Similar presentations:
Мектеп-ЖОО жүйесінің химия курсында
1.
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігіМ.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті
Магистрлік диссертацияның тақырыбы
«Мектеп-ЖОО жүйесінің химия курсында
В.Блум таксономиясын қолданудың тиімділігі»
Білім беру бағдарламасы: 7М01504 – «Химия педагогтерін даярлау»
Магистрант: Елемес Айша
Жетекші: Мырзахметова Н.О. – х.ғ.к., доцент
Тараз 2023
2.
Зерттеудің өзектілігі. Білім беру жүйесіндегіпроцестерді оңтайландыру мақсатында заманауи
әдіснамаға, жаңа педагогикалық парадигмаға,
шетелдік және отандық тәжірибеге жүгіну,
педагогикалық
жүйедегі
процестердің
теориясына, тенденцияларына, құрылымы мен
функцияларына
тұжырымдамалық-ғылыми
көзқарасты анықтау қажет. Осыған байланысты
білім
беру
процесінің
тиімділігі
үшін
педагогикалық технологияларды одан әрі әзірлеу
және енгізу өзекті және қажетті болып табылады.
Таксономия танымдық оқу іс-әрекеттерінің
тізімін нақты құрылымдайды және оны
қолданудың оқу мақсаттары оқу іс-әрекеттері
арқылы тұжырымдалатын жүйелі және белсенді
тәсілмен негізделген. Қазіргі кезде оқу процесінде
ең көп таралған және дәлелденгені – Блумның
дәстүрлі таксономиясы болып табылады.
Зерттеу
гипотезасы.
Егер
Қазақстан
Республикасының
мемелекеттік
жалпыға
міндетті білім беру (ҚР МЖМББ) стандарты
жағдайында мектеп химия курсының мазмұнын
қалыптастыруға
Блум
таксономиясы
қолданылса, оның негізі оқу курсының
мазмұнының құрылымдық моделін қолдану
болып табылады, егекр:
- оқу уақыты оңтайлы бөлінсе;
білім
беру
мазмұнының
оны
қалыптастырудың барлық кезеңдерінде ҚР
МЖМББ стандарттың талаптарына да, білім
беру мекемесінің мақсаттары мен міндеттеріне
де толық сәйкес келсе;
- пәнішілік байланыстары қатаң және толық
есепке алынса.
Магистрлік диссертацияның мақсаты. Оқупедагогикалық процесінде Блум таксаномиясының
тиімділігін тексеру.
3.
Магистрлік диссертацияның алға қойғанмақсат пен гипотезаға сәйкес келесі зерттеу
міндеттері тұжырымдалды:
1. Химия бойынша әдістемелік әдебиеттер мен
оқу баңдарламаларын талдау негізінде метепЖОО жүйесіндегі химия курсының даму
тенденцияларын, оның мазмұнын
қалыптастыру проблемаларын анықтау.
2. Блум таксономиясының негізгі қадамдарын
талдауға және оларды білім беру мазмұнын
қалыптастыруға қатысты дамыту.
3. Химия курс мазмұнының нысаналы моделі
негізінде химия бойынша мектеп-ЖОО
компонентін қалыптастыру технологиясын
әзірлеу.
4. Пәнішілік байланыстарды химия курс
мазмұнының нысаналы моделінің құрылымын
көрсету.
03.
01.
Зерттеу нысаны. Орта мектеп
пен ЖОО жүйесіндегі химияны
оқыту процесі.
02.
Зерттеу
пәні.
Блум
таксономиясын
қолдану
жағдайындағы химия курсының
мазмұны.
Зерттеу әдістері: а) Ғылыми-педагогикалық
әдебиеттерді зерттеу және жалпылау кезіндегі
теориялық
талдау
және
синтез;
ә)
қарастырылып отырған мәселеге қатысты
іздеу нәтижелерін жалпылау және талдау; б)
оқу-әдістемелік құжаттамаларды талдау; в)
педагогикалық бақылау (әңгіме, сауалнама); г)
желілік жоспарлау және басқару әдісі; д)
сараптамалық бағалау; е) педагогикалық
эксперимент.
4.
Тәжірибе базасы: Зерттеу жұмысы Жамбыл облысы Таразқаласындағы 125 базасында өтті. Зерттеу жұмысымызға
125 EDUCATION ЖШС орта мектебінің 10 сыныбынан 58
оқушы қатысты.
Зерттеу үш кезеңде жүргізілді.
Бірінші кезеңде (2021-2022 жж.) химия
пәнінен мектептегі білім беру мазмұнын
қалыптастыру мәселесін зерттеу жүргізілді.
Зерттеу мәселесі бойынша ғылыми негіздерді
әзірлеу
мақсатында
психологиялықпедагогикалық,
оқу
және
әдістемелік
әдебиеттерге талдау жүргізілді, зерттеу
гипотезасы тұжырымдалды, эксперименттік
жұмыстың тәжірибелік жоспары жасалды.
Зертеудің екінші кезеңінде (2022-2023 жж.) білім беру
мазмұнын
қалыптастыруға
Блум
таксономиясын
қолданудың теориялық негіздері анықталды, оны сынақтан
өткізу үшін қалыптастырушы педагогикалық эксперимент
ұйымдастырылды және өткізілді.
Зерттеудің үшінші кезеңінде (2023 ж.) химия бойынша
мектеп-ЖОО жүйесінде Блум таксономиясын кең ауқымда
қолдану жүзеге асырылды. Гипотезаның әділдігін тексеру
мақсатында бақылау-бағалау педагогикалық эксперименті
жүргізілді, нәтижелерді өңдеу жүргізілді.
5.
Заманауи сабақты құрастырудың әдіснамалық негізіретінде Б. Блум таксаномиясын қолдану
Ойлау процесін сипаттайтын ең танымал модель Блум таксаномиясы (БТ)
болып табылады. Бұл модель ең қарапайымнан ең озық деңгейге дейін
құрылымдалған ойлау дағдыларынан тұрады. БТ – алты түрлі деңгейден
тұратын ойлау дағдыларының иерархиялық моделі. Осы модель шеңберінде
сыни ойлаудың дамуын қарастырған жөн, өйткені мұғалім білім алушылар
арасында сыни ойлауды дамыту, оны қадағалау, тапсырмалар мен сұрақтар
қандай деңгейде дамитынын түсіну керек және де жұмыс процесінде қолдана
алуы қажет. БТ – білім алушылардың барлық интеллект түрлерінің тиімділігін
бақылауға көмектесетін құрал.
6.
БағалауЖинақтау
Талдау
Қолдану
Түсіну
Білім
Блум таксаномиясы - іс-әрекеттің үш саласын
қамтитын
білім
беру
мақсаттанының
иерархиялық жүйесі: когнитивті (танымдық «білемін»),
аффективті
(эмоционалдықұндылық - «сезінемін») және психомоторлы
(шығарамын»). ,
Бөлінген деңгейлерге сәйкес мұғалімдер
оқушыларға белгілейтін жіктелген міндеттерді
және оқу мақсаттарын ұсынады.
1-сурет. Білімді игеруге бағытталған 6 қадам
Когнитивті (танымдық) қызметі келесі
категорияларды қамтиды: білім, түсінік, қолдану,
талдау, синтез (жинақтау), бағалау.
Ой дағдылары қарапайымнан күрделіге дейінгі
иерархияда орналасқан. Төмен ретті ойлау (білім мен
түсінуді қамтиды), олар пирамидасының төменгі
жағында орналасқан. Дәл осы категориялар оқу
процесінде кеңінен ұсынылған .
2-сурет. Білімді игеруге бағытталған Блум таксономиясның
пирамидасы
7.
Оқу мақсаттары білімалушыларға не істеу керектігін айта алатындай нақты етістіктерді қамтыған жағдайда тиімдірек болады. Төмендегі 1-кестеде келтірілгенетістіктер ойлаудың әр деңгейімен байланысты, олар өз кезегінде мақсатқа тән әрекеттермен, өнімдермен және нәтижелермен байланысты.
Таным
деңгейі
Білім
ойлау Анықтама (оқыту нәтижесі)
Когнитивті
іс-әрекеттер
мен
операциялар
Ақпаратты еске түсіру ( зерттелген материалды есте сақтау және көбейту).Оқу материалы деп әр түрлі мазмұндағы ақпаратты (нақты Анықтау, сипаттау, атау, таңдаңдау,
фактілерден бүтін теорияларға дейін) атауға болады. Бұл категорияның негізгі сипаты – қажетті мәліметтерді есте сақтау.
белгілку, тану, көбейту, көрсету,
ұстану
Түсіну
Мағынаны түсіну, қайта өзгерту басты ой, жаңа ақпаратты (материалды түсіндіру ) сөздерімен жіберіңіз
Трансляция – яғни оқу материалын бір «тілден» екінші «тілге»
ауыстыру (мәселен математикалық формуланы сөзбен айтып беру немесе,
керісінше, сөзбен келтірілген мәліметті кесте, схемамен көрсету);
Интерпретация – оқу материалын “өз сөзімен” түсіндіру, қысқаша
баяндау;
Жорамалдау - оқу материалы бойынша әңгіменің әрі қарай не
туралы болатындығын, оның салдары мен нәтижелерін болжау.
Мұндай оқу нәтижелері материалды есте сақтау деңгейіне қарағанда анағұрлым жоғары болады.
Қолдану
Бұл категория оқу материалын нақты
Құру, жобалау, жіктеу, модельдеу,
жағдайда және мүлдем жаңа ситуацияда
болжау, дайындау
қолдануды меңзейді. Мұнда ережелерді, әдістерді, ұғымдарды, заңдарды, қағидаларды, теорияларды практикалық тұрғыдан қолдану
кіреді. Оқу нәтижелері түсіну деңгейіне қарағанда материалды тереңірек игеруді талап етеді.
Оқу материалының құрылымы анық көрінуі үшін оны құрамдас бөліктерге бөлу:
Салыстыру, ақпаратты бөліктерге
- Бүтіннің бөліктерін ажырату;
бөлу, таңдау, ажырату, таңдау,
- Бүтіннің бөліктерінің арасындағы өзара
зерттеу
байланыстарды анықтау;
- Бүтіннің қалайша ұйымдастырылғандығын сезіну.
Бұл категория оқу материалының мазмұнын сезінумен қатар оның ішкі құрылысы қалайша құралатындығын
білуді меңзейді.
Оқу материалының элементтерінен жаңашыл сипаттағы бүтінді (нәтижені) құрастыру. Жаңа нәтиже ретінде оқу материалдарын
Топтастыру, жалпылау, қайта құру
мүлдем өзгеше реттейтін хабарлама (баяндама, сөз), жұмыс жоспары, схемаларды атауға болады. Мұндай оқу нәтижелері жаңа
мазмұн мен жаңа құрылымдарды
жасап шығаратын шығармашылық әрекеттерді қолдануды талап етеді.
Талдау
Жинақтау
Бағалау
Жалпылау, түрлендіру, салыстыру,
қорғау, түсіндіру, мысалдар келтіру
Оқу материалының маңызын анықтау, ол туралы өзіндік пікір келтіру, ойын білдіру, таңдау жасап, шешім қабылдау. Мұнда Бағалау, сынау, даттау, ақтау, қарсы
шәкірттің пайымдаулары нақты дәлелдерге негізделуі керек:
пікір айту, жіктеу
- ішкі – құрылымдық, логикалық тұрғыдан;
- сыртқы – алдына қойылған мақсаттарға сәйкестігі тұрғысынан. Бұл деңгей алдыңғы категориялардың оқу нәтижелеріне қол
жеткізуді меңзейді.
8.
90-шы жылдардың соңында Лорин Андерсенмен бірге бір топ ғалымдар Блум таксономиясыныңжаңартылған нұсқасын жасады, ол ХХІ ғасырдың білім беру практикасына көбірек сәйкес келеді.
3 - сурет. Блум таксономиясының жаңартылған
нұсқасының үлгісі
9.
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЭКСПЕРИМЕНТ БӨЛІМІБлумның
таксаномиясына
сәйкес химия сабақтарын
жоспарлаудың алгаритімі жеті
қадамды қамтиды
Presentations are communication tools that can
be used as demonstrations, lectures, speeches,
reports, and more. It is mostly presented before
an audience. It serves a variety of purposes,
making presentations powerful tools for
convincing and teaching.
4-сурет. Блум таксаномиясына сәйкес химия сабақтарын
жоспарлаудың алгаритімі
10.
мақсатыменБ.Блум
ясындағы
«қолдану»
еңестірмеу керек (2-кесте).
ұғым емес! Оқушының
келей «... қолдануы тиіс»
ойылады, ал «қолдану»
ушының жаңа ақпаратты
ліміне қатысты.
Дәстүрлі мақсатты тұжырымдау жалпы, әмбебап сипатқа ие. Мысалы, әр түрлі
оқу пәндерінің сабақ жоспарларында әдетті бірдей мақсат: «Оқушылардың
логикалық ойлауын дамыту».
2-кесте. Дәстүрлі және «жаңартылған» тұжырымдарды салыстыру
Дәстүрлі мақсатты тұжырымдау
Білім беру мақсаттары
Жаңартылған мақсатты тұжырымдау
Тәрбиелік мақсаттар
Оқушы:
-... білуге тиіс
Сол білімін... үщін қолданылуы тиіс
Дамытпалық мақсаттар
-... сол жөнінде ойлануға тиіс
Өз кезегінде, жаңартылған мақсатты тұжырымдау неғұрлым нақты
және нақты оқу пәнімен сабақ тақырыбына дәлме дәл байланысты
болады.
11.
Зерттеу 2022-2023 оқу жылында Тараз қаласы 125 EDUCATION ЖШС орта мектебінде өтті.Зерттеу жұмыстарын жүргізуге білім деңгейі шамалас 10-шы сыныптардан жалпы саны - 58 оқушы
қатысты.
Зерттеудің
негізгі
мақсаты
–
оқытудың жаңа әдістерін қолдана отырып
химиялық білімді тәжірибеде, күнделікті
өмірде қолдану дағдыларын қалыптастыру.
Себебі, химиядан жаңартылған мазмұндағы
білім
беру
оқушының
жaрaтылыстaн
құбылыстaрын сурeттeй, түсiндiрe жәнe бoлжaй
бiлуiнe жәнe бoйындa құзірeттiлiк дaғдылaрын
қaлыптaстыруғa бaғыттaлғaн.
Күнтізбелік жоспарға сәйкес, зерттеу 10-сыныптың химия пәнінің оқу бағдарламасына
сәйкес БТ инновациялық технологиясын қолдана отырып сабақтар өткіздік. Қамтылған
тақырыптар оқушылардың шығармашылық қабілеттерін шыңдауға, әсіресе тақырыпты
терең оқып меңгеруіне мүмкіндік берді.
12.
1-сабақ. БТ бойынша «Алкадиендер» тақырыбына дайындалған тапсырмаларды талдау үлгісі 3кестеде келтірілген.3-кесте. «Алкадиендер» тақырыбына дайындалған тапсырмаларды талдау үлгісі
Дағдылар
Білу
Анықтама (етістіктер)
Оқушы іс-әрекеті
Берілген жаңа түсінікті ұғу, еске ұстау, Оқушылар диен көмірсутектердің жалпы формуласын еске түсіре
бұрынғы білімді еске түсіреді.
отырып белгісіз заттың формуласын анықтайды.
Түсіну
Жаңа материалда берілетін білімді Диен көмірсутектерде қос байланыстың орнына байланысты
Presentations are communication
tools that can
түсіну, өзінше түсіну немесе болжам нөмірлейді, соған байланысты атау керек екенін түсінеді, І, ІІ, ІІІ,
be used as demonstrations,
lectures, speeches,
жасау.
IV көміртек атомдарының ерекшелігін түсіндіреді.
reports, and more. It is mostly presented before
Жаңа білімді тәжірибеде, яғни нақты Бұрынғы білімдері негізінде қажет формулаларды пайдаланып,
an audience.Қолдану
It serves a variety
of purposes,
жаңа жағдайға пайдалану.
есептің шарты бойынша диен көмірсутектің формуласын
making presentations powerful tools for
анықтайды.
convincing and
teaching. Алған білімді жіктеу, саралау, ең Берілген қосылыстардың химиялық қасиеттерін салыстыра
Талдау
Жинақтау
Бағалау
негізгі түйінді ойды бөліп ала білу. отырып, мүмкін болатын реакция теңдеулерін аяқтайды.
Яғни, бүтінді бөліктерге жіктеу Химиялық реакцияның жүру механизміндегі ерекшеліктерін
арасындағы байланысты айқындау, көрсетеді, дәлелдейді.
т.с.с.
Жеке бөлшектерден, дара ұғымдардан Қарастырған қосылыстардың құрылысы, химиялық қасиеттері
тұтас дүние жасау (жалқыдан жалпыға) бойынша алған білімдерін жинақтап, А және Б заттарын табады.
Жаңа ұғым,
құндылығын,
пайымдау.
жаңа материалдың Есептің шарты бойынша бутадиеннің көлемдік үлесін тауып,
керектігін
анықтау, маңызы, қолданылуы туралы өз ойларын айтады
13.
4-кесте. «Алкадиендер» тақырыбы бойынша жұмыс парағында берілгентапсырмалардың үлгісі
Дағдылар
Білу
Тапсырма
Балл
Құрамында: а) 6 көміртек атомы бар, б) 26 сутек атомы бар алкадиендердің (әр дұрыс жауап молекулалық формуласын құрастырыңдар. .
0,5 балл
Түсіну
Төменде құрылым формулалары келтірілген қосылыстарды халықаралық атау (әр дұрыс жауап жүйесі бойынша атаңдар. «ә» нұсқасында берілген қосылыста неше біріншілік 0,25 балл
(○), екіншілік (□), үшіншілік (Δ), төртіншілік (◊) көміртек атомдары бар екенін
Presentations are communication
tools that can
көрсетіңдер.
be used as demonstrations,
lectures,
speeches,сутек мөлшері 10%, ал ауа бойынша салыстырмалы 2 балл
Қолдану
Диен көмірсутегінде
1,38-ге
тең. Диен көмірсутегінің формуласын анықтаңдар
reports, and more. It is mostlyтығыздығы
presented
before
an audience. It Талдау
serves a variety
of purposes,
Бутадиен
– 1,3 мына заттардың қайсыларымен әрекеттеседі: а) бром; б) әрбір дұрыс теңдеу бромсутек;
в) мырыш; г) сутек? Жүретін реакция теңдеулерін жазыңдар.
0,5 балл
making presentations powerful
tools for
convincing andЖинақтау
teaching.
Берілген айналымды жүзеге асыруға мүмкін болатын реакция теңдеулерін әрбір дұрыс жауап 2
жазып, А және Б затын атаңдар.
Бағалау
балл
Бромды су құйылған ыдыс арқылы құрамында бутадиен қоспасы бар көлемі 2 5 балл
м3 (қ.ж.) бутан өткізілді. Нәтижесінде бутан қоспадан тазарды, ал бромды су
құйылған шөлмектің массасы 108 г өсті. Бастапқы қоспадағы бутадиеннің
көлемдік үлесін есептеңдер. Бутадиеннің маңызы, қолданылуы туралы өз
ойларыңды айтыңдар.
14.
2-сабақ. М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті “Химия және биология”кафедрасында ХБ-20-1,3 тобында БТ бойынша «Майлар» тақырыбына дайындалған деңгейлік
тапсырмаларды талдау үлгісі 5-кестеде келтірілген. Екінші жұмыс парағына берілген
тапсырмалар БТ негізгі дағдылары бойынша «А, В, С» деңгейінде топтастырылып берілді.
5-кесте. «Майлар» тақырыбына дайындалған деңгейлік тапсырмаларды талдау
үлгісі
Жетістік деңгейі
Ойлау дағдылар
Оқушы іс-әрекеті
А
Білу, түсіну
Майлардың құрамына кіретін глицеридтерді еске түсіре отырып
табады, формуласындағы ерекшеліктеріне қарай жіктеп,
түсіндіреді.
В
Қолдану, талдау
Биологиялық маңызын біліп, түсініп, өмірлік қажеттілігіне
қолданады. Майдың құрамына кіретін карбон қышқылдарын
талдай отырып, сұйық немесе қатты болу себептерін түсіндіреді.
С
Жинақтау, бағалау
Тақырып бойынша алған теориялық білімдерін жинақтап,
есептердің жауабын табады және жауабы негізінде түрлі
тұжырымдар жасайды. Күнделікті пайдаланылатын тағамдардың
құнарлығына баға береді. Артық салмақтың денсаулыққа зияны
туралы дәлелдер келтіреді.
15.
6-кестеде «Майлар» тақырыбына дайындалған жұмыс парағына берілген тапсырмалардың мазмұныкелтірілген.
6-кесте. «Майлар» тақырыбы бойынша жұмыс парағына берілген
тапсырмалардың мазмұны
Жетістік деңгейі
А
Ойлау дағдылар
Білу, түсіну
Білімалушы іс-әрекеті
Берілген қышқылдардың ішінен глицеридтерді түзуге қатысатын қышқылдарды
тауып, төменде берілген кестеге жіктеп жаз.
Қанықпаған қышқыл
Қаныққан қышқыл
Атауы
В
Қолдану, талдау
С
Жинақтау, бағалау
Майлардың табиғатта таралуын берілген суреттерден агрегаттық күйіне қарай
топтастырып көрсет. Майдың сұйық немесе қатты болу себебін түсіндір.
2.
Майлардың биологиялық маңызы қандай? Жауабыңды «Өрмекші» сызбасына
толтыр.
1. Мектеп оқушылары тәулігіне 10500 кДж, ал студенттер 12600 кДж энергия
жұмсайды. Мектеп оқушылары ол энергияның 3071,2 кДж энергиясын
тәуліктік қабылдайтын майдың тотығуынан жұмсайды, ал студенттер 3954,17
кДж энергия жұмсайды.
Тапсырма:
а) мектеп оқушылары мен студенттерге тәулігіне қанша г май қажет?
ә) тәуліктік қабылдайтын майды гидролиздеуге қажет судың мөлшері қандай?
б) қажет майды қандай тағамдардан алуға кеңес бересіз?
2. Адам тәуліктік тамақ рационында 80 г май қабылдайды және тәуліктік энергия
жұмсау мөлшері 1995 кДж тең.
Тапсырма:
есептің шешімі бойынша қандай тұжырымдама жасауға болады?
1.
16.
17.
Білімалушылардың оқытудың инновациялық технологияларын енгізуге деген көзқарасын зерттеумақсатында сауалнама жүргізілді. Бұл сауалнамаға 10 сыныптан 58 оқушы қатысты. Оларға
сауалнама барысында пәнді оқытуда инновациялық оқыту технологиялары қажет деп ойлайсыз ба?
Деген сауал қойылды. Сауалнамаға қатысқан оқушылардың 100% -ы оң жауап берді. Бұл мәліметтер
оқушылардың қажетті білімді алуға деген ұмтылысын көрсетеді. Екінші сауал «Сіздің мектебіңізде
жүргізілетін оқыту әдістері сізді қанағаттандырады ма?» Оқушылардың 27% -ы оң жауап берді, 35%ы - теріс, ал 38% - жауап беруге қиналатынын айтты.
Диаграмма 1 - Сауалнама нәтижелері
18.
Химия пәнін оқытудағы білім беру технологиялары мен әдістерінің ішінен білімалушылар (2 диаграмма)ең белсенді және өздері үшін қызықты деп келесі технологияларды айтып өтті:
12%
6%
19%
топтық жұмыс
АҚТ
17%
22%
Блум таксономиясы
Ақыл-ой картасы
24%
Миға шабуыл
Проблемалық оқыту
• Топтық жұмыс –19%;
• Ақпараттық-коммуникациялық
технологиялар ( IT әдістері ) – 22%;
• Блум таксономиясы әдісі – 24%;
• Ақыл-ой картасы әдісі – 17%;
• «Миға шабуыл әдісі » – 12%;
• Проблемалық оқыту – 6%
Диаграмма 1 - Сауалнама нәтижелері
Алынған сауалнама нәтижесі көрсеткендей, білімалушыларға арналған инновациялық оқыту
технологияларының ішіндегі ең қызықты және тиімдісі БТ технологиясы болды. Мұның себебі
олар БТ білімнің жоғары деңгейіне жету үшін алшақтықты жойып қазір нені білетідігін және не
үйрену керек екендігіне талпыныс жасауға итермелейтінін айтты.
19.
Білімалушылардың пікірінше, БТ оқытуда қолданутиімділігі жоғары (10 баллдық шкала бойынша
есептелді) (3 диаграмма):
– зерттелетін материал туралы түсінікті жақсартады
– 9,9 балл;
– жеке шығармашылық қабілеттерін дамытады – 9,6
балл;
– өз шешімдерін қабылдауға үйретеді – 9,5 балл;
– сыни ойлау қабілетін ынталандырады – 9,8 балл;
–
қиялдың
дамуына,
алынған
ақпаратты
салыстыруға және талдауға ықпал етеді - 9,5 балл.
9,9
9,9
9,8
9,8
9,7
9,6
9,6
9,5
9,5
9,5
9,4
9,3
Диаграмма 3 - Блум таксономиясын
қолданудың тиімділігі
Жүргізілген зерттеулер көрсеткендей білім беру процесін әдістемелік тұрғыдан
тиімді ұйымдастыру туралы сұрақтар ЖОО-мектеп жүйесіндегі өзекті мәселелердің
бірі болып табылады.
20.
ҚОРЫТЫНДЫ1. Блум таксономиясын қолдану университет және мектеп пәндерін оқытуда маңызды деген қорытынды
жасауға болады, өйткені бұл таксономия оқытушылар мен білімалушыларға түсінікті болатын оқу
мақсаттарын құру қабілетіне негізделген, және оларға жетудің жоспарын жасауға тиімді.
2. Осы жіктеуді қолдана отырып, оқытушылар тапсырмаларды тиімді ұйымдастыра алады және
білімалушыларды оқу пирамидасына жетелеу үшін тиісті мазмұнмен және нұсқаулықпен сабақ
жоспарларын құра алады.
3. Сондай-ақ, әр деңгейдің кезекпен орындалуын және химия курсы материалының әр бөлігі деңгейдің
мақсаттарына сәйкес келуін қамтамасыз ететін бағалау құралдары мен стратегияларын жасай алады,
ақпаратты есте сақтау және алу немесе осы білімді қолдану, мысалы, алынған ақпаратты белгілі бір
жағдайларда шешім қабылдау үшін пайдаланады.
4. Көбінесе бұл таксономия пирамида түрінде ұсынылады дегенмен, алынған нәтижелерге сүйене отырып, біз
бұл пирамиданы әрбір деңгей алдыңғы деңгейлерге негізделетінін айтып өту керек.
Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, білім берудегі инновациялық қызмет білім сапасын
арттыруға, жаңа шығармашылық білім беру технологияларын құруға, оқытушылар мен мұғалімдердің кәсіби
деңгейін көтеруге, университеттер мен түлектердің бәсекеге қабілеттілігіне бағытталуы керек екенін атап өткім
келеді.
Оқушылардың белсенділігі, қызығушылығы 10%-25% аралығында өсті.Уақытты үнемдеуге мүмкіндік
берді.Оқу үлгерімі орташа 13.2 %-ға артты.Оқушыларды креативтендіруге үлес қостық, жаңашылдықтармен
танытырдық.
21.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒАРАХМЕТ!