3.88M
Category: medicinemedicine

МикроРНҚ. РНҚ-ң бір классы

1.

МикроРНҚ
РНҚ-ң бір классы. Олар клеткада посттранскрипционды
деңгейде белгілі гендердің активтілігін реттеу қызметін
орындайды және клетка дамуына, дифференцияцияға,
пролиферация мен апоптозға қатысады, сонымен бірге
ісік
процессінде негізгі роль атқарады. МикроРНҚ молекулаларының
мөлшері шамамен 21-23 нуклеотидтерден құралады.
Алғашқы микроРНҚ 1993 жылы Caenorhabditis elegans-те
анықталды.
Содан
соң,
микроРНҚ
дрозофилада,
омыртқалыларда,
содан
кейін
өсімдіктер
мен
саңырауқұлақтарда табылды. Адамның микроРНҚ-ры (let-7)
осыдан 20 жыл бұрын ғана анықталынды.

2.

МикроРНҚ-ны кодтайтын гендердің саны
әртүрлі организмдерде біршама ауытқып тұрады.
Мысалы, нематодаларда олардың саны 90-120,
адамдарда – 1000 жоғары, Arabidopsis өсімдігінде
шамамен 40. Болашақта осы сандар біршама өзгеруі
мүмкін, өйткені біздің микроРНҚ жайлы біліміміз
бүгінгі күні әлі жеткіліксіз және біз кодталмайтын
РНҚ-ң, соның ішінде микроРНҚ зерттеулерде
«эраның» ең басында тұрмыз.

3.

Жануарлар
клеткаларында
микроРНҚ-дың
түзілу
механизмдерін зерттеу осы процесстің екі сатысында
жүретіні көрсетілді. Басында өзінің құрамында
микроРНҚ-ның бір емес копиялары болатын РНҚ-ның
созылмалы біріншілік транскрибі транскрипцияланады,
содан соң пісіп жетілуі жүреді.
Кейбір микроРНҚ-дың өмір сүру уақыты 220 сағатқа
дейін құрайды, ал эукариотты мРНҚ үшін орташа
есеппен, шамамен 10 сағат.
МикроРНҚ-ның тұрақтылығы (стабильділігі) –
олардың мРНҚ-нысандарына әрекетінің жоғары
тиімділігіне жауапты факторлардың бірі болып
табылады.

4.

•Бірінші жағдайда, микроРНҚ-ны кодтайтын
ДНҚ участоктары экзонда орналасқан сияқты,
интрондарда да орналаса береді, сонымен
қоса
ДНҚ-ның
антимағыналы
(антисмысловые) жіпшелерін қосқанда геннің
кодталмайтын участоктарында да орналасады.
•Екінші жағдайда, микроРНҚ-ның генетикалық
детерминанттары
эндогенді
транспозон
участоктарында локализацияланады.

5.

6.

МикроРНҚ-дың қызметтері
Трансляция деңгейінде РНҚ синтезін реттеу;
Клетканың мамандануына (дифференцияцияға)
қатысу;
Апоптозға қатысу;
Эмбриогенезге қатысу;
Қатерлі ісіктердің өсуінде қатысу

7.

микроРНҚ-ның алғысы (предшественник микроРНК) геномдық ДНҚ
тізбегінің екі жағынан да РНҚ-полимераза II-мен транскрипцияланады,
нәтижесінде аралық форма – при-микроРНҚ пайда болады. Бұл примикроРНҚ-да екі біртізбекті ұшты ілмектері (шпилька) болады және
кәдімдігі мРНҚ-ның белгілері болады , яғни m7G-кэп және полиА-ұшы.
Drosha эндонуклеаза при-микроРНҚ-дан біртізбекті «ұштарды»
кесіп тастайды.
Цитоплазмада Dicer пре-микроРНҚ-ның ары қарай пісіп жетілуін
іске асырады.
Пісіп жетілген микроРНҚ RISC комплексінің құрамына қосылады.
Көптеген микроРНҚ-дың әсер ету механизмі - RISC белоктық
комплекс құрамындағы қысқа (21-25 нуклеотидтер) біртізбекті РНҚ
жоғары арнайлылығымен мРНҚ-нысананың комплементарлы
учаскілерімен байланысады. Байланысу мРНҚ-ның ыдырауына
алып келеді.

8.

9.

10.

11.

mir-1273 туысы үшін клеткалық цикл мен апоптозды реттейтін нысана гендер
English     Русский Rules