1.74M
Category: medicinemedicine

Әр түрлі жастағы кезеңдерде (ұрық, неонатальды кезең, балалар, қарттар) жүкті және бала емізетін әйелдерде дәрілік құралдардың

1.

«Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ
«Фармакология, фармакотерапия және клиникалық
фармакология» кафедрасы
Тақырыбы: Әр түрлі жастағы кезеңдерде (ұрық,
неонатальды кезең, балалар, қарттар) жүкті және бала
емізетін әйелдерде дәрілік құралдардың
фармакокинетиканың ерекшеліктері
.
Орындаған: Шайловбек Ф.А.
Тобы: І-ЖТДҚ-06-23
Қабылдаған: Азизова А. А

2.

Жоспар
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Клиникалық фармакологияның жасты аспектілері
2.2. Жүкті әйелдермен емізулі әйелдерде қолданатын
дәрілердің клиникалық фармакологиясының ерекшеліктері.
ІІІ. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

3.

І. Кіріспе
Дәрілік заттарға сезімталдық жасына байланысты
өзгереді.Осыған байланысты, дәрілік заттың іштегі
нәрестеге 24 аптадан бастап туылғанға дейін және жаңа
туылған нәрестеге (өмірінің 4 аптасына дейін) әсер етуін
зерттейтін перинталдық деп аталатын фармакология
бөлініп шықты. Дәрілік заттарға сезімталдылығы
бойынша іштегі нәресте соңғы үш айда және жаңа
туылған нәресте өмірінің бірінші айында ересек
адамдардан айтарлықтай ерекшеленеді.Бұл көптеген
ферменттердің,бүйрек қызметінің жетіспеушілігіне,қан –
ми аралық тосқауыл өткізгіштігінің жоғары
болуына,ОЖЖ-нің толық дамымағандығына байланысты

4.

Өмірінің осы кезеңдерінде
дәрілік заттардың рецепторларға
сезімталдығы басқаша болады.
Мысалы,жаңа туылған нәрестелер
ОЖЖ-не әсер ететін кейбір
заттарға ( мысалы,морфинге) өте
сезімтал болады. Олар үшін
левомицетин өте уытты,ол тіпті
өлімге әкелуі мүмкін. Бұл жаңа
туылған нәрестелердің бауырында
оны уытсыздандыратын
ферменттердің жоқ болуымен
түсіндіріледі.

5.

Кішкентай жастағы балаларға
бездердің сөлденісін
( бронхиалдық,мұрынның
шырышты қабығын) күшейтетін
заттарды тағайындауға болмайды
,себебі бұл тыныс алу үрдісін
бұзуы және тыныс алу мүшелері
патологиясының себебі болуы
мүмкін.

6.

Бала ағзасына заттың әсер ету
ерекшеліктерін зерттеумен
айналысатын фармакология саласын
педиатриялық фармакология деп
атайды.

7.

Мемлекеттік фармакопеяда,әр түрлі
жастағы балалар үшін уытты және күшті
әсер ететін заттардың жоғары бір реттік
және тәуліктік мөлшердің кестесі
келтірілген.Басқа заттар үшін баланың әрбір
жыл өміріне ересектерге арналған
мөлшердің 1/20 қабылдап,жеңілдетуге
болады.

8.

Жасы егде және кәрі адамдарда дәрілік заттардың
сіңуі баяулаған,олардың метаболизмнің тиімділігі
аздау,препараттардың бүйрекпен шығу жылдамдылығы
төмендеген.Жалпы,егде және кәрі жаста көпшілік дәрілік
заттарға сезімталдылық жоғары,осыған байланысты
олардың мөлшері төмен болу қажет.
Егде және кәрі жастағы науқастарда дәрілік
заттардың әсерін және қолданылу (гериатриялық деп
аталатын фармакология) ерекшеліктерін анықтау көп
маңызға ие болуда,себебі бұл жастағы топтардың үлесі
жалпы адамдар саны ішінде өсіп кеткен.

9.

Егер зат жануарларда аномалияның дамуын
тудырмаса ,онда олар адамда да болмайды,деп
есептеуге негіз бар.Егер де қосылыс жануарлар үшін
тератогенді болса,демек бұл әсер адам да пайда болады
деген емес. Бірақ осындай препараттар тератогендігі
болуы мүмкін деген есеппен қарау қажет. Осы сияқты
анықталмаған болжамға назар аудара
отырып,эмбриондардың негізгі мүшелері құрылып
жатқан кезде,әйелдерге жүктіліктің бірінші 2-3 айында
қабылдауға міндетті көрсетулер болмаса,дәрілік затты
қолдануға тиым салынады.

10.

11.

Тератогенді әсер
жөнінде жүктіліктің
бірінші үш айын
(әсіресе бірінші 3-8
апта), яғни органогенез
кезеңінде аса қауіпті
деп есептейді. Бұл
мерзімдерде
эмбриондарда ауыр
аномалиялардың даму
қаупі жоғары.
Сонымен бірге,дәрілік заттар
эмбрионға және іштегі
нәрестеге органогенез
бұзылыстарымен байланысты
емес тератогенді әсерлерге
жатпайтын,жағымсыз әсер
көрсету мүмкіндігін ескерген
жөн. Оны дәрілік заттардың
жанама және уытты әсері
ретінде бағалауға болады. Ол
жүктіліктің әртүрлі
сатысында көрінеді. Егер
осындай әсерлер жүктіліктің
12-ші аптасына дейін пайда
болса,оларды
эмбриоуытты,өте кеш
мерзімдерде –фетоуытты деп
атайды.

12.

Жүкті әйелдерге препараттарды
тағайындағанда ,дәрілер плацента арқылы
өткен жағдайда олар іштегі нәрестеге
жағымсыз әсерлер көрсету мүмкіндігін
ескерген жөн. Осылайша,жүкті әйелге
тағайындалған стрептомицин іштегі
нәрестеде кереңдікті туғызатын (ми-сауыттық
жүйкенің VIII жұбы
зақымдалады).Тетрациклиндер іштегі нәресте
сүйегінің дамуына жағымсыз әсер көрсетеді.
Морфинизммен ауыратын ананың жаңа
туылған нәрестеде де морфинге сондай
физикалық тәуелділігі болуы мүмкін.Олар
плацента арқылы әртүрлі химиялық
қосылыстар (липофилді) өтетінін
мақұлдайды. Осыған байланысты жүкті
әйелдерде фармакотерапияны тек қатаң
көрсетулерде жүргізу қажет. Бұл кезде әсіресе
уыттылығы өте аз және алдын ала жақсы
сыналған дәрілік заттарды мұқият таңдау
керек.

13.

• Жүктілік кезінде ДЗ қолдану клиникалық фармакологияның ең аз
зерттелген саласы. Өйткені, этикалық себептерге байланысты
клиникалық зерттеулер жүктілерге жүргізілмейді.
• Жүкті әйелдің ағзасында жүретін физиологиялық құбылыстар ДЗ
сіңірілуіне, таралуына, метаболизіміне, экскрециясына өз әсерін
тигізеді. Атап айтар болсақ, асқазан перистальтикасының
әлсіреп, асқазан секрециясының төмендеуі ДЗ сіңірілуін
баяулатады.

14.

• Жүкті әйел ағзасында сұйық көлемі, онкотикалық қысым,
гемодинамикалық өзгерістерге байланысты (жүректің соғу
жиілігі 8-15%-ке, қан айналым жылдамдығы 30-50%-ке
артады) ДЗ таралуы өзгеше болады, әсіресе жүктіліктің
соңғы триместрінде. ДЗ метаболизімінің өзгерістері
жүктіліктің мерзіміне және бауырдағы микросомальды
ферменттер жүйесіне әсерін тигізетін, ағзадағы стероидты
гормондардың деңгейіне байланысты. Мысалы, жүктіліктің
екінші жартысындағы прогестеронның жоғары деңгейі
метаболизмді тежейді (глюкуронилтрансфераза белсенділігін
төмендетіп, тотығу, коньюгация үрдістерін тежейді).
Бүйректің қан айналымы екі есе күшейеді, шумақтық
фильтрация жылдамдығы 70%-ке жоғарылайды, сондықтан
да, зәр арқылы шығарылатын препараттардың жартылай
шығарылу уақыты қысқарады.

15.

Дәрілік заттардың ұрыққа әсері
• Эмбрион немесе ұрыққа ДЗ қауіптілігі тұрғысынан бес критикалық
кезең бар:
• ұрықтанар алдындағы кезең;
ұрықтанғаннан 11-ші күнге дейін;
11-ші күннен 3-ші аптаға дейін;
4-ші аптадан 9-шы аптаға дейін;
9-шы аптадан босанғанға дейін.
Ұрықты зақымдаушы әсердің бірнеше түрі бар:
• эмбриолетальды әсер (ұрықтың имплантациядан кейін шетінеуі);
• тератогенді әсер (ұрықтық ақаулардың дамуы);
• эмбриотоксикалық әсер (ұрық мүшелерінің ақаусыз зақымдалуы).

16.

17.

18.

19.

20.

21.

• Микробқа қарсы препараттар. Жүргізілген
фармакоэпидемиялық зерттеулерге қараанда жүкті
әйелдерге микробқа қарсы препараттарды тағайындау
жиілігі 12,3% ды құрайды. Микробқа қарсы
препараттарды тағайындау қажеттілігі анасында
инфекциялық аурулар болмаған жағдайларда да орын алуы
мүмкін,яғни,ұрықта инфекциялық аурулар пайда болғанда
немесе пайда болу қатері жоғарыф болған кезде.
Мысалы,ұрықты токсоплазмоздан спирамицин көмегімен
алдын алу және емдеу,ВИЧ инфекциялануды
антиретровирусты препараттар арқылы алдын алу.
• Көптеген микробқа қарсы препараттар төменгі
молекулалық массаға ие және плацента арқылы жеңіл
өтеді.

22.

Жүкті әйелдердің микробқа қарсы препараттарды
қолдануының қауіпсіздігі категориялары бойынша
жіктелуі

23.

Жүктілік кезінде қабынуға қарсы препараттарды
қолдану мен олардың жағымсыз әсерлері

24.

Сонымен қатар, дәрілік заттың жаңа
туылған нәрестеге ана сүтімен бірге
түсетінін және оған жағымсыз әсер
көрсететінің ескерген жөн.
Мысалы,пенициллин аллергиялық
серпілістер,сульфаниламидтік
препараттар –гемолитикалық
анемияны,антикоагулянттар –қан кетуі
туғызуы мүмкін.

25.

Жүктілік кезінде дәрілік заттарды қолданудан ұрыққа төнетін қатерді
шартты түрде 5 деңгейге бөледі (АҚШ тамақ өнімдері жөніндегі
Әкімшілігі санаттары, Food and Drug Administration. FDA; шынайылық
деңгейлерімен шатастыруға болмайды!)

26.

Қауіптілік мүмкіндігі тұрғысынан
эмбрион дамуының ерекше осал болатын
негізгі кезеңдерін ажыратады .

27.

ұрықтану алды:
бұл кезеңде ұрық мүшелерінің қалыптасуы кезеңінде
ана ағзасында жиналып, әсерін жалғастыруы мүмкін дәрілік
заттарды қабылдаудың қаупі аса зор (тек әйелдің ғана емес,
кейде, ер адамның да).

28.

Ұрықтанған сәттен бастап 11ші күнге дейін:
бұл кезеңде эмбрион
қолайсыз әсерлерге «бәрі
немесе ештеңе» қағидасы
бойынша жауап қайтарады; ол
не шетінейді, не ешқандай
зақымсыз тірі қалады.

29.

11-ші күннен бастап 3-ші аптаға
дейін:
11-ші күннен кейін органогенез басталады (ұрық
мүшелерінің қалыптасуы), сондықтан бұл кезең туа
біткен ауытқулардың пайда болуы тұрғысынан аса
қауіпті және дәрі- дәрмектерді қабылдамаған жӛн. Дәрілк
заттар тератогенді әсер (ұрықта кемтарлық тудыру)
беретін кезең ӛте қысқа болады деп есептеледі – соңғы
етеккірден кейінгі 31-ші күннен бастап 81-ші күнге
дейін. Ішке қабылданатын дәрі-дәрмектердің барлығы
ұрықтың қан айналымына келіп түсетіндіктен,
ешқайсысын мүлдем қауіпсіз деп қарастыруға болмайды.

30.

4-ші аптадан 9-шы аптаға дейін:
бұл кезеңде дәрілік заттар әдетте
ауыр туа біткен ақауларға
әкелмейді, бірақ дұрыс
қалыптасқан мүшелер мен
тіндердің өсуін және қызметін
бұзуы мүмкін;

31.

9-шы аптадан босанғанға дейін:
бұл кезеңде құрылымдық
кемістіктер, әдетте пайда болмайды.
Зат алмасу үдерістері мен
постнатальды қызметтердің, соның
ішінде мінез-құлық бұзылыстары
болуы мүмкін.

32.

ІІІ. Қорытынды
Жүктілік кезінде ДД қолдану— клиникалық
фармакологияның ең аз зерттелген мәселесі. Әдеп сақтау
мақсатында жүкті әйелдер арасында үлкен клиникалық
зерттеулер жүргізілмейді. ДД қолдану жөніндегі
нұсқаулықтарда жазылған сақтандыруларда көбінесе оны
пайдасы қаупінен жоғары болған жағдайда ғана
пайдалану ұсынылады, әйтсе де ДД-нің жағымсыз әсер
ету ықтималдығын білмей бұл ара-қатынасты бағалау
оңай емес. Сонымен бірге, жүкті әйелдерге ДД
тағайындаған кезде дәрігерлер әйел ағзасында жүріп
жатқан физиологиялық өзгерістердің ДД-нің
фармакокинетикасын өзгертуі, демек, олардың ұрыққа
да, әйелге де тиімділігі мен қауіпсіздігін өзгертіп
жіберетінін жиі ұмытып кетеді.

33.

Пайдаланылған әдебиеттер
1. Орманов Н.Ж., Орманова Л.Н.- Фармакотерапия 1
және 2 том. Шымкент, 2012 ж.-499 бет.
2. Клиническая фармакология: учебник для вузов/ Под
ред. В.Г.Кукеса.- М.: ГЭОТАР-МЕД, 2004. –640с.
3. http://www.druginfo.kz/docs/%D0%9B%D0%91%20%D0
%B2%D1%80%D0%B0%D1%87%D0%B8%206%20%D
0%BA%D0%B0%D0%B7.pdf
English     Русский Rules