Similar presentations:
Натрий
1.
2.
Натрий (Na, Natrium), элемент атауыкөне еврей тілінің neter -зат деген
сөзінен шыққан. 1807 жылы Англияда
Х. Дэви алған.
Атомдық нөмірі 11, атомдық массасы
22.98, химиялык элементердің
периодтық жүйесінде 3-периодта I
топтың негізгі топшасында орналасқан
элемент. Электрондық формуласы 1s2
2s2 2p6 3s1, қосылыстарындағы
тотығу дәрежесі +1.
3.
Жер қыртысында таралуы жағынан натрий алтыншы орында. Натрийтұздарының көп мөлшері теңіз суында кездеседі. Натрийдің минералдары әртүрлі.
Олардың ішіндегі маңыздылары: галит NaCl (ас немесе тас тұзы), мирабилит
немесе глау- бер тұзы , натрий селитрасы NaNO, криолит Na AIF. Галиттің (NaCl)
бай қоры Каспий маңы ойпатында. Арал маңында, Ертіс өзенінің бойында бар.
Қазақстанда мирабилиттің (Na SO, 10H, O) кен орындары көп, олардың ірілері
Алматы, Қызылорда облыстарында орналасқан.
4.
ГалитБура
Мирабилит
5.
Натрий гидроксиді: NaOH химия өнеркәсібінде реагент ретінде, қағаз өндірісінде,жасанды талшық алуда, мұнай мен майды тазартуда пайдаланылады.
Натрий карбонаты: Na2CO3 мен гидрокарбонаты NaHCO3 химия өнеркәсібінің
тонналап шығаратын өнімдері, химия өнеркәсібінің әртүрлі саласында, сабын жасауда,
қағаз, тоқыма және тамақ өнеркәсібінде колданылады.
Натрий нитраты: NaNO, тыңайтқыш ретінде, шыны өндірісінде және тамақ
өнімдерінің консерванты ретінде қолданылады.
Натрий хлориді: NaCl (ас тұзы) тамақ өнімдеріне дәм беретін және оларды
сақтайтын өте ертеден қолданылып келе жатқан зат. Натрий хлоридінің
концентрациясы әртүрлі ерітінділері медицинада дәрі ретінде, жарақаттарды жууда,
компресс жасауда пайдаланылады.
Натрий цианиді :NaCN тау жыныстарынан алтынды гидрометаллургиялық бөліп алу
кезінде және гальванотехникада (күмістеу, алтындау) қолданылады.
Натрий хлораты :NaCIO3 теміржол бойын зиянды өсімдіктерден тазартуға қолданады.