Similar presentations:
Ұжымдық шарт
1.
Ұжымдық шарт2.
*Ұжымдық шарт —ұйымдағы әлеуметтік
және еңбек
қатынастарын
реттейтін,
жұмысшылар өкілдері
мен жұмыс беруші
арасында жасалған
жазбаша келісім
түріндегі құқықтық
акт.
Ұжымдық
келіссөздерді бастау
және ұжымдық
шарт жасасу туралы
ұсыныс
тараптардың кезкелгенінен болуы
мүмкін.
Ұжымдық шарт жасасуға
қатысты келіссөздерді
бастау туралы басқа
тараптан хабарлама
алған тарап оны он күн
ішінде қарауға және
заңда белгіленген
тәртіппен келіссөздер
жүргізуге міндетті.
Ұжымдық
келіссөздер мен
ұжымдық
шарттың
жобасын әзірлеу
үшін тараптар
тепе-теңдік
негізде комиссия
құрады.
3.
*Комиссиямүшелерінің саны,
оның жеке құрамы,
жобаны әзірлеу
мерзімі және
ұжымдық шарт жасасу
тәртібі тараптардың
келісімімен
анықталады.
*Кәсіподақ мүшелері
болып табылмайтын
жұмысшылар
кәсіподақ органына
жұмыс берушімен
байланыс жасауда
өздерінің мүдделерін
көрсетуге уәкілеттік
беруге құқылы.
4.
*Егер ұйымдажұмысшылардың
бірнеше өкілі болса,
олар комиссия
жұмысына қатысуға,
ұжымдық шартты
талқылауға және
қол қоюға бірыңғай
өкілді орган құрады.
*Комиссия
дайындаған
ұжымдық шарт
жобасы ұйымның
жұмысшыларымен
міндетті түрде
талқыланады.
Комиссия
қабылданған
ескертулер мен
ұсыныстарды ескере
отырып, жобаны
аяқтайды.
5.
6.
*Тараптар өзара келiсiмге келгенкезде ұжымдық шарт кем дегенде екi
данада жасалады және тараптардың
өкiлдерi қол қояды.
*Тараптар арасында ұжымдық
шарттың жекелеген ережелері
бойынша келіспеушіліктер
туындаған жағдайда, тараптар
келісілген шарттар бойынша
ұжымдық шартқа қол қоюы және бір
мезгілде олар келіп түскен күннен
бастап бір ай ішінде
келіспеушіліктер туралы хаттама
жасауы тиіс.
*Ұжымдық келіссөздер барысында
туындаған келіспеушіліктер
өзгерістер мен толықтырулар енгізу
кезіндегі ұжымдық келіссөз
барысында қаралады
7.
Ұжымдық шартқа өзгерістермен толықтырулар заңда
белгіленген тәртіппен,
тараптардың өзара келісімі
бойынша ғана жасалады.
Ұжымдық келіссөздер
тараптары, егер бұл ақпарат
мемлекеттік құпиялар,
қызметтік, коммерциялық
немесе заңмен қорғалатын
өзге де құпия болып
табылса, алынған ақпаратты
жария етуге құқылы емес.