Семей қаласының көрікті жерлері
Семей — Шығыс Қазақстан облысының батыс өңіріндегі екінші орындағы ірі қала болып табылады. Ол Ертіс өзенінің екі жағасына
Бір мұнаралы мешіт - Шебер Ғабулла Эфенди, XIX ғ. 2-ші жарт. – қала құрылысы және сәулет ескерткіші. Мешіт жұмыс істеп тұр.
1.57M
Category: geographygeography

Семей қаласының көрікті жерлері

1. Семей қаласының көрікті жерлері

2. Семей — Шығыс Қазақстан облысының батыс өңіріндегі екінші орындағы ірі қала болып табылады. Ол Ертіс өзенінің екі жағасына

орналасқан. Аумағы – селолық округтерді қосқанда 27,5 мың шаршы
метр.

3. Бір мұнаралы мешіт - Шебер Ғабулла Эфенди, XIX ғ. 2-ші жарт. – қала құрылысы және сәулет ескерткіші. Мешіт жұмыс істеп тұр.

4.

Невзоровтар отбасы
атындағы мұражай - Қала
құрылыс және сәулет
ескерткіші (көпес
Степановтың бұрынғы үйі),
1827 жыл. Революциядан
кейін ғимаратқа жеке
мемлекеттік мекемелер
орналасқан.

5.

«Өлімнен де күшті» мемориалы - 1991 жылдың 29 тамызында ҚР
Президенті Н.Ә.Назарбаев Семей ядролық полигонын жабу туралы
Жарлыққа қол қойды. 2001 ж. 29 тамызында Семейдің «Полковничий»
аралында Семей ядролық полигонның құрбандарына арналған «өлімнен
де күшті» ескерткіш қойылды. Ескерткіш жобаның авторы Шота
Уәлиханов.

6.

Ертіс өзені арқылы өтетін аспалы көпір 2000 ж. 17 қазанда ашылды.
Ертіс өзені арқылы өтетін аспалы көпір құрылысының жобасын
ұсынған жапондық Исакавадзима Харима Хеви Индастриз
Компания ЛТД компаниясы және ШҚО Әкім аппараты.

7.

Республикалық әдеби-мемориальдық Абай
мұражайының ғимараты – 1860 жыл.
Мемлекттік әдеби-мемориальдық Абай
мұражайы Семей қаласында 1940 ж. Абайдың
туғанына 95 жылдығына салынды.

8.

Достоевскийдің әдеби-мемориалдық мұражай-үйінің ғимараты (бұрынғы почтальон
Липухиннің үйі, 1857-1859 жж. жазушы Ф.М. Достоевский тұрған) 1838 ж. қала
құрылысы және сәулет ескерткіші. Музей кешені 1,5 ќабаттық ағаш үйден тұрады.
Мещан үлгісінде салынған. Көне Семейге тән үйлердің бірі. Жартылай жертөледе 3
бөлме, жоғарғы қабатта 4 бөлме, ХІХ ғ. тән үлгі бойынша: асхана, қонақ бөлме,
кабинет және жатын бөлмелерден тұрады. Бөлмелер аласа- 2,45 м. бірінші қабат
терезелері қақпақтармен жабылады.

9.

Жеңіс мемориалы - Фашистік Германияны кеңес халқы жеңгеніне 40 жыл
толуына орай 1985ж 9 мамырында қаламыздағы Орталық саябақта Ұлы Отан
соғысы жылдарында қаза тапқан семейліктерге арнап ескерткіш монумент
тұрғызылды. Монументальдық ескерткіш авторлары: Клюшкин О.С., Семченко
А.В., Тихомолов В.Ф.

10.

Ямыш қақпасы - Бекіністің үш қақпасынан сақталған батыс Ямыш қақпасы 1773ж.
қақпа және оның қабырғалары инженер капитан И.Г.Андреевтыњ
басшылығымен салынды. Ямыш қақпасы - XVIII ғ. (1776 ж.). Қала құрылысы және
сәулет ескерткіші.

11.

Қос мұналары мешіт - сәулетші Болбатов, инженер поручик Манашев, 1856 1862 жж. - құрылысы және сәулет ескерткіші. ХІХ ғ. мұсылмандық сәулет үлгісі.
Мешіт татар көпесінің қаржысына түрік жобасымен салынған. Мешіт жұмыс
істеп тұр.
English     Русский Rules