Similar presentations:
Шарль де Голль: Франция ұлылығының қайта жаңғыруы. 7-сабақ
1.
Бөлім тақырыбы:ХХ-ғасырдағы-ХХ ғасырдың басындағы көрнекті саясаткерреформаторлар.
Сабақ тақырыбы:
Шарль де Голль: Франция ұлылығының
қайта жаңғыруы
7-сабақ
2.
Сабақтың мақсаты:11. 3. 3. 3 -мемлекет тарихындағы тұлғаның рөлі жайлы
қорытындылар жасау;
11. 3. 3. 5 -Франциядағы әлеуметтік-саяси процестерді
түсіндіру үшін "голлизм" ұғымын қолдану;
11. 3. 3. 6 -Ш. Голль қызметінің мысалында мықты
президенттік билік институтының маңыздылығын
дәлелдеу
3.
Шарль Андре Жозеф Мари де ГолльФранцуз генералы, мемлекет қайраткері. Екінші
дүниежүзілік соғыс кезінде Француз ұлт азаттық
қозғалысының көсеміне айналды. Бесінші
Республиканың негізін қалаушы және оның
тұңғыш президенті (1959—1969).
Париждегі Жоғары әскери мектепті бітірген.
I дүниежүзілік соғысқа (1914-1918) қатысқан.
II дүниежүзілік соғыс басталғанда генерал
шенінде 5-Франция армиясының танк
бөлімшелерін басқарды.
4.
ГоллизмГоллизм- генерал де Голльдің
істеріне және идеяларына
негізделген француз саяси
идеологиясы. Голлизмнің
эмблемасы- лотарингтік крест.
Голлизмнің негізгі идеясыФранцияның өзге мемлекеттерден
Ұлттық тәуелсіздігі.
5.
Шарль де Голль1890 жылы 22 қарашада Лилль
қаласында дүниеге келген. Оның әкесі
Анри орта дәулетті ақсүйектер
отбасынан шыққан. Француз
дәстүрінде тектегі «де» қосымшасы
ақсүйектерге ғана қолданылатын
болған.
Шарль Сен-Сирдегі әскери
училищеге оқуға түседі.
Оны бітіре сала Париждегі Жоғары
әскери мектепке түседі.
6.
Шарль де Голль қоғамдық-саяси қайраткерлігінің үш кезеңіМемлекет басшысы ретіндегі
қайраткерлігі
Үкімет басшысы ретіндегі
қайраткерлігі
Әскери қайраткерлігі
7.
1.Әскери қайраткерлігі8.
І-ші дүниежүзілік соғыс жылдарындаШарль де Голль 1914 жылғы Бірінші дүниежүзілік соғысқа қатысып,
Пруссиядағы бұған дейін ешкім қашып құтылмаған Кронах түрмесіне
қамалады.
Мұнда ол болашақ орыс маршалы Тухачевскиймен
бірге отырады. Түрмеде ол неміс тілін меңгереді.
1924 жылы «Жау жағындағы алауыздық» деген тұңғыш кітабын жазып
шығады.
1932 жылы «Қылыштың ұшында» атты екінші кітабы жарық көреді.
Бірінші дүниежүзілік соғысты капитан шенінде аяқтайды.
9.
Шарль екінші дүниежүзілік соғыс жылдары.Шарль екінші дүниежүзілік соғысты
генерал шенінде қарсы алады.
Неміс фашизміне қарсы тұруда
генерал отандастарының сатқындығы
мен намыссыздығына жаны күйіп,
1940 жылдың 16 маусымында
Ұлыбританияға кетеді. Бұл кезде
неміс әскерлері Парижді
«Ашық қала» деп жариялап
ешбір қарсылықсыз кіріп алады.
10.
«Азат Франция»Генерал 18 маусым күні ағылшын радиосынан сөз сөйлеп, кеудесінде
отаншылдық оты бар, сүйікті Франция үшін жанын қиюға даяр
жандарды өзінің төңірегіне топтасуға шақырады. Осыдан соң немістер
басып алған отанын және осы елдің отарлары болып саналатын
Алжир, Вьетнам, Гвиана және басқа елдерден келген жүздеген мың
қандастарын ортақ ту астына жинай бастайды.
Еріктілерден «Азат Франция» ұйымын құрып, жаңа әскер құрамын
жасақтайды. Оларды ағылшын-американдық одақтастары қаруландырады. Бұл кезде Францияда Шарль де Голльдің бұрынғы ұстазы маршал
Петен қуыршақ үкіметі басқарып отырған еді. Петен үкіметі Голльді
сыртынан өлім жазасына кеседі.
Франция 1944 жылдың соңында азат етіледі.
Осыдан соң генерал әскери қызметін аяқтап, саяси
өмірге араласады.
11.
2.Үкімет басшысы ретіндегіқайраткерлігі
12.
Шарль де Голльдің басты мақсаты:Француз мемлекетін жаңғырту.
Конституциялық
реформа
1944-1945
жылдары
Билік тармақтарын бір
орталыққа бағындыру
Уақытша үкімет
басшысы
1946 жыл
Отставкаға кетеді.
13.
Екінші рет үкімет басшысы ретіндеШарль де Голль 1958 жылы екінші мәрте
билікке қайта шақыру алады. Сол
жылдың 31 мамыры күні Парламент генералды өкілеттілігі күшейтілген
Үкіметбасы етіп бекітеді.
14.
Жаңа Конституция ерекшеліктері қандай болды?1958 жылы бұрынғы конституцияны өзгертіп,
билік құрылымын Парламенттік
Республикадан -Президенттік Республикаға
айналдырады.
Президент премьер-министрді және басқа да
жоғары билік өкілдерін өзі
тағайындауға өкілділік алады.
Парламентті таратуға, төтенше жағдай туған
сәтте бүкіл билікті өз қолына
шоғырландыруға құқылы болады.
Бұл билік жүйесі Францияның дамуына,
саяси ұстанымды ашық жүргізуге үлкен
қызмет етеді.
15.
3.Мемлекет басшысы ретіндегі қайраткерлігі16.
75 жаста ол өзінпрезиденттікке ұсынып,
сайлауда айқын басымдылықпен жеңіп шығады.
Ол ешқашан әрекетсіз
отырмайтын, жасы
сексенге жақындағанда
Шарль де Голль күніне
І8 сағат жұмыс істеп
өзгелерге үлгі көрсетеді.
17.
Алжир мәселесіФранция 1830 жылы Алжирді басып алған болатын.
Бірақ Алжир мемлекеті елдің тәуелсіздігі үшін
күресін тоқтатпады. 1954 жылы наурызда Алжирде
“Революциялық бірлік пен қимыл комитеті” құрылды.
Ол сол жылдың ақырында “Алжир ұлт-азаттық
майданы” (ҰАМ) болып жарияланып, 1 қарашада
қарулы көтеріліс ұйымдастырды. 8 жылға созылған
соғыста 1,5 млн. адам қаза тапты, 2 млн. адам
абақтыға қамалып, босқындар көбейді. Голль үкіметі
1959 жылы Алжирдің тәуелсіздігін мойындауға
мәжбүр болғанымен 1962 жылдың көктеміне дейін
соғысты жалғастырып келді. Ақырында 1962 жылы
18 наурызда соғысты тоқтату жөніндегі келісімге қол
қойып, референдум арқылы Алжирдің өзін-өзі билеу
мәселесін шешу, екі ел арасындағы экономика,
мәдени байланыстарын дамыту туралы келісімге
келді.
18.
Парламенттік республика туралыпікірі қандай болды?
Осы жылдары ол батыл қадамдарға барады. Ұзақ
уақыт шешімін таппаған саяси мәселеде ол күрделі
істерге барады. Сегіз жылға созылған Алжирдегі
мағынасыз соғысты тоқтатады. Кеңес одағы және
социалистік лагерьмен қарым-қатынасты жолға қойып,
АҚШ-тың Вьетнамдағы, Израильдің араб елдеріне
қарсы соғысын батыл айыптайды. Осы
арқылы президент Францияның беделін арттырады.
19.
«Франция ұлылығы».Шарль де Голль коммунизм мен либералдық шектен шығуын жеңетін «үшінші жолды»
ұсынды.
«Еңбек пен капитал ассоциациясы» бағдарламасы қабылданды.
1960 жылдан бастап экономика саласында, жекеменшік кәсіпкерлер алдына ұшақ
құрылысын, атом энергетикасын, ғарыштық технологияны және зымыран құрылысын
мемлекеттік өндіріспен бірге ауқымды жаңарту міндеттері қойылады.
Шет ел инвестициясын тартуға кеңінен жол ашылады. Соның арқасында
Франция «Конкорд» аэробусын, «Ариан» зымыранын, жүйрік поездар
жасауда іргелі нәтижеге қол жеткізеді. АҚШ пен Жапониямен бәсекелес деңгейде
ұшақ, ғарыштық және электронды есептеу техникаларын, байланыс құралдарын
әлемдік стандартқа сай тауарлар шығара бастайды.
20.
Ауыл шаруашылығындағы революциялық жаңалықтарАуыл шаруашылығында да революциялық жаңалықтар орын алады. Қуатты
фермерлік өңдірістер құрылып, кооперативтер қозғалыс саясаты күшейеді,
мемлекет тарапынан ауыл шаруашылығына көп көмек көрсетіледі. Франция
экономикалық жетістігімен халықаралық қауымдастыққа шыққанмен ішкі
саясатта тұрақтылық қалыптаспайды. Сайып келгенде оның бәрі әлеуметтік
шиеленісті күрделендіріп жібереді. Бұл ұрымтал жағдайды оппозиция мен
коммунистік партия сәтті пайдаланады. Елде бағыты белгісіз қарсылықтар
бой көтереді.
21.
НАТО әскери ұйымынан шығуынане себеп болды?
Сыртқы саясаттағы дербестік Францияның 1966 жылы НАТО әскери
ұйымынан шығуына, мемлекет аумағын америкалық
әскери базалардан тазартуға апарып соғады. Осы жылдары Франция
жаппай қару-жарақ шығаруға қатысты, өздерінің ядролық
зымырандық арсеналын құруына мүмкіндік берді. Солтүстік
атлантикалық әскери одақтан бас тартуы НАТО ұйымына кіретін
мемлекеттер басшылары тарапынан сынға ұшырайды.
Біржақты шешімнен соң, НАТО-ның штаб-пәтері Парижден
Брюссельге көшіріледі.
22.
1968 жылғы дағдарыс1968 жыл француздың ұлы қолбасшысына айналған Шарль де Голль
үшін өміріндегі ең ауыр жыл болды. Студенттердің жоғары білім
жүйесін демократияландыру идеясын көтерген қозғалысының зардабы,
елім, халқым деген де Голль билігін шайқап кетті. Осыдан соң ол
1969 жылы 28 сәуір күні өз еркімен биліктен бас тартады.
Де Голль Францияда билік 10 жыл, 3 ай, 19 күн жүргізді.
23.
Біле жүріңіз2014 жылы 12
желтоқсанда
Шарль де Голльге
Нұр-Сұлтан қаласында
ескерткіш орнатты
1966 жылы 25-26
маусымда Шарль де Голль
Францияның Сыртқы
істер министрі Кув де
Мюрвилмен бірге
«Байқоңыр» ғарыш
айлағына
2008 жылы Нұр-Сұлтан қаласынан Шарль де Голль атындағы көше ашылды
Бұл Астана мен Париж арасындағы тығыз байланыстың дәлелі. Оның
айналасында орналасқан «Француз кварталы» және «Париж кварталы»
тұрғын үй кешендері Астананың жүрегіндегі Францияның бір бөлігі іспетті.
24.
25.
Шарль де Голль9 қарашада 1970 жылы Шарль де Голль қайтыс болды. 12-қарашада Парижден 220
километр алшақтықта орналасқан Коломбэ атты шағын қалашықта қоштасу кеші
өтеді. Қоштасу өзі аманаттап кеткеніндей, қарапайым түрде шағын отбасы мен туғантуыстарының қатысуымен өтеді. Ұлы француз өзін жерлеуге жоғары шенді ресми
тұлғалардың, ел президентінің, премьер-министрдің, министрлер мен депутаттардың
қатысуын қаламапты. Сол күні Париж қаласында 84 мемлекеттің ресми
басшылары қатысқан аза тұту шарасы өткен.
26.
1-тапсырма«Голлизм», «Азат Франция » ұғымдарын қолданып, 1940 жылы 16 маусымда
Шарль де Голльдің Ұлыбританияға кету себебін анықтаңыз.
Дескрипторлар:
1. «Голлизм», «Азат Франция » ұғымдарын анықтайды.
2. 1940 жылы 16 маусымда Шарль де Голльдің Ұлыбританияға кету себебін
анықтауда «Голлизм», «Азат Франция » ұғымдарын қолданады
3. Картадан Ұлыбритания мен Франция территориясын көрсетеді, ажыратады.
27.
2-тапсырмаКартадан Франциямен 8-жыл соғысқан
мемлекетті анықтап, нәтижесінде Шарль де
Голльдің осы мемлекеттің қоғамдық- саяси
өміріне өзгеріс енгізудегі рөліне қорытынды
жасаңыз.
Дескриптор:
1.Картадан Франция 8-жыл соғысқан
мемлекетті анықтайды.
2.Соғыс нәтижелерін атайды
3.Шарль де Гольдің осы мемлекеттің қоғамдықсаяси өміріне өзгеріс енгізудегі рөліне
қорытынды жасайды.
28.
3-тапсырма.Тірек сөздер мен фото суреттерді пайдалана отырып, Ш. Голль қызметінің мысалында мықты президенттік
билік институтының маңыздылығын дәлелдеңіз.
Дескрипторлар:
1.
2.
3.
Ш.Голль қызметіне тірек сөздер мен фотосуреттердің байланысын анықтайды.
«Голлизм» саяси идеологиясының ерекшеліктерін атайды.
Ш. Голль қызметінің мысалында мықты президенттік билік институтының маңыздылығын дәлелдейді.
Конституцияға өзгеріс
Отарларға тәуелсіздік беру
НАТО әскери ұйымынан
шығуы
«Франция ұлылығы».
29.
Қорытынды.Шарль де Голль билікке екі рет келіп, екі рет кетеді. 1946 жылдың қаңтарында үкімет
басшысы лауазымымен өз еркімен отставкіге кетеді. Себебі, ол өмір бойы
парламентке қарсы болды және күшті президенттік Республика құруды қалайды.
Кезінде Парламенттік демократия Францияны нацизмнің алдында тізе бүктіргенінен
кейін, ол сол қайғылы сабақтан тәлім алу қажеттігін ешқашан да ұмытқан емес. Ол өз
елінің әлемдегі беделін күрт көтеруде бірнеше сәтті қадамдар жасайды.
Франция Екінші дүниежүзілік соғыстан соң жеңімпаз державалардың қатарында,
БҰҰ-ның және осы халықаралық ұйымның Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты
құрамына қабылданады.
30.
Кері байланыс.«Жетістік баспалдағы» әдісі.
Бүгінгі сабақтан мен не білдім? Мысалы:...............
Бүгінгі сабақтан мен нені әлі де жетілдіруім керек?
Бүгінгі сабақтан мен тағы не білгім келеді?............