Сөзжұмбақты дұрыс шешкенде, «қобыз» сөзі шығады
587.00K
Categories: historyhistory musicmusic

Қорқыт (VIII – IX ғасыр)

1.

Қобыз
Турсунов Тамирлан
Ис 22-2/1

2.

аспап
Қобыз
Қорқыт
күй

3.

Қорқыт (VIII – IX ғасыр)
Қорқыт VIII-IV ғасырларда ғұмыр кешкен оғыз – қыпшақ
тайпаларының ұлы ойшылы, алдағы күнді болжаған
көріпкелі және шебер күйшісі болған.
Қорқыт – қобыз аспабының құдіретін танытқан ұлы
күйші. Ол қобызды тек бақсы – балгер мен кезбе
дуналардың қолында жүретін жай құрал есебінде емес,
нағыз халықтық музыка аспабы ретінде таныта
білді.Қобыздың құдіретті үнін, Қорқыт күйлерін қазақ
қобызшылары рухани мұра етіп ұрпақтан ұрпаққа
жалғастырып келеді. Бір күні шаршап отырып,көзі ілініп
кетіп, түс көреді.Түсіне періште енеді.
Ол балаға: “Қорқыт, жасап жатқан”қобыздың 6 жасар
нар атанның жілігіндей екен.Енді оған нар түйенің
терісінен жасалған шаңақ, ортекенің мүйізінен
ойылған тиек, бесті айғырдың құйрығынан
тартылған қыл ішек жетпей тұр.Осылар болса,
аспабың сайрағалы тұр екен” деп кеңес береді.

4.

Қобыз аспабы жыңғыл, үйеңкі секілді мықты ағаштан ойып
жасалған.Құрлымы қауыз тәрізді. Ерте дәуірде
барлық жырлар К-дың сүйемелімен айтылған.
Қобыз сарындарын бізге жеткізген Ықылас Дүкенұлы,
Нышан Шәменұлы, т.б. Бері келе қобыз сарыны шертпе
күй дәстүрінің тууына елеулі ықпал еткен. Оның үн-әуенін
домбыраға түсіргендердің бірі Сүгір болатын.
Қобыз күйлері-қобызда орындалатын музыкалық шығарма
Қобыз күйлер. қобызшылардың атасы Қорқыттан (9-10ғ)
тарады.Қобызда ойнау әдісін шебер меңгерген Ықылас,
Молықбай, Түсіпбек сияқты қобызшылар Қорқыттың
күйлерін дамытты.Қазақстан композиторлары
А.Жұбанов, Л.Хамиди С.Мұхамеджанов, т.б. қобызға
арнап муз. Шығармалар (пьесалар, романстар) жазды.
Қобызшы- қобыз аспабында ойнайтын адам. Қ-лардың
Репертуарынан халық әндері мен күйлері және классик.
шығармалар орын алады.

5.

Оқулықтағы қобыз аспабы туралы берілген
анықтама оқылады.
Қобыз – ысқышпен ойналатын ішекті
музыкалық аспап. Мойны имек келетін бұл
аспап сол қол саусақтары тырнақтарының
сыртын ішкке тигізу арқылы ойналады.
Аспаптың шанағы терімен қапталып,
ысқыштары мен ішектері жылқының қылынан
жасалады. Ертеде қобызды бақсылар құдіретті
күш ретінде пайдаланған. Бүгінде қобыз
аспабында ойнау шеберлігінің күрделенуіне
байланысты төрт ішекті қобыз да пайда
болды. Бұл қобыздың ішектері сымнан
жасалады.
ескі түрі
жаңа түрі

6. Сөзжұмбақты дұрыс шешкенде, «қобыз» сөзі шығады

СӨЗЖҰМБАҚТЫ ДҰРЫС ШЕШКЕНДЕ,
«ҚОБЫЗ» СӨЗІ ШЫҒАДЫ
1. Сілкіп ойналатын аспап түрі.
2. Қазақтың ұлттық аспабы.
3. Аңға шыққанда, діни
жоралғыларда, жауынгерлік
жорықтарда пайдаланылатын
қ
о
б
ы
з
ұрмалы аспап.
4. Бақташылардың қурайдан
жасалынатын ең сүйікті
аспабы.
5.Тілшесін саусақпен шалып
тарту арқылы ойналатын
музыкалық аспап.
English     Русский Rules