Similar presentations:
Облигация (лат. oblіgatіo – міндеттеме) – бағалы қағаз
1. Облигация
ОБЛИГАЦИЯОрындаған; Төлеген Ақжол
2.
Облигация (лат. oblіgatіo – міндеттеме) – бағалы қағаз.Облигация дегеніміз белгілі бір соманы қарызға алып
жатқан эминент (мемлекет немесе компания)
пен инвестордың келісімшартқа отыру барысында қолданылатын
бағалы қағаз. Келісімшарт бойынша мезгіл сайын эминент
облигация йемденушісіне пайыз түрінде пайда әкеліп отыруға,
сонымен қатар облигация құнын атаулы мерзімге дейін өтеуге
міндетті. Әдетте, облигацияларды мемлекет, жергілікті билік
органдары немесе компаниялар қаржы тарту мақсатында
шығарады.
3.
Облигациялардың шығутарихы және әлемге таралуы
XVI-XVII ғасырлардан
басталады. Бірінші
облигациялар қарыз
алушының (эминент) белгілі
бір уақыт кезеңінде қарызын
өтеуде, сондай-ақ ақшаны
пайдаланғаны үшін қосымша
сыйақы төлеуде
қолданылатын.
Облигациялар алғашында
табысы төмен және бүкіл
шарттары алдын ала
белгіленген қаржы құралдың
бір түрі болып саналатын.
4.
Тарихи деректер бойынша, облигациялардыңхалықаралық қаржы сахнасында пайда болуы
шіркеудің өсімқорлыққа қарсы күресімен
байланысты. XVI ғасырдың ортасында Францияда
шіркеу қудалауынан құтылу мақсатында
кредиторлар ақшаны қарызға облигация жүзінде
беріп, өз іс-әрекеттерін табыс ағынын сатып
алу/сату деген атпен ақтаған. Ал XVI ғасырда
Голландияда пайда болған облигациялар,
өсімқорлықпен айналысатын адамдарға
альтернатива ретінде қолданылған. Облигация
шығаратын бизнес иелерінің пайымдауынша, олар
облигация йемденушілеріне «кредиттік пайызды»
емес, «пайданың пайызын» төлейтін.
5.
ТүрлеріОблигациялар қолданыс мерзіміне, пайыздық пайдасына, және шығу
тегіне байланысты бірнеше түрге бөлінеді. Инвесторға әкелетін пайыздық
пайдасына байланысты облигация екі түрлі болады:
Тұрақты пайызды облигациялар – алдын ала қойылған мерзім ішінде
пайыздық пайда өзгермейтін облигация түрі. Бұл жағдайда, инвестор
табысы екі компоненттен тұруы мүмкін: біріншіден, облигациялар
шығарушы компания жылдық пайыздық мөлшер көлемі бойынша жылына
бір немесе екі рет төлемдер жасауға келіседі. Бұл табыс купон немесе
купондық пайда деп аталады. Екіншіден, инвестордың табысы
облигацияны сатып алған баға мен оның номиналды құны арасындағы
айырымнан жиналуы мүмкін. Бұл баға айырымын дисконт деп, ал
әкелетін табысты дисконтты деп атайды.
Өзгермелі пайызды облигациялар - пайыздық табыс түрлі
макроэкономикалық факторларға байланысты өзгеретін облигация түрі.
Әдетте, облигацияның бұл түрі инвесторлар мен компания-қарыз
алушыларға нарықтық жағдайлар өзгерген кезде пайда болуы мүмкін
қаржылық тәуекелдерді азайтуға мүмкіндік береді. Мысалы, егер
корпоративтік облигациялар мөлшерлемесі Лондондық банкаралық
ұсыныс ставкасына байланған болса, онда облигациялардың өзгермелі
пайыздық табысы LIBOR бойынша есептеледі, яғни Лондонда орналасқан
16 бірінші дәрежелі банктердің орташа пайыздық мөлшерлемесімен
анықталады
6.
Ал шығу тегіне байланысты облигациялар екі түрлі болуы мүмкін:Корпоративтік облигациялар – акционерлік қоғамдармен шығарылатын
тәуекелі жоғары облигация түрі. Корпоративтік облигациялардың
пайыздық табыс әкелу мөлшері эмитенттің облигациялар сенімділігіне
байланысты 8-ден 18% -ға дейін өзгереді. Нарықтықта табыстылығы
мен тәуекелдіктің деңгейі әртүрлі облигациялар кездеседі және
солардың ішінен инвестор өзіне қалайтынын сатып ала алады. Мысалы,
ірі компаниялардың облигацияларының купондық төлемдер өте төмен
бірақ олардың сенімділігі жоғары болады. Ал жоғары пайыздық
төлемдермен шығарылатын облигациялар әдетте кішігірім сенімсіз
компаниялармен сатылады. Алайда нарыққа бағалы қағаздарын енді
шығарып жатқан жаңа компаниялар да пайыздық табысты жоғары
қылып қояды.
АҚШ Облигациялары
Ресей көмір өңдеу өнеркәсіп қоғамының облигациясы.
Муниципалдық және мемлекеттік облигациялар – тиісінше жергілікті
билікпен және мемлекетпен шығарылатын тәуекелі төмен облигация
түрі. Мемлекеттік облигациялар төмен пайыздық табысына байланысты
инвесторлар арасында қатты қызығушылық тудырмайды.
Мысалы, Ресей мемлекеттік облигациялары шамамен жылына 8%
пайыздық пайда әкеле алады. Орташа жылдық инфляцияның 8% екенін
ескере отырсақ, облигация йемденушіге ешқандай пайда алып келмейді
десе де болады.
7.
Облигациялар қолданыс мерзімі тұрғысынан қысқа,орта және ұзақ мерзімді деп бөлінеді. Мерзімнің
ұзақтығы облигация шығаратын елге байланысты
әртүрлі болуы мүмкін. Әдетте, қысқа мерзімді
облигациялар бір немесе екі жылға шығарған
бағалы қағаздар болып табылады. Ал орта мерзімді
және ұзақ мерзімді болса, бес жылдан жеті жылға
дейін және тиісінше жеті жылдан астам болады.
8.
Қазақстандағы облигация нарығыҚазақстан нарығында облигациялар кеңінен таралмаған. Құнды
қағаздардың артықшылықтары несиеге қарағанда көбірек болса да, банк
мекемелері және қарапайым халықтың өзі көбінде несиені басты қаржы
құрал ретінде қарастырады. Облигациялардың уақытында төленетініне,
әрі қолдан-қолға қайта сатуға болатынына қарамастан қаржы
мекемелерінің көбісі (ұлттық банктен басқа) облигациялармен сирек
жұмыс істейді. Ал батыс елдері болса, облигациялардың
артықшылықтарын жақсы пайдалана отырып, қарапайым адамдарға
сатады. Дегенмен, Bloomberg ақпараттық жүйесін сүйенсек, халықаралық
нарықта 540 қазақстандық облигациялар өнімін кездеседі: 97 өнім –
валюталық (көбіне долларлық), 80 өнімге жуығы – инвестицияық
класстағы облигациялар. Олар «Самұрық-Энерго», «ҚазМұнайГаз» ҰҚ,
Сбербанк облигациялары, БРК, «Қазақстан Темір Жолы», «СамұрықҚазына» Қазақстан иптекалық компаниясы, «Қазақстан инжиниринг»
және тағы басқа ірі компаниялар.
Облигацияны йемдену үшін акция тәрізді биржаға қатысып брокердің
көмегімен сатып алу керек. Ереже бойынша, облигация нарығында белгілі
бір қаражат лимиті бар. Қазақстанда көбінесе акциямен жұмыс істейді,
сондықтан облигациямен сауда жүргізу туралы ақпарат аз және сатып алу
кеңінен таралмаған.
Бағалы қағаздар нарығының көрсеткіштері бойынша, Қазақстанның
мемлекеттік облигацияларының долларлық табыстылығы 2020 жылға
дейін өтеу мерзімімен орта есеппен 4%, теңге табыстылығы – 7%, 2025
жылға дейін өтеу мерзімімен долларлық – 5,5, теңгелік – 6,2 %.