Similar presentations:
Киелі – аспап қобыз. 5 сынып
1.
Тақырыбы:Киелі – аспап қобыз
5 сынып
2.
аспапҚобыз
Қорқыт
күй
3.
Құзыреттілікке жеткізетін сабақтың мақсат-міндеттері:а) ақпараттық құзыреттілік: Қорқыт жөнінде оқушылардың
білетін ақпараттарын жаңа ақпаратпен, мәліметтермен толықтыра түсу.
Ә) коммуникативтік құзыреттілік: көркем шығармадан эмоциялық
әсер ала білуге, қобыз аспабы жайлы түсінік беру, аспаптың
тембірін ажырата білуге үйрету.
б) проблеманы шешу құзыреттілігі: эстетикалық қызығушылығын
арттыру, қиялын дамытып, сөздік қорларын молайтып, жүйелі баяндай
білу дағдысын қалыптастыру.
4.
Сабақтың типі: Жаңа сабақСабақта қолданылатын педагогикалық
технологиялар:
АКТ, білім беруді ізгілендіру
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі –иллюстративті, сұрақжауап, әңгімелесу, кесте толтыру. Сөжұмбақ,
слайдтар
Пәнаралық байланыс: Әдебиет
Оқыту құралдары: Қорқыттың портреті, қобыз
аспабының суреті, үнтаспа.
5.
Қорқыт (VIII – IX ғасыр)Қорқыт VIII-IV ғасырларда ғұмыр кешкен оғыз – қыпшақ
тайпаларының ұлы ойшылы, алдағы күнді болжаған
көріпкелі және шебер күйшісі болған.
Қорқыт – қобыз аспабының құдіретін танытқан ұлы
күйші. Ол қобызды тек бақсы – балгер мен кезбе
дуналардың қолында жүретін жай құрал есебінде емес,
нағыз халықтық музыка аспабы ретінде таныта
білді.Қобыздың құдіретті үнін, Қорқыт күйлерін қазақ
қобызшылары рухани мұра етіп ұрпақтан ұрпаққа
жалғастырып келеді. Бір күні шаршап отырып,көзі ілініп
кетіп, түс көреді.Түсіне періште енеді.
Ол балаға: “Қорқыт, жасап жатқан”қобыздың 6 жасар
нар атанның жілігіндей екен.Енді оған нар түйенің
терісінен жасалған шаңақ, ортекенің мүйізінен
ойылған тиек, бесті айғырдың құйрығынан
тартылған қыл ішек жетпей тұр.Осылар болса,
аспабың сайрағалы тұр екен” деп кеңес береді.
6.
Қобыз аспабы жыңғыл, үйеңкі секілді мықты ағаштан ойыпжасалған.Құрлымы қауыз тәрізді. Ерте дәуірде
барлық жырлар К-дың сүйемелімен айтылған.
Қобыз сарындарын бізге жеткізген Ықылас Дүкенұлы,
Нышан Шәменұлы, т.б. Бері келе қобыз сарыны шертпе
күй дәстүрінің тууына елеулі ықпал еткен. Оның үн-әуенін
домбыраға түсіргендердің бірі Сүгір болатын.
Қобыз күйлері-қобызда орындалатын музыкалық шығарма
Қобыз күйлер. қобызшылардың атасы Қорқыттан (9-10ғ)
тарады.Қобызда ойнау әдісін шебер меңгерген Ықылас,
Молықбай, Түсіпбек сияқты қобызшылар Қорқыттың
күйлерін дамытты.Қазақстан композиторлары
А.Жұбанов, Л.Хамиди С.Мұхамеджанов, т.б. қобызға
арнап муз. Шығармалар (пьесалар, романстар) жазды.
Қобызшы- қобыз аспабында ойнайтын адам. Қ-лардың
Репертуарынан халық әндері мен күйлері және классик.
шығармалар орын алады.
7. Ән орындау:
“Қобыз”Қарағайдың түбінен
Қайырып алған қобызым
Үйеңкінің түбінен
Үйіріп алған қобызым.
Аққайыңның безінен
Айырып алған қобызым.
Қара еменді қақ жарып,
Ойып алған қобызым.
Ортекенің мүйізін
Тиек қылған қобызым.
Желмаяның терісін
Шанақ қылған қобызым
Қылқұйрығын тұлпардың
Қияқ қылған қобызым.
Ақ түйенің сүтіне
Шылап алған қобызым
Қарағайды қоздатып,
Бұлап алған қобызым.
Құлағынды бұрайын,
Қияқ шалып сынайын.
Ойлағаным болмаса,
Қайырып жерге ұрайын!-
деп қобызды қолына алған кезде қобыз сарнап қоя
беріпті. Қобыз үнін табиғат, ұшқан құс, ескен жел,
жүгірген аң-бәрі тоқтай қалып, құлақ түре тыңдапты.
8.
Оқулықтағы қобыз аспабы туралы берілгенанықтама оқылады.
Қобыз – ысқышпен ойналатын
ішекті музыкалық аспап. Мойны
имек келетін бұл аспап сол қол
саусақтары тырнақтарының
сыртын ішкке тигізу арқылы
ойналады. Аспаптың шанағы
терімен қапталып, ысқыштары мен
ішектері жылқының қылынан
жасалады. Ертеде қобызды
бақсылар құдіретті күш ретінде
ескі түрі
пайдаланған. Бүгінде қобыз
аспабында ойнау шеберлігінің
күрделенуіне байланысты төрт
ішекті қобыз да пайда болды. Бұл
жаңа түрі қобыздың ішектері сымнан
жасалады.
9. Музыка сауаты
10. Сабақты бекіту,қорытындылау:
ЖАНРДЫ АНЫҚТАУ.Шығарманың аты
Шығарманың
авторы
Шығарманың
жанры
Қандай аспапта
орындалды
11. Сұрақтарға жауап бер?
1. Қорқыт деген кім?2. Ысқышпен ойналатын ішекті музыкалық аспап?
3. Аспаптың шанағы не мен қапталған?
4. Арпеджио дегеніміз не?
5. Ертеде қобызды кімдер пайдаланған?
6.Қобыз аспабының ысқыштары мен ішектері неден
жасалады?
7. Гамма дегеніміз не ?
12. Сөзжұмбақты дұрыс шешкенде, «қобыз» сөзі шығады
қо
б
ы
з
1. Сілкіп ойналатын аспап түрі.
2. Қазақтың ұлттық аспабы.
3. Аңға шыққанда, діни
жоралғыларда, жауынгерлік
жорықтарда пайдаланылатын
ұрмалы аспап.
4. Бақташылардың қурайдан
жасалынатын ең сүйікті
аспабы.
5.Тілшесін саусақпен шалып
тарту арқылы ойналатын
музыкалық аспап.
13.
БілемінҮйрендім
Білгім келеді
күйші
өғыз қыпшақ
Қорқыт
шебер
орындаушы
ұлы
ойшыл