802.07K
Category: businessbusiness

Кәсіпкерлікті дамыту стратегияларымен танысып

1.

2.

• Кәсіпкерлікті дамыту стратегияларымен танысып,
сату жүйесін жақсарту әдістерін үйрену.
Кәсіпкерлік қызметте кездесетін
жауапкершілікпен танысу және жауапкершіліктің
салдарларын қарастыру

3.

1. Кәсіпкерлікті кеңейту тәсілдері. Франчайзинг
2. Сату жүйесін жақсарту.
3. Филиалдарды ашу.
4. Агрессивті маркетинг
5. Кәсіпкердің тұтынушы алдындағы жауапкершілігі
6. Басқа компаниялар алдындағы жауапкершілігі
7. Өз қызметкерлерінің алдындағы жауапкершілігі
8. Мемлекеттің алдындағы жауапкершілігі
9. Қоғам алдындағы жауапкершілігі
10. Жауапкершілік сақталмаған жағдайда болуы мүмкін
салдарлар

4.

Кәсіпкерлікті кеңейтудің екі әдісі бар:
• Біріншісі, кәсіпкерліктің қолда бар бірлігін
кеңейту;
• Екіншісі, дәл сол қағидат бойынша жаңа бизнес
ашу

5.

• Нарықта франчайзинг – кәсіпкелерді
пайдалы , табысты бизнесті жүргізуде
қажетті іс-тәжірибелік стандарттарға
үйретудің, оқытудың ең жылдам тәсілі
болып саналады. Барлық франчайзингтік
мәмілелер обьектілері бойынша үш негізгі
түрге бөлінеді:
• 1. Тауарлық франчайзинг
• 2. Өндірістік франчайзинг
• 3. Іскерлік франчайзинг

6.

• Франчайзи жетекші компаниядан өз тауарларын сол
компанияның тауарлық белгісін қолдана отырып сату
құқығын сатып алу арқылы бизнес жүргізу
тәсілі тауарлық франчайзинг деп аталады.
• Франчайзер өзінің өнімін негізінен франчайзиға
сатады, ал ол өз ретінде тек қана оның өнімін ғана
сатып, осы тауарға ұқсас бәсекелестер өнімін сатпауы
керек. Тауарлық франчайзинг барлық жерлерде жағармай, автомобильдік тауарлар, гигиена құралдарын,
сусындар және тағы басқа өнімдерді өткізуде
қолданылады. Мысалы: «TEXACO»,
• « Chevron»,
• Procter&Gamble», «Coca-Cola».

7.

• Франчайзер франчайзиге тауарларды өзі
(франчайзер, бас компания) жеткізетін немесе
онымен
келісу
арқылы
жеткізілетін
шикізатты, материялдарды технологиялар мен
жабдықтарды
пайдалана отырып, өзінің
тауарлық белгісімен өндіру мен өткізу құқығын
сатуды өндірістік франчайзинг дейміз.
Франчайзердің франчайзиді құрал-жабдықтар,
тауар белгілерді пайдалану құқығы мен
рецептурасы және де өндіріс пен өнімді өткізу
кезінде
жалпы
жарнамалық
қормен
жабдықталуы.
Мысалы:
«Дока-Пицца»
компаниялары.

8.


Іскерлік франчайзинг — жағдайында франчайзер
кәсіпорын құрады және оны лицензиялық кешенмен
қоса франчайзиге береді. Яғни, танымал фирманың
қызмет түрі мен атауын ала отырып шағын
кәсіпорынды ұйымдастыру құқығын сату. Яғни,
франчайзер тауарлар мен қызмет сауда — саттығын
сәйкесінше қамтамасыз ету жолымен (ноу-хоу)
тауарлық белгілерді және қызмет көрсету белгілерін
қолдану құқығына лицензия береді.
• Мысалы: «Mac Donald s» рестораны, «Алматы Құс»
АҚ, Okan Inter – Continental мейрамханалық желілері
жатады.

9.

• —
өткізу нарығының жылдам кеңеюі,
сату көлемінің ұлғаюы мен бизнестің
ауқымдық түрде таралуы;
• —
шұғыл басқару қажеттілігін
босатылуы;
• —
лицензияны сатудан түскен табыс;
• —
франчайзи төлемі есебінен қосымша
табыстарды иемдену;
• —
меншіктік сауда желісі арқылы
өткізубойынша шығындарды қысқарту;

10.


өзінің кәсіпорнына қарағанда франчайзидан алатын
пайда деңгейінің төмен болуы;
франчайзи біреулерінің лайықты дәрежеде
репутациясына сай келмеуі, сапаны лайықты бақылаудың
болмау есебінен франчайзер өзінің репутациясына кесірін
тигізуі мүмкін;
франчайзи қаржылық есеп беруінің шынайылығын
бақылау қиыншылығы;
франчайзи бизнесі негізін жеткілікті жерде таңдау
қиыншылығы
франчайзиді оқыта, үйрете отырып, франчайзер өзіне
болашақта болуы мүмкін бәсекелесті даярлауы ықтимал;
жүйе ережесіне бағынбайтын франчайзимен қарымқатынасты доғару мүмкіншілігінің болмауы;
коммерциялық құпияның сақталу қиыншылықтары;

11.

• шағын бастапқы капиталмен меншіктік істі бастау
мүмкіншілігі;
• дайын «ниша», франчайзи франчайзермен жанжақты сыналған, дайын бизнесті сатып ала алады;
• материалдар, шикізаттар, құрал-жабдықтар,
жабдықтаушылар, өткізу жүйесі, жалпы жұмыс
жүргізу әдістері мен тәсілдері турасында мазмұнды
ақпаратты иемденетін нақты нұсқаулардың толық
жинағын меңгеру;
• бизнес пен менеджментті жүргізу
технологиясындағы франчайзер көмегі.

12.

• қызмет ету бостандығының шектелінуі;
• сервистік төлем;
• қызмет етуде икемділіктің жетіспеушілігі;
• франчайзер компаняға қатысты жағымсыз
сипаттамалардың франчайзи-кәсіпорын үшін де
тән болуы;
• франшизаны иемденгенде құрылған жоспарлар
ойдағыдай іс жүзіне аса бермейді.

13.

• Роялти. Бизнес модельді пайдалануға төлейтін
ақы, айына бір рет немесе тұрақты түрде
(айына, тоқсан сайын, жылына). Зияткерлік
еңбектің жемісі және ұйымның атын
пайдалану құқығы үшін төленетін қаржылай
сыйақы.

14.

• Қызметкерлерді ынталандырудың дұрыс жүйесін
құру, яғни қызметкерлерге әрбір жасаған мәміледен
пайыз төлеу;
• Тұрақты клиенттермен үнемі бірге жұмыс жасау.
(тұрақты
кдиенттерді
туған
күндерімен
құттықтау, жеңілдікті бонустық карталар беру,
жарнамалық хат жіберу)
• Қосымша сату тәсілдерін пайдалану. Мысалы
телефон сатсаңыз, оған қосып аксессуарлар сату.
• Жеңілдіктермен тиімді жұмыс істеу. Мерекелік
күндерге
немесе
тауарлардың
белгілі
бір
санаттарына
жеңілдіктер
беру.
Мысалы
«Қасиетті жұма», батыста «Черная пятница».

15.

• Әр түрлі мақсатты топтар үшін жеке
ұсыныстар әзіплеу. Мысалы зейнеткерлерге
қолайлы ұсыныстар, студенттерге қосымша
қызмет ұсыну және т.б.;
• Құны әр түрлі жиынтықтардың бірнеше түрін
ұсыну. Адамдарға таңдау мүмкіндігін беру.
• Орташа сатып алу сомасын көбейту. Чектің
сомасы жоғары болу үшін қосымша қандай
қызметтерді ұсына аласыз? Бұл тауарды
жеткізу, меркелік қаптама, монтаждау,
орнату, кепілдік және т.б.

16.

• Фирманың
қызметін
бақылау
жүйесін
жетілдіру.
• Клиенттердің
ынтасын
арттыруға
бағытталған іс шараларды өткізу. Мысалы,
жақсы көңіл күй сыйлау (әйелдер мейрамына
гүл сыйлау, кофе ұсыну т.б.)

17.

• Бірінші жағдайда, бренд имиджі мен дұрыс
маркетингтік қызмет;
• Екінші жағдайда, компанияның шикізатты
арзанырақ бағамен сатып алуы, қосалқы
бөлшектерін өз бетімен жасауы, шығындарды
бір мезгілде азайтып, ірі өндіріс көлеміне
шығуы негізінде табыс табу.
«Эффект
масштаба»

18.

• Филиалдарды
ашуға
дайындалу
үрдісі
компанияның франчизаны сату үшін бизнес
моделін дайындауға ұқсайды. Бұл жағдайда
шикізатты сатып алу, өндіріс және өнімді
тарату, маркетингтік іс-шараларды жүргізу,
қызметкерлерді іздеу, ағымдағы міндеттердің
орындалуын бақылау және есептілікті құру
сияқты ұйымда болып жатқан үрдістердің
барлығын
регламенттеу
керек.
Айырмашылығы жаңа кеңсені басқаратын
және оның жұмысынан кірісті алатын басқа
кәсіпкер емес, өзіңіз боласыз!

19.

• Филиалдарды ашуда автоматтандырылған
басқару және сатуларды бақылау, тауарлар
бойынша айналым мен кірісті талдау және т.б.
қажет. Онсыз алыстағы аумақта сатуды
бақылау мүмкін болмайды.
• Қаржылық бақылау жүйесін құру керек.
• Сату мен шығындарды басқару үшін
бюджеттеуді енгізген жөн.

20.

• Кәсіпкерлікті филиалдар көмегімен кеңейту
кезінде компанияның құрылымында арнайы
бөлімше құрылады. Оның қызметкерлері әрбір
кеңседедегі бюджеттің сақталуын бақылайды,
маңызды көрсеткіштердің барлығын талдайды
және ұсақ түйек басқарушылық мәселелерді
шешеді. Сонымен қатар филиалдың даму
жоспарын құру мен іске асыруға жауап береді.

21.

• Егер кәсіпкерлікті кеңейту кезінде компания
агрессивті маркетингке баса назар аударса,
бюджеттің көп бөлігі жарнамаға және әр түрлі
назар аударту тәсілдеріне жұмсалады. Бұл
тәсілдің мәні медиа ортада аталған брендтің
көпшілік арасында танылуына ықпал ету.

22.

• 1. Мақсаттар мен міндеттерді айқындау.
• 2. Кәсіпорындарды алдын ала талдау
• 3. Кеңейтудің ыңғайлы тәсілдерін іздеу.
• 4. Жоспарды жүзеге асыру
• 5. Негізгі көрсеткіштерді талдау арқылы
өткізілген іс шаралардың тиімділігін айқындау

23.

• Кәсіпкерлікті кеңейтудің бір тәсілінің мәнін,
артықшылықтары
мен
кемшіліктерін
сипаттау керек: франчайзинг, аутсорсинг, сату
жүйесін жақсарту, филиалдар ашу, агрессивті
маркетинг

24.

• Жауапкершілік – уәдені орындау және басқа
компаниялар,
клиенттер,
компанияның
қызметкерлері, мемлекет және қоғам сияқты
бизнеспен өзара байланыс жасайтындардың
барлығының құқықтарын сақтау міндеті.

25.

• Тұтынушылар тауарлар мен қызметтердің
ақысын төлеген соң сапалы өнім мен сервис
алуға тиісті.
• Клиенттердің
алдында
кәсіпкерліктің
міндеттемелерін сақтау екі тарапқа да өзара
тиімді үдеріс.

26.

• Кәсіпкер басқа компаниялармен шартта
баяндалған барлық уағдаларды сақтауға тиісті.
Бұл жағдайда барлық шартқа қатысушылар
басқа тауарларды, басқа мерзімде, басқа
ережелермен алу тәуекелінсіз өз қызметімен
айналыса алады.

27.

• Қызметкерлер өз қызметін бизнесте барынша
адал және мұқият орындаған кезде
кәсіпкерлікте шығын азаяды. Сондықтан
қызметкерлерінің алдында өз міндеттерін
сақтауға мүдделі: адал еңбекақыны уақытында
төлеу, қажетті аударымдардың барлығын
ресімдеу (зейнетақы, медициналық және т.б.),
еңбек демалысын беру, еңбек етуге лайықты
жағдай жасау (таза ауасы бар үлкен таза
үйжайлар т.б.)

28.

• Мемлекеттік бюджеттің көп бөлігін
корпоративтік табыс салығы құрайды.
• Ендеше кәсіпкерлер мемлекет алдындағы өз
міндеттерін дер кезінде, сапалы орындаса,
соғұрлым бюджеттен шығындар соғұрлым
көбірек бөлінеді деген сөз.

29.

• Кәсіпкерлер тек мемлекет алдында ғана емес,
жалпы қоғам алдында жауапкершілікке ие.
Экологиялық жағдайды сақтау, қоғамның
мәселелі аймақтарына жәрдемдесу. Мысалы
балабақша, мектеп салу, мәдени және спорт
шараларын қолдау т.б.
• Мысалы «Аналар үйі» жобасы дағдарыстағы
жас аналарға арналған орталық салу.

30.

• Кәсіпкер қоғамдық қорлар құру немесе қандай да
бір нысандардың құрылысына, жөндеуге не
ашуға қаражат аудару арқылы жауапкершілік
алмайды. Шағын компаниялар да қоғам
алдында жауапкершілігін тұтынушылардың
ерекше топтарына (зейнеткерлерге, көп
балалы аналарға және т.б) жеңілдіктер
ұсынып, тегін кеңес беріп, жылына бір рет
өнімнің белгілі бір үлесін балалар үйіне аударып,
жұмысқа мүмкіндігі шектеулі адамдарды алып
көрсете алады.

31.

• Кәсіпкерлердің қорларды ашуға немесе көмекке
мұқтаж адамдарды іздеуге уақыты бомаған
жағдайда, олар көмек қажет ететін адамдар
туралы ақпараттарды қамтитын сайттарға
өтініш бере алады.
• Мысалы «Менің Атамекенім» ҚБ сайты
көмекке мұқтаж жандардың өтінімін
жариялайды. Кәсіпкерлер кімге, қандай көлемде
көмектесетінін өздері шешеді.

32.

• Стартап жобаңыздың өз өмір сүріп жатқан
қоғамға көрсете алатын көмектің кемінде он
түрін ойлап табу керек.

33.

• 1) қылмыстық;
• 2) әкімшілік;
• 3) салықтық;
• 4) азаматтық-құқықтық;
• 5) тәртіптік;
• 6) материалдық жауапкершілікке тартылады.

34.

Кәсіпкердің қылмыстық жауапкершілікке
тартылуы
Қылмыстық жауапкершілік -бұл ҚР Қылмыстық кодексінде көзделген қылмысқа
кінәлі адамдардың құқықтары мен бостандықтарын шектеуден тұратын заңды
жауапкершіліктің бір түрі. Адам өзінің кінәсі анықталған қоғамдық қауіпті ісәрекеттері және туындаған қоғамдық қауіпті зардаптар үшін ғана жауаптылықта
болуға тиіс. Қылмыстық жауаптылық айыптау үкімі күшіне енген кезден
басталады, ал сот тағайындаған жазаны өтеуде толық іске асырылады.
Кәсіпкерлердің
қылмыстық
жауапкершілігінің
ҚР
Қылмыстық
кодексінде
қарастырылған қылмыс құрамының барлық белгілері бар әрекетті жасау, ең алдымен,
8-тарауда "Экономикалық қызмет саласындағы құқық бұзушылықтар".
214-бап. Заңсыз кәсiпкерлiк, заңсыз банктік, микроқаржылық немесе коллекторлық
қызмет, 216-бап. Іс жүзінде жұмыстар орындалмай, қызметтер көрсетілмей, тауарлар
тиеп-жөнелтілмей шот-фактура жазу бойынша әрекеттер жасау,
246-бап. Салық
төлеушiнiң салықтық берешегi, төлеушінің кедендік төлемдер, салықтар, арнайы,
демпингке қарсы, өтемақы баждары бойынша берешегі, өсімпұлдар, есепке жазылған
жағдайда пайыздар есебіне билiк етуі шектелген мүлiкке қатысты заңсыз
әрекеттер. 248-бап. Мәмiле жасауға немесе оны жасаудан бас тартуға мәжбүрлеу
Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде құқыққа қайшы әрекеттері үшін
қылмыстық іс көрсетудің түрлері: айыппұл; белгілі бір лауазымдарды атқару
немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру; міндетті жұмыстар;
түзеу жұмыстары болып табылады; мүлікті тәркілеу; бас бостандығын шектеу;
тыйым салу; белгілі бір мерзімге бас бостандығынан айыру.

35.

Кәсіпкердің әкімшілік жауапкершілікке
тартылуы
• Әкімшілік жауапкершілік -бұл азаматтардың,
лауазымды тұлғалардың, заңды тұлғалардың
әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін
заңды жауапкершілігінің бір түрі.
• Әкімшілік жауапкершілікке тартудың тәртібі мен
негіздері ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар
туралы кодексімен және басқа да құқықтық
актілермен реттеледі.
14-тарау. КӘСIПКЕРЛIК ҚЫЗМЕТ САЛАСЫНДАҒЫ ӘКIМШIЛIК ҚҰҚЫҚ
БҰЗУШЫЛЫҚТАР
• Егер құқық бұзушылық өзінің сипаты бойынша
қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқпаса, құқық
бұзушылық
үшін
әкімшілік
жауаптылық
туындайды.

36.

Кәсіпкердің әкімшілік жауапкершілікке
тартылуы
• Әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағаны үшін мынадай
әкімшілік жазалар қолданылуы мүмкін:
• 1) ескерту;
• 2) айыппұл;
• 3) әкімшілік құқық бұзушылық жасау құралы немесе
тікелей объектісі болған затты өтемін төлеп алып қою;
• 4) Әкімшілік құқық бұзушылық жасау құралы немесе
тікелей объектісі болған затты тәркілеу болып табылады;
• 5) түзеу жұмыстары;
• 6) әкімшілік қамаққа алу;
• 7) шетелдік тұлғаны немесе азаматтығы жоқ адамды ҚР
әкімшілік жолмен шығарып жіберу;
• 8) арнайы құқықтан (сауда құқығынан, аң аулау
құқығынан) айыру.
• Лауазымды адамдарға жауапкершіліктің тек екі түрі ғана
қолданылуы мүмкін:
• 1) ескерту; 2) айыппұл.

37.

Кәсіпкердің салықтық жауапкершілікке
тартылуы
• Салықтық жауапкершілік - бұл жеке және
заңды
тұлғалардың
салықтық
құқық
бұзушылықтар үшін заңды жауапкершілігінің
бір түрі.
• Салықтық
құқық
бұзушылық
-салық
төлеушінің, салық агентінің және олардың
өкілдерінің заңсыз әрекеті, ол үшін ҚР Салық
кодексінде жауапкершілік белгіленген.

38.

Кәсіпкердің салықтық жауапкершілікке тартылуы
ҚР Салық кодексіне сәйкес салықтық құқық бұзушылықтарға
мыналар жатады:
• 1) салық органында есепке қою мерзімінің бұзылуы, мұндайдан
жалтаруы;
• 2) шетелдік адамды немесе азаматтығы жоқ адамды ҚР әкімшілік жолмен
шығарып жіберу;
• 3) банкте шот ашу және жабу туралы мәліметтерді ұсыну мерзімін бұзу;
• 4) салық органы лауазымды адамының аумаққа немесе үй-жайға кіруіне
заңсыз кедергі келтіру болып табылады;
• 5) салық декларациясын немесе өзге де құжаттарды жасау қағидаларын
және оларды табыс ету мерзімін бұзу болып табылады;
• 6) салық органына салық төлеуші туралы мәліметтерді, құжаттарды
ұсынбау;
• 7) кірістер мен шығыстарды есепке алу қағидаларын және салық салу
объектілерін өрескел бұзу;
• 8) салық сомасын төлемеу немесе толық төлемеу;
• 9) салық агентінің салықтарды ұстап қалу және аудару жөніндегі
міндеттерді орындамауы.

39.

Кәсіпкердің азаматтық құқықтық
жауапкершілікке тартылуы
• Азаматтық-құқықтық жауапкершілік -бұл
құқық бұзушылыққа дейін болған жағдайды
қалпына келтіру мақсатында азаматтық
құқықтар мен міндеттерді бұзушыларға
қолданылатын мүліктік сипаттағы шаралар
жүйесі.
• Азаматтық-құқықтық
жауапкершілік
шараларының жүйесі екі түрді қамтиды:
• шығындарды өтеу (моральдық зиянды өтеу)
• Санкциялар.
• Ақшалай міндеттемені орындамағаны үшін
жауапкершілік
азаматтық-құқықтық
жауапкершіліктің ерекше шарасы болып
табылады.

40.

Кәсіпкердің азаматтық құқықтық
жауапкершілікке тартылуы
• Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің бір түрі
субсидиарлық жауапкершілік болып табылады, ол
борышкермен қатар міндеттеменің тиісті түрде
орындалуы үшін несие беруші алдында жауап беретін
адамдардың қосымша жауапкершілігін көздейді.
• Субсидиарлық жауаптылықта болады:
• 1) серіктестік міндеттемелері бойынша толық
серіктестіктің мүшелері;
• 2)
тұтыну
кооперативінің
мүшелері
оның
міндеттемелері бойынша;
• 3) мүлік жеткіліксіз болған жағдайда мекеменің
міндеттемелері бойынша мекемеге бекітілген мүліктің
меншік иесі;
• 4) еншілес қоғам дәрменсіз (банкрот) болған жағдайда.

41.

Кәсіпкердің тәртіптік жауапкершілікке тартылуы
Тәртіптік
жауапкершілік
-бұл
кәсіпорын
әкімшілігі
қызметкерге тәртіптік теріс қылық үшін тәртіптік жаза
түрінде қолданатын санкция.
Тәртіптік теріс қылық деп қызметкердің өз Еңбек міндеттерін
заңсыз орындамауы немесе тиісінше орындамауы түсініледі.
Тәртіптік жауапкершілікке тартылуы мүмкін:
• 1) жұмыскердің жұмыс күні ішінде 3 сағат шегінде дәлелді себепсіз
жұмыста болмауы;
• 2) жұмыскердің еңбек міндеттерін орындаудан дәлелді себептерсіз бас
тартуы;
• 3) кейбір кәсіптер қызметкерлерінің медициналық куәландырудан
дәлелді себептерсіз бас тартуы немесе жалтаруы негіз болып табылады.
Тәртіптік жауапкершілік екі түрде болады:
• 1) ҚР Еңбек кодексінде қарастырылған жалпы;
• 2) тәртіп туралы жарғылар мен ережелерге сәйкес жұмыскерлерге
жүктелетін арнаулы ережелер болуға тиіс.
Жалпы тәртіптік жауапкершілік кезіндегі жазалау шаралары:

42.

Кәсіпкердің материалдық жауапкершілікке
тартылуы
• Материалдық
жауапкершілік
-бұл
қызметкердің өз Еңбек міндеттерін тиісінше
орындамауы салдарынан кәсіпорынға өз
кінәсінен
келтірілген
мүліктік
залалды
белгіленген тәртіппен және белгілі бір
мөлшерде
өтеу
міндеті.
Жауапкершілік
мәселелері ҚР еңбек кодексімен және бірқатар
басқа ережелермен реттеледі.
• Еңбек
заңнамасы
материалдық
жауапкершіліктің
келесі
түрлерін
қарастырады:
• 1) толық;
• 2) шектеулі.

43.

• Тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсім) –
борышқор міндеттемесін орындамаған кезде
несие берушігн төлеуге міндетті, заңдармен
немесе шартпен белгіленген қаражат сомасы.
Нәтижесінде,
кәсіпкер
айыппұл
төлеп,
шығындарды өтеуге мәжбүр болады.
• Залал –шартты бұзған кезде әріптестің көретін
шығындары,
сондай
ақәріптесіңіз
ала
алатын,бірақ шарт бұзылған соң ала алмайтын
кіріс.

44.

• Кепіл
–міндеттемелердің
орындалуын
қамтамасыз ету тәсілі. Кәсіпкер міндеттемесін
орындамаған ретте шығынға ұшырамайтынына
сенімді болу үшін әріптес, банк немесе мемлекет
пайда болуы мүмкін залалды өтей алатын кепілдің
енгізілуін талап етеді.
• Кепілдік – міндеттемелердің орындалуын
қамтамасыз ету тәсілі. Оған сәйкес кепілгер
(үшінші тарап) басқа тұлғаның кредиторы
алдында
міндеттемелердің
орындалуына
толықтай немесе бір бөлігін жауап беруге
міндеттенеді.

45.

• Банк кепілдігі –жазбаша міндеттеме. Ол бойынша
банк кепілдік берушінің өзге несиелік немесе
сақтандыру ұйымы (кепілдік беруші) принципиалды
кредиторға (бенефициарға) беретін міндеттемесінің
шарттарына сәйкес бенефициар оны төлеу туралы
жазбаша талапты ұсынған кезде қаражат сомасын
төлеуге міндетті.
• Кепіл ақы – шарт бойынша уағдаласушы
тараптардың бірінің өзінен алынатын төлемнің
есебінен екінші тарапқа және шарт жасау мен
орындауды не өзге міндеттемені орындауды
қамтамасыз етуге берілетін қаражат сомасы.

46.

Кәсіпкерлікті кеңейту тәсілдеріy атаңыз?
Франчайзингтің ерекшелігі мен түрлері?
Франзайзингтің франчайзер үшін артықшылықтары
мен кемшіліктері қандай?
Франчайзи үшін артықшылықтары мен кемшіліктері
қандай?
Сату жүйесін жақсарту әдістері қандай?
Филиалдарды ашу қалай жүргізіледі?
Агрессивті маркетинг дегеніміз не? Құралдары?

47.

• 1. Кәсіпкердің жауапкершілігі қандай?
• 2. Кәсіпкер қандай заңсыз әрекеттер үшін жауап
береді?
• 3. Кәсіпкерлердің жауапкершілік түрлері.
• 4. Қылмыстық жауапкершіліктің мәні.
• 5. Салық жауапкершілігінің түрлері.
• 6. Әкімшілік құқық бұзушылық үшін қандай жаза
қолданылады?
• 7. Тәртіптік жауапкершіліктің мәні.
• 8. Материалдық өндіріп алу түрлері.
• 9. Кәсіпкерлік даулар қайда қарастырылады?
• 10. Кәсіпкерлердің өз міндеттемелерін орындауын
бақылау

48.

• Бес топқа бөлініп, әр топ жауапкершіліктің бір
түріне сипаттама беріп, мысал келтіру қажет
• 1-топ. Серіктестер алдында
• 2-топ. Тұтынушылар алдында
• 3-топ. Қызметкерлер алдында
• 4-топ. Мемлекеттің алдында
• 5-топ. Қоғамның алдында

49.

• Кәсіпкерлік негіздері, Атамекен ҚР ҰКП, Әдістемелік
құрал, Нұр Сұлтан 2019
• Куратко
Д.Ф.
Кәсіпкерлік: теория, процесс, практика. 10басылым. – Алматы: Ұлттық аударма бюросы,
2018жыл – 480 бет.
• Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі.
• Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі.
• Қазақстан Республикасының Әкімшілік кодексі.
Қазақстан Республикасының Салық кодексі
• ҚР Еңбек Кодексі
English     Русский Rules