10.80M
Category: historyhistory

ХVI ғасырдың 20 - 30 жылдары Қазақ хандығында саяси ахуал туады

1.

@alish_tarih
ARYSTAN ONLINE ACADEMY

2.

ХVI ғасырдың 20–30 жылдары Қазақ
хандығында саяси ахуал туады.
Қазақ билеушiлерiне қарсы моғол және өзбек
хандарының одағы қалыптасты. Олар қазақ
даласына шапқан.
Қазақ хандығының билеушiлерi өзбектерден,
ноғайлардан, моғолдар мен ой раттардан
бiрнеше рет iрi жеңiлiске ұшырады.
Сұлтандар таққа таласып бірін бірі ауыстырып
отырды.
@alish_tarih

3.

Мамаш хан – билік құрған жылдары 1518-1523 жж.
Қасым ханның үлкен ұлы.
Бұл ханның тұсында Қазақ хандығының батыс
жақтағы иеліктерін Ноғай Ордасы басып алады.
Мамаш хан орыс патшасы – III
Василий Ивановичпен елшілік алмасқан.
III Василий Иванович
@alish_tarih

4.

Тахир хан – билік құрған жылдары 1523-1533 жж.
Әдік сұлтанның үлкен ұлы.
Бұл ханның тұсында қазақ хандығының әлсіреуі жалғасады.
Ол көптеген соғыстар жүргізіп көбінде жеңіліске ұшыраған.
Қалмақтар мен қазақтар дәл осы ханның тұсында соғыс
қимылдарын жүргізе бастайды.
Тахир ханды оның әділетсіздігі үшін өз халқы тастап
кетеді.
Ол өмірінің соңын қырғыз халқы арасында, кедейлікте
өткізеді.

5.

Бұйдаш хан – билік құрған жылдары 1533-1538 жж.
Әдік сұлтанның екінші ұлы.
Осы жылдары қазақ хандығында екі хан билік құрды.
Мемлекетте ауызбіршілік болмағандықтан,
олар Моғолстан және Шайбанилерге бірнеше
соғысты жеңіліп қалды.
@alish_tarih

6.

Тоғым хан – билік құрған жылдары 1533-1537 жж.
Жәдік сұлтанның ұлы, Жәнібектің немересі.
Тоғым хан Бұйдаш ханмен бір уақытта хандықты
басқарып, билік үшін күрескен.
Мемлекет өте қатты әлсіреп құлдырау шегінде
болған.

7.

@alish_tarih
ARYSTAN ONLINE ACADEMY

8.

1538-1580 жж Хақназар хан – билік құрды.
Қасым ханның ұлы және Қазақ хандығын ең ұзақ уақыт
бойы билеген билеуші.
Хақназар – Тахир және Бұйдаш хандардың билігі кезінде,
Ноғай мырзаларында тәрбиелікте болған.
1538 ж. Хақназар – Қазақ хандығының тағына отырады.
Осы кезден бастап мемлекет біртіндеп жоғалтқан
жерлерін қайтарып, гүлдей бастайды.
@alish_tarih

9.

ХVI ғасырдың 50-жылдары Ноғай Ордасы әлсiрей
бастады.
Маңғыт мырзаларының бiр бөлiгi орыс бодандығын
қабылдағысы келсе, енді бiр тобы қазақтарға қосылуды
қалады.
Хақназар ХVI ғасырдың 60–70-жылдары Ноғай
Ордасына қарсы жорықтар жасады.
Нәтижесінде сол мемлекеттің бірәз бөлігі – Қазақ
хандығының құрамына өтіп, Мәскеу кінәздігімен Қазақ
хандығының шекарасы түйіседі.
1560 жылдары қазақтар – Абд-Ар Рашид хан бастаған
Моғолстан мемлекетімен соғыс жүргізіп, Жетісу жеріндегі
Шу, Талас өзендерінің бойын өзіне қаратады.
@alish_tarih

10.

Хақназар хан Мәскеу билеушiсi Иван
Грозный мен елшілік қарым-қатынас орнатты.
1569-1573 жылдары орыс билеушісі – Иван
Грозный - Хақназар ханға, Семен Мальцев
және Третьяк Чебуков бастаған елшілерді
жібереді.
Одан бөлек 1558-1559 жылдары қазақ
даласына ағылшын көпесі – Энтони Дженкинс
келіп қазақтар туралы мәлімет қалдырды.
Осы уақытта Хақназарды Ноғай, Башқұрт және
кейбір Қырғыз рулары хан ретінде таныған.
Иван Васильевич Грозный
@alish_tarih

11.

16 ғ. 70 жылдары Хақназар хан оңтүстіктегі
шекарасын нығайту үшін, Бұхар билеушісі – ІІ
Абдаллах пен ант беріскен шарт жасасады.
Кейін Бұхар тағына таласушылардың бірі – Баба
сұлтанмен де келісімге келеді.
1579 ж. Абдаллах пен – Баба сұлтанның арасында
ашық күрес басталғанда, Хақназар – Абдаллахты
қолдайды.
Баба сұлтан осы жағдайды сатқындық деп Хақназар
ханға адамдарын жіберіп өлтіреді.
Нәтижесінде Хақназар да, оның балалары да Баба
сұлтанның әскерінің қолынан қаза табады.
Бұхар хандығы
@alish_tarih

12.

@alish_tarih
ARYSTAN ONLINE ACADEMY

13.

• Хақназардың өліміне байланысты, Қазақ хандығының
тағына – Жәнібектің 80 жастағы немере інісі Шығай –
отырады.
• Ол 1580-1582 ж. аралығында билік құрды.
• Өз билігі кезінде Бұхар хандығына арқа сүйеп, Баба
сұлтанға қарсы күрескен.
• Ақыры 1582 ж. жорықтардың бірінде қаза табады.
@alish_tarih

14.

Тәуекел хан – билік құрған жылдары 1582-1598жж.
Шығай ханның ұлы.
Әкесі Шығайдың өлімінен кейін Қазақ хандығының тағына
отырды.
1582 ж. Баба сұлтанды жеңіп, басын Бұхар билеушісі
Абдаллах ханға сыйға тартады.
Сол үшін Абдаллах Қазақ хандығына – Африкент үәлаятын
береді. Бұл Самарқанд өңіріндегі бай аймақ еді.
@alish_tarih

15.

@alish_tarih
1583 ж. Абдаллах хан Тәуекелдің қолымен өзінің
саяси қарсыластарын жояды.
Сол үшін Түркістан өңіріндегі бірнеше қаланы
Қазақ ханына беруге тиіс болған.
Бірақ ол сөзінде тұрмағандықтан, Тәуекел хан
Абдаллах пен ант беріскен шартты бұзып Сауран,
Отырар, Сайрам сияқты қалаларды соғыспен
қайтарып алады.
Ал қазақ-өзбек қатынастары қатты шиеленіседі.
Одан бөлек Тәуекел – моғол, ойрат және сібір
ханы Көшіммен соғысқан.

16.

1594 ж. Тәуекел Мәскеуге өз елшісі – Құл-Мұхамедті
жіберді.
Бұл елшіліктің мақсаты, Орыс патшасы – Федормен
дипломатиялық байланыс орнату, орыстардан отты
қару сұрау және орыстарда тұтқында болған інісі –
Ораз Мұхамед пен Қадырғали Жалаириді қайтару
болды.
1595 ж. Тәуекелге жауап ретінде, Федор патша өз
елшісі – Веньямин Степановты жібереді.
Сөйтіп екі ел, 16 ғ. 90 жылдары өзара елшілік
алмасады.
Федор
@alish_tarih

17.

1597 ж. Тәуекел Ташкент түбінде Абдаллахтың
әскерін талқандап, қаланы басып алады.
1598 ж. ол Мәуереннахрға баса көктеп кіріп
Самарқанд қаласын бағындырады.
Осы жеңістен кейін 80 мың әскерімен Бұхара
қаласына жорық жасаған.
Бірақ саны аз Бұқарлықтар қазақ әскерін жеңіп
шығады.
Бұхара қаласы
@alish_tarih
Осы соғыста Абдаллах та Тәуекел де қаза тапты.

18.

Бұл ханның беделі Орта Азияда өте жоғары болған.
Оның билігі қазақтардан басқа – Моғолстанға,
Қалмақтарға және Қарақалпақтарға да өткен.
Соңғыларына өз ұлдарының бірін басшы қылып
қойса, Қалмақтарға інісі – Шахмұхамедті билеуші
етіп жариялаған.
Тәуекел хан ел есінде тек қана батыр болып қалмай,
білімді және діндәр адам ретінде қалған.
Ол – Сыр бойындағы қалаларда мешіт және
медреселер салдырды.
Парсы тілін жетік біліп, сол тілде өлеңдер жазған.
@alish_tarih

19.

@alish_tarih
English     Русский Rules