Қазақстанның көз тоймас көрікті жерлері
"Алтын Емел" ұлттық паркі 
Ақтолағай
Батыс Алтай қорығы.
Қарқаралы таулары
Табан-Қарағай
Торыш - шар тәрізді конкрециялар алқабы
Қаратау таулары
Жығылған мүйісі
Язевое көлі
Бозжыра шатқалы
21.22M
Category: geographygeography

Қазақстанның көз тоймас көрікті жерлері

1. Қазақстанның көз тоймас көрікті жерлері

Дайындады: Каракузиева Камилла
Тимурқызы

2.

* Елімізде табиғат сыйлаған ғажайып орындар жетерлік.
Исі аңқыған гүлдерге толы құлпырған далалар мен
биіктігі бұлттарға жетіп бірақ тоқтайтын жұмбақ таулар
әрдайым жұртшылық қызығушылын арттырып келе
жатқандығы көңіл қуантады. Статистикалық
мәліметтерге сүйенсек, Қазақстанға қатынайтын
туристер саны жыл өткен сайын артып келе жатыр. Атап
өту керек, бұлардың көпшілігі табиғатты тамашалауға
келгендер. Бұл қарқынмен алдағы жылдары, туристік
державаларды қуып жетуіміз бек мүмкін. Тек жаратушы
сыйлаған бұл ғажаптарды бағалай білген жөн. Сонымен,
назарларыңызға белгілі суретші Илья Афанасьевтің
түсірген таңғажайып туындыларын ұсынамыз.

3. "Алтын Емел" ұлттық паркі 

* "Алтын Емел" атауы
моңғол тілінен
шығады және "Алтын
ер" дегенді
білдіреді. Бір
аңыздар бойынша,
1219 жылы
Шыңғысханның
әскері Орталық
Азияны жаулап алуға
аттанып, осы
алқапты кесіп өтіп
бара жатқанда, күн
батып бара жатқан
шақта сарғайған шөп
жамылған тауларды
көріп, ұлы қолбасшы
"Алтын ер!" деген
екен. Алтын Емел
асуы шын мәнінде,
сырттай қарағанда
ер-тоқымға ұқсайды.
*

4.

* Алтын Емелдің бір көркі - Іле өзенінің түбінен жел ұшырып
келген құмнан түзілген әнші шағылдар. Құм төбелердің дыбыс
шығаруының себебі - құм түйірлерінің бір-біріне үйкелгендегі
дыбыс.
*

5. Ақтолағай

*
* Шатқал үлкен
аумақты алып
жатыр. Бұл
мекен әлі
көпшілікке
танымал емес,
әрі туристердің
келуі де қиын.
Мұнда табиғат ақ
бор түсті
керемет
ландшафт жасап
шығарыпты.

6.

* Бағзы замандарда, көп ғасыр бұрын, бұл үстірттің
орнында теңіз болған. Топырақты қазып жіберсеңіз,
теңіз жәндіктерінің тас болып қатқан қалдықтарын,
акулалар мен теңіз түбін мекендеген өзге де
мақұлықтардың сүйегі мен тісін тауып аласыз.

7. Батыс Алтай қорығы.

*
* Қорық Батыс
Сібір даласы,
Оңтүстік Сібір
және Орталық
Азия таулары
мен
Қазақстаншөл
далаларының
тоғысында
орналасқан.
* Жақын маңда мұхит пен теңіз жоқ болғандықтан, бұл
жердің климаты континентальдық, ол температураның
шұғыл өзгеруінен көрінеді. Мұндағы жылдық орташа
температура - +1,5°С.

8.

* Осы аймақ пен табиғи қорықтағы ең танымал жер "Қара торап" деп аталатын үш шоқының (Көксу,
Иванов және Холзун) түйіскен тұсы. Туристер
арасында ерекше танымал "Тас ертегі" де осында
орналасқан.

9. Қарқаралы таулары

*
* Қарқаралы таулары —
қазақ майда
шоқыларының шығыс
бөлігіндегі тау массиві.
Олардың биіктігі 1403
метрге дейін жетеді.
Тау беткейлерінде
қарағайлы ормандар
кездеседі.

10.

* Алайда, бұл орынның басты ерекшелігі - мұнда мұз дәуірінен
қалған өсімдіктердің жұрнағын, сирек кездесетін және жоғалып
бітіп бара жатқан өсімдіктерді кездестіруге болады.

11. Табан-Қарағай

*
* Табан-Қарағай үстіртін аспан
астындағы пейіш деп жиі
атайды. Алматы облысының
тура орталығында
орналасқанымен, ол
туристер үшін толық
зерттелмеген, әрі жету де
оңай емес жер болып келеді.
* Алайда, осында жете алған
табанды фотосуретшілерге
берер бұл мекеннің сыйы бар. Мұндағы пейзаждарда бүкіл
Қазақстанның бар пейзажы
тоғысқан! Қызық пішінді
жартастар да, асқақ таулар да, алуан түрлі гүлөсімдіктермен көмкерілген алқаптар да бар. Бұлт торлаған
аспан астында үйір-үйір жылқы, табын-табын сиыр, отаротар қой жайылып жүреді.

12. Торыш - шар тәрізді конкрециялар алқабы

*
* Бір аңыздар бойынша,
Маңғыстау жеріне жау
басып кіреді. Жергілікті
тұрғындар аспанға қол
жайып, көмек сұрайды.
Сол кезде аспаннан нөсер
құйылып, күн күркіреп,
найзағай жарқылдай
бастайды. Бір сәтте жау
әскерінің бәрі тасқа
айналып кете барады.
Осылайша айрықша тас
мүсіндер - шар тәрізді
конкрециялар шашылған
алқап пайда болған екен.

13. Қаратау таулары

*
* Бұл өте көне таулар.
Геологиялық
тарихында үлкен
өзгерістерге түскен.
Шатқалдардың
қойнауында шағын
өзендер мен бұлақтар
көп. Сондай-ақ,
Қаратау тауларын
көптеген ащы, тұщы
көлдер қоршап жатыр

14.

* Бірнеше жыл бұрын, осы
мекенді биіктен түсіріп
жүрген фотограф
Перудағы Наска
алқабындағы суреттерге
ұқсайтын кескінді
байқайды. Ол - қызық
пішінді екі құрылыс
сұлбасының ортасында
малдас құрып отырған
адамның кескіні
болатын.

15. Жығылған мүйісі

*
* Жығылған – әктас
қабатының
астындағы саз
балшықты-құмды
қабаттың сулануы
нәтижесінде пайда
болған үлкен
геологиялық
сырғыма.
Танымалдығына
қарамастан,
Жығылған әлі де
зерттеліп болмаған,
құпия мекен болып
қалып келеді. Мұнда
аруақтар жүреді
деген де сөз бар

16.

* Жығылғанның адамзатқа берген сыйы - бетінде ірілі-уақты
мысықтар мен қазіргі есектің көлеміндей шағын
жылқылардың қайраңға батып қалған екі "бармақты" тұяғының
тасқа айналған іздері батырылып салынған тақталар
сынықтарын көру мүмкіндігі.

17. Язевое көлі

* Язевое көлін
Алтайдың
Қазақстан жақтағы
бөлігінің меккесі
деп атауға
болады. Ол теңіз
деңгейінен 1685 м
биікте, Қатын
мұздығының бір
тармағы өтетін
қатпарда
орналасқан.
Ұзындығы 3
шақырым, ені 800
м, тереңдігі 10 м.
Судың түсі
сарғыш-жасыл,
мөлдірлігі 4,2 м.
*

18.

* Күн ашықта Алтайдың ең биік шыңы - аты аңызға айналған Белуха
тауы айналасындағы жоталардың бәрімен бірге көлдің суына
шағылып көрінеді.

19. Бозжыра шатқалы

*
* Бозжыра – Үстірттің шеткі шыңдарының бір бөлігі.
Мұнда табиғат қиялына ерік беріп, ақ түсті ерекше
ландшафт жасап шығарған.

20.

* Бозжыраның басты ерекшелігі - пішініне қарап Азу аталып
кеткен екі әктас шың. Олардың түбінен ұшына дейінгі биіктігі 200 метрден асады. Аздаған адам ғана білетін соқпақ жол
саяхатшыны тар алаңқайға алып шығады, ол жерде Бозжыра
қамалдар алқабының айрықша көріністері ашылады.
English     Русский Rules