Similar presentations:
«Е-өтініш» ақпараттық жүйесімен жұмыс жасау бойынша оқыту сабағы
1.
«Е-өтініш» ақпараттық жүйесімен жұмысжасау бойынша оқыту сабағы
Қызылорда, 2023 жыл
2.
Тексеру барысында анықталған кемшіліктерҚазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы
есепке алу жөніндегі комитетінің Қызылорда облысы бойынша басқармасымен «Азаматтарға
арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының
Қызылорда облысы бойынша филиалының (бұдан әрі - филиал) фронт-офистерінде
орналасқан «Нәтиже» өтініштерді қабылдау орталықтарында 2022 жылы және ағымдағы
жылдың өткен кезеңінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексі
және Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 04 қаңтардағы №4
бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік органдарға, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына,
мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғаларға келіп түсетін жолданымдарды тіркеу,
есепке алу, сондай-ақ «Электрондық жолданымдар» ақпараттық-талдау жүйесін жүргізу»
Қағидасы талаптарының сақталуына жүргізілген тексеру қорытындысымен 166 (оның ішінде
Нәтиже ӨҚО мамандарымен - 59) бұзушылық анықталған.
3.
Филиал және оған қарасты басқармалар бойынша анықталған кемшіліктерҚР ӘРПК 4 бабында көрсетілген талаптардың сақталмауы
(жолданым түрін айқын көрсетпеу) бойынша - 95 (2022ж – 64, 2023 жылы – 31).
ҚР ӘРПК 63 бабының талаптары сақталмауы бойынша (жолданым тілін
дұрыс таңдамау, қате жолдану, сенімхат пен қосымша құжаттарды ақпараттық
жүйеге енгізбеу) – 49 (2022ж – 43, 2023 жылы – 6.)
ҚР ӘРПК 73,74 баптарында көрсетілген талаптардың сақталмауы
(тыңдау жүргізу рәсімі) бойынша – 9 (барлығы – 2022ж), оның ішінде
Тіркеу басқармасы -3,
Арал аудандық жер кадастры және жылжымайтын мүлік бөлімі – 1,
Құқықтық қамтамасыз ету басқармасы – 5.
ҚР ӘРПК 77 бабында көрсетілген талаптардың сақталмауы
(шешім түрін айқын көрсетпеу) бойынша – 13 (2022ж – 2, 2023 жылы - 11)
Сапаны бақылау басқармасы – 3,
Әлеуметтік қамсыздандыру бойынша № 1 бөлімі – 3,
Әлеуметтік төлемдерді мониторингілеу басқармасы – 2,
Мамандандырылған бөлім – 2,
Байқоңыр қалалық әлеуметтік қамсыздандыру бөлімі – 1.
Тіркеу басқармасы -1,
Жалағаш аудандық жер кадастры және жылжымайтын мүлік бөлімі – 1.
4.
Жолданымның негізгі түрлері, сипаттамалары(ҚР ӘРПК 4-бабы)
Арыз – әкімшілік рәсімге қатысушының өз құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін
немесе басқа тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға жәрдемдесу
туралы өтінішхаты қамтылған жолданым нысандарының бірі;
Шағым – әкімшілік рәсімге қатысушының өзінің және басқа да тұлғалардың әкімшілік акт,
әкімшілік әрекет (әрекетсіздік) бұзған құқықтарын, бостандықтарын немесе заңды мүдделерін қалпына
келтіру немесе қорғау туралы талабы қамтылатын жолданым нысандарының бірі;
(Аталған жолданымдар әкімшілік рәсім тәртібімен қаралады, қарау қорытындылары бойынша әкімшілік
акт қабылданады,алдын-ала шешім жобасы ұсынылып, тыңдалым өткізіледі)
Иесi бүркемеленген жолданым, хабарлама, сұрау салу, пікір және ұсыныс – иесін анықтау
мүмкін емес және (немесе) арыз иесінің қойылған қолы, оның ішінде электрондық цифрлық қолтаңбасы,
пошталық мекенжайы жоқ жолданым, хабарлама, сұрау салу, пікір, ұсыныс;
(ҚР ӘРПК 64 баптың 1 тармағына сәйкес тіркелуге жатады. Мазмұны арыз болған жағдайда, 63 баптың талаптарына
сәйкес, сәйкес келтіру үшін ақылға қонымды мерзімді белгіленеді, 70 баптың 1 бөлігі, 3 тармағына сәйкес өтініштің
қарастыруы тоқтатылады.
Мазмұны хабарлама, сұрау салу, пікір және ұсыныс болған жағдайда, 88 баптың 1 бөлігі, 2 тармағына сәйкес өтініштің
қарастыруы тоқтатылады )
5.
Жолданымның негізгі түрлері, сипаттамалары(ҚР ӘРПК 4-бабы)
Сұрау салу – әкімшілік рәсімге қатысушының жеке немесе қоғамдық сипаттағы қызығушылық
туғызатын мәселелер бойынша ақпарат беру туралы өтініші ;
Ұсыныс – әкімшілік рәсімге қатысушының Қазақстан Республикасының заңдарын және өзге де
нормативтік құқықтық актілерін, мемлекеттік органдардың қызметін жетілдіру, қоғамдық қатынастарды дамыту,
мемлекет пен қоғамның әлеуметтік-экономикалық және өзге де қызметі салаларын жақсарту жөніндегі ұсынымы;
Үн қосу – әкімшілік рәсімге қатысушының мемлекет жүргізіп отырған ішкі және сыртқы саясатқа,
сондай-ақ қоғамдық сипаттағы оқиғалар мен құбылыстарға өз көзқарасын білдіруі;
Хабар – әкімшілік рәсімге қатысушының Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтік
құқықтық актілерінің бұзылғаны, мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мемлекет
жүз пайыз қатысатын заңды тұлғалардың және олардың лауазымды адамдарының жұмысындағы кемшіліктер
туралы хабардар етуі;
(Аталған жолданымдар оңайлатылған әкімшілік рәсім тәртібімен қаралады, қарау қорытындылары бойынша
әкімшілік акт шығарылмайды, тыңдалым жүргізілмейді, тек өтініштің мәні бойынша жазбаша жауап
беріледі)
6.
Есепке алуға жатпайтын жолданымдар түрлеріҚР ӘРПК 69-бабы, 3-тармағына сәйкес:
1. Жарнамасы бар ұсыныстар,
2.Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша келіп түскен жолданымдар есепке алуға
жатпайды.
ҚР Бас Прокурорының Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 4
қаңтардағы № 4 бұйрығының 2-тарауы, 1-тармағына сәйкес:
1) бір мемлекеттік органнан басқа мемлекеттік органға келіп түскен қызметтік құжаттар;
2) жоғары тұрған органның тапсырмалары мен нұсқаулары;
3) жарнама қамтылған ұсыныстар;
4) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1тармағының 3) тармақшасында көзделген жолданымдарды қоспағанда, мемлекеттік қызметтерді
көрсету мәселелері бойынша жолданымдар;
5) қаралу тәртібі Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы заңнамада,
қылмыстық-процестік, азаматтық процестік заңнамада белгіленген жолданымдар, хабарламалар,
өтінішхаттар есепке алуға жатпайды.
(Ескертпе: Аталған сипаттағы өтініштер eotinish.kz сайты арқылы жеке және заңды тұлғалар өздері жүгінген жағдайда, заңды
құқықтары түсіндіріліп өтініш қарастыруы тоқтатылады, тыңдалым жүргізілмейді )
7.
Орындауға келіп түскен өтініштердің ҚР ӘРПК 63-бабына сәйкестігін тексеруӨтініш карточкасында орындаушыға өтінішке
қойылатын талаптарға сәйкестігін тексеру жөніндегі
функция қолжетімді. ҚР ӘРПК-тің 63-бабына сәйкес
жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында
берілген жолданымда, хаттамада:
1) жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты, ЖСН (ол
болған кезде), пошталық мекенжайы не заңды тұлғаның
атауы, пошталық мекенжайы, БСН (ол болған кезде);
2) жолданым берілетін әкімшілік органның, лауазымды
адамның атауы;
3) жолданымның мәні;
4) жолданымның берілген күні;
5) арыз иесінің немесе оның өкілінің қолы;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген
өзге де мәліметтер көрсетіледі.
3. Егер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес
әкімшілік рәсім ақылы негізде жүзеге асырылса, арыз
иесі төлемді растайтын құжатты ұсынуға тиіс.
8.
Толығымен және ішінара қайта бағыттау (ҚР ӘРПК-нің 65 бабы)1) Өтініш карточкасын ашу және"басқа МО-ға жолдау"
батырмасын басу
2) Өтініштің (және тапсырманың)адресатын таңдау
3) Ілеспе хатты жүктеу
4)Қайта бағыттау жобасын келісушілерді және қол қоюшыны
таңдау
5)Қайта бағыттау түрін таңдау (әрекетті тексеру арқылы).
6)Толығымен қайта бағыттау ҚР ӘРПК-нің 65 бабының 1
тармағында көрсетілген талаптарына сәйкес
7) Ішінара қайта бағыттау ҚР ӘРПК-нің 65 бабының 2
тармағында көрсетілген талаптарына сәйкес
8)Өтініштің бағыттау жобасын жіберу.
Ескертпе: Басқа әкімшілік органға толығымен және ішінара қайта
бағыттау өтініш тіркелген кезден бастап есептеледі. Сонымен қатар
ӘРПК 79,80 баптарында көрсетілген талаптар сақталуы қажет.
9.
ТыңдауӘкімшілік органның міндеті
(ҚР ӘРПК 73-бабы)
Өтініш берушінің тыңдау құқығы
(ҚР ӘРПК 22 бабы, 2 тармағы, 2 тармақшасы)
1.Әкімшілік орган, лауазымды адам әкімшілік рәсімге қатысушыға әкімшілік іс
бойынша алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге
міндетті, бұл туралы әкімшілік рәсімге қатысушы алдын ала, бірақ әкімшілік
акт қабылданғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етіледі.
2.Әкімшілік рәсімге қатысушы әкімшілік іс бойынша алдын ала шешімге
қарсылықты алған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмейтін
мерзімде оны беруге немесе білдіруге құқылы.
3.Әкімшілік рәсімге қатысушы өз қарсылығын ауызша білдірген жағдайда,
әкімшілік орган, лауазымды адам тыңдау хаттамасын жүргізеді.
4.Әкiмшiлiк рәсiмге қатысушы және әкімшілік іске қатысатын өзге де адам
танысқаннан кейін үш жұмыс күні ішінде тыңдау хаттамасына өз ескертулерін
беруге құқылы.
…
Тыңдалым
хаттамасы
Ескертпе: Алдын-ала шешім жобасын
ұсыну барысында ҚР ӘПРК 66 баптың
талаптары сақталуы қажет.
10.
Тыңдау жүргізілмейді:1) әкімшілік орган, лауазымды адам басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды
мүдделерін қозғамайтын қолайлы әкiмшiлiк актіні қабылдайтын;
2) атқарушылық іс жүргізу жүзеге асырылатын; (жеке сот орындаушылар сұрау салулары мен
адвокаттық сауалдар)
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында әкімшілік рәсімді жүзеге асыру үшін үш күндік
мерзімнен аз уақыт белгіленген; (Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және
өткізу тәртібі туралы Заңының 11 бабы)
4) азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтарын, қоғамдық және (немесе)
мемлекеттік мүдделерді қорғау мақсатында әкімшілік актіні дереу қабылдау талап етілетін;
(мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша жолданымдар)
5) әкімшілік рәсімге қатысушы бұл туралы өтінішхат берген; (ҚР ӘРПК 64 бабының 9 тармағына
сәйкес)
6) оңайлатылған әкімшілік рәсім жүзеге асырылатын; (cұрау салу, ұсыныс, хабарлама,
үн қосу )
7) әкімшілік іс бойынша шешім автоматтандырылған процесті жүзеге асыру кезінде қабылданатын,
бұл ретте әкімшілік органға, лауазымды адамға әкімшілік таңдау берілмеген жағдайларға
қолданылмайды.
11.
Әкімшілік рәсімді тоқтату (ҚР ӘРПК 70-бабы)Әкімшілік рәсімді тоқтату
1. Мына мән-жайлардың тым болмағанда бірі болған кезде:
1) әкімшілік органның, лауазымды адамның жолданымда
көрсетілген сол нысана туралы және сол негіздер бойынша
әкімшілік рәсімге қатысушыға қатысты әкімшілік іс бойынша
шешімі бар болса; (қайталама өтініштерде)
2) сол нысана туралы және сол негіздер бойынша сол адамға
қатысты шығарылған заңды күшіне енген сот актісі бар болса;
3) әкімшілік орган, лауазымды адам жолданымды қайтарса;
(ҚР ӘРПК 63-бабы)
4) әкімшілік орган, лауазымды адам арыз иесінен жолданымды
кері қайтарып алуды қабылдаса; (ҚР ӘРПК 64-бабының 9
тармағы)
5) Қазақстан Республикасының (арнайы) заңдарында көзделген
өзге де негіздер бар болса, жолданым негізінде қозғалған
әкімшілік рәсім тоқтатылуға жатады.
әкімшілік актіні қабылдау және тоқтату шешімді
3 жұмыс күн ішінде әкімшілік рәсімге
қатысушының назарына жеткізілуі тиіс
12.
Оңайлатылғанәкімшілікрәсімбойыншашешімқабылдау87-бап. Хабарламаларды, ұсыныстарды, үн қосуларды және сұрау салуларды қарау
оңайлатылған әкімшілік рәсім тәртібімен жүзеге асырылады.
-хабарды, ұсынысты, үн қосуды немесе сұрау салуды мемлекет жүз пайыз қатысатын
мемлекеттік органдар мен заңды тұлғалар ғана қарайды;
-хабарды, ұсынысты, жауапты немесе сұрау салуды қарау кезінде тыңдау өткізілмейді;
-хабарды, ұсынысты, үн қосуды немесе сұрау салуды қарау қорытындылары бойынша
әкімшілік акт шығарылмайды, тек өтініштің мәні бойынша жазбаша жауап беріледі.
88-бап. Оңайлатылған әкімшілік рәсімді тоқтату
1) қайталама хабарламаларда, ұсыныстарда, үн қосуларда, сұрау салуларда жаңа
дәлелдер немесе жаңадан ашылған мән-жайлар келтiрiлмесе, ал алдыңғы
хабарламаның, ұсыныстың, үн қосудың, сұрау салудың материалдарында тексерудiң
қажетті материалдары болса және арыз иесіне белгiленген тәртiппен жауаптар берілсе;
2) хабарламаның, ұсыныстың, үн қосудың, сұрау салудың авторын анықтау мүмкін
болмаса, арыз иесінің қолтаңбасы, оның ішінде электрондық цифрлық қолтаңбасы,
пошталық мекенжайы болмаса, оларда дайындалып жатқан немесе жасалған
қылмыстық құқық бұзушылық не мемлекеттік немесе қоғамдық қауіпсіздікке төнген
қатер туралы және олардың құзыретіне сәйкес мемлекеттік органдарға дереу жолдануға
жататын мәліметтер қамтылған жағдайларды қоспағанда;
3) хабарламада, ұсыныста, үн қосуда, сұрау салуда мәселенің мәні баяндалмаса,
оңайлатылған әкімшілік рәсім тоқтатылуға жатады.
13.
Мерзімін ұзарту (Орындаушы)Кіріс тапсырмалар – Орындалу
үстінде- Қарау мерзімін ұзарту
батырмасына өту керек
Ұзарту мерзімі – ұзарту себебінкелісуші және қол қоюшыны таңдап
жіберу батырмасын өту керек
Ескертпе: Шағымның қарау мерзімі
ұзартылмайды
14.
Жолданымдардың негізгі түрлері және қарау мерзімдеріЖолданым түрі
Қарау мерзімдері
Ескертпе
Арыз
15 жұмыс күні
Хабарлама
15 жұмыс күні
Ұсыныс
15 жұмыс күні
ҚР ӘРПК 76-бабы.
Өтініш негізінде қозғалған әкімшілік
рәсімнің мерзімдері
60 күнтізбелік күнге дейін ұзартылады
Сұрау салу
15 жұмыс күні
Үн қосу
15 жұмыс күні
Шағым
20 жұмыс күні
ҚР ӘРПК 99-бабы. Шағымды қарау
Мерзім ұзартылмайды
мерзімі
ҚР «Мемлекеттік қызметтер туралы»
Заңының 25-бабы
Мемлекеттік қызметттерді көрсету
бойынша шағым
Адвокаттың сұрау салуы,
Заң консультанты
Бұқаралық ақпарат құралдарының сұрау
салуы
Ақпарат беру туралы
сұрау салуы
Жеке сот орындаушылардың сұрау салуы
5
жұмыс күні
10 жұмыс күнге ұзартылады
10 жұмыс күні
Мерзім ұзартылмайды
7 жұмыс күні
15 күнтізбелік күнге ұзартылады
15 күнтізбелік күн
15 күнтізбелік күнге ұзартылады
3 жұмыс күні
Мерзім ұзартылмайды
"Адвокаттық қызмет және заң көмегі
туралы" Заңының 35,76-1 баптары
"Бұқаралық ақпарат құралдары туралы "
Заңының 18,18-1 баптары
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы»
Заңының 11-бабы
"Атқарушылық іс жүргізу және сот
орындаушыларының мәртебесі туралы"
Заңның 126-бабы).
15.
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріменжұмысты ұйымдастырудың негізгі міндеттері
Жеке және заңды
тұлғалардың арызы
Орындауға жіберу
(Басшы)
Өтініштердің түсу
көздері (қолма-қол,
Казпочта, электронды,
ауызша)
Келіп түскен
өтініштерді қабылдау
және бастапқы өңдеу
Келіп түскен
өтініштерді тіркеу
Орындаушыны
айқындау
(Басшы)
Тіркелген өтініштерді
басшыға жұмысқа
бағыттау
Өтініштің түрін,
сипаттамасын,
бөлім/санатын,
айқындау
16.
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыстыұйымдастырудың негізгі міндеттері
Орындауға келіп түскен
өтінішті қарау
Өтінішке қойылатын жалпы
талаптардың сақталуын
тексеру
Сәйкестікке келтіру үшін,
ақылға қонымды мерзім
белгілеу
(3 жұмыс күні)
Сәйкестікке келтірмеген
жағдайда, өтінішті қайтару
(ҚР ӘРПК 63-бабы)
Құзіреті шегінде Кодексте
белгіленген мерзімде
өтінішті қарау
(ҚР ӘПРК 76 бабы)
Талапқа сәйкес келген
жағдайда, өтініш өндіріске
алу
Өтініш иесіне бір мезгілде
хабардар ете отырып,
уәкілетті әкімшілік органға,
жолдау
Өтінішті қарау барысында,
құзіреті шегіне кірмесе, басқа
МО жолдау
(ҚР ӘРПК 65-бабы)
Өтініш бойынша өз
ұстанымын білдіру үшін
алдын-ала шешім жобасын
ұсыну
Тыңдалымға шақыру,
тыңдау хаттамасын жасау
(ҚР ӘПРК 66,73,74
баптары)
Шешім түрін айқындау
(ҚР 70,77,88-89,91 баптары),
келісуге және қол қоюға
жіберу
Шешім қабылдау,
қабылданған шешімді арыз
иесінің назарына ұсыну
(ҚР 66,79,80,81 баптары)