938.76K
Category: educationeducation

Жалпы білім беретін мектеп мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау басшылығы

1.

ЖОБА
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Ы. АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ АКАДЕМИЯСЫ
«НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕПТЕРІ» ДЕРБЕС БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМЫ
Жалпы білім беретін мектеп мұғалімдеріне
арналған критериалды бағалау
басшылығы
Астана 2016
1

2.

ЖОБА
Аннотация
3 бет
1. Критериалды бағалау
1.1 Терминдер мен анықтамалар
1.2 Ойлау дағдыларының деңгейі
1.3 Тиімді бағалаудың принциптері
4 бет
6 бет
7 бет
8 бет
2. Әдістемелік нұсқау құжаттары
2.1 Оқу бағдарламасы
2.2. Оқу жоспары
2.3 Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы
2.4 Жиынтық бағалаудың әдістемелік нұсқаулығы
9 бет
9 бет
10 бет
12 бет
12 бет
3. Қалыптастырушы бағалау үдерісі
13 бет
13 бет
15 бет
17 бет
18 бет
19 бет
3.1Қалыптастырушы бағалауды жоспарлау және ұйымдастыру
3.2 Кері байланыс
3.3 Қалыптастырушы бағалаудың әдістері
3.4 Топтық жұмыстағы қалыптастырушы бағалау
3.5. Нәтижелерді талдау
4. Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау
4.1 Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау және
ұйымдастыру
19 бет
20 бет
24 бет.
4.2 Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау нәтижелерін талдау
5. Тоқсандық жиынтық бағалау
5.1. Тоқсандық жиынтық бағалауды жоспарлау
5.2.Тоқсандық жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар құрастыру
5.3 Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу
5.4 Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу бойынша мүғалімге
арналған нұсқаулық
5.5 Бағалау нәтижелерін талдау
25 бет
26 бет
27 бет
27 бет
28 бет
30 бет
6. Тоқсандық жиынтық бағалау нәтижелерінің модерациясы
30 бет
7. Оқушы портфолиосы
32 бет
8. Баға қою механизмі
33 бет
33 бет
35 бет
8.1 Тоқсандық баға қою
8.2 Жылдық баға қою.
37 бет
1-қосымша
2

3.

ЖОБА
Аннотация
Аталған нұсқаулық Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін
мектептерінің мұғалімдеріне арналған. Онда критериалды бағалау
принциптері туралы ақпарат және негізгі терминдердің анықтамалары
берілген.
Сонымен қатар нұсқаулықта мұғалімдерге көмек ретінде оқушылардың
оқу жетістігін бағалау үшін қалыптастырушы бағалауды, жиынтық бағалауды
жоспарлау және ұйымдастырудың практикалық ұсыныстары берілген.
Әр сынып және пәндер бойынша сабақ беруде, оқыту үдерісінде
критериалды бағалауды тиімді пайдалануға арналған ұсыныстар оқу
бағдарламасында, оқу жоспарында және әдістемелік ұсыныстарда толық
көрсетілген.
3

4.

ЖОБА
1. Критериалды бағалау
Критериалды бағалау сабақ беру, бағалау және оқытудың өзара
байланыс принциптері негізінде дайындалған. Оның негізгі принциптеріне
төмендегілер жатады:
• Бағалау білім жүйесінің міндеттеріне негізделген1. Бағалау өзіндік
мақсат болып саналмайды. Бұл жалпы білім беруді жетілдірудің механизмі
болуымен қатар, әр оқушының оқу жетістігін жақсартудағы тиімді практика
түрі болып табылады. Білім беру жүйесі міндеттері бағалауды және оны
өткізудің жолдарын анықтайды.
• Бағалау үдерісі әділ, нақты, сенімді және айқын болып табылады. Бұл
бағалау барысында қолданылатын ақпараттардың сенімділігі мен айқындығын
қамтамасыз етіп, тапсырмалар
мен оларға сәйкес критерийлердің
оқушылардың оқу жетістіктеріне жеткендігін бағалайтынын анықтайды.
• Бағалау білім беру мазмұнының құрамдас бөлігі болып табылады,
бағдарлама мақсаттары мен күтілетін нәтижелермен тікелей байланысты
болып келеді. Ол мақсаттардың айқындығын қамтамасыз ете отыра, бағалау
түрлерінің (қалыптастырушы және жиынтық) және бағалау рәсімінің оқу
бағдарламасына сәйкестігін анықтайды.
• Бағалау қолжетімді, анық және ашық түрде болады. Ол қажетті
ақпаратты уақытында беріп отыруға мүмкіндік тудырады, оқушылардың өзін
- өзі реттеу тәртібін дамытып, үдеріске қатысушылардың жауапкершілігін
арттырады.
• Бағалау үздіксіз өткізіледі және оқушының оқу жетістіктерін
анықтауға, жеке даму траекториясын жасауға мүмкіндіктер тудырады.
• Бағалау мектептің, мектеп ұжымының және оқушылардың даму
бағытын айқындау жолындағы басты фактор болып табылады. Осы үдеріске
қатысушылардың өз міндеттерін атқарудағы құзіреттілігін арттыруға
мүмкіндік тудырады.
Оқу жылы көлемінде оқытудағы үлгерім мен ілгерілеу туралы
мағлұматтар жинақтау бағалаудың екі түрі арқылы іске асырылады. Олар:
қалыптастырушы және жиынтық (бөлім/ ортақ тақырыптар бойынша
өткізілетін бағалау, тоқсандық жиынтық бағалау, орта білім деңгейі бойынша)
бағалау болып табылады.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 11 бабына сәйкес, 27 шілде 2007
жыл, №319 – III.
1
4

5.

ЖОБА
Бағалау түрлері
Қалыптастырушы бағалау
Бөлім/ортақ тақырып
бойынша жиынтық
бағалау
Жиынтық бағалау
Тоқсандық жиынтық
бағалау
Білім беру деңгейі
бойынша жиынтық
бағалау
Қалыптастырушы бағалау барлық тоқсанда күнделікті сабақ беру
барысында жүйелі жүргізіледі және сабақтың бөлінбейтін бөлігі болып
табылады. Қалыптастырушы бағалау үнемі жүргіліп отырады, балл мен баға
қойылмайды, мұғалім мен оқушының арасындағы кері байланыс әрекеті
арқылы оқыту үдерісін уақытында түзетіп отыруға, оның өлшемін анықтауға,
сабақты ары қарай жоспарлауға ықпал етеді.
Жиынтық бағалау мұғалімдер мен оқушыларға белгілі бір оқу кезеңін
аяқтағанда (әр бөлім немесе ортақ тақырып бойынша, тоқсан соңында,
триместр немесе оқу жылының соңында) оқушыға балл және баға қою арқылы
оқу нәтижесінің ілгерілеуі туралы ақпарат беру үшін өткізіледі.
Қалыптастырушы және жиынтық бағалау барлық пәндер бойынша
өткізіледі. Дегенмен, бағалау жолдары оның мазмұны мен түріне сай әртүрлі
болады. Жиынтық бағалауды өткізу жолдарының толық нұсқалары әр пән
және сыныптарда жиынтық бағалауды өткізуге арналған әдістемелік
нұсқаулықтарда берілген.
Мұғалімдер қалыптастырушы және жиынтық бағалау нәтижелерін
оқушыларға кері байланыс беріп, ата-аналарға оқыту үдерісі туралы ақпарат
беру үшін қолданады.
Бағалаудың балық түрлері оқу бағдарламасының мазмұнына негізделіп
жасалған.
1.1 Терминдер мен анықтамалар
5

6.

ЖОБА
Берілген құжатта келесі терминдер қолданылады:
Әртүрлі деңгейдегі тапсырмалар – оқушылардың қабілеттерін есепке
алатын дифференциаланған білім беруді ұйымдастыру үшін қолданылатын
әртүрлі деңгейдегі тапсырмалар.
Бағалау критерийі – білім алушының
оқу жетістігі деңгейін
анықтайтын белгі немесе өлшем.
Балл қою критерийлері – оқушының (жиынтық бағалауда) жұмысты
қаншалықты дұрыс орындағанын бағалайтын тұжырым.
Дескрипторлар – тапсырма бойынша орындаған жұмыс деңгейінің
немесе сапасының сипаттамасы.
Жиынтық бағалау – білім алу кезеңдері мен сатылары аяқталғанда
болатын бағалау, белгілі мерзім бойынша оқушының дайындық деңгейінің
көрсеткіші болып табылады, бағалаудың бірыңғай критерийлерінің негізінде
жүзеге асады.
Кері байланыс – нақты іс-әрекет жасау туралы хабарлау және
түсініктеме алу үдерісі, мақсатқа қол жеткізудегі белгілі іс-әрекет пен оқиғаға
дұрыс баға беру негізіндегі жауап түрі.
Критериалды бағалау – оқушылардың оқу жетістіктерін білім беру
мақсаттары мен мазмұнына сәйкес, ұжым ішінде өңделген, оқушыға, ата-анаға
және мұғалімге түсінікті, нақты анықталған критерийлерге негізделген үдеріс.
Қалыптастырушы бағалау – мұғалімдерді, оқушыларды және
педагогикалық үдерістің басқа да қатысушыларын оқуды жетілдіру үшін
қажет ақпаратпен қамтамасыз ететін оқудың ағымдағы бағалануы (нәтижесі
баға ретінде тіркелмейді).
Модерация – мұғалімдердің бағаларды стандарттау мақсатында
бағалаудың әділ және шынайы болуын қамтамасыз ететін, бір пән және сынып
бойынша оқушылардың жұмыстарына талқылау жасайтын үдеріс.
Мұғалім портфолиосы - кәсіптік қызметіндегі мұғалімнің дайындық
және белсенділік деңгейін, оқыту мен бағалау практикасын белгілейтін және
жинақтайтын әдіс.
Нәтижелерді тіркейтін электронды журнал – бөлім/ортақ тақырып
бойынша бағалаудың және тоқсандық жиынтық бағалаудың нәтижелері
тіркеліп, тоқсандық, жылдық және қорытынды бағаны автоматты түрде санап
шығаратын электронды құжат түрі.
Оқу жетістіктерінің деңгейлері – білім алушылардың оқу
жетістіктерінің маңыздылығы, шамасы мен дамуы дәрежесі.
Оқу мақсаты – оқу бағдарламасына сәйкес пәннің оқыту курсы
барысындағы білу, түсіну және дағды жетістігі бойынша күтілетін
нәтижелерінен құралған тұжырым.
6

7.

ЖОБА
Оқушы портфолиосы – оқушының пәндер мен бағалаудың әр түрлері
бойынша оқу жетістіктерінің жеке белгілеу, жинақтау формасы.
Ортақ тақырып – пәнде көрсетілген оқу мақсаттарына жету үшін
әртүрлі пән салаларынан білім мен біліктіліктің біріктірілген құралы ретінде
қолданылатын білім мазмұнының біркелкі құрамдас бөлігі.
Рефлексия – оқушылардың сабақ барысында берілген білімді
қаншалықты жақсы игергені туралы қорытындылауы және ойлауы.
Тапсырма – оқушының құзыреттілік (пәндік, тілдік, сөйлеу) деңгейін
анықтауға мүмкіндік тудыратын белгілі жағдай.
Тест спецификациясы – тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұны мен
құрылымын анықтайтын құжат.
1.2 Ойлау дағдыларының деңгейлері
Оқушылардың оқу бағдарламасындағы оқу мақсаттарына жету
дәрежелерін анықтау үшін Б. Блумның оқу мақсаттары таксономиясына
сәйкес бағалау критерийлері ойлау дағдыларының деңгейлері бойынша
реттеліп құрастырылады.
Бағалау критерийлерін құрастыруда мұғалім ойлау дағдылары
деңгейлерін көрсететін қосымша таблицада берілген етістіктерді қолдана
алады.
(1-кесте немесе 1-қосымшадан қараңыз).
1-кесте.
Бағалау критерийлерін құрастыруда қолданылатын етістіктер.
Ойлау дағдыларының деңгейлері
Білу және
түсіну
Білімді
қолдану
Анализ
Синтез
Бағалау
анықтайды
сәйкестендір
еді
талдайды
біріктіреді
түсіндіреді
атайды
таңдайды
зерттейді
дәлелдейді
талқылайды
жазады
шешеді
тексереді
салыстырады
дәлелдейді
қайталайды
қолданады
сәйкестенді
реді
құрастырады
болжайды
7

8.

ЖОБА
көрсетеді
құрастырад
ы
бөліп
көрсетеді
мақұлдайды
шешім
қабылдайды
хабарлайды
қолданады
саралайды
қорытындыла
йды
ұсынады
Мысалы, Математика пәні, 2 - сынып
Оқу мақсаты:
«100-ге жуық сандардың графикалық моделін құру және жазу »
Оқу мақсатына сәйкес бағалау критерийлері:
«100-ге жуық сандардың графикалық моделін жазады» → Ойлау
дағдыларының деңгейі: «Білу және түсіну».
«100-ге жуық сандардың графикалық моделін құрастырады» →
Ойлау дағдыларының деңгейі: «Білімді қолдану».
1.3 Тиімді бағалаудың принциптері
Мектепішілік бағалауда ұйымдастырылатын қалыптастырушы және
жиынтық бағалау анық, сенімді, қолайлы түрде өткізіліп, сабақ беру үдерісі
мазмұнын бағалау үшін жасалғандықтан, оқу бағдарламасындағы оқу
мақсаттарын қолдана отырып, сабақ беру және оқытуға оң әсерін тигізуі
керек.
Қалыптастырушы және жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар
барлық оқушыларға бірдей мүмкіндіктер беретін жағдайда құрастырылуы
тиіс. Бұл басшылықта көрсетілген тоқсандық жиынтық бағалау нәтижесінде
қойылатын балдар саны мен модерация үдерістері оқу жетістіктерінің сенімді
болуын қамтамасыз етеді, мұғалім мен оқушыға сабақ беру және оқыту туралы
тиімді ақпарат береді.
Критериалды бағалау мұғалімді сынып жұмысында қолдауға, оқыту
үдерісінде оң ықпал жасауға негізделген. Нәтижелер мұғалімге өзінің
сабағына рефлексия жасауға және одан кейінгі жұмысын жоспарлауға
мүмкіндік береді.
8

9.

ЖОБА
ҚБ шешімі
және ІЖБ
нәтижелері
Мұғалімнің
рефлексиясыәдістерді
таңдау
Тиімді оқыту
Тиімді сабақ
беру және
оқыту
Оқытуды
жоспарлау
2. Әдістемелік нұсқау құжаттары
Аталған басшылыққа қосымша мұғалім келесі әдістемелік нұсқау
құжаттарына сүйенуі тиіс:
2.1 Оқу бағдарламасы
Оқу бағдарламасы әр пән бойынша құндылықтар мен мақсаттарды
белгілейді және мұғалім ұстанатын қажетті педагогикалық тәсілдерді қысқаша
сипаттайды. Бұл құжаттарда әр пәннің құрылымы мен мазмұны туралы
барлық ақпараттар бар.
Оқу бағдарламаларында бөлімшелерден құрастырылған, оқу мақсаттары
түрінде көрсетілген әр пәнге байланысты күтілетін нәтижелер берілген.
Пәндер бойынша күтілетін нәтижелердің білім, білік, дағды мен
құзыреттіліктің қысқа мерзімді мақсат түріндегі сипататамасы Мемлекеттік
жалпыға бірдей білім беру стандартында көрсетілген.
Әр
пән
бойынша
оқу
бағдарламасының
мазмұны
нақты
ұйымдастырылған бөлімдерден тұрады, кейін олар бөлімшелерге бөлінеді. 29

10.

ЖОБА
сыныпқа арналған «Дүниетану» пәні бойынша бөлім мен бөлімшенің мазмұны
қалай құрылғаны туралы үлгі төменде көрсетілген.
2-кесте. 2-сыныпқа арналған «Дүниетану» пәнінің үлгісі.

Бөлім
Тақырып
1 Мен
және 1.1 Өзім және отбасым
қоғам
1.2 Мектеп және мектеп қоғамдастығы
1.3 Менің атамекенім
1.4 Денсаулық пен қауіпсіздік
1.5 Құқық пен жауапкершілік
1.6 Мерекелер
2 Елімнің
2.1 Жергілікті жерде бағдарлану
табиғаты
2.2 Климат және ауа-райы
2.3 Табиғат жағдайлары және олардың әсері
2.4 Туризм
2.2. Оқу жоспары
Сыныптардағы оқу бағдарламасының мазмұны пәндердің оқу
жоспарындағы ұсынысында берілген. Оқу жоспарындағы тапсырмаларды
мұғалімдер оқушылардың барлық оқу мақсаттарына жеткеніне және оқу
бағдарламасының мазмұнын білетіндігіне көз жеткізу үшін қолдана алады.
Оқыту мақсаты – белгілі бір оқу кезеңі аяғында оқушылардың дағдылар
мен түсініктерді, білімді меңгергендерін немесе оларды түсінетінін көрсететін
тұжырым. Олар оқу жоспарында сыныптан сыныпқа көшерде пән бойынша
нақты ілгерілегенін көрсету үшін белгіленген. Оқу жоспары ұзақ мерзімді,
орта мерзімді, қысқа мерзімді мақсаттарды жоспарлайды.
Ұзақ мерзімді жоспар:
оқу мақсаттарын ортақ тақырыптық бөлімдерге топтастырады;
алдыңғы жұмыспен, оқу мақсаттарымен өзара байланыс орнатуға
және оқытудың одан кейінгі жолдарын белгілеуге мүмкіндік береді;
бөлімдер арасындағы теңестірілген және басқарылатын байланысты
орнатуды қамтамасыз етеді.
Орта мерзімді жоспар:
мұғалімдерге өз сабақтарын жоспарлауға қажетті бөліктерді (деталь)
ұсынады;
сабақ беруде әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолданудағы мүмкіндік
жолдарын анықтайды;
10

11.

ЖОБА
оқытудың кіріспе, дамыту мен бекіту тәсілдерін және негізгі
ресурстарын ұсынады;
бағалаудың мүмкіндіктерін анықтайды;
тілдік қабілеттерді жетілдіретін талаптарды анықтайды.
Қысқа мерзімді жоспар:
оқытуды ұйымдастырудың үдерісін: жаппай оқыту, топтық, жұптық
жұмыс, жеке жұмысты анықтайды;
оқытудың әр түрлі тәсілдерін ұсынады;
бағалауды ұйымдастыруға мүмкіндік туғызады және оқушының оқу
мақсатына жетуі туралы кері байланысын ұсынады.
Оқушылар мен мұғалімдердің сабақ барысындағы жететін мақсаттарын
бірдей түсінуі маңызды. Бірдей түсінікті қолдау үшін мұғалімдер әр түрлі
стратегияны пайдалануы мүмкін:
сабақта оқушыларға түсінікті тілде оқу мақсаттарын талқылау;
сабақ барысында және сабақ аяғында көңіл аударту үшін тақтаға оқу
мақсаттарын жазу;
сабақ барысында шағын топтар/жеке оқушылармен берілген оқу
мақсаттарының ілгерілеуін талқылау;
оқу мақсатына байланысты кері байланыс жасау;
сабақ басында жазылған оқу мақсаттарына рефлексия жүргізу үшін
сабақ аяғында уақыт қалдыру;
оқу жоспарында ұсынылатын жұмыс түрлері мысал ретінде берілген
және мұғалім жұмыстың балама түрлерін қолдана отырып оқушыларды
бағалай алады.
Мысал ретінде 2-сыныптағы «Дүниетану» пәнінің ұзақ мерзімді
жоспарынан үзінді келтірілген.
11

12.

ЖОБА
Ортақ
тақырып
Бағдарлама
бөлімдеріне
сілтеме
Оқу мақсаттары
1-тоқсан
1.1 Отбасым
Өзім
туралы
1.5 Құқық
және
жауапкершілік
2.1.1.3 Түрлі дереккөздерді зерттеу арқылы
жалпыға ортақ әдеп нормаларын анықтау
2.1.1.1 Отбасылық мұрағат негізінде отбасы
мүшелерінің ауызша портретін құру
2.1.1.2 Мысалдар келтіре отырып, өз отбасындағы
әдеп нормаларын түсіндіру
2.1.1.3 Түрлі дереккөздерді зерттеу арқылы
жалпыға ортақ әдеп нормаларын анықтау
2.1.1.4 Бақылау мен сұрақ-жауап арқылы тұтыну
заттарына деген отбасы қажеттіліктерінің
құрылымын, олардың қайдан келетінін білу
2.1.5.1 «Құқық» және «Жауапкершілік»
ұғымдарын білу, өз өмірінен мысалдар келтіру
2-тоқсан
1.2 Мектеп
және мектеп
қоғамдастығы
Менің
мектебім
2.1.2.1 Мектептегі оқу және оқудан тыс әрекет
түрлерін біліп, түсіндіру
2.1.2.2 Мектеп қоғамдастығының құрылымын және
оның мүшелерінің атқаратын қызметін білу
2.1.2.3 Мектеп қоғамдастығындағы ұжымдық,
топтық және тұлғааралық мінез-құлық нормаларын
білу және түсіндіру
2.1.2.4 Өз сыныбына сипаттама беру
2.3 Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы
Бұл жинақта қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар үлгілері
мен әр пән бойынша тапсырманы орындау үшін нақты қадамдарды
анықтайтын дескрипторлар көрсетіледі. Сонымен қатар, жинақта
қалыптастырушы бағалау үдерісі туралы анықтама беріліп, тапсырмаларға
арналған
дескрипторлар
көрсетіледі,
белгілі
оқу
мақсаттарына
сәйкестендіріліп жасалған бағалау критерийлері ұсынылады және
қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырма құрастыру кезеңдері
анықталады.
2.4 Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік нұсқаулық
Жиынтық
бағалауға
арналған
12
әдістемелік
нұсқаулықта
оқу

13.

ЖОБА
бағдарламасына сәйкес өткізілетін бөлім/ортақ тақырыптар бойынша
жиынтық бағалау саны туралы, бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық
бағалау және тоқсандық жиынтық бағалауды ұйымдастыру жолдары туралы
ақпарат беріледі. Сонымен қатар, жиынтық бағалауға арналған әдістемелік
нұсқауында төмендегілер ұсынылады:
пән бойынша әр тоқсанда берілетін бөлім, бөлімшелер/ортақ
тақырыптар атаулары;
бөлім мен бөлімшелерде беріліп, бағалау критерийлері мен ойлау
дағдыларының деңгейлерімен сәйкестендірілген оқу мақсаттары;
бөлім/ортақ тақырыптар және тоқсандық жиынтық бағалауға
арналған тапсырмаларды құрастыруға байланысты ұсыныстар;
бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
үлгілері мен дескрипторлары;
тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу үшін құрастырылған тест
спецификациясы;
жиынтық бағалауға арналған тапсырма үлгілері мен балл қою
кестелері.
3. Қалыптастырушы бағалау үдерісі
Қалыптастырушы бағалау – оқушының оқу нәтижесінің үнемі ілгерілеп
және дамып отыруына ықпал ететін, мұғалім мен оқушы арасындағы кері
байланысын қаматамасыз ететін үдеріс.
Сабақ беру мен оқытуды тиімді түрде ұйымдастыру үшін әр оқушының
ілгерілеуі мен ағымдағы түсіну деңгейін үнемі анықтап отыру маңызды. Ол
қалыптастырушы бағалауда іске асырылып отырады және оқушының оқу
жетістіктері туралы шешім қабылдауға мүмкіндіктер тудырады.
Қалыптастырушы бағалау оқыту мен оқудың біртұтас құрамдас бөлігі
болып, қосымша жаттығулар мен тест тапсырмалары түрінде қабылданбауы
тиіс.
Қалыптастырушы бағалау үдерісі төменгі кезеңдерден тұрады:
Оқушыларды
анықталған
оқу
мақсаттары
мен
бағалау
критерийлерімен таныстыру.
Оқушылардың нені және қандай деңгейде түсінгендігін анықтайтын
дәлелдемелердің көрсеткіші бола алатын тиімді орта тудыру немесе олардың
басқа іс-әрекеттерін ұйымдастыру.
13

14.

ЖОБА
Оқушының дамуына ықпалын тигізетін тиімді кері байланыс беріп
отыру.
Оқушыларды бір-біріне өзара оқыту көзі бола алатындай
ынтымақтастандыру.
Оқушы өз оқуы барысында өзін «құрастырушы» ретінде қабылдау.
3.1 Қалыптастырушы бағалауды жоспарлау және ұйымдастыру
Әр сыныпта сабақ беру үдерісінде мұғалім оқу бағдарламасындағы
барлық оқыту мақсаттарын қамтуы керек. Пәндер бойынша оқу жоспарында
барлық оқу мақсаттары үшін ұсынылатын іс-әрекеттер берілген.
Бағалау үдерісін тиімді түрде өткізу үшін мұғалімге:
оқу мақсатына сәйкес бағалау критерийлерін нақты құрастыру;
тапсырмаларды бағалау критерийлеріне сай құрастыру және
дескрипторларын анықтау;
оқушыларға тиімді кері байланыс беру ұсынылады.
Бағалау критерийлері оқу мақсатында не көрсетілсе, тек соны ғана
бағалайды және Блум таксономиясыда берілген алты ойлау дағдыларының
деңгейлерін - білу мен түсіну, қолдану, анализ, синтез және бағалауды
көрсетеді.
Мұғалімнің бағалау критерийлерін оқу мақсаттарына
сәйкестендіріп, нақтылап дайындауы маңызды.
Одан кейін мұғалім бағалау критерийлерін сәйкестендіріп,
оқушылардың жеке ерекшеліктерін, оқу мазмұнын ескеріп, тапсырма және
оның дескрипторларын құрастырады. Дескрипторлар тапсырманы
орындаудағы оқушы қадамын нақтылайды, нәтижеге жету жолын анықтайды,
сондықтан олардың түсінікті болуы қажет.
Мысалы, 5-сыныптағы Қазақ тілі пәніндегі «Мәтіннің мазмұнын ретімен
әңгімелеу» мақсатына сәйкес қалыптастырушы бағалауды өткізгенде мұғалім
келесі тапсырманы бере алады: Мәтіндегі оқиға желісінің ретін сақтай
отырып, суреттерді дұрыс орналастырыңыз. Дайын мәтін суреттерін қағазға
желімдеп, әңгімелеп беріңіз.
Бұл тапсырмаға сәйкес дескрипторлар төменде берілген:
Оқушы:
• суреттерді әңгіме желісіне сәйкес ретімен орналастырады;
• мәтіннің негізгі мазмұнынын әңгімелей алады.
14

15.

ЖОБА
Тапсырма дескрипторлары анық және қолжетімді болып, оқушыға
тапсырманы орындау барысында нені көрсете білуі қажет екендігі туралы
толық мәлімет бере алатындай болып; мұғалімге оқушының оқу мақсатына
жеткендігі/жетпегендігі төңірегінде тиімді кері байланыс бере алатындай
мүмкіндіктер береді.
2-сыныпқа арналған «Математика» пәні бойынша тапсырма
Мақсаты
Бағалау
критерийлері
Тапсырма
Бағалау
критерийлері
Екі амалды
есептерді
шығару
дағдыларын
қолданады;
Кері есептер
құрастырады
2.4.1.8 Екі амал арқылы шығарылатын есептерді түрлі тәсілдермен шешу
және өзара кері есептер құрастыру
Екі амалды есептерді шығару дағдыларын қолданады;
Кері есептер құрастырады.
1. Есепті шығарыңыз.
Екі түлкінің арасы 100 қадам. Егер әрқайсы алға қарай 35 қадам жасайтын
болса, тоқтаған уақытта екеуінің арасы қанша қадам болады ?
2. Кері есептер құрастырыңыз.
Дескрипторлар
есептің шартын құрастырады;
есептің шартына сәйкес өрнек құрастырады;
амалдардың ретін сақтайды;
қосу және азайту, азайту және азайту амалдарын орындайды.
кері есептің шартын құрастырады;
есептің сұрағын қояды;
амалдардың ретін сақтай отырып, өрнек құрастырады.
3.2 Кері байланыс
Кері байланыс әрекеті сабақтың әр кезеңінде қолданылып, мұғалімнің
оқушымен үздіксіз қарым-қатынаста болып, оқыту үдерісін ары қарай
жоспарлауға және түзетіп отыруға жағдай тудырады.
Оқушыларға кері байланыс беру барысында мұғалімге төмендегілер
ұсынылады:
15

16.

ЖОБА
туралы
қажет;
қажет;
ненің дұрыс емес екендігін, оны ары қарай қалай түзету керектігі
ақпарат бермей тұрып, «дұрыс емес», «қате» сөздерін қолданбау
ненің дұрыс/ненің бұрыс екендігін түсіндіріп айту қажет;
қателікті түзету және дұрыс жауапты жақсарту жолдарын көрсету
• жіберілген қателік туралы төменгі ақпарат беру:
- қателіктің орны
- қателік түрі
- оны түзету үшін қажетті іс-әрекеттер ұсынылуы қажет;
• оқушы жауабын мазақ етіп, жағымсыз түсіндірме беруге, мысалы,
«мисыздың жауабы», «бұған қалай ғана ақылың жетті?» деген анайы сөздерді
қолданбау керек.
Осындай сөздер оқушылардың жеке тұлғасына кері әсер етеді. Тиімді
түрде ұйымдастырылған кері байланыс мұғалімге оқыту үдерісінің қалай
жүріп жатқандығы туралы, оқушыға алға ілгерілеуі туралы және ары қарай
нәтижені жақсарту үшін түзетуді жоспарлау туралы ақпарат береді, ал
оқушыға оның алдында туындайтын 3 сұраққа жауап алу мүмкіндігін береді:
Мен оқытудың қай кезеңінде тұрмын?
Нәтижелерге қалай жетемін?
Қателігімді түзету үшін ары қарай не істеуім қажет?
Төменде кері байланыстың үлгілері берілген (1-үлгі, 2-үлгі)
1- үлгі. «А» оқушысы.
16

17.

ЖОБА
«А» оқушысына берілген кері байланыс үлгісінде мұғалім оқушының
амалдарды жақсы орындағанына тоқталып, ары қарай неге көңіл аудару керек
екендігін жазады.
2-үлгі. «Ә» оқушысы.
«Ә» оқушысына берілген кері байланыс үлгісінде мұғалім оқушының
жақсы орындаған нәтижелеріне нақты тоқталады да, жауапты жақсарту үшін
нені қайталау керек екендігін айқындайды.
3.3 Қалыптастырушы бағалаудың әдіс-тәсілдері
Қалыптастырушы бағалаудың күнделікті іс-тәжірибесі барысында,
оқушының меңгеру деңгейінің өлшемі мен ілгерілеуін анықтауда, оқыту
үдерісінде төменгі әдіс-тәсілдерді «Қол сигналы», «Бағдаршам»,
«Қорытындылауға арналған карточка индексі», «Бір минуттық эссе», «Сөйлеу
үлгілері», «Екі жұлдыз, бір тілек», «Үш минуттық үзіліс», «Ауызекі баға»,
портфолио, журналдар, рубрикалар, сөзжұмбақтар, сұрақтар және тағы басқа
түрлерін қолдануға болады.
17

18.

ЖОБА
Қалыптастырушы бағалаудың әдіс-тәсілдерін сабақтың әр түрлі
кезеңдерінде: жаңа тақырыпты түсіндіруде, тапсырма орындау кезеңінде,
мұғалімнің оқушыға жұмысының нәтижесін жақсарту мақсатымен кері
байланыс ретінде ақпарат беру барысында да қолдануға болады.
Мысалы, мұғалім оқушының жазба жұмысын тексеріп болған соң, оған
баға қоймайды, әр түрлі қалыптағы сурет пен бояуларды қолданып белгілей
алады. Әрбір белгі мен олардың түстері (сары, қызыл және жасыл, жұлдызша
немесе қанатты белгілер) оқушының жауабындағы дұрыс немесе бұрыс
орындалған жақтарын көрсетеді.
3.4 Топтық жұмыстағы қалыптастырушы бағалау
Мұғалім қалыптастырушы бағалау өткізгенде дағдыларды анықтауда
тиімді тәсіл ретінде топтағы жұмысты қолдана алады. Оқушыларды бағалау
критерийлерімен алдын ала таныстыру керек. Мұғалім топтық жұмыста әр
топтың оқушыларын тыңдайды және бақылайды: оқушылардың көбі жетістік
критерийлеріне сәйкес оқу мақсатына жете алады. Мұғалім мұндай
оқушылардың аттарын жазып алуы керек.
Одан кейін мұғалім әлі де оқу мақсатына талпынатын оқушыларды
бақылап және қосымша сұрақтар қоюы қажет:
- Сіздер бұл туралы не ойлайсыздар?
- Сіз маған өз тобыңызда нені талқылағандарыңызды түсіндіре аласыз
ба?
Егер де оқушылар практикалық жұмыс орындаған болса, онда сұрақтар
сол тапсырмаға қатысы бар болуы керек:
- Сіздер қазір не істеп жатырсыздар?
- Сіз қалай ойлайсыз, одан кейін не болады?
- Сіз осы тапсырмада ерекше нәрсені байқадыңыз ба?
Топтық жұмыс жасау кезінде мұғалім барлық топтардың жұмысын
бақылауы тиіс. Топтағы жұмысты бақылауды және тапсырма орындауға
қатысуды қатар атқаруға болады. Жауаптарды бағалағаннан кейін мұғалім әлі
де оқу жетістіктеріне талпынатын оқушылары бар топқа қайта келіп, оларға
оқу мақсатына жету үшін тағы да бір мүмкіндік беруі керек. Осы жағдайда
оқушыларға келесілерді ұсынуға болады:
жаңа идеяны құрастыру;
екі (немесе одан көбірек) идеяны салыстыру;
идеяны бағалау;
топтағы талқылау негізінде қорытынды жасау;
18

19.

ЖОБА
сұрақтарға жауап беру.
Аталғандардың бәрі белгілі оқу мақсаттарына жетуді дәлелдеп бере
алады.
3.5 Қалыптастырушы бағалаудың нәтижелерін талдау
Қалыптастырушы бағалауды ұйымдастырудың маңызды кезеңі
оқушылардың жұмыстарының нәтижелерін талдау болып табылады. Ол
оқушының алдында тұрған өзекті мәселелерді айқындап, оларды шешу
жолында қандай іс-әрекет қажет екендігін көрсетеді. Мұғалімге бағалау
нәтижелеріне/оқыту барысындағы байқауларына талдау жасап отыруы
ұсынылады. Тексерілген жұмысты талдау төмендегілерді қамтиды:
тапсырма қиындық тудыратын оқушылар тобын анықтау;
бөлім, тақырыпты оқуда қиындық тындаған оқушыларды анықтау;
оқушылар үшін ең ауыр және мәселелелер тудыратын сұрақтарды
анықтау.
Сыныптағы барлық оқушылардың жұмыстарына талдау жүргізуі
арқылы мұғалім бөлім мен бөлімше, тақырыпты оқу барысында оқушылардың
жақсы көрсете білген тақырыптары мен оларды ары қарай жақсарту үшін неге
басым назар аудару қажет екендігін анықтайды.
Мысалы, оқушылар үш сұрақ негізінде құрастырылған тапсырманы
орындау барысында, барлық оқушылардың біркелкі екінші сұраққа жауап
бере алмағанын байқаса, мұғалім екінші сұрақты қайтадан қарап, түзетуі
қажет.
Талдау нәтижелерін қоладана отыра, мұғалім оқушымен кері байланыс
әрекетін ұйымдастырады.
4. Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау
Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау – оқу
бағдарламасындағы әр бөлімді/ тақырыпты аяқтағаннан кейін оқушының оқу
жетістігі деңгейін анықтауға бағытталып, баға мен балл қою арқылы
өткізілетін бағалау түрі. Оқушының жұмысына қойылған баға нәтижесі оның
тоқсандық бағасын қоюда ескеріледі.
Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың ұйымдық
құрылымы келесіде көрсетілген:
1. Тоқсан ішіндегі белгіленген бағалау рәсімдері.
19

20.

ЖОБА
2. Оқу бағдарламасы бөлімінің оқу мақсаттарына жеткендігі туралы
шешім қабылдау.
3. Тоқсандық баға шығарудағы нәтижелерді ескеру және тіркеу.
Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауға арналған
тапсырмалар бөлімдегі оқу мақсаттары мен бағалау критерийлеріне
сәйкестендіріліп құрастырылады. Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық
бағалау тапсырмаларының үлгілері ҚР Білім және ғылым министрлігі
бекітуімен ұсынылған жиынтық бағалаудың әдістемелік нұсқаулығында
беріледі. Әр мектеп жиынтық бағалаудың әдіс-тәсілдері мен тапсырмаларын
өз еркімен дайындай алады. Мектеп ішіндегі әдістемелік бірлестік оқу жылына
арналған, барлық бағалау түрлері, оны өткізу кезеңдері, бағалау міндеттерін
айқындайтын, бағалаудың әдіс-тәсілдері көрсетілген бағалау жоспарын
дайындауы қажет.
4.1 Бөлім/ортақ тақырып
жоспарлау және ұйымдастыру
бойынша
жиынтық
бағалауды
Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау белгілі оқу бөлімінің
соңында өткізіледі де, жаратылыстану-ғылыми пәндер мен тілдік пәндер
бойынша бөлімді; әлеуметтік-ғылыми пәндер бойынша ортақ тақырыпты
оқып, аяқтаған кезеңде өткізіледі.
Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау рәсімінің саны оқыту
топтамаларының санына негізделе анықталады:
жаратылыстану-ғылыми пәндер бойынша – бөлім санына қарай;
әлеуметтік-ғылыми пәндер бойынша – ортақ тақырыптар санына
қарай;
тілдік пәндер бойынша – сөйлеу әрекетінің түрлеріне қарай
(тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым).
Мұғалім бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауға арналған
тапсырмаларды құрастыру үшін:
оқу бағдарламасы мен жоспары, оқу мақсаттарын зерттейді;
ойлау дағдыларының деңгейлерімен сәйкестендіре отыра бағалау
критерийлерін жасайды;
тапсырмалар мен дескрипторлар құрастырады;
20

21.

ЖОБА
өткізілген жиынтық бағалау негізінде оқушының оқу деңгейлерін
анықтайды және оқу материалдарын меңгерудегі жіберілген кемшіліктерді
түзету үдерісін анықтайды.
Бөлім
Бағалау
критерийлері
Оқу мақсаттары
Ойлау
дағдыларының
деңгейлері
Бөлімше
Тапсырмалар
Балл саны
Дескрипторлар
Бөлім/ортақ тақырып бойынша берілген оқу мақсаттары мұғалімнің өз
жұмысын жоспарлау арқылы жиынтық бағалауды өткізуіне ықпалын тигізеді.
Оқу мақсаттарының мөлшері бөлімдер мен ортақ тақырыптарда белгіленген
күтілетін нәтижелерге байланысты.
2-сыныпқа арналған «Математика» пәні бойынша ұзақ мерзімді
жоспар үлгісі
І – тоқсан, 9 апта
Бөлім
1A – Бөлімі
Қостаңбалы сандар
1B – Бөлімі
Сандармен амалдар
құру
Бөлімше
1.1 Натурал және рационал сандар
4.1 Математикалық тіл және математикалық
моделдеу
1.2 сандармен амалдар жасау
4.1 Математикалық тіл және математикалық
моделдеу
1C – Бөлімі
1.3 Өлшемдер мен өлщем бірліктері
Өлшемдер мен өлщем
бірліктері
3 бөлім
Мақсаттар
саны
5 бөлімше
5
8
3
16
Мысалы, 2-сыныпқа арналған «Математика» пәні бойынша ұзақ мерзімді
жоспарда 1-тоқсанда 3 бөлім көрсетілген: 1A-Бөлімі «Қостаңбалы сандар»,
21

22.

ЖОБА
1B- Бөлімі «Сандармен амалдар құру», 1C-Бөлімі «Өлшемдер мен өлшем
бірліктері».
Әр бөлімде және бөлімшелерде берілген оқу мақсаттарының саны
әртүрлі: 1-бөлім бойынша 5 оқу мақсаты, 2-бөлім бойынша 8 оқу мақсаты, 3бөлім бойынша 3 оқу мақсаттары берілген. Оқу жоспарына сәйкес 1- тоқсанда
өткізілетін 3 жиынтық бағалау өткізу ұсынылады.
Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды жоспарлауда
мұғалім алдымен оқу мақсаттарын бағалау критерийлері мен ойлау
дағдыларының деңгейлерімен сәйкестендіреді. Мысалы, 2-сыныптағы
«Дүниетану» пәнінде берілген «Өзім туралы. Менің отбасым мен достарым»
ортақ тақырыбы бойынша 5 оқу мақсаты берілген.
2.1.1.3 Түрлі дереккөздерді зерттеу арқылы жалпыға ортақ әдеп
нормаларын анықтау;
2.1.1.1 Отбасылық мұрағат негізінде отбасы мүшелерінің ауызша
портретін құру;
2.1.1.2 Мысалдар келтіре отырып, өз отбасындағы әдеп нормаларын
түсіндіру;
2.1.1.4 Бақылау мен сұрақ-жауап арқылы тұтыну заттарына деген
отбасы қажеттіліктерінің құрылымын, олардың қайдан келетінін білу;
2.1.5.1 «Құқық» және «Жауапкершілік» ұғымдарын білу, өз өмірінен
мысалдар келтіру.
Берілген оқу мақсаттарына сәйкес бағалау критерийлері төменгі кестеде
көрсетілген (3-кесте):
3-кесте. «Өзім туралы. Менің отбасым мен достарым» ортақ
тақырыбына сәйкес бағалау критерийлері.
Тақыр
ып
Бөлімше
1.1
Отбас
ым
Менің
отбасым
Оқу
мақсаттары
(кодпен
берілген)
2.1.1.3
2.1.1.1
2.1.1.2
2.1.1.4
Ойлау
Бағалау критерийлері
дағдыларын
ың
деңгейлері
Білу
және Оқушы:
түсіну
- түрлі дереккөздерге сүйене
отыра жалпыға бірдей этикалық
нормаларды анықтайды
Білімді
- отбасылық мұрағат негізінде
қолдану
өз отбасының мүшелерінің
ауызша суреттемесін
әңгімелейді
22

23.

ЖОБА
Құқық
және
жауапкер
шілік
2.1.5.1
Анализ
- үлгілер негізінде өз
отбасының мінез құлық
ережелерін түсіндіреді
Бағалау критерийлері ретінде мұғалім белгілі ойлау дағдыларының
деңгейлеріне қатысты іс-әрекет етістіктерін қолдана алады (1 - кестені, 1–
қосымшаны қараңыз).
Қалыптастырушы бағалаудағы сияқты, жиынтық бағалау тапсырмалары
бөлім/ортақ тақырып бойынша берілген оқу мақсаттарына және бағалау
критерийлеріне сәйкес құрастырылады. Белгілі бөлім мен ортақ
тақырыптарды аяқтаған кезде оқушыларға әртүрлі тапсырмаларды ұсынуға
болады.
Мұғалім бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуде
оның тек белгілі бір кезеңдегі игерілген оқу материалын қорытындылайтынын
ескеріп, толық сабаққа жоспарламай, сабақтың белгілі бір бөлігінде ғана
өткізуі ұсынылады.
Төменде 2-сыныпқа арналған «Дүниетану» пәнінен
тақырыптар бойынша №1 жиынтық жұмысы үлгісі берілген
Ойлау
дағдылары
ның
деңгейлері
Тақырыбы:
Мен және
қоғам
Білу және түсіну
Қолдану
Дұрыс жауапты
белгілеңіз:
1. Барлық отбасы
мүшелерінде ортақ
болады:
А) есімі
В) киімі
С) тегі
D) туған күні
2. Сенің заттарыңды
кім жинау керек?
А) анаң
В) әкең
С) сен өзің
D) әжең
3. Барлық отбасы
мүшелері жиналатын
мереке:
А) сыныптасыңнын
туған күні
В) атаңның туған күні
С) анаңның
2-тапсырма:
Таңертеңгі уақытта
әр отбасында орын
алуы мүмкін
болатын диалогты
оқыңыз.
Төмендегі
анасының
ескертпесіне берген
баланың
жауаптарының
арасынан оның
әдепсіз әрі тәртіпсіз
екенін көрсететін
сөйлемдерді
анықтап, астын
сызыңыз.
-Самат, тұра ғой,
мектепке баруың
керек. Мен саған
23
Қолдану
3-тапсырма:
ортақ

24.

ЖОБА
Дескрипторл
ар
құрбысының туған күні
D) көршінің туған күні
4. Отбасы– бұл…
А) анаң мен әкең
В) бірге тұратын атаана, балалар, немерелер
мен жақын туыстардан
тұратын адамдар тобы
С) ортақ
қызығушылықтары бар
құрдас адамдар
D) бір оқу
бағдарламасымен
оқитын бастауыш
сынып оқушылары
таңғы ас дайындап
қойдым.
-Тиме маған, ұйқым
келіп тұр!
- Рақмет, қазір
тұруға тырысамын.
- Тағы да , ботқа
шығар..,
-Тұрайын деп
жатырмын, көп
рақмет!
Әр сурет бойынша
отбасындағы
адамдардың бірбіріне көрсеткен
қамқорлықтары
туралы сөйлем құрап
жазыңыз.
Дұрыс жауабын
анықтайды:
– тегі -1 балл;
– сен өзің -1 балл;
– атаңның туған күні
– 1 балл;
- бірге тұратын атаана, балалар, немерелер
мен жақын туыстардан
тұратын адамдар тобы
-1 балл.
Дұрыс жауаптарды
анықтайды:
1. Тиме маған, менің
ұйқым келіп тұр!
2. Тағы да , ботқа
шығар.
1.Олар кешті бірге
өткізеді -1 балл.
Ана баласын
тамақтандырды/
киіндірді/ құндақтады
-1 балл.
Атасы немересіне
кітап оқып берді -1
балл.
Олар отбасымен бірге
демалады -1 балл.
4 балл
2 балл
4 балл
Орындау уақыты: 20 минут
Ең жоғарғы балл: 10 б.
4.2 Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалаудың
нәтижелерін талдау
Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалаудың нәтижелеріне
мұғалім талдау жасап, осы талдау негізінде оқушылардың оқу жетістіктерінің
деңгейін анықтап, оқушыға беретін кері байланыс әрекетін жоспарлайды.
Кейбір жағдайларда мұғалім өзінің оқытуды ұйымдастыру үдерісін қайта
қарап шығып, оқушыларды оқу жетістіктеріне жетелейтін оқу мақсаттарына
сәйкес тапсырмаларды, оқытудың әдіс-тәсілдерін дұрыс ұйымдастыруы
қажет.
Орындалған жұмыстың нәтижелері оқушы үшін түсінікті болып, оның
ары қарай оқуына және алға ілгерілеуіне ынталандыра алатындай болуы тиіс.
Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау нәтижесінде
қойылған балдар оқушының оқу жетістігінің деңгейлерін (жоғарғы, орта,
24

25.

ЖОБА
төмен) анықтауға мүмкіндік береді.
Жоғарғы деңгейге сәйкес нәтиже көрсеткен оқушылар:
пәндік терминдер мен ұғымдарды тереңірек біледі және түсінеді;
күрделі тапсырмалар мен есептерді орындап, оларды кең ауқымды
жағдайларда қолдана біледі;
түрлі дереккөздерден алынған ақпаратарды жүйелеп, толық негіздеме
беріп қорытындылайды, көрсеткен нәтижелерін нақты дәлелдемелер келтіре
отырып, ретімен нақтылап орналастыра біледі;
күрделі тапсырмаларды шешу үлгілерін анықтайды, оларды ерекше
жолмен шешу баламаларын тауып, қолдана біледі;
ауқымды есептер жиынтығын оқу бағдарламасының басқа
салаларынан алған білім, білік және дағдыларды біріктіріп шеше біледі,
әртүрлі стратегияларды қолданып, алынған нәтижелердің маңыздылығына
негіздеме бере алады.
Орта деңгейге сәйкес нәтижелер көрсете білген оқушылар:
пәндік терминдер мен ұғымдарды жеткілікті деңгейде біледі;
қарапайым тапсырмаларды орындап, оларды таныс және кейбір
бейтаныс жағдайларда ұтымды қолдана біледі;
ақпаратты жүйелеп, кейбіреуіне негіздеме бере отыра, алынған
нәтижелерге дәлелдемелер келтіріп, қорытындылар жасайды;
күнделікті қолданыстағы тапсырмалардың үлгілерін анықтап, оларды
шешудің үйреншікті жолдарын анықтайды;
мөлшерленіп берілген есептер жиынтығын шешуде оқу
бағдарламасының басқа салаларынан алған білім, білік және дағдыларын
біріктіре отыра қолданады.
Төмен деңгейге сәйкес нәтижелер көрсете білген оқушылар:
пәндік терминдер мен ұғымдарды қарапайым деңгейде біледі;
тиісті нұсқаулар төңірегінде күрделі емес тапсырма түрлерін
орындайды;
түрлі ақпараттарды (кестелер, сызбалар және диаграммалар) беруде
қарапайым қорытындылар жасайды.
Жеңіл тапсырмалардың үлгілерін анықтайды.
5. Тоқсандық жиынтық бағалау үдерісі
Тоқсандық жиынтық бағалау тоқсан аяғында өткізіліп, балл және баға
қою арқылы оқушының білімі, дағдысы, түсінуі туралы дәлелдемелерін
25

26.

ЖОБА
көрсетеді.
Тоқсандық жиынтық бағалау түрлі бақылау және тексеру жұмыстарын
ұйымдастыру арқылы өткізіледі. Тоқсандық жиынтық жұмысты құрастыруда
оның білу мен түсінуді, қолдану дағдыларымен ғана шектелмей, оқушының
жоғарғы деңгейдегі ойлау қабілетін: анализ, синтез және баға беруін
анықтауға мүмкіндік беретін тапсырмаларды қамтуы маңызды екендігін
ескерген жөн.
Тоқсандық жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар үлгілері
әдістемелік нұсқаулықтарда беріледі. Дегенмен әр мектеп жиынтық бағалау
тапсырмаларын өз еркімен дайындай алады. Мұғалімге көмек ретінде
жиынтық бағалаудың тапсырмалары жинақталған базасы да қолданылуы
мүмкін.
Оқу жылының басында мектептегі әдістемелік бірлестікте оқу жылына
арналып жасалған бағалау жоспары әзірленеді. (Қараңыз: 4-бөлім. Бөлім/ортақ
тақырып бойынша бағалау үдерісі).
5.1
Тоқсандық жиынтық бағалауды жоспарлау
Тоқсандық жиынтық бағалауды жоспарлау кезінде мұғалімге оқу
бағдарламасында берілген оқу мақсаттарына шолу жасап шығу ұсынылады.
Бағалау оқу жоспарында анықталған оқу мақсаттарының меңгерілу деңгейін
анықтайды.
Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу кестесі мектеп директорының
бұйрығымен бекітіліп, оқушылар мен ата-аналарын оқу жылының басында
хабардар етеді.
Тоқсандық жиынтық бағалау бір қатардағы барлық сыныптар үшін
бірдей жағдайда ұйымдастырылады. Жиынтық бағалауды қайта орындау
(көшіріп жазу) рұқсат етілмейді.
Егер оқушы тоқсандық жиынтық бағалауға белгілі бір себептермен
қатыса алмаған жағдайда (ауырып қалуы, жақын туысқанының қайтыс болуы,
конференцияға, олимпиадаға және басқа да ғылыми жарыстарға қатысқан
жағдайда), пән бойынша орындай алмаған тоқсандық жиынтық жұмысын
мектепке келгеннен кейінгі екі апта ішінде орындауы тиіс; бұл жағдайда
тоқсандық
ішкі жиынтық бағалау жұмысының қосымша нұсқасы
қолданылады.
5.2. Тоқсандық жиынтық бағалауға арналған тапсырмаларды
26

27.

ЖОБА
құрастыру
Тоқсандық жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар бірнеше
сыныптардың бір параллеліне арналған тест спецификациясына және балл
қою кестесіне сәйкес құрастырылады. Жиынтық бағалау жұмысының түрлері
бірнешеу болады: тест тапсырмалары, сынақтар, бақылау жұмыстары,
диктант түрлері, мазмұндама, эссе және т.б. Тест спецификациясы жиынтық
бағалаудың негізгі мазмұнын көрсетеді және тапсырма құрастырудың негізі
болып табылады.
Әр пән және сынып бойынша тест спецификациясы келесі
ақпараттардан тұрады:
тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты;
бағалау критерийлеріне шолу;
тоқсанның жиынтық бағалауына шолу:
- тапсырмаларды орындаудың ұзақтығы;
- тапсырманың құрылымы;
- әр жұмысқа қойылатын балл саны;
- балды сұрақтардың түрлеріне қарай бөлу.
тапсырмалар үлгілері;
балл қою кестелерінің үлгілері;
тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу ережелері.
5.3 Жиынтық бағалауды өткізу
Тоқсандық жиынтық бағалау бақылау жұмысы ретінде берілген,
сондықтан бақылау жұмысы өтерге дейін материалдар оқушылардан қатаң
құпия түрінде сақталғаны жөн. Олар жабық шкафта, оқушылар көре
алмайтын жерде сақталуы тиіс. Тапсырмалар белгілі бір қызметкерлер кіруге
ғана мүмкіндігі бар анықталған жерде сақталады.
Жиынтық бағадауды негізінен мұғалімдер өткізеді, оқушылар
жұмыстарын
жазғанда, кабинетте тек бір мұғалім болуы мүмкін.
Мүмкіндігінше, кез келген бос мұғалім жиынтық бағалауды өткізуде
мұғалімге көмектесуі қажет, яғни көмекші бақылаушы рөлін атқарады және
ол бас-бақылаушы мұғалімнен нұсқаулық алады. Жиынтық бағалау өткізу
кезінде мұғалімдер және басқа бақылаушылар бағалауды тиісті деңгейде
және тәртіппен өткізуді мұқият бақылаулары қажет, басқа іс әрекет
27

28.

ЖОБА
жасамаулары өте маңызды (мысалы, дәптер тексеру, ноутбукте жұмыс
жасау). Бағалау кезінде барлық мұғалімдер мен қатысқан бақылаушылар
шапшаң және зейін қоятын мұғалімдер болуы керек.
Жиынтық бағалау өткізілетін кабинеттерді, мұғалімнің алдын-ала
дайындап қоюы қажет. Бұл кабинеттер оқушылардың күнделікті сабақ өтетін
кабинет болуы және қоршаған орта оқушыға таныс болуы керек. Бағалауға
кабинетті дайындағанда келесілерге назар аудару қажет:
оқушылардың қалай отыратыны, олар жеке, шусыз жұмыс
жасайтыны туралы ойлау қажет;
оқушылар бір-бірден, тақта жаққа қарап, басқа оқушылардың
жұмыстарына қарай алмайтындай болып отырулары керек. Екі партаның
арасы егер оқушылардан сұрақ және мәселе туындаса, мұғалім мен
бақылаушылар оңай өте алатындай болуы керек;
негізгі нұсқаулықтар мен уақытты көрсетіп жазатын тақта немесе
флипчарт оқушылардың алдында тұруы керек;
оқушы тапсырма орындаған кезінде көмек беретіндей кез келген
көмекші құралды немесе плакатты қабырғадан жауып қою немесе алып
тастау қажет.
Тоқсандық жиынтық өткізер алдында мұғалім оқушылардың
тапсырманы орындауға көмектесетіндей заттарды әкелмегендеріне көз
жеткізуі керек. Оқушылар өздерімен тек нұсқаулықтың ішінде жазылған
заттарды, құралдарды немесе материалдарды алып келуіне болады. Тыйым
салынған заттарды әкелу ережені бұзу болып есептелінеді.
5.4 Тоқсандық жиынтық бағалау өткізу бойынша мұғалімдерге
нұсқаулық
Оқушылар орындарына отырғаннан кейін және тоқсандық жиынтық
жұмысын орындауға дайын болғанда, мұғалім келесілерді орындау керек:
тапсырмалалар жазылған парақты төмен қаратып оқушылардың
партасына қояды және оқушылардан парақтарды аудармауын сұрайды;
оқушыларға тоқсандық бағалаудың өткізу ережесіне сәйкес өтуін
түсіндіреді;
оқушыларға бағалау өту кезінде бір-бірімен сөйлеспеуін немесе көмек
сұрамауын және басқа біреуге көмектеспеу керек екендігін естеріне салады;
басталғанға дейін оқушыларда тапсырма орындауға керекті
құралдардың бар екендігіне көз жеткізу керек. Егер де қосымша құралдар
28

29.

ЖОБА
қажет болса, мысалы:
сызғыш немесе калькулятор, олар сұрақ
кітапшаларының алдында тұруы керек;
оқушылардан тапсырмалары бар парақтарды аударып ақпаратты
толтыруын өтініңіз: оқушының аты жөні және сыныбы (мектебі)
толтырылады;
бірінші беттегі нұсқаулықты дауыстап оқып және оқушыларға
тапсырманы орындауға қаншалықты уақыт бөлінгенін айтады. Бағалау
өткізуде оқушылардың бір-бірімен сөйлеспейтіндігі туралы естеріне салу
керек. Мұғалім нұсқаулық өткізіп болғаннан кейін, жұмыс басталарға дейін
барлық сұрақтарға жауап беріп, оқушылардың түсінгеніне көз жеткізуі керек;
барлық оқушылар ести алатындай, басталу және аяқталу уақытын
тақтаға жазып және дауыстап айту керек;
бағалау кезінде оқушылардың өздерінің жеке жұмыс орындағанына
көз жеткізіңіз. Олар сөйлеспеулері және жұмысты бір-бірінен көшірмеулері
керек;
оқушылардың тапсырма орындауында оларға көмектесетіндей,
қосымша тұпнұсқалардан ақпарат алатындай мүмкіндіктері жоқ екеніне көз
жеткізіңіз (егер де осы заттар тест спецификациясында қарастырылмаса);
оқушыларға мүмкіндігінше барлық тапсырмаларды орындаудың
міндетті екендігін түсіндіру қажет;
оқушыларға дұрыс емес жауапты өшіргеннен гөрі сызып тастау
керектігін түсіндіру керек. Графикті немесе диаграмманы өшіруге және дұрыс
жауап боялып немесе асты сызылып берілсе өшіргішті қолданған дұрыс;
«Ғылымға кіріспе» және «Математика» пәндері бойынша оқушыларға
шешу жолдарын көрсетуді, содан кейін ғана жауап бағанында соңғы дұрыс
жауапты жазу керектігін түсіндіру қажет;
Бағалау кезінде, жұмыс орындау барысында мұғалім нұсқаулыққа
қатысты сұрақтарға жауап беруіне болады. Мұғалім оқушыларға жұмыс
орындауына көмектеспейді, сұрақтарды ауыстыруға немесе ақпарат алуға
көмектеспеуі тиіс.
Ішкі жиынтық бағалау кезінде мұғалім үнемі оқушыларды бақылап және
осыған көп көңіл бөлуі қажет. Қай оқушының қатысқанын немесе
қатыспағанынын белгілейді. Бағалаудың аяқталынуына 5 минут қалғаны
туралы оқушыларды хабарландырып отыру керек.
Егер де бір оқушы тапсырманы көрсетілген уақыттан ертерек аяқтаса,
оған өз жауаптарын тағы да бір рет қарап шығуын немесе жауап бермеген
сұрақтарын қайта қарап шығу мүмкіндігі беріледі. Оқушылардан жұмысты
29

30.

ЖОБА
орындау үшін берілген уақыт аяқталған соң жауап жазуын тоқтатып, партаға
каламсап/қарындаштарын қоюларын өтіну керек. Оқушылардан сұрақтар
бойынша барлық керекті ақпаратты жазғанын қарап шығуды сұраңыз.
Барлық жұмыстарды жинап алғанға дейін оқушылардың тыныш отырып
және бір-бірлерімен сөйлеспеулері маңызды.
5.5 Тоқсандық жиынтық бағалаудың нәтижелерін талдау
Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмалары балл қою кестесімен
сәйкестендіріле жасалады. Жиынтық бағалау өткізілген соң мұғалім балл қою
кестесін қолданып балл қояды.
Мұғалім барлық жауап үшін балл қойылып, нәтижелердің дұрыс
жазылғанына көз жеткізеді.
Мұғаліммен бірге оқушы да бағалау нәтижелерін оқу барысындағы оқу
жетістіктеріне жетуде қаншалықты алға ілгерілегендігін
анықтау үшін
қолдана алады. Оқу нәтижелері мен кері байланыс әрекетінің оқушыны үнемі
оқуға ынталандырып, алға жетелеп отыруы маңызды, сондықтан ол оқушыға
түсінікті тілде, оның дұрыс қорытынды шығаруына мүмкіндік беретіндей
болуы қажет.
Тоқсандық жиынтық бағалау нәтижелерін мұғалім оқушылардың оқу
бағдарламасының мазмұнын қаншалықты тиімді игергендігін және қандай
дағдылардың қалыптасқанын анықтау үшін қолдана алады. Қалыптастырушы
бағалаудағы сияқты мұғалім бұл ақпаратты оқыту үдерісін ары қарай
жоспарлауында қолдана алады.
6. Тоқсандық жиынтық бағалаудың модерациясы
Модерация
оқушының жиынтық бағалау бойынша нәтиже
қорытындысын мұғалімдердің қатысумен талқылауына байланысты үдеріс.
Модерация үдерісі бір қатардағы сыныптарда сабақ беретін мұғалімдердің
қатысуымен өткізіледі. Олар белгілі бір пән бойынша алдын ала жұмыстарды
бағалау арқылы мұғалімдердің балл қою кестесін біркелкі түсінуін
қаматамасыз етеді.
Жиынтық бағалаудың модерациясы тоқсан аяғында өткізіледі және ол
оқушылардың жиынтық бағалауының нәтижелерін талқылауға арналады.
Аталған үдерісті мұғалім бір сынып және пән бойынша бағалауды стандарттау
30

31.

ЖОБА
мақсатымен өткізеді. Модерация қорытындысы бойынша
жиынтық
бағалаудың нәтижесі өзгеруі мүмкін. Модерация үдерісінің төрағасы ретінде
пән мұғалімі немесе пән бірлестігінің жетекшісі бола алады.
Тоқсандық жиынтық бағалау бойынша модерация
Тоқсандық жиынтық бағалаудың модерациясы белгіленген тәртіп
бойынша өткізіледі. Мұғалім:
Модерацияға дейін:
• Оқушының жиынтық бағалау жұмысы балл қою кестесіне сәйкес
бағаланады
• Балдар қарындашпен қойылады.
• Жұмыс үлгілерін іріктейді.
• Оқушылардың жұмыстарының көшірмелерін немесе шифрлы
жұмыстарды дайындайды.
Модерация кезінде:
Жұмыстың нәтижесін әріптестермен бірге талқылайды және барлығы
балл қою кестесін бірдей түсінетініне көз жеткізеді.
Нәтижеге немесе балл қою кестесіне қажет жағдайда өзгерістер
енгізеді.
Жұмыс үлгісіне балды қаламмен қояды.
Хаттамаға қол қояды.
Модерациядан кейін:
• Модерация қорытындысы бойынша жиынтық жұмысын бағалауда
балдың арту не кему жағына қарай өзгеру мүмкіндігін қарастырады.
• Қорытынды балл қаламмен қойылады.
Модерация үдерісінің тиімді өтуіне маңызды шарттар ретінде
төмендегілерді ескерген дұрыс: өзара ынтымастық мәдениетін сақтау, ашық
және шынайы қарым-қатынас орнату, конструктивті түрде кері байланыс
әрекетін жасай білу және кәсіби қолдау.
7. Оқушы портфолиосы
Оқушының оқу жылы бойындағы ілгерілеуін бақылау мақсатында
31

32.

ЖОБА
мұғалім оқушының белгілі бір оқу кезеңдеріндегі орындаған жұмыстарын
сақтауы қажет. Портфолио - оқушының білім алудағы белгілі бір кезеңінде,
бір немесе бірнеше пән бойынша жетістігін, ілгерілеуін, оқудағы нәтижені
көрсететін жеке жетістіктерін мақсатты түрде жинақтау. Портфолио
оқушылардың нәтижесін бағалауда әділдікті және шынайылықты қамтамасыз
ету мақсатында жинақталады.
Портфолио мұғалімге оқушылардың бағаланатын оқу мақсаттарына
жетуін анықтауға көмектесетін және жұмыс дәптерінің, оқушылардың салған
суреттерінің, практикалық жұмыс орындау барысындағы кестелерінің, зерттеу
жұмыстарының нәтижелерінің, мұғалімнің оқушы жұмысына жазған
түсіндірмесінің дәлелінен тұрады. Оқушылардың бірнеше жұмыстары
электрондық түрде сақталуы мүмкін.
Оқушы портфолиосының құрылымы бойынша ұсыныстар:
• Титулдық парағы.
• Пән бойынша бөлгіштер.
• Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша, тоқсандық жиынтық бағалау
бойынша орындалған жұмыстар, мысалы, жазба жұмыстары, практикалық
жұмыстар, презентациялар, эссе және т.б. және бағалау критерийлері мен балл
қою кестелері.
• Күнделікті оқу үдерісі кезінде орындалған және оқу жетістігінің
нәтижесін көрсететін жұмыс үлгілері.
• Ұсыныстар, пікірлер, мұғалім тарапынан берілген кері байланыс.
• Оқушы рефлексиясы.
Портфолионың үлгісі оқушының жасы мен пәнге байланысты. Мысалы:
АҚТ мен Информатика бойынша портфолио электронды түрде болуы мүмкін
(кейде ол электронды портфолио деп аталады) және электронды тасығышта
сақталады (дискте).
8. Баға қою механизмі
32

33.

ЖОБА
Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау, тоқсандық
жиынтық бағалаудың нәтижелері электронды тіркеу журналына жазылуы
керек. Балл мен баға есебі электронды журналда автоматты түрде есептеледі.
Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау, тоқсандық
жиынтық бағалаудың электронды тіркеу журналында қойылған нәтижелері
талдау жүргізу үшін ақпарат беріп, сабақ беру практикасын жетілдіруге
мүмкіндік береді.
8.1 Баға қою механизмі
1-сыныпта тоқсандық баға тек 3 және 4-тоқсанда ғана қойылады.
Тоқсандық баға бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалаудан
тұрады. Тоқсандық жиынтық бағалау жүргізілмейді.
2-11 сыныптарда тоқсандық жиынтық бағалау бөлім/ортақ
тақырыптар бойынша жиынтық бағалау нәтижелерінің үлесінен қойылады.
Тоқсандық баға қою үшін бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық
бағалау нәтижелері белгілі бір пайыздық арақатынасында берілген.
Тоқсандық жиынтық бағалау мен бөлім/ортақ тақырыптар бойынша
жиынтық бағалау арақатынасы пән бойынша оқу бағдарламасына сәйкес
бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың өткізілген санына
байланысты. Жиынтық бағалаудың әдістемелік нұсқпулығында бөлім/ортақ
тақырыптар бойынша жиынтық бағалау саны мен жиынтық бағалау
арақатынасы көрсетіледі.
Төменде 3-сыныпқа арналған «Дүниетану» пәні бойынша 1-тоқсанның
жиынтық бағалауы нәтижесін есептеу мысалы берілген. 1-тоқсанда оқу
бағдарламасында берілген 3-бөлімге сәйкес тоқсандық жиынтық бағалау мен
бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау арақатынасы көрсетілген:
Жиынтық бағалау (ЖБ)
Үлес салмағы
Бөлім/тақырып ЖБ 1
15%
Бөлім/тақырып ЖБ 2
15%
Бөлім/тақырып ЖБ 3
20%
Тоқсандық ЖБ
50%
Тоқсандық баға:
100%
33

34.

ЖОБА
3-сыныпқа арналған «Дүниетану» пәнінен 1-тоқсан
оқушының жиынтық бағалауының нәтижелері

ЖБ
Оқушы
балы
1
2
3
4
Бөлім б-ша ЖБ 1
Бөлім б-ша ЖБ 2
Бөлім б-ша ЖБ 3
Тоқсандық ЖБ
7
8
4
15
Ең
жоғ.балл
10
10
12
20
Оқушы
балы
15%
2,1
15%
2,4
20%
1,3
50%
7,5
Барлығы: 13,3
%
бойынша
Ең
жоғ.балл
3
3
4
10
20
Тоқсандық бағаны есептеу үшін бөлім/ортақ тақырып бойынша және
тоқсандық жиынтық бағалау балдарын қосу қажет.
2,1+2,4+1,3+7,5 = 13,3
Оқушының жалпы балл саны-13,3 из 20, бағалаудың 66,5% құрайды.
Балды бағаға айналдыру шкаласына сәйкес оқушының тоқсандық
бағасы шығарылады.
Балды бағаға айналдыру шкаласы
(бастауыш сыныптар мен негізгі мектепке
арналған)
"1"
0-20%
"2"
21%-40%
"3"
41%-60%
"4"
61%-80%
"5"
81%-100%
Берілген шкалаға сәйкес 66,5% - «4» бағасы.
3-сыныптағы оқушының «Дүниетану» пәнінен алған тоқсандық бағасы
«4» болып есептеледі.
8.2 Жылдық баға қою
34

35.

ЖОБА
Жылдық баға төрт тоқсан бойынша жиынтық бағалау нәтижелерінен
тұрады. Оқушының жылдық бағасы оқушының төрт тоқсанда пән бойынша
көрсеткен нәтижелерінен тұрады ( 1 – сыныпта - тек 3-4 – тоқсан бойынша).
Бағалауда төрт тоқсандағы балл сандары қосындысы есепке алынады.
Төменде мысал ретінде 3-сыныпта «Дүниетану» пәнінен жылдық
бағаның есептелінуі көрсетілген.
3-сынып оқушысының «Дүниетану» пәні бойынша 1-4 тоқсан
аралығындағы нәтижелері.

1
2
3
4
ЖБ
Оқушы
балл
саны
13,3
1 - тоқсан
16
2 - тоқсан
24
2 - тоқсан
15
2 - тоқсан
Итого: 68,3
Ең жоғ.
балл
20
20
30
20
90
Жылдық баға 1-4 тоқсан балл сандарының қосындысынан тұрады.
13,3+16+24+15 = 68,3
Оқушының жалпы балл саны – 68,3 из 90, 75,9% - ды құрастырады.
Балды бағаға айналдыру шкаласына сәйкес жылдық баға шығарылады.
Балды бағаға айналдыру шкаласы
(бастауыш сыныптар мен негізгі мектепке
арналған)
1
0-20%
2
21%-40%
3
41%-60%
4
61%-80%
5
81%-100%
Берілген шкалаға сәйкес 75,9% - «4» бағасы.
35

36.

ЖОБА
3-сыныптағы оқушының «Дүниетану» пәнінен алған жылдық бағасы
«4» болып есептеледі.
36

37.

ЖОБА
Қосымша 1
Жалпы білім беретін
мектептердің мұғалімдеріне арналған
критериалды бағалау бойынша басшылық
Блум таксономиясы (қолданылатын етістіктер)
Кесте әр деңгейдің, сондай-ақ, мұғалімнің және оқушының тарапынан біліктілігіне сәйкес жүзеге асыратын
әрекеттердің спецификациясын сипаттайды.
Деңгейі
Анықтамасы
Мұғалім не істейді? Оқушы не істейді?
Білу
Ақпаратты анықтау
және іріктеу
Ұсынылған
ақпаратты түсіну;
мәселелерді өз
сөзімен
тұжырымдау
Жаңа жағдайдағы
түсінікті қолдану
Айтады, көрсетеді,
бағыттайды
Салыстырады,
қарсы шығады,
көрсетеді
Қабылдайды, есінде
сақтайды, таниды
Түсіндіреді, қайта
жасайды, көрсетеді
Қадағалайды,
көмектеседі,
сынайды
Мәселелерді
шешеді, білімін
көрсетеді
Қолданыңыз, есептеңіз, өзгертіңіз, таңдаңыз,
жіктеңіз, аяқтаңыз, көрсетіңіз, табыңыз, сахналаңыз,
әрекет етіңіз, зерттеңіз, эксперимент жүргізіңіз,
суреттермен спаттаңыз, түсіндіріңіз, түрлендіріңіз,
пайдаланыңыз, жаттығыңыз, сәйкестендіріңіз,
жоспарлаңыз, таныстырыңыз, нобайын жасаңыз,
шешіңіз, қолданыңыз
Ақпараттарды
қатысты бөлімдерге
бөлу
Бағыттайды,
зерттейді,
ақпараттандыра ды
Бөлімдерге бөледі,
талқылайды, ашып
көрсетеді
Талдаңыз, бағалаңыз, топтастырыңыз, есептеңіз,
тиянақтаңыз, жіктеңіз, салыстырыңыз,
байланыстырыңыз, қарсы қойыңыз, сынға алыңыз,
талқылаңыз, саралаңыз, ерекшелеңіз, бөліңіз,
зерттеңіз, эксперимент жүргізіңіз, түсіндіріңіз,
Түсіну
Қолдану
Анализ
37
Оқушы талабына қарай қандай түйінді сөздер
қолданылады?
Атап өтіңіз, есте сақтаңыз, атаңыз
Талқылаңыз, анықтаңыз, әңгімелеңіз

38.

ЖОБА
Деңгейі
Анықтамасы
Мұғалім не істейді? Оқушы не істейді?
Оқушы талабына қарай қандай түйінді сөздер
қолданылады?
жасаңыз, реттеңіз, күмән келтіріңіз, сәйкестендіріңіз,
таңдаңыз, бөлшектеңіз, тексеріңіз
Синтез
Ақпараттарды
құрастыру
Жинақтайды,
бағалайды,
пайымдайды
Бағалау
Критерийлер
негізінде бағалау
Нақтылайды,
Пікірлеседі,
жібереді, теңестіреді бағалайды,
таңдайды
Топтастырыңыз, жинақтаңыз, құрастырыңыз,
қосыңыз, құраңыз, жұмыс жасаңыз, тұжырымдаңыз,
жинақтаңыз, біріктіріңіз, ойлап табыңыз,
түрлендіріңіз, ұйымдастырыңыз, жоспарлаңыз,
дайындаңыз, ұсыныңыз, қайта топтастырыңыз, қайта
жазыңыз, құрыңыз, ауыстырыңыз
Дәлеледеңіз, таңдаңыз, салыстырыңыз, қорытынды
жасаңыз, сендіріңіз, шешіңіз, негіздеңіз,
түсіндіріңіз, өлшеңіз, болжаңыз, бейімдеңіз, қайта
ұсыныңыз, бөліп көрсетіңіз, есептеңіз, қолдаңыз,
тексеріңіз, бағалаңыз
Жинақтайды,
тұжырымдайды,
жоспарлайды
38
English     Русский Rules