12.99M
Categories: economicseconomics geographygeography

Адамзаттың тіршілігі мен шаруашылығына климаттың әсері

1.

3. Физикалық география
3.2. Атмосфера
Сабақтың тақырыбы:
Адамзаттың тіршілігі мен шаруашылығына климаттың
әсері
Оқу мақсаты:
9.3.2.1 адамзаттың тіршілігі мен шаруашылығына
климаттың әсерін бағалайды (жергілікті компонентті
қосымша қамту негізінде)
9.2.1.1 карталарда маңызды географиялық нысандарды,
үдерістер мен құбылыстарды бейнелеу, оларды көрсету
барысында ауызша сипаттайды
9.1.1.3 зерттеу нәтижелерін түрлі формада ұсынады;
*Оқулыққа сілтеме: 37-41 беттер.

2.

Терминдерге анықтама беріңіз (Әр оқушы жеке терминмен жұмыс жасайды).
Климат
Климаттық белдеулер
Атмосфералық циркуляция
Желдер
Атмосфералық қысым
Жауын-шашын
Терморегуляция
Акклиматизация
Биоклиматология
Агроклиматтық ресурстар
Вегетациялық мерзім
Ылғалдану коэффициенті

3.

Негізгі ұғымдар:
Метеорология (грек. meteora – атмосфералық құбылыстар және ...логия) –
атмосферадағы физикалық, химиялық үдерістерді және құбылыстарды зерттейтін
ғылым. Синоптикалық ауа райын болжай отырып, ауа райы құбылыстары мен өзгеруін
алдын ала ескертіп отырады.
Агроклиматтық ресурстар – адамзат тіршілігіне маңызды, ауыл
шаруашылығының мүмкіндіктерін арттыратын климаттық жағдайлар.
Биоклиматология – климаттың тіршілікке әсері туралы ілім. Климаттың адамның
денсаулығы мен тіршілігіне және жануарлар мен өсімдіктердің өніп- өсуіне әсерін
зерттейді.
Вегетациялық мерзім (лат. vegetatio – тірілу, өніп-өсу) – орташа тәуліктік
температура +10°С-тан асатын, өсімдіктің өсіп, дамуына және өнім беруге қолайлы жыл
мезгілінің мерзімі.
Ауа райының ауытқуы (Weather Fluctuations) – жыл мезгіліне қарамай
метеорологиялық құбылыстардың күрт өзгеруі. Жауын-шашынсыз температураның 40
градусқа дейін көтерілуі, аптап ыстық, көктем айларында күннің күрт жылынуы немесе
температураның күрт төмендеуі.

4.

5.

Тапсырма №1
1. 1-суреттегі картаны пайдаланып, мәдени өсімдіктердің осы аймақтарда шығу себебін анықтаңыз.
2. Картадағы жерортатеңіздік аймақтың агроклиматтық ресурстарының ерекшеліктерін зертте. Қазіргі
уақытта картоп және қызанақ дүниежүзінде қай аймақтарда өсіріледі?

6.

Тапсырма жауабы:
1. Климаттық факторлар, жауын-шашын, күн радиациясының мөлшері, ылғалдылық.
2. Жерортатеңіздік аймақтың агроклиматтық ресурстары ылғалсүйгіш және жылусүйгіш, әсіресе қызылша,
сәбіз сияқты тамыржемісті өсімдіктерге өте қолайлы. Қазіргі уақытта картоп және қызанақ өсімдіктері
дүниежүзінің барлық аймақтарында өсіріледі деуге болады. Атап айтсақ, Еуразия, Солтүстік және Оңтүстік
Америка, Африка құрлығында өсіріледі. Картоп өсіру Шығыс Еуропа елдерінде жетекші дамыса, қызанақты
өсіріп экспорттайтын елдерге Үндістан, Қытай және т.б. елдер жатады екен.
3. Географиялық орынға байланысты топырақ пен су ресурстарының таралуы.
Картадағы 7 аймақтың агроклиматтық ресурстарының ерекшеліктері.
Жерорта теңізі жағалауы.
Оңтүстік-Батыс Азия.
Орта Азия.
Үнді-Бирма ауданы.
Қытай, Корея.
Орталық Америка.
Оңтүстік Америка.
Бұл аймақтардың агроклиматтық ресурстары өте бай. Барлық картада берілген аймақтар: субтропиктік,
тропиктік, субэкваторлық және экваторлық белдеулер. Бұл аймақтарда жоғары температура, тропиктерде,
жылына 2-3 рет егін өнімін жинауға мүмкіндік бар. Ауыл шаруашылығы үшін әсіресе, муссондық климат
қолайлы. Қоңыржай климаттық белдеуде, яғни Орталық Азияда жазы ыстық, қысы онша суық емес жерлерінде
бидай, жүгері және басқа да астық дақылдары, сонымен қатар қант қызылшасы, алма ағаштары, жүзім өсіріледі.
Жерорта теңізінің жағалауында жұмсақ, климат жылы болғандықтан, ол жерлерде субтропиктік дақылдар
өсіруге болады.

7.

Топтық тапсырма: Жылдық жауын-шашын және буланушылық картасын
талдау.

8.

Қазақстанда өсірілетін ауыл шаруашылық дақылдардың географиясы

9.

1-топ:
Қазақстанның
қай
аймақтарында
буланушылық мөлшері жоғары екенін анықтаңдар.
2-топ: Жауын-шашын мөлшері көп аймақтарда
шаруашылықтың
қандай
түрлері
дамығанын
анықтаңдар.
3-топ: Ылғалсүйгіш дақылдардың тізімін жасап,
өсірілетін аймақтарын сипаттаңдар.
4-топ: Құрғақшылыққа төзімді дақылдардың тізімін
жасап, өсірілетін аймақтарын сипаттаңдар.

10.

1) Картада 800–1000 аралығындағы изосызықтар
буланушылығы жоғары аймақтарды көрсетеді. Оларға
Орталық Қазақстан аймағы, Бетпақдала, батыста Каспий маңы
ойпаты, Қызылорда облысы, Түркістан облысының аудандары
жатады.
2) Карта бойынша жауын-шашын көп түсетін аймақтар:
Солтүстік Қазақстан аудандары және таулы аймақтар.
Солтүстікте астық тұқымдас дәнді дақылдар және көгөністер
(картоп, капуста, сәбіз және т.б.) өседі.
3) Ылғалсүйгіш өсімдіктер: күріш, дәнді дақылдар және т.б.
4) Құрғақшылыққа төзімді дақылдар: мақта, күнбағыс, темекі,
бау-бақша өсімдіктері.

11.

Мал шаруашылығында да климат ерекшеліктеріне
байланысты мамандану байқалады.

12.

Климаттық ерекшеліктер құрылыс, көлік
жүйесінің дамуы, өндірістік нысандарды
орналастыруға да ықпал жасайды. Әр салаға
мысал келтіріңіз.
• 1-ші мысал...
• 2-ші мысал...
• 3-ші мысал... т.б.

13.

Температура – адамзат өмірі мен
тіршілігіндегі маңызды климаттық фактор. Жер
бетінде температура географиялық ендікке, теңіз
деңгейінен биіктігіне, жыл мезгіліне байланысты
өзгереді. Ауа райында температураның ауытқуына
байланысты адам ағзасының қабылдауы да әртүрлі
болады. Сондықтан адамның қоршаған ортасында
температура біркелкі болмайды, яғни, адам
құбылмалы жағдайға бейімделуі қажет. Мысалы,
кейбір адамдарға суық, аязды қыс ұнаса,
екіншілеріне жылы, құрғақ қыс ұнайды. Қыста
адамдар жиі суық тиіп ауырса, жазда қан қысымы
көтеріліп, жүрек аурулары жиілеуі мүмкін.
Қоршаған ортада адамзат өмір сүруге қолайлы
орташа температура +16-19 градус деп есептеледі.

14.

Атмосфералық
қысымның
адамға әсері
Суретті пайдаланып, атмосфералық қысым төмен немесе жоғары болған кезде адамның
сезіну немесе қоршаған ортаға тітіркенуі не себептен әртүрлі болатынын түсіндіріңіз.

15.

Атмосфералық қысым да адам денсаулығына әсер етеді. Осындай
жоғары қысымды биік таулы аймақта өмір сүруге бейімделу – адамның
физиологиялық ерекшелігі мен ағзасының жаттыққандығына байланысты.
Жоғары қысымды аймақ кейбір адамдарды «тау ауруына»
шалдықтырады. Биік тауға шыққанда не ұшақпен жоғары көтерілген кезде
ауада оттек мөлшерінің төмендеуінен адамда әлсіздік, жүрек соғуы күшейіп,
бас ауруы пайда болады. Атмосфералық қысым, температура, ылғалдылықтың
тербелісі – адамның психикалық, жүйке жүйесі, жүрек-қан тамыры жүйесінің
жағдайына әсер етеді: белсенділік, жұмысқа қабілеттілігі төмендеп, көңіл күйі
бұзылады.
Төмен ылғалдылық адам ағзасына жоғары ылғалдылықтан немесе
құрғақшылыққа қарағанда әлдеқайда жақсы әсер етеді. Егер ауа шамадан тыс
құрғақ болса, денсаулық нашарлайды: тері мен ерін кезеріп, мұрынның
тітіркенуі, тонзиллит байқалады, тыныс алу нашарлайды. Ал ылғалдылық
шамадан тыс көп болса, аллергиялық реакциялар, демікпе, ринит сияқты
аурулар пайда болуы мүмкін.

16.

Үйге тапсырма:
Жергілікті аймақтың климаттық
ерекшеліктерін зерттеңіз.

17.

Рефлексия
English     Русский Rules