Ж о с п а р ы :
Кіріспе
Компьютерлік желі 
Классификациясы
Территориалды таралуы бойынша
Коммуникация протоколы және желілік бағдарламалау
Міндеттері
Мақсаты
Желілік адаптер
Интернет желісінің тарихы
ICANN-ның Марина Дель Рейдегі штаб-пәтері, Калифорния штаты, АҚШ
Web server
Интернеттің жетістіктері
Қазақстандағы Интернет
Интернеттің негізгі принциптері
Интернет протоколдары
Электронды үкімет порталымен жұмыс
2.62M
Category: internetinternet

Компютерлік желілер туралы. Желілер топологиясы. Интернет. Телемедицина. Телемедициналық орталықтар

1.

ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ
АТЫНДАҒЫ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ
HOCA AHMET YESEVI
ULUSLARARASI
TURK-KAZAK UNIVERSITESI
СӨЖ
Тақырыбы: Компютерлік желілер туралы.
Желілер топологиясы. Интернет.Телемедицина.
Телемедициналық орталықтар. Электронды
үкімет парталымен жұмыс.
Қабылдаған: Дүйсенова Г
Орындаған: Нұрман А
Тобы: СТК-226

2. Ж о с п а р ы :

I Кіріспе
II Негізгі бөлім
Компютерлік желілер туралы.
Желілер топологиясы.
Интернет.
Телемедицина. Телемедициналық орталықтар
Электронды үкімет парталымен жұмыс
III Қорытынды
IV Қолданылған әдебиеттер тізімі

3. Кіріспе

Компьютерлік желі дегеніміз – ресурстарды (дискі, файл,
принтер, коммуникациялық құрылғылар) тиімді пайдалану
мақсатында бір – бірімен байланыстырылған компьютерлер
тізбегі. Жергілікті желі- бірнеше компьютерлерді біріктіру
үшін қолданылады. Жергілікті желі шектеулі аймақтағы
(бір бөлмеде, бір мекемеде, зауыт немесе бекетте т.с.с)
компьютерлерді біріктіреді. Жергілікті желі құрудағы себеп
— өндірістік процестерді автоматтандыру, әр түрлі
құжаттарды жедел өңдеу. Жергілікті желіге қосылған әрбір
компьютер арнайы тақшамен желілік адаптер жабдықталуы
керек. Компьютерлер (желілік адаптерлер) бір-бірімен
кабельдердер арқылы байланысады

4. Компьютерлік желі 

Компьютерлік желі (ағылш. сomputer network) —
барлық құрылғылардың бір бірімен өзара
әрекеттесуіне мүмкіндік беретін байланыс желілері
арқылы қосылған компьютерлердің және басып
шығарғыштар мен мәтіналғылар сияқты басқа
құрылғылардың тобы.
Желілер шағын немесе үлкен, кабельдер арқылы
тұрақты жалғанған, немесе телефон желілері мен
сымсыз арналар арқылы уақытша жалғанған болуы
мүмкін. Ең үлкен желі — Интернет, ол бүкіләлемдік
желілер тобы болып табылады.

5. Классификациясы

6. Территориалды таралуы бойынша

PAN (Personal Area Network) — персоналды желі, бір иегерге тиісілі түрлі құрылғылардың
өзара әрекеттесуі үшін қажет.
LAN (Local Area Network) — жергілікті желі, қызмет көрсетушілеріне шығуына дейін тұйық
инфрақұрылымы болады. «LAN» термині кішкене офистік желіні де, жүздеген гектар аймақты
алатын үлкен зауыт деңгейіндегі желіні анықтай алады. Шетелдік негіздерде тіпті жуықталған
бағалау береді — радиусы алты милге жуық (10 км) болатын желілер. Жергілікті желілер
жабық типті желілер болып табылады, бұл желіде өздерінің кәсібіне байланысты жұмыс
істейтін, тек қолданушылардың шектелген тобы ғана рұқсатты ала алады.
CAN (Campus Area Network — кампустық желі) — жақын орналасқан ғимараттардың
жергілікті желілерін біріктіреді.
MAN (Metropolitan Area Network) — бір немесе бірнеше қала шегіндегі мекемелер арасындағы
қалалық желілер, көптеген жергілікті есептеуіш желілерді байланыстырады.
WAN (Wide Area Network) — глобалды желі, үлкен географиялық аймақтарды алатын, ішіне
жергілікті желілермен қоса, телекоммуникациондық желілер мен құрылғылар да кіреді. WAN
мысалы — пакеттер коммутациясы бар желілер (Frame relay), олар арқылы түрлі компьютерлік
желілер өзара "сөйлесе" алады. Глобалды желілер ашық және барлық қолданушыларға қызмет
көрсетуге бағытталған болып табылады.
«Корпоративті желі» термині әдебиетте сонымен қатар бірнеше желілерді біріктіруді анықтау
үшін қолданылуы мүмкін, ал ішкі желінің әрқайсысы түрлі техникалық, бағдарламалық және
ақпараттық принциптерге негізделіп құрылған болуы мүмкін

7. Коммуникация протоколы және желілік бағдарламалау

Интернет картасы. Интернет
дегеніміз ғаламдағы
миллиардтаған компьютерлік
қондырғыларға қызмет көрсетуге
арналған, өзара
байланыстырылған
компьютерлер жүйелерінің
жинағы

8.

9.

10.

11.

12. Міндеттері

Ақпараттық-коммуникациялық технологияның
мүмкіндіктерін үйрету арқылы оқушылардың
қызығушылығын арттыру.
Компьютерлік желілердің құрылу және жұмыс істеу
жолдары жөнінде оқушылардың көзқарасын қалыптастыру.
Компьютерлік желілердің түрлерін ажырата білуге,
мүмкіншілігін түсінуге, салыстыру арқылы оның
артықшылығы мен кемшіліктерін білуге үйрету.
Электрондық пошта жұмысымен таныстыру, оны күнделікті
өмірде қолдана білуге үйрету.
Компьютерлік желілерді үйрету арқылы оқушы-лардың
ақпараттық мәдениетін қалыптастыру.

13. Мақсаты

Әлемдік
ақпараттық кеңістікке ену
жағдайында компьютерлік желі технологиясын оқушыларға меңгертудің тиімді
әдіс-тәсілдерін таңдау;
Оқушыларға компьютерлік желі
технологияларының топологиялық ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін көрсетудің
қолданбалы бағытын игерту.

14. Желілік адаптер

Желілік адаптер- компьютердің байланыс желісімен сәйкестендірілуін
қамтамасыз ететін құрылғы. Жергілікті желінің түрлері: БІР
ОРТАЛЫҚТАН БАСҚАРЫЛАТЫН ЖЕЛІНІ «Клиент —
сервер» желісі деп те айтады: Клиент – өзіне қызмет көрсетуді
сұрайтын объект (компьютер немесе программа). Сервер – басқаға
қызмет көрсететін объект. БІР ДЕҢГЕЙЛІ КОМПЬЮТЕРЛЕР
ЖЕЛІСІ (БІР РАНГЫЛЫ) – Мұнда желіні басқаруда барлық
компьютерлер тең құқықты болып саналады.
Бір немесе бірнеше желілерді бір – бірімен өзара
байланыстыру желіаралық байланыс немесе ауқымды желі деп
аталады. Ауқымды желі қала, аймақ, ел, бүкіл Жер шарын қамтуы
мүмкін. Жалпы желілер- бұл дүние жүзі бойынша таратылған желілер.
Ең белгілі және қол жететін жалпы желі — Интернет болып табылады.
Интернет желісі тұрақты құрылым емес, оны миллиондаған
пайдаланушылар ұдайы өзгеріп отырады.

15.

Желідегі
компьютерлер жұмысын программа
басқарады, ондағы барлық компьютерлердің
бір – біріне жіберетін және қабылдайтын
ақпараттарды араласпай, тиянақты жеткізілу
үшін, олар бір тілмен – ортақ ережемен
байланыс жасау қажет. Осындай ортақ
ереже желілік хаттама деп аталады.
Сервер – ортақ пайдалануға арналған барлық
ресурстарды қамтитын компьютер. Ортақ
ресурстарды пайдалану үшін сервер қосулы
болуы қажет. Желідегі жұмыстың көп бөлігін
сервер атқарады.

16.

Интернет желісіне қалай қосылуға
болады? Интернет желісіне қосылу үшін
компьютерге модем керек. Модем дегеніміз – бұл
компьютерге телефон желісі және сымдары арқылы
мәлімет алмасуға мүмкіндік беретін құрылғы.
Модем арқылы қосылым жасау үшін компьютерге
иесіне лайықты провайдер тауып Интернетте жұмыс
істеуге келісімге отыруға болады. Интернет желісіне
қосылу үшін модемнің арнайы бағдарламасын
компьютерге қондырып компьютер мен модемді
өзара қосу қажет.Сол кезде экранда таңбашасы
пайда болады. Оны шертіп, келесі командаларды
орындаймыз. Тапсырмалар панелінде хабарлама
пайда болады, сіз интернет желісіне қосылдыңыз.

17.

18.

Интернет бастамасы
Интернет - кез келген компьютерлермен бүкіл әлем бойынша ақпарат алмасу
мен беру мүмкіндігі, желілер жүйесі. Интернет - байланыс араларын өзара
біріктіретін, тораптардың жиынтығы.
Әрбір топтарда көбінесе UNIX операциялық жүйесін басқару арқылы жұмыс
істейтін бір немесе бірнеше қуатты компьютер-сервер болады. Мұндай
торапты кейде хост деп атайды.
Торапты оның иесі - провайдер деп аталатын ұйым немесе Интернет
қызметін жабдықтаушы басқарады.
Интернет әр түрлі ережемен жұмыс істейтін желілерді біріктіреді. Бұл
ережелерді үйлестіру үшін шлюз құрылғысы қызмет етеді. Шлюз - басқаша
тәсілмен үйлеспейтін желілерді қосатын құрылғы. Шлюз әр түрлі желілердің
бірлескен жұмысын қамтамасыз етуге арналған мәліметтерді өзгертпейді.
Интернет желісіне әр түрлі операциялық жүйелерді басқару арқылы жұмыс
істейтін компьютерлер кіреді . Алайда, ақпарат алмасу кезінде барлық ЭЕМ
хабар беру тәсілдері туралы бірыңғай келісімдер қолданылуы тиіс. Сонда
ЭЕМ-ның қай-қайсысыда басқа кез келген ЭЕМ-нан алынған ақпарат
түсінуге қабілетті болады.

19.

Электронды почта немесе е-mail (electronic mail - электронды почта),адамдар
арасындағы байланыс тәсілдерінің бірі болып табылады. Электронды почтаның
Интернеттегі негізгі функциясы - планетаның қай нүктесінде болса да, Интернеттің
кез келген екі пайдаланушысы арасында электронды хаттармен - мәтіндік
хабарламамен оперативті және өте тез алмасуды жүзеге асыру. Электронды
почтаның қосымша мүмкіндіктеріне мыналарды жатқызуға болады: дыбыстық
хабар, құжаттарды, сызуларды, фотосуреттерді, бейнематериалдарды беру; ғылыми
журналға, сирек кітаптарға, жарнамаға жету жәнә әр түрлі тауарларды жолдау
немесе сату; сонымен қатар, ұжымдық іс-әрекеттерді программалық қамтамасыз
ету; мекемелер мен ұйымдарда құжат қолдану; ұжымдық жұмысты жоспарлау. EFT
хаттамалары бойынша электронды почтаның жаңаша пакеттері (Electronic Funds
Transfer - ақшалай қаражатты электронды аудару) және EDI (Electonic Funds Data
Interchange - мәліметтермен электронды алмасу) желі бойынша іс жүзінде
қамтамасыз етілетін ақша, шоттар және басқа қаржылық құжаттарды аудару.
Қазіргі уақытта кз келген информациялық технологияның жаппай техникалық
компоненті компьютер болып табылатыны белгілі.
Компьютерлік телекоммуникацияны пайдалану - алыстағы компьютермен
диалогтық режимде немесе электрондық почта режимде жұмыс істеуді
ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ ,электрондық почта өте қолайлы жене
аса қымбат емес.

20. Интернет желісінің тарихы

1957 жылы Кеңес Одағы Жердің жасанды серігін
ұшырғаннан кейін, АҚШ Қорғаныс министрлігі ақпаратты
тасымалдаудың сенімді жүйесі қажет деп шешті. АҚШ
алдыңғы қатарлы зерттеу жобаларының агенттігі (ARPA) осы
мақсатта компьютерлік желі құруды ұсынды. Бұл желіні құру
Лос-Анджелестегі Калифорния университетіне, Стэнфорд
зерттеу орталығына, Юта штатының университетіне және
Санта-Барбара қаласындағы Калифорния штатының
университетіне тапсырылды. Компьютерлік
желі ARPANET деп аталып, 1969 жылы аталған төрт ғылым
орталықтарын біріктірді, барлық жұмыстарды АҚШ
Қорғаныс министрлігі қаржыландырып отырды. Одан соң,
ARPANET желісі жылдам дамып, оны ғылымның әр түрлі
салаларындағы ғалымдар қолдана бастады.

21. ICANN-ның Марина Дель Рейдегі штаб-пәтері, Калифорния штаты, АҚШ

22. Web server

Алғашқы ARPANET сервері 1969 жылдың 1 қыркүйегінде Лос-Анджелестегі Калифорния
университетінде орнатылды. «Honeywell 516» компьютерінде 12 КБ оперативті жад бар
болатын.
1971 жылы желі арқылы электронды почта жіберуге мүмкіндік беретін алғашқы компьютерлік
бағдарлама жасалып, ол кеңінен таралды.
1973 жылы бұл желіге трансатлантикалық телефон сымы көмегімен Ұлыбритания және
Норвегияның ұйымдары қосылып, желі халықаралық сипат алды.
1970-жылдары интернет желісі негізінен электронды почтаны жіберу үшін пайдаланылды.
Бірақ, интернет желісі басқа техникалық стандарттар негізінде жасалған желілермен байланыс
орната алмайтын еді.
1970-жылдардың соңында мәліметтерді тасымалдау стандарттары кеңінен тарай бастады, олар
1982-83-жылдары бір стандартқа келтірілді. 1983 жылдың 1 қыркүйегінде ARPANET желісі
NCP протоколынан TCP/IPпротоколына көшірілді, бұл протокол қазіргі кезге дейін желілерді
біріктіру үшін қолданылуда. 1983 жылы «Интернет» термині ARPANET желісіне байланысты
айтылатын болды.
1984 жылы домендік аттар жүйесі (DNS) жасап шығарылды.
1984 жылы ARPANET желісіне бәсекелес пайда болды. АҚШ Ұлттық ғылыми қоры (NSF)
университетаралық ауқымды NSFNet (|National Science Foundation Network) желісін құрып,
оған көптеген шағын желілерді (сол уақыттарда-ақ танымал болған Usenet және Bitnet
желілерін қоса) біріктірді, бұл желінің ақпарат тасымалдау қабілеті ARPANET желісіне
қарағанда, біршама артық еді. Бір жыл ішінде бұл желіге 10 мыңдай компьютер қосылды.

23.

1988 жылы Интернет Relay Chat (IRC) протоколы жасалып, Интернетте нақты уақытта сөйлесу (чат)
мүмкіндігі пайда болды.
1989 жылы Еуропада, Ядролық сынақтар бойынша еуропалық кеңес (CERN) қабырғаларында Бүкіләлемдік
тор концепциясы пайда болды. Оны әйгілі ағылшын ғалымы Тим Бернерс-Ли ұсынды, ол екі жыл ішінде
HTTP протоколын, HTML тілін және URI идентификаторларын ойлап тапты.
1990 жылы ARPANET желісі NSFNet желісімен бәсекелестікке шыдай алмай, өз жұмысын тоқтатты. Осы
жылы Интернетке телефон арқылы қосылудың сәті түсті (Dialup access).
1991 жылы Бүкіләлемдік тор Интернетте пайда болды, ал 1993 жылы әйгілі NCSA Mosaic браузері пайда
болды.
1995 жылы NSFNet желісі бастапқы зерттеу мақсаттарына қайта оралды, енді Интернеттің барлық траффигін
маршрутизациялаумен Ұлттық ғылыми қордың суперкомпьютерлері емес, желілік провайдерлер айналыса
бастады. Осы жылы Бүкіләлемдік тор FTP арқылы файлдарды тасымалдау протоколын трафик жөнінен басып
озып, Интернеттегі ақпарат тасымалдаудың негізгі көзіне айналды, Бүкіләлемдік тор консорциумы (W3C)
құрылды. Бүкіләлемдік тор Интернетті өзгертіп, оның қазіргі заманғы бет-бейнесінің қалыптасуына әсер етті
деп айтуға болады. 1996-жылдан бастап, Бүкіләлемдік тор Интернет түсінігін толықтай ауыстырды деп айтуға
болады.
1990-жылдары Интернет сол уақыттағы желілердің көпшілігін біріктірді (Фидонет сияқты кейбір желілер
интернет құрамына кірген жоқ). Интернеттің техникалық стандарттары ашық, ал оны басқаратын белгілі бір
компания жоқ болғандықтан, интернеттің дамуы жекелеген желілердің бірігуіне көп әсерін тигізді. 1997
жылы Интернетте 10 млн компьютер болды, 1 миллионнан астам домендік аттар тіркелді. Интернет ақпарат
алмасудың ең танымал құралына айналды.
1998 жылы рим папасы Иоанн Павел II Бүкіләлемдік Интернет Күнін 30 қыркүйек деп бекітті.
Қазіргі кезде Интернетпен тек қана компьютерлік желілер арқылы емес, сонымен қатар, байланыс
спутниктері, радиосигналдар, кабельдік теледидар, телефон, ұялы байланыс, арнайы оптикалық-талшықтық
желілер және электр желілері арқыы да байланысуға болады.

24. Интернеттің жетістіктері

Интернет технологисы жылдам өзгеріп отырады. Интернет -пен жұмыс
істеу оңайланғандықтан, қазіргі өзгерістер торапты кім немесе қандай
мақсатпен қолдануында болып отыр. Дегенмен, " Web-тен білгім келген
нәрсе туралы, информация таба аламын ба?"-деген сұрақ туындайды. Сол
себепті бір жаққа телефон соғудан бұрын немесе кітапханаға барар
алдында Web-тен информация алады.
Адамдарды іздеу. Егер қажетті адамыңыздың қайда екенің білмесеңіз, оны
қайда болмаса да сіз қазіргі уақытта тауып алу мүмкіндігіғңіз бар. Ол үшін
сіз қызмет каталогын немесе телефон кітапшасын қолдана аласыз.
Компанияларды, өнімдерді немесе басқа да қызметтерді іздеу. Сары парақ
(Yellow Page) атты жаңа каталог қызметі- сізді қызықтыратын
мамандықтары бар компанияларды іздеуге мүмкіндік береді. Оның адресін
тез табу үшін сіз сол облысқа сәйкес кодты бере аласыз. Осылайша өзіңіз
қолыңыз жетпей жүрген затынызды да табуға болады.

25.

Зерттеу. Заң кенселері бұрын қажетті информациялар үшін сағатына
$8600 төлесе, қазір олар оны Интернет-тен өте аз бағаға ала алады.
Жылжымайтын заттармен айналысатын фирмалар, олардың бағасын
бағалау үшін Интернет-ке сай келетін демографиялық мәләметтерді
пайдаланады. Ғалымдар өздерінің соңғы зерттеу нәтижелерімен
ауысады. Интернет көмегімен бизнесмендер болашақтағы нарықтарды
үйренеді.
Білім. Мектеп мұғалімдері бүкіл әлемдегі оқыту программаларын
бақылап отыра алады. Колледж оқытушылары өз шанырақтарымен
электрондық почта арқылы хабарласып, сонымен қатар телефонмен
сөйлесу ақысын үнемдейді. Студенттер компьютерде курстық
жұмыстарын жасайды. Сонымен қатар, диалогтық режимде
энциклопедияның соңғы басылымын және басқа да қажетті
материялдарды алуға болады.
Сапар. Үлкен, кіші қалалар, штаттар және бүкіл мемлекеттерді Web-те
туристік және басқа да қажетті информациялардан табуға болады.
Желіде сапар шегушілер ауа райы туралы мәліметтерді, транспорт
қозғалысының уақыт кестесін немесе мұражайдың жұмыс уақыттары
туралы мәліметтер ала -алады.

26.

Маркетинг және сауда. Мұнда программалық жабдықтарды шығарушы
компаниялар өз өнімдерін сатып, желіде жаңа нұсқаларын ұсынады.
Желі көмегімен басқа да түрлі өнімдер сатылады. Электронды кітап
және грампластинка дүкендерді оперативті режимде істейді. Клиент
өзіне қажетті мәліметті каталогтардан көре алады.
Денсаулық сақтау. Науқас адамдар мен дәрігерлер денсаулық сақтау
облысындағы соңғы ашылған жаңалықтарды біліп отырады. Өз
білімдерімен алмасып және медициналық мәселелерді шешуде бір-біріне
көмектесіп отырады.
Инвестиция. Адамдар акция сатып алып ақшаларын пайдалы айналымға
жібереді. Кейбір компаниялар өздерінің акцияларын оперативті режимде
ұсынады.Осылайша инвесторлар жаңа өнеркәсіптерді, ал өнеркәсіптер
капитал табады. Конференция және аукциондарды ұйымдастырушылар
хабарлама жасау, өтініш жинау немесе қатысушыларды тіркеу, т.б.
жұмыстарды Web-те жасайды. Мұнда информация барлық уақытта
жаңарып отырады, мұнда қағазды және транспорт шығынын әлдеқайда
үнемдеуге болады.
Дін. Дін немесе басқада қоғамдық ұжымдар Web-те өздері туралы
айтып, басқа адамдарды ұжымдарына шақыратын өз парақтары бар.

27. Қазақстандағы Интернет

1998 жылы наурыз айының басында Республика телекоммуникациялық
компанияларының басқаруымен телекоммуникация ассоциациясы деген жаңа
ұйым пайда болды .
Коммерциялық емес құрылымның шығу мақсаты - кәсіпорынның іскерлігін
байланыстыру, желілер телекоммуникациясының дамуын, ақпараттық
технологияны пайдалану және байланыс қызметін ұсыну.
Ассоциацияның негізгі сан есебінде: отандық және шетелдік операторлар
арасындағы құжат қатынастарын құруға практикалық көмек көрсету көзделген.
Осыған орай - тұтынушылар мен қолданушылар арасындағы қызметті де
қамтиды.
Мұнда электрондық World Wide Web- тің өсуімен қоса, көптеген қызықты және
арнайы сайттар пайда болуда. Соңғы уақытта әртүрлі анықтамалар, каталогтар
және мәліметтер қоры (солардың ішінде неше түрлі керекті тақырыптар ақпараты
бар ) кіре бастады. Мысалы, сайтта өзіңізге керекті Голливудта түсірілген
фильмді таңдап алып, сол фильм туралы толық анықтама алуға болады. Оның
жанрын, актерлік, режиссерлік бөлімін және фильмнен бірнеше кадрларын
көрсетіп шығарады. Сол жерден сізді қызықтыратын кино актерлері ,
режиссерлері және дауыс операторлары жайында толық мәлімет ала аласыз.

28.

World Wide Web - қазіргі заманғы Интернеттің ең танымал
қызметі. Оны көбіне Интернетпен теңдестіреді, бірақ шын
мәнінде бұл оның көптеген қызметтерінің бірі. Бір Webсерверде бірнеше сайттар болуы мүмкін. Электронды Web құжаттарды принтерде басу үшін емес, компьютер
экранында қарап шығуға арналған. Web-парақтарды қарап
шығуға арналған программалар браузерлер деп аталады .
World Wide Web түп-түгел гипермәтіндерден тұрады.
Гипермәтін - мәтінің дара блоктарымен байланысты
ассоциациялық түрде ұсынылған мәтін.
Бізге кенеттен бір файл керек болып қалды делік, оның қай
жерде екенің бізге белгілі болсын. Енді сол файлды өз
компьютерімізге қалай әкелу жолын қарастырайық. Мұндай
мақсат үшін файлды тасымалдау протоколы деп аталатын
жүйе қолданылады (File Transfer Protocol-FTP).

29.

FTP-серверінің мәліметтерімен қатынас жасау үшін
әркім стандартты кіру сұхбатын орындау керек.
Оның бір мысалы мынадай болу керек: Open named
password-FTP -серверге кірердегі сұраныс тізбегі,
мұндағы:
Open FTP-сервермен қатынас жасауды сұрау,
Қажетті информациямен толықтырылған аты немесе
anonymous,
Password - сұраушы адамның паролі немесе оның
почталық адресі.

30. Интернеттің негізгі принциптері

Интернет мыңдаған корпоративті, үкіметтік, ғылыми және үй желілерінен құралған.
Әртүрлі архитектуралы және топологиялы желілерді біріктіруге IP(Интернет Protocol)
протоколын және мәліметтер пакеттерін маршрутизациялауды қолдану арқылы қол
жеткізілді. IP протоколы әдейі физикалық байланыс арналарына тәуелсіз етіп жасалды.
Яғни цифрлық мәліметерді тасымалдауға арналған кез келген жүйе Интернетпен де
байланыса алады. Желілердің байланысқан түйіндерінде арнайы маршрутизаторлар
(бағдарламалық немесе аппараттық) пакеттердің қабылдаушылардың IP-адрестерін қарай
отырып, мәліметтер пакеттерін сұрыптаумен және бағыттаумен айналысады. IP протоколы
бүкіл әлем көлемінде біртұтас адрес кеңістігін құрады, бірақ әрбір жеке желіде өзіндік
адрес кеңістігі болуы мүмкін. IP-адрестерді осылайша ұйымдастыру маршрутизаторларға
әрбір мәлімет пакетінің бағытын анықтауға мүмкіндік береді. Осылайша, Интернет
құрамындағы жекелеген желілер арасында конфликттер болмайды, ал мәліметтер бүкіл
әлем көлемінде дәл жеткізіледі.
IP протоколын IETF (Интернет Engineering Task Force) ұйымы ойлап тапқан болатын. IETF
және оның жұмыс топтары қазіргі күні де Бүкіләлемдік желінің протоколдарын дамытумен
айналысады. IETF қызметіне қарапайым пайдаланушылар қатыса алады. Бұл ұйым
комитеттері RFC құжаттарын жариялайды. Бұл құжаттарда көптеген сұрақтардың
техникалық спецификациялары және дәл түсініктемелері беріледі.

31. Интернет протоколдары

Бұл жағдайдағы протокол түсінігі - желімен жұмыс
жасаған кездегі компьютерлер арасындағы
мәліметтер алмасу «тілін» білдіреді. Әртүрлі
компьютерлер бір-бірімен байланысу үшін, олар бір
протоколмен байланысуы керек. Интернет
протоколдар жүйесін TCP/IP протоколдар жиыны
деп атайды.
Төменде кең тараған интернет-протоколдардың
аттары келтірілген:

32.

Қолданбалы деңгейде: Бас жол мәтіні












DNS
FTP
HTTP
HTTPS
IMAP
LDAP
POP3
SMTP
SSH
Telnet
XMPP (Jabber)
SNMP
Сеанстық деңгейде/көрсету деңгейінде
SSL
TLS
Транспорттық деңгейде
TCP
UDP
Арналық деңгейде
Желілік деңгейде
BGP
ICMP
IGMP
IP
OSPF
RIP
EIGRP
IS-IS
Ethernet
Frame relay
HDLC
PPP
SLIP
Белгілі бір стандартқа келтірілмесе де,
Интернетте кең тараған протоколдар бар. Бұл
протоколдар көп жағдайда файлдармен және
мәтіндік мәліметтермен алмасу үшін қажет,
кейбіреулерінің негізінде бүтін файл алмасу
желілері құрылған. Бұл протоколдар:
OSCAR
CDDB
eDonkey2000 (желінің аты; протокол MFTP деп
аталады)
BitTorrent
Gnutella
Skype

33.

Қазіргі заманғы кең тараған Интернет қызметтері:
Бүкіләлемдік тор





Веб-форумдар
Блогтар
Уики-проекттер (Уикипедия)
Интернет-дүкен
Интернет-аукцион
Электронды почта
Жаңалықтар топтамасы (негізінен, Usenet)
Интернет-радио
Файл-алмасу желілері
Интернет-теледидар
Электронды кітап
IP-телефония
Мессенджерлер
FTP-серверлер
IRC (веб-чаттар)
Іздеу жүйелері
Интернет-жарнама
Өшірілген терминал
Төлем жүйелері

34.

Телемедицина
Телемедицина(грек. tele - қашықтық, лат. meder
сауықтыру)
Телемедицина - бұл тікелей тексеріс немесе
емделушіні емдеуді өткізетін емделуші немесе
дәрігер заманауи ақпараттық-коммуникациялық
технолоияларды қолдана отырып, қашықтықтан
басқа маманның кеңесін алуды қамтамасыз ететін
ұйымдастырушылық, қаржылық және
технологиялық іс-шаралардың кешені.

35.

Телемедицинаның шығу тарихы
Біздің заманымызға дейін жеткен ескі Қытайда мамандар емделушіге
тамырын ұстау арқылы диагноз қоя білді. Бәрімізге белгілі бұрынғы
замандағы дәрігерлер емделушіні тексермек түгілі, көругеде құқығы
болмады. Тамырдың соғысын алыс замандарда емделушінің білегіне жіп
байлау арқылы анықталған. Ал өзінің емделушісі бұл кезде сырт бөлмеде
болды. Осы іс-әрекеттер телемедицинаның шығуының алғышарттары
болатын.
АҚШ-та ең алғаш 1959 жылы теледидарлық байланыс арқылы психологпен
кеңес жасау жүргізілді.1970-1980 жылдары НАСА бағдарламасы
теледидарлық байланыс арқылы Аризонға, Бостонға, Канадаға клиникалық
ақпараттарды жеткізді.
Швецияда 1905 жылы В.Эйнтховен тұңғыш рет электрокардиограмманы
телефон арқылы жеткізді. Ал 1922 жылы Готтенбург университеттің
ауруханасында радиоканал арқылы теңізшілерге медициналық кеңестері
жүргізілген

36.

Қазақстан Республикасы Ұлттық телемедициналық
жүйенің бүгінгі күндегі қалпы
нормативтік қорҰТМЖ – ҚР ДСМ Бұйрықтары:
2007 жылдың 3 тамыздағы № 471 «ҚР телемедициналық
орталықтардың қызметі туралы»;
2010 жылдың 12 шілдедегі № 502 «Телемедициналық
орталықтардың жайларына және қызметкерлеріне
талаптарды бекіту туралы»;
2010 жылдың 18 мамырдағы № 352
«Видеоконференцбайланыс сеанстарын өткізу бойынша
Ережелерді бекіту туралы»;
2011 жылдың 19 қыркүйектегі № 616 «Денсаулық сақтау
субъектілерінің әкімшілік деректерін жинауға арналған
нысандарды бекіту туралы».

37.

ҰТМЖ құрылымы
ҰТМЖ 190 телемедицина орталықтарынан
тұрады және келесідей нысандарды қамтиды:
облыстық ауруханалар(14 нысан);
орталық аудандық ауруханалар (139 нысан);
республикалықклиникалар (14 нысан);
медициналық ЖОО (6 нысан);
Облыстықденсаулықсақтаубасқармаларыжәне
Алматы қалалықДенсаулықсақтаубасқармасы (15
нысан);

38.

Телемедицина халықтың сұранысын өтеуде
Еліміздің басты байлығы оның халқы. Ал халықтың қай кезде де байлығы денсаулық екені белгілі. Сондықтан
халық денсаулығын жақсарту мәселесі Елбасының назарында болып, бұл мақсатқа жұмсалатын қаржы көлемі
де жылдан-жылға артып, сапасы да көтеріліп келеді. Денсаулық сақтау саласына бөлінген қаржы көлемі 2011
жылы 41,3 млрд. теңгеге жетті. Медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету мәселесі жақсарып, өткен
жылы бұл мақсатқа 2,8 млрд. теңге жұмсалды. Ал, оның 732,0 млн. теңгесі жергілікті бюджет есебінен
қарастырылып, саладағы түйінді мәселелерді шешу жайы едәуір жақсартылғанын айтуға болады. Қазақстан
Республикасының «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруда және алыс шалғайдағы елді
мекен тұрғындарына жоғары мамандандырылған дәрігерлік көмекті дер кезінде көрсету үшін өңірде 14 аудан
орталықтары мен Қапшағай және Талдықорған қаласындағы облыстық аурухана жанынан телемедицина
орталықтары ашылды. Орталықтардың ең маңызды жетістігі шалғайда жатқан ауыл халқы өздерінің жергілікті
аудандық ауруханалары арқылы күрделі ауруларды анықтап, қажетті жағдайда еліміздегі ғылыми
орталықтарынан, жақын және алыс шетел дәрігерлерінен жоғары деңгейдегі сапалы медициналық көмек алуға
қол жеткізіп, мәселе шешімін тапты. Деректерге сүйенсек, өткен жылы осындай 458 телемедициналық кеңес
өткізіліпті. Осылайша қаншама адамның тағдырына дер кезінде араша түскені, өмірлері ұзартылғаны ақиқат.
Талдықорған қаласындағы облыстық және Алматы қаласындағы көп салалы клиникалық аурухана жанынан екі
санитарлық бөлім ашылды. Осы бөлімдер арқылы облыс тұрғындары жедел жәрдем медициналық көмекті дер
кезінде алады. Бөлімдер білікті, жоғары санатты дәрігерлермен, жаңа санитарлық автокөлікпен қамтамасыз
етілген. Санитарлық автокөлікпен көмек көрсете алмайтын жағдайда келісім-шарт бойынша тікұшақтармен
көмек жасалуда.
Өткен жылы тікұшақтардың, яғни авиамедицинаның көмегімен 24 сұраныс бойынша күрделі ауруларға жоғары
мамандандырылған медициналық көмек көрсетілді. Ал санитарлық автокөлік арқылы 971 әртүрлі сұраныс
бойынша облыс тұрғындарына медициналық жедел жәрдем берілді. Әсіресе, телемедицина орталықтары мен
санитарлық авиацияның жұмыстары ана мен бала, әлеуметтік жағынан аз қорғалған, шалғайдағы ауылдық
жерлердің тұрғындарына көп жеңілдіктер әкелді. Осы екі саланың жұмыстарын әлі де тұрақты түрде
жетілдіріп, жалғастыру арқылы өңір халқының байлығы саналатын денсаулығын жақсартуға берік қадам
жасаудамыз.

39.

Оn line режиміндегі емші
Қазақстанда телемедицина 2004 ж. «туылды». Ол кезде байланыс арналары ретінде жерүсті беру құралдары,
дәлірек айтқанда кабель болды. Бірақ «жерүстіне» кететін шығындардың көп болуына байланысты деректерді
спутниктік арналар арқылы беру туралы шешім қабылданды, себебі олар ақпарат трафигі үшін ғана шығынды
қажет етеді. Медицинада жоғары технологиялар барлық уақытта болған, оған ешқандай күман жоқ, бірақ
деректерді on line және off line режимінде көрсету болған емес. Мысалы, егер қандай да бір алыс елді мекенде
әлдекім қатты ауырып қалды делік және оған күттірмейтін көмек керек, ол әрине жақын жердегі аудандық
ауруханаға барады.Алайда, мынадай жағдайлар да болады: аурудың белгілері дәрігерлерге таныс емес,және
оларға біржақты диагноз қою мүмкін болмайды. Бұндай жағдайларда барлық деректер, анализдер және аурудың
түрлі медициналық суреттері аппараттықкешеннің мұрағатына түседі.Бұданкейін білікті мамандар қолға түскен
деректерге қарап, аурудың халі жөнінде қорытынды жасайды. Ал, ары қарай, дәл, сауатты диагноз қойылса,
сауатты емдеу де болады. Қазақстан үшін телемедицина өте қажет,өйткені, біздің кең байтақ Қазақстанның бір
елді мекенінен екінші бір елді мекеніне жету қаншама көп уақытты алады. Бұндай кездерде уақыт жоғалтудың
өзі біреудің өліміне әкеп соғуы мүмкін. Айтып өткеніміздей, телемедицинада медицина мен коммуникация
тығыз байланысқан. Бүгінгі таңда қазақстандық телемедицина спутниктік тасымалдаудан кабельді
тасымалдауға өту сияқты кері процесс барысында. Оған себеп кабельді арналардың сенімділігі және тиімділігі.
Технологиялар алдыңғы қатарлы медицина мамандарының алдын алу шараларына өңірлерге шықпай-ақ
қатысуына мүмкіндік бере отырып, кететін шығындарды анағұрлым деңгейде азайтуға жағдай
жасайды.Телемедициналық кешенге бейне және аудио ақпараттарды өңдеу блогі, үздіксіз ток беру блогі,бейнекамера, аудиожүйе, кабельдер жинағы кіреді.Кешен ультрасанограф, сканер рентгентүсірілім,
электрокардиограф, стетоскоп, дермоскоп, офтальмоскоп, сондай-ақ отоскоп емтиханды камера сияқты
медициналық жабдықтарға қосылады. Кеңес берумен қатар телемедицина телемәслихаттар мен телеоқытулар
жүргізуге мүмкіндік береді.Медиктерге біліктілігін жоғарылату үшін бірнеше километрлерге барудың қажеті
болмайды, тек оқыту орталықтарына жиналып, Online режимінде лекциялар курсын тыңдай алады, не жаңадан
енгізіліп жатқан инновациялармен таныса алады.

40.

Телемедицина және интернет
Телемедицина компьютерлік техникалық даму мен әлемдік интернет жүйесімен тікелей
байланысты. Олар арқылы былайша айтқанда Телемедицинаның алдына қойған кез келген
мәселені шешуге болады. Алайда телеконсултатся мүшелерінің арасында гаранты өткізу жүйесі
болмағандықтан физуалді информатцияның берілуінің тежелуіне және аудиоақпараттың
берілуінің әртүрлі шектеулеріне алып келеді.Одан басқа интернет әлемдік ашық жүйе болып
табылады. Ал құқықтық көзқарас бойынша емделуші мәліметінің кез келген адамға ашық
режімде талқылау қайшы болып табылады. Ақпаратты қатал тәртіпте қорғау медициналық
ақпараттың құпиялылығын сақтаумен тікелей байланысты. Сондықтан медицинада
телекомуникацияны қолдану 2 негізгі бағытта дамиды:
1.Интернеттік ашық жүйе және жабық телемедициналық бірлестіктер жүйесі «нүкте – көп нүкте»
режиміндегі телекомуникатция кезіндегі бар жүйелердің фрагменттері арқылы. 2. Нүкте –
ренгенаграмма, томмаграмма және т.б сияқты информацияның үлкен талап қойылуына сәйкес
келеді. Тағыда бір керекті шарттар болып ойлап табу, енгізу және қабылдаудағы стандарттарды
сақтау және медициналық бейнелерде көрсету ( рендгенорадиологиялық, микроскопиялық тері
үсті ауруларының пайда боуы және т.б) сияқты болып табылады.
Интернет және телекомуникацияны қолдану медициналық ғылым мен тәжрибенің бір
бөлшегіндей болып кетті. 2001 жылдың наурызында өткізілген сауалнама нәтижесінде 400
америкалық дәрігердің 356-сы( 89% ) интернетті білімдерін жоғарлату үшін, жұмыстың
тиімділігін арттыру үшін және емделушімен қатынасқа түсу үшін қолданылатынын айтты.
Интернеттен алынған ақпарат белгілі бір көлемде диагнозға жане дәрігерлердің емделушіге жазып
беретін дәрілерін таңдауға белгілі бір мөлшерде әсер етеді.

41.

2. Телемедицинаның негізгі бағыттыры:
Телемедициналық тілдесулер медициналық ақпараттың телекомуникациялық каналдардың жүйесі арқылы
жүзеге асады. Тілдесулер нақты және «өзгертілген» уақыт режимінде іске асыруға болады. Қайырма
телетілдесулер бұл тілдесуді ұйымдастырудың арзан және оңай түрі. Ол арқылы арақашықтықта электрондық
почта арқылы медициналық ақпаратың берілуі орындалады. Ол күтпеген жағдайда тиімсіз. Алайда арзан және
процесті дұрыс ұйымдастыру кезінде өте тиімді. Қайрылған телемедициналық тілдесудің жақсы мысалы
ретінде барлық орталық аудандық ауруханалар тіркелген және тілдесушілер ретінде барлық облыстық ЛПУ
мамандары болған президенттік облыс телемедициналық жүйесін алуға болады.
3. Нақты уақыт режиміндегі тілдесулер, бұл нақты уақыт режиміндегі тілдесулерді өткізетін телемедицина
жүйесі. Оларды үлкен жолдық каналдар жүйесімен және видиоаппараттар қолдану арқылы жүзеге асырылады
және бұл тілдесулер техникалық қамтамасыздандыруға жоғарғы талаптар қойады. Жоспарлы кезектен тыс
видиотілдесулермен видиоконсултациялар жүргізіледі. Кез келген жағдайда консултант пен емдеуші дәрігердің
арасында тілдесу өтеді. Көпнесе бұндай тілдесулер емдеушінің қатынасымен өтеді. Бұл кезден
видиоконференция екі абонет арасында, көп нүктелік режимде, яғни бірнеше абоненттер арасында, ең ауыр
жағдайлар әртүрлі медициналық орталықтың дәрігерлері арасындағы концилиум түрінде өткізіледі.
Арақашықтықтағы видиотілдесу емделушінің Оралдан Москваға барып келуінің құнынан 20 есе, ал Якутиямен
Забайкальие үшін 40 есе арзан тілдесу пунктерінің арақашықтығына байланысты кейде 50 есе де арзан болады.
Телемедициналық жүйелер кез келген арақашықтықтағы дәрігер – экспертпен тілдесуге және барлық керекті
құжаттарды, медициналық ақпараттарды маман диагноз қою үшін толықтай берілуін қамтамасыз етеді.
Хирургиялық операциялардың трансляциясы жүйелік видиокомераларды қолдану хирургиялық отаның
трансляцасына мүмкіндік жасайды мысалы; осы 8 жыл ішінде интернеттің қалыпты құрылғылары арқылы
Россияның РАМН ғылыми хирургиялық орталығының операциондық лабараторияларының
видиокомераларына қатнас орналған.
Бұл техналогия телеоқыту режимінде яғни жоғарғы дәрежелі маманның өзінен дәрежесі төмен маманға ақыл
кеңес беру ретінде де жүргізіледі.

42.

Үй телемедицинасы
Бұл медициналық көмекті үйде емделіп жатқан емделушіге арақашықтықтан
көмек көрсету. Арнайы телемедициналық құрылғылар емделуші туралы
ақпаратты жыйнап алыстағы телемедициналық орталықтарға алдағы
мамандардың өңдеуіне жібереді; бұл мысал алатын болсақ жүрек кемістігімен
ауыратын күнделікті медициналық көмекке зәру аурулар үшін маңызды дене
температурасын өлшейтін қан қысымы, парциялық оттегі қысымын ЕКГ және
демалу функциясын зерттейтін құрылғылар комплексі автоматты түрде
ақпаратты, телемедициналық орталықтарға жіберетін монитормен тікелей
байланысқан.
3. Телемедицинаның болашағы және оның проблемалары.
Телемедицина бұл дәрігердің профисоналдық білімін монуальдік білімін және
медициналық аппараттармен аймақтық және уақыттық өлшемдегі ақпараттық
жүйеде қолдану. Телемедицинада негізгі ақпарат беру жүйесінің негізі HL7
біліктілігі болып табылады. Стандарт медициналық ақпараттық медициналық
кітапшаға қарағанда 2/3 есе артық берілуі және көлемінің күнделікті өсіп тұруы
және тереңделуі жатады. Телемедицина арқылы ақпараттың берілуі көпнесе
интернет лаболдық және кабельдік жүйелер арқылы іске асады. Клиникалық
микрожүйе телемедициналық терминалдың соңғы нүктесі болып табылады.

43.

Телемедицина
11
айда елімізде телемедициналық орталықтар
арқылы 16 мыңнан астам қашықтықтан кеңес
берілді
АСТАНА. 29 желтоқсан. ҚазАқпарат - 2011
жылдың 11 айында еліміздегі телемедициналық
орталықтар арқылы 16 мыңнан астам
қашықтықтан кеңес беру ұйымдастырылды,
деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау
министрлігінің баспасөз қызметінен.

44.

Қазақстан ТМД елдері ішінде алғашқы болып
телемедицина саласын дамыта бастады. Қазіргі уақытта
республикада 183 телемедициналық орталық жұмыс
істейді. 2011 жылдың 11 айында еліміздегі
телемедициналық орталықтар базасында республикалық
орталықтардың, сонымен қатар шетелдердің жетекші
емханаларының жоғары білікті мамандары науқастарға 16
мыңнан астам қашықтықтан кеңес берді.
Осы орайда айта кететін жайт, 2011 жылдан бастап
азаматтарды шетелдерге емдеуге жіберудің жаңа ережелері
енгізілді. Сол бойынша міндетті шарт науқас жіберілетін
шетелдік емханамен алдын ала телемедициналық кеңес
жүргізілуі керек.

45. Электронды үкімет порталымен жұмыс

Біз жеңіл және ыңғайлы тәсілмен, қазіргі заманғы
технологияларды белсенді қолдана отырып қарым қатынас
жасайтын ақпараттық дәуірге әлде қашан жеттік. Қоғаммен
бірге мемлекеттік билік органдары да өзгереді, себебі
олардың міндеті халықтың талаптарын қанағаттандыру,
басқаша болуы мүмкін емес. Мемлекеттің қарым-қатынасы
барлық деңгейде орындалуы қажет: мемлекет – азаматтар,
мемлекет – бизнес және мемлекет – мемлекет, ал қызмет
көрсету мүмкіндігінше бір жерде, бірыңғай электрондық
порталда – электронды үкімет порталына беріледі.

46.

Электрондық Үкіметтің көмегімен Сіз
мемлекеттік қызметті алу, мысалы: жеке тұлғаның жылжымайтын мүлкінің
жоқ (бар) екендігі жайлы анықтама алу, баланың туылуын тіркеу, ӘЖК алу
және т.б.;
коммерциялық қызмет көмегін алу, мысалы: теміржол немесе әуебилеттерін
броньдау, ұялы байланыс қызметтеріне ақы төлеу және т.б.;
өтініш беру және лицензия алу;
бюджеттік төлемдерді төлеу, мысалы: төлқұжат алғаны үшін, жол жүру
ережесін бұзғаны үшін айыппұл, жылжымайтын мүліктің заңдастырушы
құжаттарының көшірмесін алғаны үшін төлем және т.б.;
мемлекеттік органдардың басшыларына блогтары арқылы тікелей хабарласу;
мемлекеттік органдардың жұмысы жайлы ақпарат алу;
электрондық цифрлық қолтаңба (ЭСҚ) рәсімдеу;
кез келген мемлекеттік органнан ҚР заңнамасын түсіндіру, мемлекеттік
қызмет көрсету процедурасының түсіндірмесі, қайсыбір жағдайда лауазымды
тұлғаның әрекеттерінің заңдылығы және т.б сұрақтар бойынша On-line кеңес
алу:.

47.

Электрондық Үкіметтің call–орталығының
телефондары арқылы сіз өзіңізді қызықтыратын
сұрақтар бойынша ақпарат ала аласыз: 8-800-0807777, 1414.
Электрондық Үкіметтің құрылуы – бұл субъективті
фактордың ықпалын төмендете отырып, шен
English     Русский Rules