Similar presentations:
Сүт безі рагымен жүктілік
1. Сүт безі рагымен жүктілік
Кафедра: онкология, маммология, сәулемен емдеуСүт безі рагымен
жүктілік
Орындаған: Махатов А Т.
ЖМ 10-004-2
Қабылдаған: Игісінов С.И.
2. Жоспар
O КіріспеO Негізгі бөлім
Этиологиясы
Эпидемиология
Ауру ағымының болжамы
Диагностикасы
Емі
O Қорытынды
3. Кіріспе
O Сүт безінің рагы — сүт безінде болатынқатерлі ісік. Бұл аурумен 30 — 60 жас
аралығындағы әйелдер ауырады. Сүт безінің
рагы, негізінен, әйелдердің организмінде
болатын өзгерістердің (жүкті кезінде, бала
емізгенде, климакс басталғанда, т.б.) әсерінен,
сондай-ақ, әр түрлі аурулардың (ішкі секреция
безі қызметінің бұзылуы, бауыр, жүрекқантамыр, қант диабеті, тым семіріп кету,
т.б.) салдарынан болады. Соңғы кездегі
зерттеулер нәтижесінде сүт безі рагының
тұқым қуалайтыны анықталды
4. Негізгі бөлім
«Сүт безі рагы және жүктілік» терминімен сүт безініңжүктілік кезінде немесе босанған соң бір жылдың ішінде
дамитын ауруы түсіндіріледі.
O Жүктілік фонында дамыған сүт безінің рагы –
салыстырмалы түрде сирек кездесетін жағдай(барлық жүкті
әйелдердің 1/3000 - 1/10000-да). Бұл аурумен бірнеше
жылда бір-ак рет кезіккен онколог, гинекологтарда аурудың
биологиясы және болжамы туралы дұрыс емес пікір
қалыптасты.
O Аздаған зерттеулер сүт безі рагы мен жүктіліктің арасында
күрделі ассоциативті байланыс бар екенін көрсетті.
Ақпараттың аздығы сүт безі рагы бар жүкті әйел немесе
бұрын сүт безі рагымен ауырған әйелдер үшін шешім
қабылдауды қиындатады.
O
5. Этиологиясы
- бала тумаған не 30-дан кейін жүкті болғандар- етеккірі ерте келгендер(12-13-ке дейін)
- етеккірі кеш тоқтағандар(50 жастан асқандар)
- пролиферативті мастопатиясы бар адамдар
- жыныс мүшесінде созылмалы ауруы бар әйелдер, бірінші,
екінші бедеулік
- жыныс, сүт бездерінде, жатыр эндометрийнде, тоқ ішекте
жіне сілекей бездерінде рак ауруы болған
- BRCA гендері өзгерген адамдар. Ол супрессор ген;
жасушаның өсіп-өнуін реттейді
- жануар майы мен көміртегіге бай тағамдарды көп қолдану
- эстроген,прогестин препараттарын ұзақ уақыт пайдалану
- қан қысымы жоғары, қант диабетімен
ауыратындар,қалқанша безі мен бауыр қызметінің төмендеуі
6. Эпидемиология
Батыс Еуропада 2005 жылы сүт безі рагымен ауыратын әйелдердің 5 % -ы40-тан жас және 1,8% 35-тен жас болған. Алғаш рет анықталған 1 сүт
безінің рагы орташа есеппен 2000-3000 жүктілікте кездеседі. Сүт безінің
рагы 0,2–3,8 % жүктіліпен немесе лактациямен байланысты келеді.
O
Сүт безі рагы – жүкті әйелдердегі рак ауруларының жиі кездесетін
локализациясы. Еуропалық канцер-регистр мәліметі бойынша,
диагностика кезінде жүктілік фонында сүт безі рагымен ауыратын
әйелдердің орташа жасы шамамен 33 жас (24-43), гестация мерзімі – 21
апта.
O
O
Сүт безі рагы дамуына әкелетін жүктіліктің әсері әйелдің алғаш жүкті
болған жасымен байланысты. Эпидемиологиялық зерттеулер ерте
жастағы босанулар сүт безі рагы дамуының қауіптілігін төмендетіп, ұзақ
қорғаныстық эффект беретінін көрсетті. Мысалы, 20 жасқа дейінгі
жүктілік әйелдерде бүкіл өмірінде сүт безі рагы дамуының мүмкіндігін
50 %-ға дейін төмендетеді. Алайда, жүктілік сүт безі рагының дамуына 2
жақты әсер етеді: кеш босанудан(>28-30 жас) соң қауіптілікті бірден, 315жылда жоғарылатады, бірақ кеш мерзімдерде (41-44 жаста) қауіптілігін
төмендетеді. Сүт безі рагы даму қаупі кеш(≥30 жас) жүкті болған
әйелдерде біршама жоғары.
7. Ауру ағымының болжамы
OO
O
O
Ұзақ уақыт мерзімінде жүктілікпен байланысты СБР тез өрістейтін, емге
берілмейтін патологиялық процесс ретінде қарастырылды. Көптеген
заманауи зерттеулер науқастардың бірдей жасында және аурудың бірдей
даму сатысында жүктіліктің болуына немесе болмауына болжамның
байланысты емес екенін көрсетті.
1996 жылы B.O. Anderson, J.A. Petrek, D.R. Byrd СБР алғашқы сатысы
ағымының болжамына жүктіліктің әсерін тапқан жоқ, олардың ойынша
жүктілік асқынған формаларының ағымын ауырлатады.
Сондай-ақ, жүкті еместерге қарағанда жүкті әйелдерде алғаш рет рак
асқынған кезеңде анықталатыны жайлы көптеген мәліметтер бар.
Жүктілікпен СБР бар науқастардың 5жылдық өміршеңдігі және
метастазсыз өмір ұзақтығының қысқаратынын кеш диагностикалау
түсіндіреді.
Әдебиеттерде СБР-ның ұрыққа теріс әсері жазылмаған. Аурудың ұрыққа
берілу жағдайлары да белгісіз. СБР-ның ұрықты зақымдаусыз плацентаға
метастазы жайлы 60-қа жуық жағдай тіркелген. Жүктіліктің алғашқы
триместрінде жүктілерге химиотерапия тағайындалмаса , нәресте даму
ақауларымен туылуы мүмкін, жалпы популяцияда 2–3 %.
8. Жүктілік кезіндегі СБР диагностикасы
Жүктілік кезінде сүт бездерінің физиологиялық өзгерістеріоларды зерттеуді қиындатады. Жүкті әйелдердің сүт безінің
тығыздануы жүктілікпен байланысты қатерсіз түзілістер деп қате
бағалануы мүмкін. Жүктілік кезіндегі сүт безіндегі өзгерістер
рактың кеш диагностикасының себебі болып табылады.
Жүктілікте сүт бездерінің көлемі біршама ұлғаяды, тығызданады,
пальпацияда
бөліктердің
белсенді
пролиферацисының
нәтижесінде түйіндік зоналар сезіледі.
O Кей жағдайларда жүктілік кезінде сау әйелдерде сүт безінің
ауырсынулық тығыздануы, ісінуі, ұшынан бөлінділер бөлінуі
мүмкін. Өткен ғасырдың әдебиеттерінде жүктілікте бірінші
симптомдардан СБР деп диагноз қойғанға дейін 7 айдай уақыт
өтеді деп айтылған. Жүктілік жоқ кезде рак диагнозы түйін
табылған соң 1 ай ішінде қойылады. Диагноз кешіктіріліп
қойылғанда рактың лимфа түйіндеріне метастазы күніне 0,028 %
дейін жоғарылайтынын атап кету маңызды.
O
9.
Еуропада СБР диагнозы қойылғанда жүктілік орташа есеппенгестацияның 21 аптасында болады. СБР мен жүктілікте диагноз
жүктіліктің бірінші триместрінде 21,6 %, екінші триместрінде
43,3 %, үшінші триместрінде 35,1 % науқастарда қойылады.
СБРмен жүктілікте диагноз қойылған кезде ісіктің көлемі орта
есеппен 3,5см, жүктіліксіз 2см болады. Сондықтан әйелдер
консультациясына жүктілікпен алғаш барғанда сүт безін
клиникалық тексеру(қарау, пальпация) міндетті. Жүктілік
фонында СБР-да бірінші триместрде науқастар сүт безінде
түйіндердің пайда болуына және ұшынан бөлінділер бөлінуіне
шағымданады
O Лактация кезінде нәрестелердің сүттің дәмінің өзгеруіне
байланысты емшектен бас тартуы кездеседі. Жүктілік диагноз
қою стратегиясын өзгертпеуі тиіс.
O
10.
Маммография радиоактивті дозасына(0,004 Gy) байланыстыұрық үшін тиімді диагностикалық әдіс болып саналады.Жүктілік
кезінде сүт безі тығыздығының өзгеруі маммографияға
сезімталдықты 70% дейін төмендетеді. Диагноз қою үшін УДЗ
қолданады.
O Ісіктің биопсиясын гистологиялық зерттеу үшін алады, өйткені
эпителийдің физиологиялық гиперплазиясына байланысты
цитологиялық зерттеу жалған мәлімет береді. Кей авторлар
абсцесс және жыланкөздің қауіптілігін төмендету үшін
биопсияның алдында емізуді тоқтатуды ұсынады.
O Рентген, МРТ жасауға болмайды. Өйткені, МРТ-да өолданатын
контрастты заттар плацентарлық тосқауылдан өтіп, ұрықтың
даму ақауларын тудыруы дәлелденген. Әсіресе, жүктіліктің 1ші
триместрінде МРТ жасаудан сақтану керек. Метасиаздардың
сүйек, бауыр, миға таралуына күдіктенгенде контрастты зат
ұолданылмайтын МРТ жасауға болады.
O
11. Емі
OАурудың ерте кезіндегі емнің негізгі әдісі – модификацияланған
радикалды мастэктомия. СБР-ң қабынулық түрімен немесе кішірек ісігі
бар науқастарға адъювантты емес химиотерапия жүргізуге болады.
Себебі, мастэктомия кезінде спонтанды түсік тастау қаупі біршама төмен,
жүктілік операцияға қарсы көрсеткіш болып табылмайды.
O
Модификацияланған радикалды мастэктомия – ана мен балаға аса
қатты зиян келтірмей жүктілікті сақтап қалуға болатын жалғыз емдеу әдісі.
Хирургиялық операцияның кешіктірілуі жүкті және жүкті емес әйелдер
үшін де қауіпті.
Қазіргі кезде ағзаны сақтап қалатын операция жасауды сұранатын
әйедердің саны артуда. Бірақ, ол операциядан соң сәулелі терапия
қабылдау керек, ал ол ұрыққа зиянды әсер етеді. Сәулелі терапияның
стандартты курсы сүт безінің қалған тінін сәулелендіруден тұрады, жалпы
сәуле дозасы 50Гр жетеді. Радиацияның қандай дозасы ұрыққа онша
қауіпті емес екені белгісіз. Сәулемен емдеу ұрықтың орталық жүйке
жүйесінің даму ақауларына алып келеді. Сондықтан да, ондай
операцияларды жүктіліктің 1-ші триместрінде жасауға болмайды.
Жүктіліктің кеш мерзімінде ағзаны сақтап қалатын операцияларды
сәулемен емдеуді кейінге қалдыру арқылы жасауға болады.
O
12.
Адъювантты химиотерапия – СБР-мен ауыратын лимфатүйіндері зақымданған пременопаузалық науқастарды
емдеуде қолданылатын стандартты ем. Химиотерапия
жүкті әйелге және де дамып келе жатқан ұрыққа зиянды
жанама әсерін тигізеді. Өздігінен түсік тастау, тератогенез,
мезгілінен бұрын босану, ұрықтың дамымауына,
салмағының аз болып туылуына әкеледі.
O 1-ші триместрде тератогенді қауіп максималды даиды.
O 2-ші, 3-ші триместрде тератогенді қауіп тіркелмеген. СБР-ң
1-ші, 2-ші триместрде анықталғанда цитостатиктердің
ұрыққа және адъювантты емді бастамаудың анаға
қауіптілігін ескере отырып, аборт жасауға мұқтаждық
туады. Егер ауру 3-ші триместрде анықталса, ісікке қарсы
терапияны уақытылы бастау үшін мезгілінен бұрын
босануды шақыру керек.
O
13. Қорытынды
Жүктілік кезіндегі СБР ,әдетте, аурудыңсоңғы
сатыларында диагностикаланады. Себебі физиологиялық
реациялар( мүшенің ісініп, сүт шығару үрдісіне даярлығы,
көлемінің ұлғаюы) дерттің негізгі клиникалық көріністерін
әлсіретеді. Күмәнді жағдайларда жүктілік биопсия жасауға
қарсы көрсеткіш болмау керек.
O Жүктілерге
модификацияланған
радикалды
терапия
қолдану – анаға және ұрыққа зиянсыз жасалынуы керек.
Емнің алғашқы таңдауы болып саналады.
O
14. Пайдаланылған әдебиеттер
OO
O
O
O
В. Ф. Семиглазов, В. В. Семиглазов, В. Г. Иванов и др./
Гормонотерапия операбельного рака молочной железы //
Медицинский академический журнал. — 2003. — Том 3,N 3
. — С. 79-87.
Ісік аурулары, 1 том. Ә.Е.Есенқұлов
http://www.mif-ua.com/archive/article/10739
http://www.mammologia.ru/content/0/read106.html
http://www.ichilov.net/breastcancer/Tumorsofthemammarygland
sduringpregnancy/