Similar presentations:
Қазақстанның климаттық жағдайы
1.
2.
3.
• Климат (гр. κλίμα (klimatos) — еңкейіс) — белгілі бір жердегі ауа райыныңкөп жылдық режимі, яғни осы жерде болуға тиісті ауа райы
жағдайларының жиынтығы мен оның бір ізбен өзгеріп отыруы.
• Ауа райы — атмосфераның жергілікті жердегі белгілі бір уақытта немесе
уақыт аралығында (тәулік, ай) байқалатын құбылмалы жағдайы.
• Күн радиациясы , күннің сәуле шығаруы – Күннің электрмагниттік және
корпускулалық сәуле шығаруы.
• Атмосфералық айналым — атмосферадағы ауа массаларының қозғалысы
• Циклон(гр. cyclon-айналушы, айналым)- атмосфераның қысымы төменгі
аймағы. Циклонда ауа қысымы ортасынан шетіне қарай артады.
• Антициклон(гр. anti-қарсы, cyclon -айналым)- біркелкі қысым
сызықтарымен тұйықталған, атмосфералық қысымы жоғары аймақ.
4.
5.
Қазақстанның кең байтақаумағы және жер бедерінің
әркелкелкілігі
республиканың
климаттық жағдайлардың алуан
түрлілігіне әсер етеді. Аймақтың
солтүстігінен оңтүстігіне дейін
созылып
жатқан
аралықта
орманды-дала зонасынан шөл
зонасына
дейінгі
климаттық
зоналары өтеді. Республиканың
мұхиттардан қашықтығы, әсіресе
Еуразия
материгіне
ылғал
әкелетін
Атлант
мұхитынан
қашықтығы аймақтың құрғақ
және континентті болуына әсер
етеді.
6.
Қазақстан аумағы үстінде бүкілжыл бойы жоғары қысымды ауа
қабаты үстемдік етеді, ал оған
көршілес аймақтарға (солт., батыс
және оңт.) төм. қысымды қабаттар тән
келеді. Жалпы республика аумағының
көпшілік бөлігінде антициклондық ауа
райы басым. Сондықтан мұнда
шұғылалы ашық күндер ұзақтығы
жылына солт-тен оңт-ке қарай 2000
сағ-тан 3000 сағ-қа дейін артып
отырады. Жылына солт-те 120, оңт-те
260 күн ұдайы ашық болады, бұлтты
күндер саны тиісінше 60 күннен 10
күнге дейін (Балқаш ойысында)
кемиді.
7.
Міне, осылардың нәтижесінде жиынтық радиациямөлшері де солт-тен оңт-ке қарай 4200-ден 5500 МДж/м2-ге
дейін біртіндеп артады. Сол сияқты төсеніш беттің (жер бетінің)
сәуле қайтару қабілетіне байланысты сіңірілетін радиация
мөлшері де оңт-ке қарай бірқалыпты көбейеді. Сәуле қайтару
қабілетін қыста тұрақты қар жамылғысы қалыптасқанда ең
жоғары мәніне 70 – 80%-ға жетіп, жазда көпшілік жерде 20 –
30%-ға дейін төмендейді. Радиацияның жылдық тиімді
сәулелену мәні солт-те 1500-ден оңт-те 2100 МДж/м2-ге дейін
өзгереді. Теріс мәнді радиациялық баланстың маусымдық
ұзақтығы солт-те 3,5 – 4,5 ай (қараша – наурыз), оңт-те – 1 ай.
8.
• Қазақстанда жылудың булануға жұмсалатын жылдық шығынының мөлшері солт-теноңт-ке қарай 630-дан 420 МДж/м2-ге кемиді. Шөлді өңірдің қуаңшылық
маусымында жылудың көп мөлшері турбулентті жылу алмасуға кетеді. Тек
топырақтың көктемгі ылғалға қаныққан кезінде, сол сияқты көгалды жерлерде
буландыруға кететін жылу мөлшері ауаны турбулентті жылу алмасу жолымен
қыздыратын жылу шығынынан артық болады.
Қаңтар айының орташа температурасы Қазақстанның
солт. және шығыс аудандарындағы – 18°С-тан оңт.
аудандарында 3°С-қа дейін көтеріледі. Шілденің
орташа температурасы бұл аудандарда тиісінше 19°Стан 28 —30°С-қа дейін. Қазақстанның солт.шығысында климаттың континенттігі тым жоғары, бұл
өңірде
қаңтар
мен
шілденің
орташа
температурасының айырмашылығы 41°С-қа жетеді.
Оңт. аудандарда 10 ай бойы орташа тәуліктік
температура
0°С-тан
жоғарырақ
болады.
Республиканың солт-нде қыс ұзақ, қарлы әрі суық, аяз
кей уақыттарда –45°С-тан –50°С-қа жетеді. Жазы
қоңыржай жылы, қысқа, кейде ауа температурасы
35°С-тан 45°С-қа дейін қызуы мүмкін. Көктемнің соңғы
үсігі шілдеде, ал күздің ерте үсігі тамыздың аяғында
түсуі мүмкін.
9.
Қазақстанныңоңт.
аудандарының қысы жұмсақ. Бұл
өңірдің қыс айларында жиі-жиі
қайталанатын жылымық құбылысы
кезінде ауа температурасының ең жоғ.
деңгейі 15 – 20°С-қа дейін көтеріледі.
Соған қарамастан мұнда кейбір
күндері –30 – 35°С, тіпті –40°С-тан да
төмен
аяздар
байқалады.
Республиканың қиыр оңт-нде көктемгі
соңғы үсік сәуірдің аяғында, алғашқы
үсік қыркүйектің 2-жартысында түсуі
ықтимал. Оңтүстік Қазақстанның таулы
өңірінен тыс бөлігінде жаз тым ыстық
әрі ұзақ. Кейбір жылдары ауа
температурасы
45
–
47°С-қа,
топырақтың беткі қабаты 70°С-қа және
одан да жоғары қызуы мүмкін. Күн
энергиясының мұншама көп қоры
Қазақстан
аумағында
гелиоэнергетиканы
дамытуға
мүмкіндік береді.
10.
• Қазақстан жері қыс маусымында Сібірантициклонының тармағы мен жаз айларында
азорлық
антициклондық
ядросының
ықпалына жиі ұшырап отырады. Осыған
байланысты республиканың солт-нде оңт.батыс және батыс, ал жазда солт.-батыс
бағыттан соғатын жел басым келеді.
Қазақстандағы атмосф. процестер Солт. жарты
шардың Атлантика – Еуразия секторының 3 ірі
аумақты айналымы ықпалымен қалыптасады.
Егерде циклондар мен антициклондардың
алмасу жолдары ендік бағытпен өтсе, онда ол
ендік бағыттағы айналым делінеді. Ендік
бағыттағы айналым кезінде Қазақстанның
көпшілік бөлігінде жауын-шашынның мөлш.
кеміп, ауа температурасы жоғарылайды.
11.
Еуропалық айналым кезінде республикаға суық ауа массаларының енуіжиілейді, температура шұғыл төмендейді, жауын-шашын молаяды, жел
күшейеді. Сібірлік айналымда – оңт-тен тарайтын жылы ауа массалары ұлғайып,
ауа температурасы жоғарылайды, жауын-шашын кемиді. Республика
климатының қалыптасуына оның жер бетінің әр тектілігінің де әсері болады.
Қазақстандағы атмосф. циркуляциялық процестерге оңт. және оңт.-шығыстағы
тау жүйелері (биікт. 4000 – 5000 м-лік) мен Каспий және Арал т-дері сияқты су
айдындары да ықпалын тигізеді. Табиғи кедергі саналатын тау жүйелері
атмосферадағы ендік бағыттағы шептік белдемін солт.-шығыс бағытқа қарай
ойыстырып, ауа массасының заулама ағынын күшейтеді. Осы ауа массасы
сонымен бірге тау бөктеріндегі жергілікті климатты қалыптастырушы тау
аңғарлық ауа айналымын тудырады. Қазақстанның таулық және тау етегіндегі
өңірлерінің термиялық режимі жапсарлас жатқан жазықтар жағдайына
қарағанда мүлдем басқаша келеді. Таудағы температура жазық жердегіден
төмен келеді.
12.
Тау беткейлері төңірегіндегі ауа қабатыныңрадиациялық салқындауынан және беткеймен
төмен қарай ойысқан ауаның жылынуынан
таулы аудандарда температураның ауытқу
амплитудасы кеміп, температура инверсиясы
(жалпы
биіктікке
байланысты
ауа
температурасының көтерілуі) қалыптасады.
Инверсия қыс маусымында неғұрлым күштірек
қалыптасады. Тау жоталарына жақындаған
сайын тік бағыттағы ауа ағыны күшейіп, жауыншашын шұғыл артады. Орташа жылдық жауыншашын мөлш. жазықта 100 – 200 мм болса, тау
бөктерінде 500 – 600 мм-ге дейін артады. Жазық
өңірлерде
жылдық
жауын-шашынның
максимумы жаз айларында, ал тау бөктерінде
жылына 2 рет (наурыз – сәуір және қараша –
желтоқсан) байқалады. Су айдындары бриздік
айналымды тудырады, ол құрлықта ондаған
километрге ғана таралады.
13.
Орта ендік бойындағы су айдындарының солт.-шығысжағалауында жазда жылы ылғалды ауа ағыны үстемдік етсе, оңт.батыс жағында атмосф. суық серпіліс пайда болады. Бұл құбылысты
Арал т. мен Каспийдің солт.-шығыс бөлігінен жиі-жиі байқауға
болады. Су айдындарының оңт.-батыс бөлігіне қарағанда солт.шығысында жауын-шашын 2 – 3 есе көбірек түседі. Аумақты Каспий
айдыны климаттың қалыптасуына қыста ғана ықпал жасайды.
Керісінше, Арал т. атмосфера айналымына жаз айларында ғана
қатысады. Көлемі шағын Балқаш көлінің де атмосфера айналымына
және бұлттылыққа тигізетін әсері мол. Қазақстан жеріндегі соғатын
желдің орташа жылд. 4 – 4,5 м/с, Каспий т-нің жағалауында 6 м/стан астам, ал Жетісу қақпасында соғатын Ебі желінің жылд. 70 м/сқа жетеді.
14.
Қазақстан аумағын 4 климаттық белдеу (орманды дала, дала, шөлейт,шөл) қамтиды.
15.
16.
Орманды дала климаттық белдеміреспубликаның ылғалы ең мол бөлігі.
Орташа жылдық жауын-шашын мөлш.
242 – 315 мм-ге дейін, оның 80%-ы
жылдың жылы мезгілінде жауады. 10°Стан жоғары орташа тәуліктік ауа
температурасының жылдық жиынтық
мөлш. 2100°С. Вегетациялық өсіп-өну
кезеңінің ұзақт. 160 – 170 тәулік. Ең қысқа
жыл маусымы – көктем, ұзақт. 1,5 ай,
жазы 3 айға созылады. Қысы ұзақ,
қазаннан
сәуірдің
соңына
дейін.
Қуаңшылықтың орташа жылдық мөлш.
37 күн, кейбір жылдары 110 – 113 күнге
дейін созылады.
17.
Далалық климаттық белдем республиканың солт-ндегі біразаймақты қамтиды. Жылдық жауын-шашын мөлш. 200 – 300 мм,
оның 70 – 80%-ы жаз айларына тән. Тұрақты қар жамылғысы 140 –
160 күнге созылады, қардың орташа қалыңд. 30 см-дей. Дүлей
желді күндер көп және эрозиялық процестер күшті дамыған. 10°Стан жоғары ауаның орташа тәуліктік температурасының жылдық
жиынтық мөлш. 2100 – 2300°С. Вегетациялық өсіп-өну кезеңінің
ұзақт. 170 – 180 тәулік. Қуаңшылықтың орташа жылдық мөлш. 69
күн. Орманды дала климаттық белдеміне қарағанда қысы және
көктемі қысқа, жазы ұзақ, күзі 1 айға жуық (қыркүйектен
басталады).
18.
Шөлейт (шөлейтті дала) климаттық белдем немесе қуаң далаҚазақстанның орта бөлігіндегі жазық өңірді алып жатыр.
Жылдық жауын-шашын мөлш. оңт-ке қарай 279 мм-ден 153 ммге дейін кемиді, оның 43 – 27%-ы жылдың суық маусымында
түседі. Тұрақты қар жамылғысы 120 күндей сақталады. Қар
жамылғысының қалыңдығы батыстан шығысқа қарай 20 см-ден
60 см-ге дейін артады. Ауаның орташа тәуліктік температурасы
25°С-тан жоғары күндер саны 30 – 45, 35°С-тан жоғарғысы – 10 –
20 күн. Вегетациялық өсіп-өну кезеңінің ұзақт. 170 – 200 тәулік.
Қысы қатал, ауа райы құбылмалы келеді, жазы ыстық,
радиацияның жиынтық мөлшері тым жоғары. Аңызақ лебі
кейбір жылдары айына 27 – 29 күнге созылады.
19.
20.
Шөл климаттық белдемi Қазақстанның жазық өңiрiнiң көп бөлiгiнқамтиды. Ол 3 типке ажыратылады: сазды шөл, құмды шөл және тасты шөл. С,
жылдық жауын-шашын мөлш. 81— 84 мм. Кейде жылына°Орташа жылдық темпрасы 3—13 20—30 күндей қар жауады. Жазы ұзақ, ыстық, қысы салқын, ауасы
тым құрғақ келедi. Қар жамылғысы тұрақсыз. Жалпы жылына қар белдемiнiң
оңт-нде 31, солт.-шығысында 120 күндей жатады. Желi баяу, аязды маусымның
ұзақт. 100—170 күндей. Вегетациялық өсiп-өну кезеңi 180—260 тәулiк. Қысы
құбылмалы: қарашада түсiп, С-қа°С-қа, ал солт-нде –32°наурыздың аяғына дейiн
созылады. Аяз кейде –15—20 дейiн жетедi. Жазы мамырдың басында басталып,
қыркүйектiң 2-жартысына дейiн С-қа дейiн°С, кей күндерi 41 — 46°созылады.
Шiлденiң орташа темп-расы 23 — 30 көтерiлуi мүмкiн. Көктемнiң тым қысқа
маусымында жылдық ылғалдың 14—25%-ы түсiп үлгiредi, соның нәтижесiнде
топырақ ылғалға қанығып, эфемерлiк өсiмдiктер қаулап өседi.
21.
• Қазақстанның қиыр оңт. бөлiгi жылу мен ылғалдың жыл бойытаралуына, т.б. метеорол. сипаттамалар ерекшелiктерiне қарай жеке
оңт. шөл белдем аралығын құрайды. Ерекшелiгi: жауын-шашынның
негiзгi мөлшерi (62—67%) наурыз айында түседi, жыл бойына 40
күндей қар қылауы байқалады, бiрақ та қар жамылғысы
қалыптаспайды. Вегетациялық өсiп-өну кезеңiнiң ұзақт. 245—260
тәулiк, С-тан жоғары ауаның орташа тәул. темп-расының жылдық
жиынтық мөлш.°10 С. Жыл маусымдары айқын ажыратылады. Қысы
қысқа, 90 күндей. Жазы ұзақ,°4300—4600 160—170 күнге дейiн
созылады
22.
Қазақстанның таулы және тауалды аудандарының термикалық жүргісіоларға іргелес жазықтардың термикалық жүргісінен күрт ерекшеленеді.
Әдетте, таулардағы температура жазықтарға қарағанда төмен және де
биіктеген сайын температураның амплитудасы азаяды (кемиді). Сонымен
қатар тауалды және таулы белдемдерде қыста, негізінен, радиац.-орограф.
инверсиялар дамыған. Оған тіктеме бойынша ауа температурасының кері
жүрісі мәжбүрлейді, яғни белгілі бір биіктікке дейін температура өседі.
Мысалы, Тянь-Шань тауларында қаңтардағы орташа инверсия теңіз деңгейінен
1300 – 1500 м биіктікке дейін таралады, одан биікте ауаның қалыпты үлестірімі
қалыптасады, яғни биіктеген сайын ауаның температурасы төмендейді.
23.
Батыс Алтай тауларында көбінесеинверсиялық қабаттың жоғ. шекарасы теңіз
деңгейінен 700 – 900 м биіктікте жатады,
алайда
таулы
қазаншұңқырларда
инверсиялық қабат жоғары орналасады.
Жылы жарты жылдықта мұнда климаттың
жергілікті ерекшеліктері айқын көрініске ие –
таулық-аңғарлық айналым және фен секілді
жылы желдер, олар ауа температурасының
тәуліктік жүргісіне өзіндік сипат енгізеді. Тау
беткейлерінің биіктігі мен экспозициясы,
бедердің
тілімдену
сипаты,
тау
аңғарларының тереңдігі мен ені, олардың
өзара орналасуы және бірқатар өзге де
факторлар
мұндағы
әр
түрлі
микроклиматтар мен жергілікті термикалық
жағдайлардың өзіндік ерекшеліктерінің
қалыптасуына жағдай жасайды.
24.
• 1.Климат дегеніміз не?• 2.Климат құраушы факторларды ата.
• 3.Қазақстан жерінен неше климаттық белдеу өтеді?
• 4.Қазақстанның климатына жер бедерінің әсері
қандай?
• 5.Әр белдеуге жеке сипаттама бер.