Similar presentations:
Өмір және өлім. Өмірдің мәні
1. Өмір және өлім. Өмірдің мәні
2. ЖОСПАР:
1.2.
3.
4.
5.
6.
Адам өмірінің мән-мағынасы
Адамның өлімі мен өлместігі
Бақыт пен махаббаттың
философиялық мәні
Фатализм
Қажеттіліктер пирамидасы
Уақыт – алтыннан да қымбат
3. Адам өмірінің мән-мағынасы
Адам өмірінің мәні оның әлеуметтікжағдайларымен айқындалады.
Адам — белсеңді әрекет иесі.
Адам әлеуметтік дамуды жеделдетіп немесе
тежеп, оған тура ықпал ете алады.
Тарихтың түрлі кезеңдерінде өзгеріп отыратын
адам өмірінің мәнін, құндылығын айқындаушы —
сол адамның өзі.
4.
Өмірдің ең биік мән-мағынасы –шығармашылық сатыға көтеріліп, өз
қабілеттеріңді іске асыру, соның
арқасында өз тұлғаңның ерекше
орнын анықтап, қанағаттану болмақ.
5.
6.
Ондай адамға тән нәрселер:өмірдің әрбір күнін теңдесі жоқ сый ретінде
қуанышты сезіммен қабылдау;
басқаларды өзіңді сияқты бағалап қабылдау;
басқаларға тәуелді болмау, әр мәселе бойынша
өз пікіріңді көрсете білу, өзгелердің пікірін де
қабылдап сыйлау;
7.
өз таңдаған ісіңді сүю, шығармашылықдеңгейінде игеру;
үне бойы өз қабілеттеріңді әрі қарай
дамытуға тырысу;
мақсат-мұратқа жететін құралдарды
таңдау, жақсылық пен жамандықты,
сұлулық пен айыра білу;
қай жерде болмасын өзіңді қарапайым
күндегідей ұстай білу; т.с.с.
8.
Адам өмірінің мән-мағнасы жөнінде арнайыеңбек жазып құнды пікірлер айтқан ХХ ғ. өмір
сүрген австрияның ұлы ойшылы Виктор
Франкл болды.
Бүгінгі адам жануарлар сияқты инстинкттің,
кешегі қоғамдағы сияқты әдет-ғұрыптың
талабына сай өмір сүре алмайды.
Сондықтан, ол басқалар сияқты болғысы келеді
(конформизм), я болмаса, басқалардың
айтқанын істейді (тоталитаризм). Ол оның
рухани дағдарыста екенін, өмірдің мәнмағнасын әлі таба алмағанын көрсетеді.
9.
Нәтижесінде, адам “экзистенциалдық вакуумға”(өмір сүрудегі мәнсіздікке) келіп тіреледі. Ондай
адам әлеуметтік аномияға (ауытқуға) ұшырауы
мүмкін (нашақорлық, ішімдікке салыну,
қылмыстыққа бару, өз-өзін өлтіру (суицид).
Батыс қоғамында кең тараған жалған көзқарас
ретінде В.Франкл өмір мәнін байлықтан іздеуді
келтіреді.
10. Адамның өлімі мен өлместігі
Антик дәуіріндегі стоиктер “Өлімдіесіңнен шығарма!”,- деген болатын. Оның
терең мәні - өз өміріңде әр іс-қимыл,
басқа адамдарға деген қатынастар,
айтайын деген сөзіңді өмірдің соңындағы
сияқты сезінуде.
11.
Ұлы Платон философия ғылымы біздіабыроймен өлуге үйретеді,- деген болатын.
Платонның ойынша, адам өз өмірін бүкіл
Табиғаттың, Ғарыштың өмірімен
байланыстырып, өзін телегей-теңіздегі бір
ғана тамшы ретінде сезінеді. Ол оны үлкен
тебіреніске әкеліп, өлім өмірдің соңында
келетін заңды табиғи үрдіс екеніне көзі
жетеді. Ондай адамды өлім үрейлендіре
алмайды.
12.
Эвтаназия - (грек тілінен εὖ - жақсы, θάνᾰτος өлім ) - әлдебір әрекетпен немесеқұралдармен, соның ішінде оның өмірін
жасанды ұстап тұрған аспаптың жұмысын
тоқтату жолымен, төзгісіз аурумен
ауыратын науқастың өлімін тоқтату тәжірибесі.
13.
Өлместік мәселесі – кез келген діннің өзегінқұрайды. Құдайдың бар, я болмаса, жоқ екенін
ешқашанда ешкім дәлелдей алмаса да,
миллиардтаған адамдар осы уақытқа дейін
Оған сенеді, өйткені, өлместікті аңсайды.
14. Бақыт пен махаббаттың философиялық мәні
Философия мен мәдениет тарихындабақыт туралы қолданбалы этикалық пән –
фелицитология саласы қалыптасты.
Фелицитология (латынша felicitas –
бақыт) – бұл О. Нейраттың
қалыптастырған бақытқа жету туралы
ілімі.
15.
Поляк зерттеушісі В. Татаркевич бақытұғымының төрт негізгі мағынасын бөліп
көрсетеді:
1) тағдырдың берген ырыздығы, «қолға қонған
құс», сәттілік, өмірде жолы болушылық;
2) қуаныш, ләззат, рахат;
3) жақсылыққа, ізгілікке жету, даналық;
4) өмірден өз орнын табу, толыққанды тұлғаға
айналу.
16.
Қазіргі заманғы бақыт туралы ілімдерденегізінен үш бағытты айқындауға болады:
бақыт психологиясы,
бақыт аксиологиясы,
бақыт социологиясы.
17.
Психологиялық тұрғыдағы бақыт –жағымды көңіл-күй, өмірден қанағат алу,
қуаныш пен шаттық және ләззат алу.
Аксиологиялық тұрғыда бұл –
құндылықтар, адам өміріндегі жақсылықтың
өлшемі. Адам болмысының мәнімен
байланысты барлық ізгі адамгершілікті
қасиеттерді игеру.
Бақыт социологиясы утилитаризммен
(пайда туралы ілім) тығыз байланысты.
18.
Бақыттың құрылымдық элементтері:1) береке, яғни ауру-сырқаусыз, бәле-жаласыз,
қайғы-қасіретсіз өмір сүру;
2) қажеттіліктерді қанағаттандыру;
3) қанағат;
4) қуаныш;
5) адамның тұтас өмірді адамгершілік және
мәнділік тұрғысынан бағалауы.
19.
Бақыт туралы еңбектер:Аристотель «Никомах этикасы»,
Сенека «Бақытты өмір туралы»,
Аврелий Августин «Бақытты өмір»,
Боэций «Философиялық жұбаныш»,
әл-Фараби «Бақыт жолын сілтеу», «Бақытқа жету
жайында»,
Жүсіп Баласағұн «Құтты білік»,
Гельвеций «Бақыт»,
Л. Фейербах «Эвдемонизм» және т.б.
20.
Гедонизм (грек тілінен аударғанда –рахаттану, ләззат алу дегенді білдіреді) –
өмірдің мақсаты мен ең жоғарғы игілігі
және басты жақсылық ләззат алу деп
түсіндіретін этикалық ілімі. Гедонизмнің
негізін қалаушы ежелгі грек философы
Аристипп (б.з.д. 435–355 жж.) деп
саналады.
21.
Бақытқа жету, Аристипптің пікірінше,ауырудан аман болып, барынша
ләззатқа қол жеткізумен сипатталады
және өмірдің мәні физикалық ләззат
алумен түсіндіріледі.
Эпикур бойынша, ауыру мен азаптан
ада болу ең жоғарғы ләззатты білдіреді
және жанның осындай толғаныссыз
рахат қалпын атараксия деп атайды.
22.
Эвдемонизм (грекшеден аударғандакөркею, игілік) – бақыт пен игілікке жетуді
барлық ұмтылыстардың ынтасы мен
мақсаты ретінде қарастыратын этикалық
бағыт.
Антикалық дәуірдегі эвдемонизм
теориясының ең жетілген түрін Аристотель
жасады.
Аристотель әлемнің мақсаттылығы туралы
идеяны алдыңғы орынға қояды: дүниеде
барлығы да белгілі бір мақсатқа немесе
игілікке ұмтылады.
23.
Танымал зерттеуші Г.Д. Бандзеладзеөзінің «Этика» деп аталатын еңбегінде
барлық этикалық жүйелердің алуан
түрлілігін бақыт этикасы (эвдемонизм)
және парыз этикасы (ригоризм) деп екіге
бөлуге болатынын айтады.
24.
Утилитаризм (латыншадан аударғанда –пайда, табыс) – барлық құбылыстарды
олардың пайдалылығы тұрғысынан
бағалайтын, адамгершіліктің негізіне
пайданы жатқызатын ілім.
Утилитаризмнің негізін қалаушы Иеремия
Бентам.
25.
әл-Фараби: «… Әрбір адам бақыт ұғымыныңпайымдалуы қол жеткізе алатын
жетілгендікке жету үшін басқа адамдардың
қауымын, олармен бірігуді қажет етеді…
оларға табиғатынан өзі тектестердің
арасынан пана іздеп, солармен бірге өмір
сүру тән. Сондықтан да ол адами немесе
азаматтық жануар деп аталады,» – дейді.
26.
Бақыт дегеніміз — өзі болмысыныңшарттары мен адамның кең ауқымды ішкі
қанағаттанушылығына сәйкес келетін,
өмірінің толыққандылығы мен
маңыздылығын, өзінің адамдық мұратына
жету күйін көрсететін моральдық сана
ұғымы.
27.
Махаббат еркіндік, ар-ұят, жауапкершілік,мейірімділік сияқты адам болмысы
категорияларымен байланысты.
Ұлы Абай махаббатты экзистенциялдық
тұрғыдан терең түсінді. Махаббаттың мәнін Абай
«жүрек» категориясы арқылы ашты. Абай бізді
жүректің тілімен сөйлеуге шақырады.
Шәкәрім болса, махаббатты ақиқаттың,
руханилықтың жарығымен байланыстырады.
Оның пікірінше, адам өз махаббатын жоғалтса,
онда ол өзінің адамдық мәнінің тереңдігінен де
айрылады.
28.
Фатализм (латынша satalіs – қашыпқұтылмайтын) – әрбір оқиғаны және
адамның әрбір әрекетін о баста
бекітілген деп білетін, қалау еркі мен
кездейсоқтықты жоққа шығаратын
дүниетанымдық тұжырымдама.
29.
Фатализмнің негізгі үш түрін бөліпкөрсетуге болады:
Мифологиялық фатализм –
иррационалды, қараңғы тағдыр;
Теологиялық фатализм – құдіретті
Құдайдың қалауы;
Рационалистік фатализм – себептер
мен салдардың тұйықталған каузалды
жүйесінің ішіндегі қапысыз шиеленісі
деп біледі.
30.
Қажеттілік дегеніміз - өмір мен дамудың белгіліжағдайында адамның міндетті түрде керек ететін
қажетсінулері.
Қажеттіліктердің түрлері:
Материалдық (бұл тамаққа, киімге, тұрғын үйге,
тұрмыстық заттарға т.б.заттарға қажеттіліктер),
Рухани (адамның білімге, өнерге т.б.
қажеттіліктері),
Қоғамдық (еңбекке, адамдармен қарымқатынасқа, қоғамдық іс-әрекетке деген
қажеттілік).
31.
Қажеттіліктер пирамидасы — адамныңқажеттіліктерін сипаттайтын иерархиялық
моделдің жалпы атауы, ол америкалық
психолог Абрахам Харольд
Маслоу мақаласында алғашқы рет
қажеттілік иерархиясын бейнелеген.
32.
Маслоудың 5 деңгейлік қажеттілік атап көрсетеді:Физиологиялық: аштық, шөл, жыныстық қатынасқа
талпыныс және т.б.
Қауіпсіздік: өмір сүруге қауіпсіздік, комфорт, өмір
сүру жағдайларының тұрақтылығы.
Әлеуметтік: әлеуметтік байланыс, тілдесу,
жақындық, басқаға және өзіне көңіл бөлу, бірге
жұмыс істеу.
Абыройлық: өзіне құрмет, сырт адамдардан
құрметке ие болу, басқалар мойындап абыройлы
болу, табысқа жету мен жоғары баға алу.
Рухани: тану, өзін орнын табу, өзіндік сипаттау,
өзін өзі тану.
33.
34.
35.
Жүйеде жеті деңгейлі (приоритеттер)қажеттілік бар:
Физиологиялық (ең төменгі)
Қауіпсіздік
Махаббат/бір нәрсеге тиеселілік
Құрмет
Білім алу
Эстетикалық
Өзінің маңызын түсіну
36. Уақыт – алтыннан да қымбат
Уақытты басқару – өнерУақыт – адам өмірінің ақшалай құны
37.
Уақыт үнемдеудің бірнеше тәсілдері бар:1. Өз жұмыс үстеліңізді ыбырсытпаңыз. Қалай
болса, солай жатқан заттар назарды дұрыс нәрселерге аударуға кедергі жасайды.
2. Жұмысты бітіретін мерзімді өз күшіңіз бен
мүмкіндігіңізге қарап белгілеңіз.
3. Тек өз басыңызға ғана арналған уақыт бөліңіз.
Оған сіздің құқығыңыз бар.
4. Адамдарға мейірімді, уақытқа келгенде сараң
болыңыз.
5. Бір жұмысты бітіріп, содан кейін ғана келесісіне
көшіңіз.
38.
Егерде есті кісілердің қатарында болғыңкелсе, күніне бір мәртебе, болмаса
жұмасына бір, ең болмаса айында бір,
өзіңнен өзің есеп ал! (Абай. Он бесінші
қара сөз)