Жүктілік уақытына байланысты дәрілік препараттарды тағайындау
Жоспар
Кіріспе
Жүктілік және дәрілік препараттар
Критикалық кезеңдер
Жүктіліктің мерзіміне байланысты ДП-ды қолдану ерекшеліктері
Ұрыққа әсер ететін ДП – ды қауіп факторы бойынша бөліп қарастыру. (FDA (Federal Drug Administration)) бойынша, 1989ж
Гормональды препараттар
Қорытынды
Кері байланыс
Пайдаланған әдебиеттер
506.78K
Category: medicinemedicine

Жүктілік уақытына байланысты дәрілік препараттарды тағайындау

1. Жүктілік уақытына байланысты дәрілік препараттарды тағайындау

С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА
УНИВЕРСИТЕТІ
КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ
МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ
С.Д.АСФЕНДИЯРОВА
ЖҮКТІЛІК УАҚЫТЫНА
БАЙЛАНЫСТЫ ДӘРІЛІК
ПРЕПАРАТТАРДЫ
ТАҒАЙЫНДАУ
602-2 К
Ә У Е Л Б Е К О ВА А Й С Ұ Л У

2. Жоспар

ЖОСПАР
Кіріспе
Негізгі бөлім
Жүктілік және дәрілік препараттар
Дәрілік препараттарды категориялары бойынша бөлу
Қорытынды
Кері байланыс
Пайдаланған әдебиеттер

3. Кіріспе

КІРІСПЕ
• Соңғы жылдары дәрілік препараттардың саны
күрт өсіп, соған байланысты фармакотерапияда
тіркелген жанама әсерлердің де саны өсуде. ДПдың фармакотерапиялық мақсатта әртүрлі жасқа
және физиологиялық кезеңдерге де байланысты
қолданудың ерекшеліктері аса қызығушылықпен
зерттелу барысында.
• Жүкті немесе болашақта жүкті болатын
әйелдердің мұндай зерттеулерге қатысуы
этикалық комитеттің қатаң түрде бақылауында
болуы тиіс, себебі 3 - жақ, яғни зерттеуге
қатысатын, бірақ өз келісімін бере алмайтын
іштегі нәресте максимальды түрде қауіп қатерден
қорғалуы тиіс. Жүкті әйел зерттеудің субьектісі
бола алады, тек қана зерттеу мақсаты ана мен
баланың денсаулығына ешқандай зиян
келтірмеген жағдайда.

4. Жүктілік және дәрілік препараттар

ЖҮКТІЛІК ЖӘНЕ ДӘРІЛІК ПРЕПАРАТТАР
• Жүктілік барысында қабылдаған дәрілік препараттардың жанама
әсері қазіргі кезде жаңа туылған нәрестелердің 1\3 анықталған.
Тәжірибеде кез келген дәрілік препарат іштегі нәрестеге жағымсыз
әсер көрсетуі мүмкін, сол себебпті жүктілілердің фармакотерапиясы
қатаң әрі нақты негізделуі тиіс.
1940 жылдардың басында дейін нәрестелередегі туа пайда болған
ақаулар тек қана тұқым қуалау жолымен ғана беріледі деп ойлап
келген, алайда 1941 жылы Н.Грегг 1 триместрде анасының
қызамықпен ауырғаннан кейін әртүрлі ақаулардың дамығанын
дәлілдеп берді. Осы факт сыртқы орта факторларының эмбрионның
дамуына тікелей әсер ететінінін анықтады. 1961 жылы W.Lenz
жүктілік кезінде қабылдаған седативті прапарат талидомидті
қолданғаннан кейін аяқ-қол даму ақауларының пайда болуын
анықтаған соң, дәрілік препараттардың плацентадан өтіп, олардың
тератогенді әсерінің бар екенін дәлелдеді.

5.

• Қазіргі таңда 62% әйелдер жүктілік
барысында кем дегенде бір дәрілік
препарат қабылдайды. 15% жуық
әйелдер жүктіліктің алғашқы 6 айында
дәрілік препарат қабылдап, оның
ішінде 75% – 3 тен 10 ға дейінгі
препараттар. Дәрігерге қаралуға
келгенде 38 % жүкті әйелдерге дәрілік
препараттар тағайындайды.
Жүктіліреге тағайындалатын дәрілік
препараттардың ішінде алғашқы
орынды дәрумендер, одан кейін
полидәрумендер, антимикробты
препараттар, анальгетиктер,
дерматологилық және астмаға карсы
препараттар алады.

6. Критикалық кезеңдер

КРИТИКАЛЫҚ КЕЗЕҢДЕР
Жүктілік барысында дәрілік препараттарға эмбрион
мен іштегі нәрестенің аса сезімтал болып келетін 3
критикалық кезіңін бөліп қарастырады:
• • I критикалық кезең (эмбрионның зат алмасу
процесі жоғарылайтын алғашқы жүктіліктің 2
аптасы ) – дәрілік препараттың эмбрион өліміне
және түсік тастау қаупіне алып келетін тератогенді
әсері.
• II критикалық кезең ( органогенез уақыты
жүктіліктің 3–8 апталары ) – ұрықтың даму ақауына
және өліміне алып келетін токсикалық және
тератогенді әсері.
• III критикалық кезең (18–22-ші апталар ) – бас
миының биоэлектрлік активтелуіне, перифериялық
жүйке жүйесінің дамуына, гемопоэзге, эндокринді
бездердің жұмысының өзгеруіне айтарлықтай
өзгерістер алып келеді; андрогендердің әсерінен әйел
жынысты нәрестенің жыныстық жетілуінің
дамуындағы ақаулары дамиды.

7. Жүктіліктің мерзіміне байланысты ДП-ды қолдану ерекшеліктері

ЖҮКТІЛІКТІҢ МЕРЗІМІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ
ДП-ДЫ ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
• Дәрілік препараттардың
фармакокинетикалық ерекшеліктері
жүкті әйелмен қатар іштегі нәрестеге
ең жоғары жанама әсер көрсететін
уақыты жүктіліктің соңғы триместрі
деуге болады.
• Жүктілердегі гипоальбуминемия
препараттардың қандағы бос активті
фракциларының жоғарылауына алып
келеді. Бірақта, көптеген дәрілік
заттардың пиктік концентрациясы
организмдегі сұйықтықтың жалпы
көлемінің ұлғаюының есебінен
төмендейді.

8.

• Жүктілік кезінде бүйректегі қан айналым 2 есе жоғарылап,
шумақтық фильтрация жылдамдығы – 70% жоғарылайды,
сондықтан несеппен бірге дәрілік заттардың жартылай
шығарылуы төмендейді. рН – тің жоғарылуы ( 7,0 көп)
байқалып, ДП ионизация деңгейінің және де олардың
бүйректік каналдарда реабсорбциясының өзгеруіне алып
келеді.
• ДП метаболизмі жүктіліктің мерзіміне қарай, бауыр
ферменттерінің активтілігіне әсер етеін стероидты
гормондардың мөлшеріне қарай өзгеріп отырады.
Жүктіліктің ортасында яғни 2-ші триместрде, прогестерон және
оның метаболттерінің деңгейінің жоғары болуына байланысты
метаболизмнің төмендеуі (угнетение) байқалады.
• Керісінше жүктіліктің соңғы мерізімінде 6-b-гидрокортизолдың
деңгейі жоғарылап, бауырдағы макросомальды тотығу жүйесі
активтелуі мүмкін.
• Сонымен жүктіліктің әртүрлі кезеңінде метаболзим бірде
жоғарылап, бірде төмендеп отыруы мүмкін, ол кезегінде ДП
ағзадағы метаболизімне әсер етеді.

9.

• Асқазанның перистальтикасы мен асқазан сөлінің
секрециясының төмендеуі ДП-ы ішке қабылдағанда сіңірілуінің
төмендеуіне және де қандағы пиктік концентрациясының
азаюына алып келеді. Соңғы триместрде жатырдың көлемінің
үлкеюі жамбас қуысының веналары мен төменгі қуыс венадағы
қан ағысына кедергі жасап, тік ішектегі қан ағыстың қан
ағысына да кедергі келтіреді. Соның салдарынан тік ішекке
қолданатын дәрілік препараттың да сіңірлуі төмендейді.
Жүктілік салдарынан шелмай қабатының қалыңдауы байқалып,
ДП – ды тері астылық енгізуде препараттардың
абсорбциясының бұзылысы да көрініс береді.
• Жүрек қан тамыр жүйесіндегі өзгерістердің салдарынан ДП
терапевтикалық концентрациясына қол жеткізу үшін бастапқы
дозаны өзгертуіміз мүмкін.

10. Ұрыққа әсер ететін ДП – ды қауіп факторы бойынша бөліп қарастыру. (FDA (Federal Drug Administration)) бойынша, 1989ж

ҰРЫҚҚА ӘСЕР ЕТЕТІН ДП – ДЫ ҚАУІП ФАКТОРЫ
БОЙЫНША БӨЛІП ҚАРАСТЫРУ. (FDA (FEDERAL DRUG
ADMINISTRATION)) БОЙЫНША, 1989Ж
категория A: жүктіліктің барлық мерзімінде ұрыққа ешқандай зияны жоқ;
• Темір препараттары, поливитаминдер,
• трийодтиронин
категория B: эксперименттік зерттеулер ешқандай тератогенді әсер
көрсетпеген.
инсулин, аспирин, метронидазол
категория C: препарттардың жануарларда тератогенді және
эмбриотоксикалық әсері байқалған, бақыланатын зерттеулер
жүргізілмеген, немсе препарттардың әсері адамдарда зерттелмеген
изониазид, фторхинолоны, гентамицин, противопаркинсонические
препараты, антидепрессанттар
категория D: бұл препараттарды қолдану ұрыққа белгілі бір қауіп
төндіреді, бірақ оларды қолданудағы пайдасы көрсетілетін жанама ісерді
баса алады,
• диазепам, доксициклин, канамицин, диклофенак
категория X: тератогенді әсері айқан препараттар, бұларды жүктілікке
дейін және жүктілік барысында да қолдануға тиым салынғандар,
• изотретиноин, карбамазепин, стрептомицин

11.

Антибиотиктер
• Тетрациклиннің үлкен дозалары, әсіресе соңғы
триместрде, парентерлаьды енгізгенде ұрықта жедел
бауырдың сарғаюлық дистрофиясын туғызады.
Тетрацикиннің аз дозасын жүктіліктің соңғы уакытында
қабылдаудың өзінде балада тіс эмальының сарғаюы және
де сүйектену процесінің бұзылысы анықталады.
• Жүктіліктің соңғы триместрінде сульфаниламидтерді
тағайындауға тиым салынады, себебі, ол плазмадағы
белокпен байланысып, биллирубинді ығыстырып,
сарғаюдың себебі болуы мүмкін. Ко-тримоксазол
анасында да және балада да фолий қышұылының
алмасуының бұзылысына алып келеді.

12. Гормональды препараттар

ГОРМОНАЛЬДЫ ПРЕПАРАТТАР
• Жүктіліктің 8-17 апталарында диэтилстильбэстрол қабылдаған
әйелдерде туылған қыз балаларда қынаптың
аденокарциномасының пайда болуы жоғарылаған, сонымен
қатар жыныс мүшелерінің дефектілері: Т-тәрізді жатыр, жатыр
мойнында қатпардың пайда болуы, жатыр гипоплазиясы,
аналық без дисфункциясы анықталған.
Жүктіліктің алғашқы 4 айында эстроген мен прогестинді
қабылдау тиым салындаы, себебі ұл балаларда
псевдогермафродитизм дамуы мүмкін. Гормональды дәрілердің
тератогенді әсері VACTERL синдромы ретінде көрініс береді:
(вертебральды, анальды, кардиальды, трахеальды,
эзофагеальды, ренальды аномалиялар және аяқ-қол дамуының
аномалиялары).

13. Қорытынды

ҚОРЫТЫНДЫ
• Қазіргі таңда дәрігерлер тағайындайтын дәрілік препараттар
жеткілікті. Соның ішінде жүктілік кезінде тағайындалатын
препараттардың тізімі де айтарлықтай көп. Жоғарыда
айтылғандай дәрілік препараттарды жүктіліктің мерзіміне
қарай тағайындау аса қатаң түрде жүргізілуі тиіс, себебі дені
сау ұрпақты дүниеге әкелу бүкіл елдің алдына қойған
айқындалған мақсаттардың бірі. Қазіргі таңда мерзіміне қарай
ДП әсер ету ерекшеліктері әлі де зерттелуде. Сол салада
Қазақстанда клиникалық фармаколог мамандары бүкіл
ауруханалар мен емханаларда бойынша өз жұмысына кірісуде.

14. Кері байланыс

КЕРІ БАЙЛАНЫС
• 1. Жүктіліктің қай кезеңінде тағайындалатын дәрілік
препараттың әсері айқын көріні береді?
• 2. Жүктіліктің 2 триместрінде ДП-дың метаболизмінің
төмендеуіне не әсер етеді?
• 3. Жүктілік барысында дәрілік препараттарға эмбрион мен
іштегі нәрестенің аса сезімтал болып келетін критикалық
кезіңдерін атаңыз?
• 4. (FDA (Federal Drug Administration)) бойынша ұрыққа
әсер ететін ДП – ды қауіп факторларын неше категорияға
бөліп қарастырады?

15. Пайдаланған әдебиеттер

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
• Портал Consilium Medicum:
http://con-med.ru/magazines/gynecology/gynecology-022010/osobennosti_primeneniya_lekarstvennykh_sredstv_v_period_beremennosti_i_lakta
tsii/
• 1. Mengue SS, Schenkel EP, Duncan BB, Schmidt MI. Drug use by pregnant women in
six Brazilian cities. Rev Saude Publica 2001; 35: 415–20.
2. Brucker MC. Top ten pharmacologic considerations in pregnancy. Program and
abstracts of the 5th Annual Conference of the National Association of Nurse
Practitioners in Women\'s Health; September 27–29, 2002; Scottsdale, Arizona.
3. National Center for Health Statistics, CDC. 1997 National Ambulatory Medical Care
Survey. (public use data files).
4. Weiss SR, McFarland BE, Corelle C et al. Patterns of drug use in pregnancy
[abstract]. Pharmacoepidemiol Drug Saf 1997; 6 (suppl. 2): S69.
5. Weiss SR. Prescription Medication Use in Pregnancy. Medscape Pharmacotherapy
2000; 2 (2).
6. Olesen C, Sorensen HT, de Jong-van den Berg L et al. Prescribing during pregnancy
and lactation with reference to the Swedisр classification system. A population-based
study among Danish women. The Euromap Group. Acta Obstet Gynecol Scand 1999;
78: 686–92.
English     Русский Rules