Жоспар
Жұмыс орындарының аттестациясын ұйымдастыру және жүргізу
Аттестациялаудың негізгі міндеттеріне :
Жұмыс орындарын аттестациялау нәтижелері келесілер үшін қолданылады:
Еңбек жағдайы тұрғысынан жұмыс орындырын уақытысында және сапалы аттестациялау жүргізуді қамтамасыз ету мақсатында, ұйымдастыру тұрғысы
Ұйымның аттестациялық комиссиясы келесі қызметтерді атқарады:
Еңбек жағдайына баға берудің гигиеналық критерийлері, денсаулыққа келтірілетін нұқсанның кәсіптік қатерін есептеу.
БФӘА әсері кезіндегі еңбек жағдайына баға берудің гигиеналық критериилері
БФӘА әсері кезіндегі «уақытпен қорғау» (зиянды фактордың персоналдық мөлшерін есептеу және ретке салу аурушаңдықтың алдын алудағы мәжбүр
518.50K
Category: medicinemedicine
Similar presentations:

Өндірістерді еңбек жағдайы бойынша аттестаттау. Жалпы және кәсіптік аурушаңдықты азайту жөніндегі шараларды ұйымдастыру

1.

Кафедра: Еңбек
гигиенасы
Тақырып 12
Өндірістерді еңбек жағдайы бойынша
аттестаттау. Жалпы және кәсіптік
аурушаңдықты азайту жөніндегі
шараларды ұйымдастыру. Алдын алу
шараларының тиімділігін бағалау.
М. ғ. к., доцент Ниязбекова Л. С.
Еңбек гигенасы кафедрасы КазНМУ

2. Жоспар

Өндірістерді еңбек жағдайы бойынша
аттестаттау;
Жалпы және кәсіптік аурушаңдықты азайту
жөніндегі шараларды ұйымдастыру;
Алдын алу шараларының тиімділігін бағалау.

3. Жұмыс орындарының аттестациясын ұйымдастыру және жүргізу

2004 жылдың 28 ақпанында №528 «Еңбек қауіпсіздігі және
еңбекті қорғау туралы» Қазақстан Республикасының
заңында (20 б. 1т.) жұмыс беруші, еңбек жағдайын және
қауіпсіздігін айтарлықтай жақсартуға ықпал жасайтын
еңбекті қорғау жұмыстарын сертификациялай отырып
еңбек ету жағдайы бойынша жұмыс орнын
аттестациялауды жүргізуге міндетті екені қарастырылған.

4.

Аттестация нақты жұмыс орнындағы және біртұтас
өндірістегі еңбек жағдайына байланысты еңбекті қорғау
және алдын алу шараларының негізгі бағыттарын
анықтайтын жұмыс орындарына талдау жасау және баға
беру жүйесі ретінде қарастырылады.
Жұмыс орындарының аттестациясын жүргізу тәртібі ҚРның еңбек және халықты әлеуметтік қорғау
Министрлігінің 2004 жылдың 3 қарашасындағы № 251-П
бұйрығымен бекітілген: «Еңбек жағдайы бойынша
өндірістік нысандарға аттестация жүргізу тәртібі»
нұсқасында берілген және барлық ұйымдарға, олардың
ұйымдастырушылық-құқықтық және жекеменшіктік
түрлеріне тәуелсіз қатысты болады.

5.

Жұмыс орындарының аттестациясы өз бетімен жүргізіледі
және оның нәтижелеріне жұмыс беруші жауапты
болатынын есте сақтау керек.
Қауіпті және зиянды өндірістік факторларды өлшеу
жұмыстарын ұйымдар қолда бар заттармен (зертхана және
т.с.с.) өз күшімен жүргізе алады. Егер мұндай
мүмкіншіліктері болмаса өлшеу жұмыстарына тысқары
зертханалар қатыстырылады, бірақ бұл жағдайда
шақырылатын зертхана міндетті түрде аккредиттивленуі
тиіс.

6. Аттестациялаудың негізгі міндеттеріне :

жұмыс орындарында қауіпті және зиянды өндірістік
факторлардың нақты мәндерін бағалау және олардың
нормативтік талаптарға сәйкестігін анықтау;
күші бар нормативтік құқықтық актілерге сәйкес еңбекті қорғау
және еңбек ету жағдайлары бойынша шараларды жоспарлау
және жүргізу;
ауыр жұмыстармен және зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары
бар жұмыстармен айналысатын жұмысшыларға жәрдемақы
беруді негіздеу;
- жұмысшылардың өміріне және денсаулығына тікелей қауіп
төндіретін цех,
бөлім, қондырғы және т.с.с. жұмысын
тоқтату (тоқтата тұру) туралы мәселелерді қарастыру;

7. Жұмыс орындарын аттестациялау нәтижелері келесілер үшін қолданылады:

кәсіптік аурушаңдыққа күмән туған жағдайда аурудың
кәсіппен байланыстылығы туралы мәселелерді шешу үшін;
жұмысшылардың жұмыс орындарындағы еңбек
жағдайымен танысуы, соның ішінде жұмысшылармен
еңбек келісімін толтырған кезде;
ұжымдық келісімді толтыру және еңбекті қорғауды оған
қосымша ретінде келісу.

8.

Аттестацияны жүргізу мерзімдері кәсіпорынның өзімен
еңбек жағдайы мен сипатының өзгерістеріне қарай
анықталынады, бірақ соңғы өлшемдерді жүргізген сәттен
бастап 5 жылда 1 реттен сирек болмауы тиіс. Жұмыс
орындарында өндірістік қондырғылар ауыстырылғанда,
технологиялық үрдіс өзгертілгенде, ұжымдық қорғау
заттары реконструкцияланғанда, сонымен қатар
аттестацияның жүргізілу келеңсіздіктері анықталғанда
бақылау органдарының талап етуімен міндетті түрде қайта
аттестациялау жүргізіледі.

9. Еңбек жағдайы тұрғысынан жұмыс орындырын уақытысында және сапалы аттестациялау жүргізуді қамтамасыз ету мақсатында, ұйымдастыру тұрғысы

Еңбек жағдайы тұрғысынан жұмыс орындырын уақытысында
және сапалы аттестациялау жүргізуді қамтамасыз ету
мақсатында, ұйымдастыру тұрғысынан келесі мәселелерді
қамтитын бұйрық шығарылады:
ұйымның аттестациялық комиссиясының ұжымдық
құрамы анықталынады, ал керек болған жағдайда мақсатты
аттестациялық комиссияның құрамы анықталынады;
жұмыс орындарының аттестациясының жүргізу мерзімдері
мен графигі жасалынады;
кәсіпорынның қызметтеріне аттестация кезінде жұмысты
тиімді ұйымдастыру мақсатында өз саласындағы
мәселелер бойынша тапсырмалар беріледі.

10. Ұйымның аттестациялық комиссиясы келесі қызметтерді атқарады:

жұмыс орындары аттестациясын жүргізуге жетекшілік
жасайды;
заңдылық және нормативтік база қалыптастырады, оны
меңгеруді ұйымдастырады;
аттестацияны жүргізудің барлық сатыларында жұмыстың
сапасын бақылайды;
жұмыс орындарын аттестациялайды және одан әрі оны
қалай пайдалану туралы шешім қабылдайды;
зиянды және қауіпті еңбек жағдайларында болған
жұмысшыларға жәрдемақы көлемін анықтайды;

11.

ұйымның еңбекті қорғау жұмыстарын сертификаттауға
дайындығы туралы ұсыныс жасайды;
еңбек жағдайын сауықтыру және жақсарту бойынша
ұсыныстар енгізеді;
қажетті өлшемдерді орындау үшін шақыртылған тысқары
аккредиттелген зертханалармен келісім жобаларын
қарастырады және келіседі;
сәйкес жұмыс орындары бар жұмыс орындарын бөліп
көрсете отырып кәсіпорынның жұмыс орындарының
(негізгі қондырғылардың жұмыс орындарын, қосымша
өндірістердің және басшылар мен мамандардың жұмыс
орындарының тізімін – ИТР) толық тізімін құрастырады.

12.

Жалпы және кәсіптік
аурушаңдықты азайту жөніндегі
шараларды ұйымдастыру

13. Еңбек жағдайына баға берудің гигиеналық критерийлері, денсаулыққа келтірілетін нұқсанның кәсіптік қатерін есептеу.

Фиброгенді шаңның ШРЕКоа-ның жоғарылауы кезінде
шаңдық жүктемені анықтау міндетті түрде жүргізіледі.
Жұмысшының тыныс мүшелеріне ш а ң д ы қ ж ү к т е м е
(ШЖ) – жұмысшы фактормен іс жүзіндегі немесе
болжамды кәсіптік қатынастың барлық кезеңінде тыныс
алатын шаңның қосындылық экспозициялық мөлшерінің
нақты немесе болжамдық мәні.

14.

Жұмысшының (немесе жұмысшылар тобының, егер олар
бірдей жағдайларда ұқсас жұмыстар атқарып жатқан
болса) тыныс мүшелеріне ШЖ-ні жұмыс аумағының
ауасындағы АФӘШ-дың іс жүзіндегі Коа –на, өкпе
желдену көлеміне (еңбек ауырлығына тәуелді болатын)
және шаңмен қатынас ұзақтығына қарай есептейді:
ШЖ = Kоа · N · T · Q,
Мұндағы Коа – жұмысшының тыныс алу аумағындағы іс
жүзіндегі орташа ауысымдық концентрация; N – күн
тізбелік жылдағы жұмыс ауысымдарының саны (мысалы,
248); T –БФӘА-мен қатынаста болған жылдар саны; Q –
ауысымдағы өкпе желденуінің көлемі, м³.

15.

Өкпе желденуінің, энергия шығынының деңгейіне және
сәйкес жұмыс категорияларына байланысты болатын,
(№1.02.006-94 «Өндірістік бөлмелердің ықшам климатының
санитарлық нормалары» СН-на сәйкес) келесі
орташаландырылған мәндерін қолдану ұсынылады: Іа-Іб
жұмыс категориялары үшін ауысымдағы өкпе желдену
көлемі – 4 м³, ІІа-ІІб категориялары үшін - 7м³ және ІІІ
категрия үшін – 10 м³.
ШЖ-ні іс жүзіндегі және болжамдық мәндерін алу үшін
шаңмен қатынаста болған кез келген кезеңдерде есептеуге
болады.

16. БФӘА әсері кезіндегі еңбек жағдайына баға берудің гигиеналық критериилері

БФӘА әсері кезіндегі еңбек жағдайына баға берудің
гигиеналық критериилері. БФӘА-мен кәсіптік қатынас
кезіндегі еңбек жағдайының кластары мен зияндылық
дәрежесін БФӘА-дың Коа –ның іс жүзіндегің мәндеріне
және ШРЕКоа –нан жоғарылау жиілігіне қарай анықтайды.
БФӘА-дың жұмысшылардың тыныс мүшелеріне әсер ету
дәрежесінің қосымша көрсеткіші, фактормен барлық іс
жүзіндегі және болжамды қатынас жасау кезеңіндегі ШЖ
болып табылады. Іс жүзіндегі ШЖ-нің бақылаулық
деңгейге сәйкес келуінде еңбек жағдайын рұқсат етілген
класқа жатқызылады және сол жағдайларда жұмысты
жалғастыру бекітіледі.

17. БФӘА әсері кезіндегі «уақытпен қорғау» (зиянды фактордың персоналдық мөлшерін есептеу және ретке салу аурушаңдықтың алдын алудағы мәжбүр

БФӘА әсері кезіндегі «уақытпен қорғау» (зиянды
фактордың персоналдық мөлшерін есептеу және ретке
салу аурушаңдықтың алдын алудағы мәжбүрлік шара
ретінде).
Қолайсыз еңбек жағдайларында кәсіптік аурушаңдықтың
алдын алу үшін, гигиеналық нормативтерге қол жеткізуге
бағытталған шаралардан басқа, олардың жоғарылау
жағдайларында жағымсыз фактордың әсер ету уақытын
шектеу және жұмысшылардың әлеуметтік қорғалуын
қамтамасыз ету есебінен жұмысшылардың денсаулығын
сақтау шараларын іске асыру қажет. Жұмыс берушімен
келісімге тұра отырып азаматтар, өзінің қандай
жағдайларда жұмыс істейтіні және де қандай жағдайларда
оның жұмыс істеу мерзімін шектеу мүмкін болатыны
туралы білуі қажет.

18.

Нақты еңбек жағдайларында жұмысын жалғастыру
мүмкіншілігіне баға беру және осы жағдайларда рұқсат
етілетін еңбек өтілін есептеу үшін (сол кезде жұмыс істеп
жатқандар және жаңадан жұмысқа қабылданып жатқандар
үшін) шаңдық жүктеменің іс жүзіндегі және бақылаулық
деңгейлерін бір біріне келістіру қажет (жоғарыға
қараймыз). Егер іс жүзіндегі ШЖ БШЖ-ден жоғары
болмаса, онда сол жағдайларда жұмысын жалғастыра беру
мүмкіншілігі бекітіледі.
БШЖ-ден жоғарылау жағдайында ШЖ-нің БШЖ-ден
жоғарыламайтын еңбек өтілін (Т1) есептеу қажет. Бұл кезде
БШЖ-ні 25 жылға тең болатын орташа жұмыс өтіліне
анықтау қажет.

19.

Кәсіптік аурулардың алдын алу.
ҚР-ның заңдылықтарына сәйкес биологиялық заттармен,
биологиялық және микробиологиялық организмдермен
және олардың уларымен, соның ішінде генді инженерия
саласында, және де жұқпалы аурулар қоздырғыштарымен
жұмыс істеу жағдайы адамға зиянды әсерін тигізбеуі тиіс.
Биологиялық заттармен, биологиялық және
микробиологиялық организмдермен және олардың
уларымен жұмыстарды іске асыруға, мұндай жұмыстарды
орындау жағдайларының санитарлық ережелерге
сәйкестігі туралы санитарлық-эпидемиологиялық
қорытынды болған жағдайда ғана рұқсат етіледі.

20.

Ауа ортасын бақылау нәтижелері бойынша еңбек
гигиенасы саласында дәрігер-маман өндірістегі жағдайға
баға береді және еңбек жағдайын жақсартуға бағытталған
шаралардың жоспарын жасайды.
Еңбек жағдайын жақсартуға және жұмысшылардың
денсаулығын нығайтуға бағытталған медициналық
шараларды жоспарлауда №2984-84 «Белокты-витаминді
концентраттарды өндіру кәсіпорындарындағы еңбек
жағдайының санитарлық ережелерін» және КСРО ДМ
«Белокты-витаминді концентраттардың шаңы әсер етудегі
тыныс мүшелерінің аллергиялық ауруларының
медициналық профилактикасы және диагностикасы»
Әдістемелік ұсыныстарын (1980) басшылыққа алу керек.

21.

Еңбек гигиенасы саласындағы дәрігер-маман сонымен
қатар алдын ала және кезеңдік медициналық
тексерулердің жүргізілуінің дұрыстығына бақылау
жасауға міндетті. Ол үшін ол келесі нұсқаларды
басшылыққа алуы керек.
1. Биотехнологиялық кәспорындарға жаңадан жұмысқа
алынып жатқандар ең алдымен аллергологиялық статусын
анықтаумен медициналық куәләндырылудан өткізілуі тиіс
және осы көрсеткіш бойынша қарсы көрсеткіштері
болмаған жағдайда ғана №243 12.03. 2004 ж.
«Жұмысшыларды алдын ала және кезеңдік медициналық
тексерулерден өткізу міндетті болатын өндірістік
факторлардың, мамандықтардың тізімін бекіту туралы»
Денсаулық сақтау Министрлігінің Бұйрығымен сәйкес
тексеруден өткізіледі.

22.

2. Биотехнологиялық өндірістердің жұмысшыларын
медициналық тексеруден өткізуге терапевт, дерматолог,
акушер-гинеколог, отоларинголог қатысады, олар
аллергологиялық анамнезге, тері жабындыларының, тыныс
алу мүшелерінің күйіне және әйел ағзасының арнайы
қызметтеріне ерекше көңіл бөлуі керек.
3. Жаңадан жұмысқа алынған жұмысшылардың, ИТЖ
және басқа қызметкерлердің аллергологиялық статусын
зерттеу кезінде терілік аппликациялық сынамаларды
(изотониялық натрий хлор ерітіндісіндегі дайын өнімнің
25% суспензиясы; ацетондағы 1% өндірістік парафин; В1
витаминінің судағы ерітіндісі; натрий хлоридінің
ерітіндісі) қою жүргізілуі тиіс.

23.

4. Кезеңдік медициналық тексерулерді жүргізуде №243
бұйрықта қарастырылған зертханалық тексерулерден
басқа, көрсеткіштер бойынша қосымша анықтамаларды
(мұрын жұтқыншақтағы және әйел адамдардың
гениталияларындағы ашытқы тәрізді саңырауқұлақтарды
анықтау, терілік аппликациялық сынамалар) жүргізу керек.
5.Кезеңдік тексерулер кезінде тері, шырышты
қабықтардың, тыныс алу мүшелерінің және әйел жыныс
мүшелерінің аурулары, сонымен қатар тұрақты
кандидотасымалдаушылық анықталған адамдар жүйелі
түрде диспансерлік бақылауға және емдеуге жатқызылады.

24.

Аллергиялық көріністердің өршулері, тері
жабындыларының, бронх-өкпе аппаратының, гениталийдің
тұрақты патологиялық өзгерістері болғанда стационар
жағдайында кешенді емханалы-зертханалық тексерулер
жүргізу керек.
Арнайы аллергиялық тесттер ретінде лейкоциттердің
арнайы лизис реакциялары (ЛАЛР), базофилдердің тікелей
емес арнайы зақымдалу реакциясы (БТАЗР), арнайы
преципитация реакциялары (АМПР) ұсынылады.

25.

Еңбек гигиенасы саласындағы дәрігер-маман
жұмысшыларды еңбек ету ережелері, жеке бастың
гигиенасы мен жеке даралық профилактика
шараларына қатысты жүйелі түрде
нұсқаулықтардың жүргізілуіне, әкімшілік жағынан
қадағалау сапасына, ЖҚҚ дұрыс және дер кезінде
пайдалануына бақылау жасайды.

26.

Жеке басты қорғау құралдарын (ЖҚҚ) қолдану
жұмысшыларға қауіпті және зиянды өндірістік
факторлардың қолайсыз әсерінің алдын алу шараларының
бірі болып табылады. Осы факторлардың әсер ету
қарқындылығын төмендету туралы мәселелерді шешуде
мүмкіндігінше жеке басты қорғау құралдарынан бұрын
ұжымдық қорғау әдістерін әрдайым алға қою керек.

27.

Тиіміділік дәрежесіне қарай ЖҚҚ-ы жұмысшыларды
қорғауға бағытталған шаралардың ішінде 4-ші орында
тұрады:
технологиялық – зияндылықтардың түзілуін
технологиялық үрдісті өзгерте отырып жою;
техникалық – зияндылықтардың өндірістік ортаға
бөлінуіне кедергі келтіретін шаралар (жабдықтарды
герметизациялау, үрдістерді механизациялау және
автоматизациялау және т.б.);
санитарлы-техникалық – зиянды факторларды
өндірістік ортадан алып тастау немесе олардың әсерін
рұқсат етілген деңгейлерге дейін төмендету (желдендіру
және басқалары).

28.

Жеке басты қорғау құралдарын беру тәртібін
реттейтін құжаттар:
Қазахстан Республикасының «ҚР-дағы еңбек
туралы» заңы;
ҚР-ның кодекс
ҚР-ның «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау
туралы» заңы 28.02.2004 ж №528;

29.

Зиянды немесе қауіпті еңбек жағдайлары бар
жұмыстармен айналысатын, сонымен бірге ерекше
температуралық жағдайларда немесе ластанумен
байланысты жұмыстарды атқаратын жұмысшыларға
сертификатталған арнайы киімдерді, арнайы аяқ киімдерді
және басқа да жеке басты қорғау құралдары Қазақстан
Рекспубликасының Үкіметімен анықталған тәртібімен
бекітілген нормаларға сәйкес тегін беріледі.
English     Русский Rules