4.90M
Category: medicinemedicine
Similar presentations:

Медицина қызметкерлерінің еңбек гигиенасының негізгі аспектілері

1.

С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА
УНИВЕРСИТЕТІ
КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ
МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ
С.Д.АСФЕНДИЯРОВА
Экология және гигиена кафедрасы
Тақырыбы: «Медицина
қызметкерлерінің еңбек
гигиенасының негізгі аспектілері»
Орындаған: Сабит Б М
Қабылдаған: Баялиева Р
Факультет: Жалпы медицина
Тобы: 003-1K
Алматы 2017

2.

Жоспар
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1. Еңбек гигиенасы . Өндірістік санитария
2. Өндірістік бөлмелердін микроклиматы
3. Медицина қызметкерлерінің еңбек гигиенасы
III. Қорытынды
IV. Қолданылған әдебиеттер

3.

Еңбек гигиенасы — қызметкерлердің
денсаулығын сақтау, өндірістік орта мен еңбек
процесінің қолайсыз әсерінің алдын алу
жөніндегі санитарлық - эпидемиологиялық
шаралар мен құралдар кешені.
Өндірістік санитария - зиянды өндірістік
факторлардың қызметкерлерге әсерін
болғызбайтын немесе азайтатын санитарлық гигиеналық, ұйымдастыру іс - шаралары мен
техникалық құралдар жүйесі

4.

Өндірісте еңбек қауіпсіздік шараларын санитарлық қолайлығын
талаптарға сай қамтамасыз етуді, кәсіпорынның аумақтары сияқты,
сондай ақ олардың өндірістік және тұрмыстық бөлмелерін еңбекке
қолайлы етіп жасап шығару.
Санитарлық - гигиеналық талаптардың қанағаттандырылмағаны тек
қана кәсіптік ауруларға ғана шалдыра қана қоймай, сонымен қатар
өндірістегі жарақаттанудың бірден бір себебі болуы да мүмкін

5.

Микроклимат (грекше Micros шагын +клим
ат) адам ағзасының жылу алмасуына әсер ететін шектелген кеңістіктегі
физикалық факторлардың кешені. Өндірістік бөлмелердін микроклиматы
бұл - ауа қозгалысының ылғалдылығы мен жылдамдығы,температурамен
қосылғандағы адам ағзасына, сондай-ақ коршаған орта температурасы
әрекетіме анықталатын бөлмелердің ішкі климаты.

6.

Медицина қызметкерлерінің еңбек гигиенасы
Медицина қызметкерлерінің еңбек гигиенасын зерттеу мәселесі
өткен ғасырдың отызыншы жылдарынан бері кең ауқым алып келе
жатыр. Содан бері жүрзілген зерттеулер дәрігерлер еңбегіне әсер
ететін әртүрлі қолайсыз факторларды анықтады. Сол себепті
медицина
қызметкерлерінің жұмыс күнін қысқартуға, қосымша демалыстарды
бекітуге, жекелеген категориялардың жалақысын жоғарылатуға
негізделген заңды актілер дайындалды.

7.

Сол жылдардан бері дәрігерлер еңбегінің сипатында
бірқатарөзгерістер туындады. Зиянды және қауіпті
өндірістік факторлардың саны жаңа емдеупрофилактикалық жабдықтардың
(рентген қондырғылары, электронды,
Электрлі медициналық, лазерлі, ультрадыбысты және
жоғары жиілікті қондырғылар, емдік барокамералар)
шығуына байланысты жанаспалы дерматиттер,
ингаляциялық уланулар шақыратын дәрілік заттардың,
радиоактивті заттардың көптеген түрлері шығарылды.
Науқастан дәрігерге жеңіл берілетін жұқпалы аурулардың
жиілігі күрт өзгерді. Оларға ЖИТС жұқпасы, туберкулез, В
және С гепатиттері және басқа да бірқатар аса қауіпті
жұқпалармен шақырылатын аурулар жатады

8.

Бүгінгі күнде мемлекеттік әлеуметтік
қорғау жүйесінің жоқтығынан,
дәрігерлердің төмен сапалы өмірінің
мәселелеріне жеткіліксіз көңіл аударылу
салдарынан, дәрігер мамандығы өз
маңыздылығын жоғалтып отыр.
Медицина қызметкерлерінің қаржылық
жағдайы төмен екені баршамызға мәлім.
Сонымен бірге, олардың еңбегі адам іс
әрекетінің ішіндегі ең қиын және
жауапты түрлерінің бірі. Медицина
қызметкерлерінің еңбегі маңызды
интеллектуальды
жүктемемен сипатталады, ал жекелеген
жағдайда жоғары
физикалық күштенуді, шыдамдылықты,
зейінді және шұғыл
жағдайларда жоғары еңбек
қабілеттілігін талап етеді

9.

Дәрігер-хирургтар мен акушергинекологтардың
еңбегі ауыр және қауірт болып табылады. Ол
ақыл-ойына түсетін, сенсорлық, эмоционалдық
жүктемелер, түнгі ауысымда жұмыс істеу,
жұмыс кезінде дененің мәжбүр қалыпта болуы,
дененің еңкеюі, статикалық және жергілікті
динамикалық жүктемелер сияқты еңбек
үрдісінің әр түрлі факторларының тұрақты әсер
етуімен жүреді.

10.

Операциялық күнен кейін, әсіресе тәуліктік кезекшіліктерден кейін
хирургия саласындағы дәрігерлер де айқын қажу дамиды, бұл көп
жылдар бойы осы кәсіппен айналысатындарда тұрақты болып
қалады.
Оның үстіне түнгі ұйқы барлық уақытта бірдей дамыған қажуды
баспайды. Әріптестерімен қолайсыз ара қатынастары, емдеудің
қолайсыз аяқталуы және басқалар сияқты психогенді факторлар
қажуды күшейтеді жүйкелік-эмоционалдық зорланудың бәсеңдеуін
қиындатады.

11.

Еңбек үрдісі факторларынан басқа бұл салалардағы дәрігерлерге
әр түрлі химиялық факторлар:
• наркозға арналған заттар,
• анестетиктер,
• антибиотиктер және басқа да дәрілік заттар,
дезинфекциялаушы заттар да әсер етеді.
Науқастардың қанында, жарасында, нәжістерінде болатын,
сондай-ақ қатар ауада айналып жүрген патогенді және шартты
патогенді микрофлора сияқты биологиялық факторлар қандай да
бір жұқпалы ауруды жұқтырудың немесе іріңді-септикалық
үрдістер дамуының тұрақты қауіп-қатер факторлар болып
табылады. Бұл салалардағы мамандарға:
• рентген,
• лазер сәулелері,
• ультрадыбыс және басқа физикалық факторлар да әсер етуі
мүмкін, егер операция жасау кезінде қолданылатын болса.

12.

Терапия саласындағы дәрігерлердің еңбегі азырақ
зорлануымен және қажуымен сипатталады, дегенмен олар
да жүйкелік-психикалық жүктемелердің, айқындылығы
дәрежесі әр түрлі статикалық және динамикалық
физикалық жүктемелердің,химиялық заттардың, физикалық
және биологиялық факторлардың әсеріне ұшырайды.
Мұнда әрбір медицина саласының өзіне тәне ерекше
факторлары болатынын ескерген дұрыс.
Мысалы, дәрігер рентгенологтардың жұмысында – бұл
рентгенсәулесі, физиотерапия бөлімінде, ол – ультракүлгін
сәулеленуі, АЖЖ, УЖЖ, ЖЖ тоқтар мен өрістер, дәрігер
психиатрларда – психикалық аурулармен қатынаста болу,
дәрігері жұқпалы аурулар жұмысында – патогенді
микроорганизмдер және басқалары.

13.

Микробиологиялық зертханада немесе стационарда жұмыс істейтін
медициналық персоналдың кәсіптік әрекеті барысында антибиотиктермен
және басқа да химиялық препараттармен шұғыл профилактика жүргізу
қажеттігі туындауы мүмкін. Ол апаттық жағдайлармен және жұқпалы
материалдың жұқпа көзіне түсуімен, жұмыс тәртібінің кездейсоқ
бұзылуы немесе науқастарды күнделікті қарау, оларға медициналық көмек
көрсету кезінде жұқтыру қаупімен байланысты болуы мүмкін. Мұндай
жағдайларда жұқпалы үрдісті ерте кезеңде жою мақсатымен шұғыл алдын
алу (превентивті емдеу) ұсынылады.

14.

Кәсіби зияндылықтардың медицина қызметкерлерінің денсаулығына
қолайсыз әсерінің алдын алу үшін қажуды, жүйкелік-эмоционалды
және дене жұмысы жүктемелерінен шамадан артық күш түсүін
азайтуға, өндірістік ортаны сауықтыруға, ағазаның қарсылық кушін
жоғарлатуға бағытталған шаралар кешенін жүргізу қажет.
Бұл шаралардың ішінде еңбекі және демалуды ұжымды
ұйымдастыруға маңызды роль беріледі.
Мысалы, хирургтар мен анестезиологтарға түнгі немесе тәуліктік
кезекшіліктен кейінгі күні жоспарлы операцияларды жасауына
болмайды, жоспарланатын операциялардың жорамалданған ауырлық
дәрежесі мен ұзақтығы бойынша айырмашылығы болуы тиіс. Үйде
толық құнды ұйқы мен таза ауада болып дем алу, жаяу серуендеу,
физикалық белсенді жаттығулар жасау қамтамасыз етілуі тиіс.
Қолайлы микроклимат жағдайларын ұйымдастыру және жұмыс
бөлмелері ауасының ластануының алдын-алу да тонусты жоғарлатып,
қажудың дамуын баяулатады.

15.

Өндірісте еңбек қауіпсіздік шараларын санитарлық
қолайлығын талаптарға сай қамтамасыз етуді, кәсіпорынның
аумақтары сияқты, сондай ақ олардың өндірістік және
тұрмыстық бөлмелерін еңбекке қолайлы етіп жасап шығару.
Санитарлық — гигиеналық талаптардың
қанағаттандырылмағаны тек қана кәсіптік ауруларға ғана шалдыра
қана қоймай, сонымен қатар өндірістегі жарақаттанудың бірден бір
себебі болуы да мүмкін. Сондықтанда өндірістік санитарлықгигиеналық талаптарға сай жасалуы керек.

16.

Медициналық мамандық арнайы білімдерден бөлек белгілі бір
жеке қасиеттерді де талап етеді. Бұл қасиеттерді екі топқа бөлуге
болады: медицина қызметкерінің жалпы санитарлық-гигиеналық
мәдениетінде білінетін сыртқы қасиет және медицина қызметкерінің
мінез-құлқында көрініс табатын ішкі қасиет.
Кез келген медицина қызметкерінің жеке бас гигиенасын
сақтауы, өз денсаулығын қорғауы тиіс.
Бұл өзі үшін де және қызмет көрсетілетін науқастар үшін де
қажет.
Күн режімін сақтау – жеке гигиенаның негізгі ережесі. Ұйқыға
жатуды, одан оянуды, таңғы, түскі, кешкі ас ішуді бір және сол
уақытта жасау керек. Ақыл-ой еңбегін дене еңбегімен
кезектестіре отырып, еңбек ету мен тынығу сағаттарын дұрыс
бөлген жөн.
Медицина қызметкерінің зиянды әдеттерге (темекі тарту,
алкогольді шектен тыс тұтыну және т.б.) үйір болмағаны дұрыс.

17.

Денсаулықты сақтау және кеселдердің алдын алу үшін дене
шынықтырумен айналысып, спортпен шұғылдану және өз
организмін шыңдауы қажет. Таңертеңгілік гимнастика жасаудың әдетке
айналуы тиіс. Медицина қызметкерінің өз денесінің тазалығына жете мән
бергені абзал. Бетін, мойынын тәулігіне 2 рет жууы керек. Сондай-ақ
күніне 2 рет шап аумағын жылы сумен жуғаны жөн. Қолға күтім жасауды
да ұмытпаған дұрыс. Әсіресе хирургияда жұмыс істейтін медицина
қызметкерлерінің қолдарын ластанудан сақтауы үшін үй жұмысын
қолғаппен орындауы қажет. Тырнаққа, шашқа және ауыз қуысына күтім
жасау талапқа сай жүргізулі тиіс. Сонымен қатар медицина қызметкерінің
сыртқы киіміне жете мән беріп, оның ыңғайлы, сыртқа тұрпайы
болмауына көңіл аударуы керек.

18.

Қорытынды
Медицина қызметкерлеріне әсер ететін кәсіптік факторлардың кең спектрін ескере
отырып, осы топтың кәсіптік аурушылдық мәселесі өзекті және соңғы жылдары
оның өсу тенденциясы байқалып отыр. Медицина қызметкерлерінің кәсіптік
аурушылдығының дамуына әкелетін жетекші өндірістік факторлар: меншікті
салмағы орта есеппен алғанда 73%биологиялық факторлар, дәрілік препараттар –
16%, химиялық заттар –11% болып табылады. Медицина қызметкерлерінің
кәсіптік аурушылдығының құрылымында келесі нозологиялық формалар үстем
болды: тыныс алу мүшелерінің туберкулезі – 51%, вирусты В гепатиті – 16%,
дәрілік-медикаментозды аллергия – 8%, бронх демікпесі – 8%, экзема және
дерматит – 4%, тағы басқалары – 13%. Болашақ мамандығын таңдау адамның
психо-физиологиялық ерекшеліктерін, оның физикалық мүмкіншіліктері мен
денсаулық жағдайын ескеріп жүргізілуі тиіс. Бұл мәселені шешуде кезеңдік
медицицналық тексерулердің алатын орны ерекше. Жыл сайын жүйелі түрде
жүргізілетін медициналық тексерулер аурулардың ерте белгілерін анықтауға және
тиісті емдеу-сауықтыру шараларын жүргізуге мүмкіндік береді.

19.

Қолданылған әдебиеттер
1. Досыбаев Б.К., Алимбаева Г.С., Абуов Д.С., Кулманбетов Е.Б.
Гигиеническая и эпидемиологическая оценка условий труда врачей
ведущих
специальностей//Вестник ЮКМА – 2008 - № 2 (39) – С. 41-43
2. Гигиена/Под ред.акад.РАМН Г.И. Румянцева. – М.:ГЭОТАР
МЕДИЦИНА, 2000.– 608
3. Н.Ф. Измеров, В.А. Капцов. Перспективы научных исследований по
Гигиене труда медицинских работников // Сов. Здравоохранение. –1985.№ 9 – С. 29
4. Винокур В., Розанова М. Профессиональный стресс губит врача //
Медицина, Санкт-Петерберг.-1997.-№11.- С. 28
English     Русский Rules