2.68M
Category: lawlaw

ІС-әрекеттің құқыққа қайшылығын және жазаланушылығын жоятын мән-жайлар

1.

RIMBERIO CO
ІС-ӘРЕКЕТТІҢ ҚҰҚЫҚҚА ҚАЙШЫЛЫҒЫН ЖӘНЕ
ЖАЗАЛАНУШЫЛЫҒЫН ЖОЯТЫН МӘН-ЖАЙЛАР

2.

ІС-ӘРЕКЕТТІҢ
ҚЫЛМЫС ЕКЕНІН
ЖОЯТЫН МӘНЖАЙЛАРДЫҢ ТҮСІНІГІ
Қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастарды қорғау тек мемлекеттiк
органдардың ғана емес, ең алдымен құқық қорғау органдарының, қоғамдық ұйымдар мен
барлық азаматтардың мiндетi. Осыған дейiн айтылып өткендей, қылмыстық заңға
қайшылық, қоғамға қауiптiлiк, кiнəлiлiк жəне жазаланушылық белгiлерi бар əрекет қылмыс
деп саналады. Жалпы, кейбiр жағдайларда жасалған əрекет сыртқы жағынан қылмысқа өте
ұқсас болуы мүмкiн, бiрақ ол жоғарыда аталған белгiлердiң бiрiнен немесе төртеуiнен де
айрылған болса, ол қылмыс болып табылмайды. Iс-əрекеттiң қылмыстылығын жоятын мəнжайлар дегенiмiз – сырттай қылмысқа ұқсас əрекеттердi заңды əрекеттерге, тiптi кей
жағдайларда қоғамға пайдалы əрекеттерге айналдыратын жағдайлар. ҚР ҚК бойынша
мұндай жетi жағдайлар бар: қажеттi қорғану (ҚК-ң 32-бабы), қол сұғушылық жасаған адамды
ұстау кезiнде зиян келтiру (ҚК-ң 33-бабы), аса қажеттiлiк (ҚК-ң 34-бабы), жедел-iздестiру
шараларын жүзеге асыру (ҚК-ң 34-1-бабы), орынды тəуекел ету (ҚК-ң 35-бабы), күштеп
немесе психикалық мəжбүрлеу (ҚК-ң 36-бабы), бұйрықты немесе өкiмдi орындау (ҚК-ң 37бабы). Қылмыстық заңның аталған нормаларында көрсетiлген жағдайлар əрекеттiң қоғамға
қауiптiлiк элементiн жойып оған əлеуметтiк пайдалы сипатты бередi.

3.

RIMBERIO CO
IС-ƏРЕКЕТТIҢ ҚЫЛМЫСТЫЛЫҒЫН
ЖОЯТЫН МƏН-ЖАЙЛАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ
Қажетті қорғану
Қол сұғушылық жасаған адамды ұстау кезiнде
зиян келтiру
Аса қажеттiлiк
Жедел-iздестiру шараларын жүзеге асыру
. Орынды тəуекел ету
Күштеп немесе психикалық мəжбүрлеу
Бұйрықты немесе өкiмдi орындау

4.

ҚАЖЕТТІ ҚОРҒАНУ
Қажетті корғану — әрбір адамның занды және заңмен көтермеленетін әрекеті
болып табылады. Әлеуметтік мәні бойынша кажетті корғанудың қоғамға
кауіптілігі жоқ. Кажетті қорғану адамнын ең қасиетті, табиғи қүқықтары, емірін,
денсаулығын, бостандығын, меншігін т. б. баска да игіліктерін корғаудың тәсілі
болып табылады. Қажетті корғану қылмыстылықты тыюды, зорлықпен
істелетін кылмыстарға және меншікке, басқа да кылмыстарға карсы күресудін
пәрменді құралы болып табылады.
Сондай-ақ қажетті қорғануды колданудың аса манызды сактандырушылык
мәні зор. Өйткені, қиянат келтірушінің өзі зиян келтіру жолымен тойтарыс
берілетінін сезінуі оны коп жағдайларда кылмыс істеуден тартындырады.
Міне, осыған байланысты кажетті қорғану Конституцияда көрсетілген
азаматтардың қүқыктары мен бостандықтарын қорғаудын кепілі, коғамға
пайдалы әрекет деп саналады.

5.

ҚОЛ СҰҒУШЫЛЫҚ ЖАСАҒАН
АДАМДЫ ҰСТАУ КЕЗIНДЕ ЗИЯН
КЕЛТIРУ
Қылмыстық құқық теориясы қылмыскердi ұстаудың жəне оны ұстау кезiнде оған зиян келтiрудiң заңға сəйкестiк
мынадай шарттарын белгiлейдi:
1)тек ғана қылмыс жасаған адам ғана ұсталуы қажет,
2)нақ осы аталған адам қылмыс жасады деген сенiмдiлiк болған кезде ғана күш қолданылуы қажет;
3ұсталатын адамға зиян, егер ол қылмыстық жауаптылықтан жалтару қаупiн тудырса ғана келтiрiлуi тиiс;
4)қылмыс жасаған адамға зиян, оны ұстау жəне тиiстi өкiмет органдарына жеткiзу мақсатында ғанакелтiрiлуi тиiс;
5) қылмыс жасаған адамды ұстау үшiн қолданылған шаралар қажеттiлiктен туындауы қажет;
6) қылмыскердi ұстау үшiн қолданылған шаралар жасалған қылмыстың қауiптiлiк сипаты мен дəрежесiне жəне қылмыс
кердiң жеке тұлғасының қауiптiлiгiне сəйкес келуi қажет;
7)қылмыскердi ұстау шараларының сипаты оны ұстау жағдайына сəйкес болуы қажет;
8) келтiрiлген зиян қылмыскердi ұстау үшiн қажеттi шаралар шегiнен аспауы тиiс.
Осы аталған жағдайлардың барлығының болуы қылмыскердi ұстау кезiнде зиян келтiрудi заңды деп санауға жəне
адамды қылмыстық жауаптылықтан босатуға негiз болып табылады. ҚК-ң 33-бабының 2-бөлiгiндегi талаптарға сəйкес
қол сұғушылық жасаған адамды ұстау адамға келтiрiлген зиян жағдай мəжбүр етпейтiн анық шектен тыс зиян қажетсiз
келтiрiлген кезде, олардың ұсталатын адам жасаған қылмыстың сипаты мен қоғамға қауiптiлiк дəрежесiне жəне
ұстаудың мəн-жайына көрiнеу сай келмеуi ұстау шараларын асыра сiлтеу деп танылады.

6.

БҰЛАЙША АСЫРА СIЛТЕУ ҚАСАҚАНА ЗИЯН КЕЛТIРIЛГЕН ЖАҒДАЙДА ҒАНА ЖАУАПТЫЛЫҚҚА ƏКЕП СОҚТЫРАДЫ. ҰСТАУ
ШАРАЛАРЫНАН ШЫҒУ МЫНА ЖАҒДАЙЛАРДА ОРЫН АЛУЫ МҮМКIН:
1) ЕГЕР АУЫРЛЫҒЫ ОНША ЕМЕС ҚЫЛМЫС ЖАСАҒАН КIНƏЛIГЕ ОНЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫНА АУЫР ЗИЯН КЕЛТIРУМЕН
ҰШТАСҚАН ҰСТАУ ШАРАЛАРЫ ҚОЛДАНЫЛСА. МЫСАЛЫ, ЕГЕР ҰРЫП-СОҒУ ҚЫЛМЫСЫНА КIНƏЛI АДАМҒА
ДЕНСАУЛЫҒЫНА АУЫР ЗИЯН КЕЛТIРIЛСЕ;
2) ЕГЕР ҚЫЛМЫСКЕРДI ҰСТАУ КЕЗIНДЕ ЖАҒДАЙ МƏЖБҮР ЕТПЕЙТIН АНЫҚ ШЕКТЕН ТЫС ЗИЯН КЕЛТIРIЛСЕ. МЫСАЛЫ,
ҰСТАЛАТЫН АДАМҒА ЖЕҢIЛ ЗИЯН КЕЛТIРУ МҮМКIНДIГI БОЛА ТҰРА ОҒАН АУЫР ЗИЯН КЕЛТIРIЛСЕ;
3) ҚЫЛМЫСКЕРДI ҰСТАУ КЕЗIНДЕ ОҒАН ҚАСАҚАНА ЗИЯН КЕЛТIРIЛСЕ.
ҚЫЛМЫСТЫҚ ЗАҢДА ҚЫЛМЫСКЕРДI ҰСТАУ ШАРАЛАРЫНЫҢ ШЕГIНЕН АСЫП ҚАСАҚАНА АДАМ ӨЛТIРУ ЖƏНЕ
ҚАСАҚАНА ДЕНСАУЛЫҚҚА ЗИЯН КЕЛТIРУ ҮШIН ҒАНА ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҚ ҚАРАСТЫРЫЛҒАН. АЛ,
ҚЫЛМЫСКЕРДI ҰСТАУ ШАРАЛАРЫ ШЕГIНЕН ШЫҒЫП АБАЙСЫЗДА АДАМҒА ҚАЗА КЕЛТIРУ НЕМЕСЕ АБАЙСЫЗДА
ДЕНСАУЛЫҚҚА ТҮРЛI ДƏРЕЖЕДЕ ЗИЯН КЕЛТIРУ ҮШIН ЖАУАПТЫЛЫҚ КӨЗДЕЛМЕГЕН. ҚЫЛМЫСКЕРДI ҰСТАУ ҚАЖЕТТI
ҚОРҒАНУ ИНСТИТУТЫМЕН ҰҚСАС КЕЛЕДI, ЕКI ЖАҒДАЙДА ДА ЗИЯН ҚОЛ СҰҒУШЫҒА КЕЛТIРIЛЕДI, ЕКIНШIДЕН, ЕКЕУI ДЕ
ҚОҒАМҒА ПАЙДАЛЫ БАҒЫТТЫЛЫҒЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ТУЫНДАЙДЫ. ОЛАР ЗАҢДЫ ƏРЕКЕТТЕР ДЕП ТАНЫЛАДЫ.
ДЕГЕНМЕН, ОЛАР БIР-БIРIНЕН БIРҚАТАР БЕЛГIЛЕРIМЕН ДЕ АЖЫРАТЫЛАДЫ:
А) ҚАЖЕТТI ҚОРҒАНУ ҚОЛСҰҒУШЫЛЫҚ ЖАСАЛУ БАРЫСЫНДА, АЛ ҚЫЛМЫСКЕРДI ҰСТАУ ҚЫЛМЫСТЫҚ ƏРЕКЕТ
ЖАСАЛҒАННАН КЕЙIН ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ;
Б) ҚАЖЕТТI ҚОРҒАНУДЫҢ МАҚСАТЫ - ҚОҒАМҒА ҚАУIПТI ҚОЛСҰҒУШЫЛЫҚТЫ ТОҚТАТУ НЕМЕСЕ БОЛДЫРМАУ, ОЛ
ҰСТАУДЫҢ МАҚСАТЫ - ҚЫЛМЫСКЕРДI ӨКIМЕТ ОРГАНДАРЫНА ЖЕТКIЗУ ЖƏНЕ ОЛАРДЫҢ ЖАҢА ҚЫЛМЫС ЖАСАУ
МҮМКIНДIГIН ТЫЮ;
В) ҚАЖЕТТI ҚОРҒАНУДА ҚОЛ СҰҒУШЫ БАРЛЫҚ УАҚЫТТА ҚЫЛМЫС СУБЪЕКТIСI БОЛЫП ТАНЫЛА БЕРМЕЙДI, АЛ
ҚЫЛМЫСКЕРДI ҰСТАУДА – ЕСI ДҰРЫС, ЖАУАПТЫЛЫҚ ЖАСЫНА ТОЛҒАН АДАМ ЖӨНIНДЕ СӨЗ БОЛАДЫ;
Г) ҚАЖЕТТI ҚОРҒАНУДА ЗИЯН КЕЛТIРУ ТӨНГЕН ҚАУIПТI ТОЙТАРУДЫҢ ЖАЛҒЫЗ ҚҰРАЛЫ БОЛЫП ТАБЫЛМАЙДЫ, АЛ
ҚЫЛМЫСКЕРДI ҰСТАУДА ОЛ ЖАЛҒЫЗ БIРДЕН БIР ҚҰРАЛЫ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ.

7.

АСА
ҚАЖЕТТIЛIК
Аса қажеттiлiк қажеттi қорғану институты сияқты қоғамға пайдалы қызметтi атқарады. Аса қажеттiлiк жағдайында жасалған əрекеттер де жеке
адамның құқықтары мен мүдделерiн, мемлекет пен қоғам мүдделерiн төнiп тұрған қауiптен қорғауға бағытталған. Қылмыстық заңға сəйкес
аса қажеттiлiк дегенiмiз – заңмен қорғалатын мүдделерге, яғни адамның немесеқоғам мен мемлекеттiң құқықтары мен заңды мүдделерiне
тiкелей төнiп тұрған қауiптi жою үшiн, егер бұл қауiптi басқа амалдармен жою мүмкiн болмаса жəне бұл орайда мəжбүрлi қажеттiлiк
жағдайынан шығып кетушiлiкке жол берiлмесе, аса қажеттi жағдайда қылмыстық заңмен қорғалатын басқа мүдделерге адамның заңды зиян
келтiруi. Аса қажеттiлiк жағдайы құқықпен қорғалатын екi мүдденiң тоғысуы нəтижесiнде пайда болады, яғни бiр мүдденi екiншi мүдденiң
есебiнен қорғау кезiнде туындайды. Мұндай жағдайларда адам тойтарылған зиянға қарағанда азырақ зиян келтiрсе ғана аса қажеттiлiк
жағдайы орын алады. Көп жағдайларда аса қажеттiлiк адамның белсендi əрекетiмен жүзеге асырылады. Алайда, кейде адамның екi мiндетi
тоғысып қатар келiп қалса, əрекетсiздiк арқылы да жүзеге асырылуы мүмкiн. Мысалы, дəрiгердi бiр уақытта екi ауруға шақырса, дəрiгер ең
алдымен ауыр халдегi ауруды қарап, екiншi науқасқа қатысты белгiлi бiр уақытқа əрекетсiздiк танытады. Аса қажеттiлiк жағдайында қауiптi
тудыратын себептерге адамның заңсыз əрекеттерiмен бiрге, табиғат күштерi (су тасқыны, жер сiлкiнiсi, өрт, қар көшкiнi жəне т.б.),
жануарлардың əрекеттерi, адам организмiндегi физикалық процестер (аштық, ауру) да жатады. Ал керiсiнше, адамның өзiнiң қасақана əрекетi,
психикалық жəне физикалық мəжбүрлеу, қол сұғушы адамға шабуыл жасау аса қажеттiлiк жағдайларын тудырушы себептерге жатпайды.
Аса қажеттiлiк жағдайында келтiрiлген зиян заңға сыйымды, заңды деп танылу үшiн мына екi топтағы шарттар сақталуы қажет:
1)төнiп тұрған қауiптiлiкке қатысты шарттар,
2). қауiптiлiктi тойтару əрекетiне қатысты шарттар.
Төнiп тұрған қауiптiлiктiң сипатына қатысты шаттар бойынша:
1). түрлi себептерден шыққан қауiп жеке адамның, қоғам мен мемлекеттiң заңмен қорғалатын құқықтары мен мүдделерiне төнуi қажет;
2). қауiп шын мəнiнде нақты орын алған, яғни жеке немесе қоғамдық мүдделерге елеулi зиян келтiрудi тiкелей төндiруi қажет;
3). үшiншi тұлғалардың мүдделерiне зиян келтiрумен байланысты емес өзге адамдармен тойтару мүмкiн болмайтындай сипаттағы қауiп орын
алуы қажет.

8.

БҰЙРЫҚТЫ
НЕМЕСЕ ӨКIМДI
ОРЫНДАУ
Əрекеттiң қылмыстылығын жоятын мəн-жай ретiнде заңшығарушы бұйрықты немесе өкiмдi орындауды айтады.
ҚК-ң 37-бабында бұл жөнiнде былай делiнген: өзi үшiн мiндеттi бұйрықты немесе өкiмдi орындау жөнiнде iс-əрекет
жасаған адамның қылмыстық заңмен қорғалатын мүдделерге зиян келтiруi қылмыс болып табылмайды. Мұндай
зиян келтiрiлгенi үшiн заңсыз бұйрық немесе өкiм берген адам қылмыстық жауаптылыққа тартылады. Бұйрық
немесе өкiм – белгiлi бiр əрекеттердi орындауға мiндеттi адамға жүктелген заңға немесе заңғатəуелдi актiлерге
негiзделген өкiлеттi адамдардың билiк талаптары. Егер бұйрықты не өкiмдi беруге өкiлеттi адам өз өкiлеттiлiгiнiң
шегiнен шықпай жəне тиiстi нысандарын сақтай отырып берсе, бұйрық не өкiм заңды деп танылады. Ал мұндай
шарттар сақталмаса берiлген бұйрық не өкiм заңсыз болып саналады.
1). егер бұйрықты не өкiмдi орындаушы тұлға бұйрық не өкiм берген лауазымды тұлғаға қызметi бойынша
бағынышты жəне бұйрықты не өкiмдi орындауға мiндеттi болса,
2). аталған бұйрық не өкiм соны беруге өкiлеттi адам арқылы берiлсе;
3). мiндеттi бұйрықты не өкiмдi орындау кезiнде мұндай бұйрық не өкiмнiң заңсыз екендiгiн ұғынбаса не ұғынуға
мүмкiндiгi болмаса. Сондықтан заңсыз бұйрық немесе өкiмдi орындау кезiнде құқыққорғайтын мүдделерге зиян
келтiргендiк үшiн жауаптылық заңсыз бұйрық не өкiмдi берген адамға жүктеледi. ҚК 37-бабының 2-бөлiгiне сəйкес,
көрiнеу заңсыз бұйрықты немесе өкiмдi орындау үшiн қасақана қылмыс жасаған адам жалпы негiздерде
қылмыстық жауаптылыққа тартылады. Көрiнеу заңсыз бұйрықты немесе өкiмдi орындамау қылмыстық
жауаптылыққа ұшыратпайды. Заңның талабына сəйкес мұндай жағдайларда қылмыстық бұйрық немесе өкiм
берген адам қылмыстың ұйымдастырушысы, ал осындай көрiнеу заңсыз бұйрықты не өкiмдi орындаған адам
қылмыстың орындаушысы ретiнде жауаптылыққа тартылуы тиiс. Бұл жағдайға бұйрықтың, өкiмнiң заңсыз
екендiгiн олардың екеуi де ұғынуы қажет.

9.

НАЗАР АУДАРГАНДАРЫНЫЗГА РАХМЕТ!!!
English     Русский Rules