пайымдау керектігін терең ойланып, талпынып әрекет
жасағанда ғана адам бақытты болады. Игілікке қолы жетеді», - деп адам
өмірінің сәттілігін, дұрыс жолға түсуін, ақыл-парасаты арқылы, оны
дұрыс түсініп пайымдауының негізінде жететіндігін дәлелдейді.
Зұлымдыққа келетін болсақ, бұл өзі жоғарыда айтқандай, ақыл-парасат
күшімен бақытты пайымдағанда, оның мақсатын теріс түсінген күйінде
ғана пайымдайды. Адам бақыттың не екенін түсінбестен, ол соған асығыс
ұмтылады және бақытты өмірінің мақсаты етпестен, басқа бірдеңені:
пайданы немесе абыройды мақсат тұтады. Ол талпынушы күштің
жетегімен осыған жетуге тырысады. Осы мақсатқа қалай жетудің жолын
ойластырады. Талпынушы күштің көмегі арқылы соны жүзеге асырады.
Сөйтіп абсолюттік зұлымдық орын алатындығына тоқталады.
Адам баласына ортақ қасиеттердің болатынын айта отырып, сонымен
бірге әр адамның тек өзіне ғана тән қасиет-қабілеттерінің бар екендігін
сөз етеді. Кез келген адам бойындағы өзіне ғана тән қасиетінің
болатындығын көрсете отырып, «осы табиғи қасиеттердің бәрі ерік
күшіне негізделетінін оны тәрбиелеуді қажет ететінін және оларды елеусіз
қалдырып, арнаулы амалдармен дамытпаса, тиісті нәрселерге баулымаса,
соның салдарынан уақытын өткізіп алса, онда ол қасиетті жойып алуға
болатындығын дәлелдейді. Адам бойындағы жаратылысынан болатын игі
жақсы қасиеттерін белгілі бір амалдармен тәрбиелемесе, оны дамытпаса,
оған дұрыс бағыт-бағдар берілмесе жойылып кететіндігін; ол
тәрбиеленушінің бойындағы абзал қасиеттерін танып білу арқылы
тәрбиелегенде ғана дұрыс нәтиже беретінін ғалым түсінікті етіп
баяндаған. Адамдардың жаратылысынан неге лайықты екенін ажыратып
білу арқылы тәрбиелеу керектігін, оның белгілі-бір іс-әрекетке
бейімділігін, жетілген-жетілмегендігін ажырату арқылы өзі бейім тұратын
іс-әрекетке ыңғайлап, тәрбиелеу аса қажетті іс-әрекет екендігін анықтаған.
Өзін-өзі танып тәрбиеленген ұрпақ қана ізгілікке қадам баса алатын ұрпақ
бола алады деп ой қорытады.
4. ҚОРЫТЫНДЫ.
«Адам бақытын өз қолымен жасайды. Ақыл-парасатының күші
арқылы әуелгі бастамалары мен білімдерін дұрыс пайдаланып
пайымдау арқылы және оны қалай пайымдау керектігін терең ойланып,
талпынып әрекет жасағанда ғана адам бақытты болады. Игілікке қолы

8.

жетеді», - деп адам өмірінің сәттілігін, дұрыс жолға түсуін, ақылпарасаты арқылы, оны дұрыс түсініп пайымдауының негізінде
жететіндігін дәлелдейді.
Әл-Фарабидің түсінігінше «Бақытқа ұғым түрінде сенетіндер
және бастамаларды ұғым түріндегі бірдеңе деп қабыл алатындар–бұлар
даналар».
Әл Фараби «Азаматтық саясат» атты еңбегінде «надан қала»,
«адасқан қала», «адамгершіліксіз қала» деп жіктей отырып, бұларды
егінді жерге шыққан арам шөптер деп қарау керек және оларды
пайдалануға болмайды, оларға зиянды жандарға қолданылатын
амалдарды пайдалану керек дегенді айтады.
Әбу Наср Әл-Фараби адам міндетті түрде адал ниетті болу керек
деп есептейді. өйткені жақсы істер істеп, мұның төлеуін күтсе, адам
бұл істерін жамандыққа айналдырады. Жетік философ теориялық
ғылымдарды да білуге, бұл ғылымдарды басқа ғылымдарда да қолдана
білуге тиіс. Платон мен Аристотель нағыз философқа әкімнің
міндеттері жүктелуге тиіс деп санады, бірақ Платонның пікірінше
философ өзгермейтін ақиқаттарды меңзеп, мемлекетті басқаруды
жоғары мақсатқа жетуге бөгет жасайтын ауыртпалық деп есептейді, ал
Әбу Наср Әл-Фараби, керісінше, тіршілік істерден бойын аулақ
салмайды, қайта адамдардың ақиқатқа жету жолына түсуіне
көмектесуге тырысады. Бұл арада ол дін мен философияны
салыстырады. Оның пікірінше дін философияға ұқсас: екеуі де жоғары
принциптерге, бір заттардың бастамаларына түсінік береді. Бірақ
философия дәлелдеуді, дін сенуді керек етеді. Заң шығарушы өте
жақсы пайымдаудың арқасында адамның мүдделеріне сай келуге тиіс
заңдарды дұрыс жүзеге асыра алады.
Фараби дәстүрінің жалғасы Абайдың«толық адам»жөніндегі ойпікірінен айқын сезіледі. Абайда жиі сөз болатын «толық адам»,
«жарым адам», «адам болу», «инсаниаттың кәмаләттығы»,
«бенделіктің кәмаләттығы», «толық инсаниат», «адамшылық»,
«адамның адамдығы», «адам болу» т. б. атаулық мәні бар ұғымдар,
сөздер тобы, ол жайлы пікірлердің шығар көзі Фараби еңбектеріндегі
ой желісінен туындайды.
Ойшыл ақын өз шығармаларында Фараби дәстүрімен хауаси
хамса заһириге ерекше мән береді. Ақыл, сана дегеніміз бізді қоршаған
өмір шындығының сыртқы бес сезім арқылы, яғни, танымның жибили
қуаты мен адамның санасында сәулеленуінен пайда болатын рухани
құбылыс деп таниды. Абайдың ақыл мен сананың пайда болуы туралы

9.

дүниетанымының негізі Фарабидің «Ақыл дегеніміз тәжірибеден басқа
ешнәрсе де емес» (әл-Фараби. Философиялық трактаттар, 295-6.) деген
ой желісімен өзектес келеді. Фараби жан қуатын қозғалт тыратын қуат
және танып білетін қуат деп екіге бөліп, адам бойындағы танып білетін
қуатты ішкі және сыртқы жан қуаты ретінде қарастырады.
Қазақ философиясының негізі тұлғаны, оның өмірінің мәнін таба
білуі боп табылады. Қазақ мәдениетіндегі тұлға – рухы бойынша тұлға,
табиғаты бойынша жеке адам. Тек рухани әлем ғана адамды бақытты
ете алады. Рухани іс-әрекет біздің жердегі өмірімізді теріске шығару
емес, керісінше оны жоғары деңгейге жеткізіп, нағыз шынайы бақытты
өмірімізді қалпына келтіру боп табылады.
Түрік, қазақ, ислам философиялары бір-бірінен өзгеше болғанымен бір
ортақ белгі байқалады – болащаққа деген анық сенім, ойлау жүйесінің
анықтығы, келешекті болжаудағы барынша дәлдік.
English     Русский Rules