2.87M
Category: medicinemedicine
Similar presentations:

Кәсіпорында қалдықтарды залалсыздандыру кезінде қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамассыз ету жөніндегі ісшараларды әзірлеу

1.

Каспий қоғамдық университеті
Геология, мұнай-газ ісі және IT институты
«Кәсіпорында қалдықтарды залалсыздандыру кезінде
қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамассыз ету жөніндегі ісшараларды әзірлеу»
Орындаған: Башен А.
Жетекші: Өмірбай Р.С.

2.

Еңбек жағдайы - еңбек үдерісінде адамның денсаулығы мен жұмыс істеу
қабілетіне әсер ететін өндірістік орта факторларының жиынтығы.
Еңбек жағдайын құрайтын факторлардың мынадай негізгі топтары бар:
1)санитарлық-гигиеналық факторлар — зиянды химиялық заттар, өндірістік шуыл,
шаң-тозаң, діріл, электр-магниттік өpic пен электр өрісі, сәуле (ионданушы,
лазерлік, ультракүлгін), өндірістік үй-жайдағы микроклимат, жарық, т.б.;
2)психологиялық-физиологиялық факторлар — ауысымдағы тұрақты жүктеме,
көтеретін жүктің бір жолғы шамасы, жұмыс қарқыны, зейінге түсетін күш, бір
сарындылық, жүйке-сезімге түсетін күш, жайсыздық, ауысымдылық, т. б.;
3)эстетикалық факторлaр — үй-жайдын, жабдықтың, арнаулы киім-кешек пен
аяқкиімнің сәндік-көркемдік тұрғыдан безендірілуі, жарық-түс композициясының
үйлесімі, т. б. Бұл орайда өндірістік фактордың рұқсат етілген шекті деңгейіне,
қауіпті деңгейіне және зиянды деңгейіне ажыратылады.

3.

4.

Өндірістік факторлар. Кәсіптік зияндылықтар және адам денсаулығы.
Еңбек үрдісінде адам өндірістік үрдіс технологиясының ерекшеліктерімен, микроклимат
жағдайларымен, орындалатын еңбек іс әрекеттерінің сипатымен байланысты әр түрлі
факторлардың әсеріне ұшырайды. Бұл факторлардың көпшілігі өздеріне тән патологияның –
кәсіби аурулардың - дамуына себеп болуы, сонымен қатар, этиологиясы кәсібі емес аурулардың
ағымын ауырлатуы немесе олардың пайда болуының қауіп-қатер факторы болып табылады.
• Еңбек іс әрекетінің адам ағзасына тигізетін теріс салдарының алдын алудың ғылыми негіздерін
және практикалық шараларын дайындаумен еңбек гигиенасы айналысады. Ол өндірістік орта мен
еңбек үрдісінің факторларын, олардың адам денсаулығына әсерін зерттейді және алынған ғылыми
мәліметтер негізінде жұмысшылардың денсаулығын сақтау, кәсіптік аурулардың алдын алу,
сонымен бірге, жұмысшылардың кәсіптік емес ауруларының өршуі мен олардың асқынуының
алдын алу мақсатында еңбек жағдайын жақсарту жөнінде шаралар дайындайды.
• Өндірістік орта деп, адамның өндірістегі еңбек әрекеттері жүзеге асырылатын ортаны түсінеді.
Адамға өндірістік орта өндірістік үрдіс факторлары, табиғи-климаттық (ықшам климаттық)
факторлар, сонымен қатар, еңбектің жалпы санитарлық жағдайларымен байланысты (рационалды
емес және жеткіліксіз жарықтандыру, қанағаттанарлықсыз тұрмыстық жағдайлар, жоспарлау және
т.б.) факторлары арқылы әсер етеді.

5.

6.

Өндірістік факторлардың қолайсыз әсерінің алдын алу.
Кәсіпорындардың жұмысшыларына емдеу- аурудың алдын-алу көмегін ұйымдастыру.
Жұмысшылардың денсаулығын сақтау және нығайту, кәсіптік зияндылықтардың қолайсыз
әсерініңалдын алу үшін, бағыты бойынша ұқсас, бірақ әр түрлі өндірістерде өзіндік ерекшеліктері
бар,сауықтыру шараларының тұтас кешенін жүргізеді. Бұл шаралардың мазмұны еңбек
жағдайынсауықтыру және медициналық жолмен жұмысшылардың денсаулығы бұзылуының алдын
алу болыптабылады. Алдын алу шараларының кешеніне кіретіндер:
1. Заңдылық;
2. Технологиялық
3. Техникалық және санитарлық-техникалық;
4. Ұйымдастыру;
5. Емдеу-алдын алу.
Заңдылық шараларға өндірістік факторларды гигиеналық нормалау, стандарттарды, еңбек жағдайын
сауықтыру бойынша санитарлық ережелер мен ұсыныстарды дайындау, сонымен қатар құқықпен
бекітілген жұмысшылардың еңбегін қорғау жатады.
Бұл шаралардың құқықтық негізін еңбекті қорғау жөніндегі заңдылық құжаттар және, еңбек
гигиенасы жөніндегі нормативтік құқықтық актілер, әдістемелік құжаттар мен стандарттар құрайды.
Алдын алу шараларының ішінде жеке басты қорғайтын құралдарды қолдану міндетті болып
табылады.
Оларға теріні, тыныс алу мүшелерін, көзді және т.б. қорғауға арналған әр түрлі құралдар кіреді.

7.

Еңбекті қорғау бойынша негізгі ережелер ҚР Конституциясында, «ҚР Еңбек Кодексінде»
(15.05.2007ж.), «Халықтың
санитарлықэпидемиологиялық саулығы туралы» Заңында
(04.12.2002ж.), ҚР ДМ № 243
«Зиянды, қауіпті және қолайсыз өндірістік факторлардың әсеріне ұшырайтын жұмысшыларға алдын ала
және кезеңдік медициналық тексерулер өткізу тәртібі және кәсіп түріне жарамдылығын анықтау туралы»
бұйрығында және басқаларында көрсетілген. Бұл құжаттармен жұмыс уақытының ұзақтығы, қосымша
демалыстар, зейнеткерлікке ерте шығу,арнайы киіммен және жеке басты қорғайтын заттармен қамтамасыз
ету, жұмысқа қабылдауға қарсы көрсетілімдер тізімі, зиянды жағдайлары бар жұмыстарға балалар мен
жасөспірімдерді, жүкті және бала емізетін әйелдерді жібермеу, емдеу-алдын алу жөніндегі
тамақтандыруды тегін беру туралы қарастырылған.
Қорытынды.
Еңбек жағдайларын жақсарту қауіпсіздігі және өндірістік жарақаттану және кәсіби аурулардың
төмендеуіне әкеледі. Міндетті түрде оңтайлы еңбек және демалыс режимін орнату керек, ал ол үшін
кешенді әлеуметтік-экономикалық тәсіл керек. Мұндай тәсілдің мақсаты толық және жан-жақты бағалау,
және оны оңтайландыру тұрғысынан есепке алу жеке және қоғамдық мүдделері болып табылады.
English     Русский Rules