Similar presentations:
Отбасының функциялары мен отбасының типтері
1.
Шоқан Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетіОтбасының функциялары
мен отбасының типтері
Көкшетау 2018 жыл
2.
Жоспар:1. Отбасының функциялары туралы
түсінік,зерттелу жәйі.
2. Отбасының спецификалық және
спецификалық емес функцияларына
сипаттама.
3. Қазіргі кезде отбасы функцияларының
іске асу жолдары
4. Отбасы типтері, түрлері туралы
түсінік, зерттеген ғалымдар.
3. ОТБАСЫ – ОТАНЫМЫЗДЫҢ ОШАҒЫ
Отбасында адам бойындағы асылқасиеттер жарқырай көрініп,
қалыптасады. Отанға деген ыстық
сезім– жақындарына, туғантуысқандарына деген
сүйіспеншіліктен басталады.
Н.Ә.Назарбаев
4.
Отбасы дегеніміз – бір-бірімен туыстық қатынаста
өмір сүретін,ортақ тұрғын
үйімен, экономиялық
кооперациямен,ұрпақ қалдыру
мақсатында ұйымдасқан
әлеуметтік топ.
5.
Отбасының бірнеше функиялары болады. Зерттеушілер А.Г. Харчев, И.В.Гребенников, А.И.Кочетов келесі функцияларды
бөліп көрсетеді: репродуктивті, экономикалық, тәрбиелік,
демалыс пен сауықты ұйымдастыру.Уақыт өткен сайын
отбасы функцияларында да өзгерістер пайда болып отырады.
Жоғарыда айтып кеткендей отбасының функциялары
қажеттіліктермен тығыз байланыста болатынын сөз етіп кеттік.
Қажеттіліктер – бұл субьект пен оның қалыпты өмір сүруі
мүмкін емес жағдайлар арасындағы обьективті байланыс.
Американ психологі А.Маслоудың, болгар социологі С.
Михайлов адам қажеттіліктерінің әлеуметтік мәніне байланысты
бірнеше түрлерін көрсеткен.
Отбасын әлеуметтік педагогика тұрғысынан қарастырған орыс
ғалымдары Ю.В.Василькова мен Т.А.Василькова.
• Н.Я.Соловьеваның айтуы бойынша "отбасылық
қажеттіліктердің саны қанша болса, отбасының
функцияларының саны да сонша".
6.
А.Г.Харчева функциялардың ішінде репродуктивтіфункцияны ерекше бөліп көрсеткен. Сонымен қатар
одан да басқа әлеуметтік функцияларды атап
көрсетейік:
- тәрбиелік;
- регенеративтік - статус пен билік - мүліктің
берілуі;
- шаруашылық - тұрмыстық - балаларға,
отбасының қарт адамдарына күтім.
- экономикалық - экономикалық қолдау.
- рухани қарым - қатынас;
- эмоционалдық - психологиялық қорғауды
алу;
7.
Функцияларды өзара екіге бөлуге болады:1.Спецификалық
2.Спецификалық
емес
1.Спецификалық функцияларға репродуктивті функциясы
(бала туу), экзистенциалды функцияға (баланы күту және
тәрбиелеу) жатқызамыз. Бұл функциялар қоғамның өзгеруіне
тәуелді емес.
2.Спецификалық емес функциялар бұл-статустың,
шаруашылықтың берілуі, денсаулыққа күтім, отбасы мүшелерінің
жағдайы т.б.
8. 1. Отбасының репродуктивті функциялары(ұрпақ жалғастыру). Бұл функцияның екі міндеті бар: Бірінші міндеті: Қоғамдық-халықтық,
1. Отбасының репродуктивтіфункциялары(ұрпақ
жалғастыру).
Бұл функцияның екі міндеті бар:
Бірінші міндеті: Қоғамдықхалықтық, биологиялық қайта
жаңғыруы;
Екінші міндеті: Балаларға деген
қажеттілік
9. 2. Экзистенциалды функция - өз отбасы мүшелерін әлеуметтік және эмоционалды қорғау функциясы. 3. Экономикалық және шаруашылық -
2. Экзистенциалды функция - өзотбасы мүшелерін әлеуметтік және
эмоционалды қорғау функциясы.
3. Экономикалық және шаруашылық тұрмыстық функция.
4.Әлеуметтік мәртебелік функция қоғамның әлеуметтік құрылымын қайта
жаңғыртумен байланысты, себебі отбасы
мүшелеріне белгілі бір әлеуметтік
мәртебе береді.
10. 5.Рекриативті, күшті қалпына келтіру функциясы 6. Бос уақытты дұрыс ұйымдастыру функциясы 7. Отбасының тәрбиелік функциясының 3
аспектісібар:
Біріншісі - баланың жеке тұлғасының қалыптасуы,
оның қабілеттері мен мүдделерін дамыту,
денсаулығын нығайту.
Екінші аспект - отбасы ұжымының өзінің әр мүшесіне
өмір бойына жүйелік тәрбиелік әсері.
Үшінші аспект - ата - ананы балаларына үнемі әсер
ете отырып, өзін - өзі тәрбиелеуге итермелеуі.
8.Коммуникативті функция
11. Отбасы түрлері және оның құрылымына қарай бөлінеді:
―Туыстық құрылым бойынша―Жұбайлар арасындағы билікті бөлу
құрылымына қарай
―Балалар саны бойынша
―Үй міндеттерін бөлу сипатына қарай
―Жаңа және басқа отбасы түрлері
―Отбасындағы пед. психологиялық ахуалға
қарай
―Отбасы әлеуметтік ортасына байланысты
12.
1.Туыстық құрылым бойынша:нуклеарлы отбасы (тәжірибесі аз отбасы);
кеңейтілген отбасы;
үлкен отбасы, яғни басқа туыстары да тұратын.
2.Жұбайлар арасындағы билікті бөлу құрылымына
қарай:
эгалитарлы – тең құқықтылыққа негізделген;
авторитарлы – басты шешімді күйеуі не әйелі
қабылдайды.
3. Балалар саны бойынша:
бір-екі балалы;
балалар саны орташа;
көп балалы;
баласы жоқ;
Үлкен отбасы
13.
4.Үй міндеттерін бөлу сипатына қарай:•дәстүрлі отбасы ( міндеттерді көбінесе
әйелі атқарады)
•ұжымдық отбасы (міндеттер бірлесіп
атқарылады ) қабілеттеріне қарай келісіп
бөлінеді.
5.Жаңа және басқа отбасы түрлері:
•оралмандар отбасы;
•әскери отбасы;
•«жаңа қазақ» отбасы т.б.
14.
6.Отбасындағы педагогикалықпсихологиялық ахуалға қарай:
•жақсы отбасы;
•жағдайсыз отбасылар;
7. Отбасы әлеуметтік ортасына сай
бірнеше түрге бөлінеді:
•ауыл қазақтарының отбасы;
•қала қазақтарының отбасы.
жұмысшы отбасы;
•зиялы отбасы;
•космополит (шала қазақ) отбасылары.
15. Әр елдің отбасы түрлері туралы көрсеткіші 1. Нуклеарлы отбасы 2. Толық емес отбасы 3. Күрделі отбасы 4. Тұрмыс құрмаған
бойдақтар (тұрмыс құру жасынан асыпкеткендер)
5. Гомогамия
(2010 жылғы статистика бойынша)
60
50
40
Қазақстан
30
АҚШ
20
Ресей
10
0
1
2
3
4
5
16.
В.Сатир қазіргі кезде әлемде отбасыныңекі түрі бар деп есептейді.
Проблемалы
отбасы
Жетілген
отбасы
Жетілген отбасы: (В.Сатирк)
қайталанбас өмір сарынымен тіршілік етеді. Жетілген
отбасы сыйластық пен махаббат бірінші орында.
Мұндай отбасы мүшелері әрдайым бір-бірін тыңдауға,
қуаныш пен реніштерін қол ұшын беруге дайын.
17.
Проблемалы отбасы: (В.Сатирк)атмосфера ұрыс-керіс, қобалжу,
мұңаю төңірегінде құрылады.
Мұндай отбасы мүшелері тікелей
кездесу мен қарым-қатынастардан
қашып, жұмысқа терең беріледі.
18.
Ю.П.Азаров жалпы отбасыларды екігебөлді:
Жағдайы жақсы
отбасы
Жағдайы жоқ
отбасы
Жағдайы жақсы отбасыларға: (Ю.П.Азаров)
- балаларды тәрбиелеуге дайын (педагогикалық білімді)
отбасы;
- позитивті отбасы, демек ата - анасы өз балаларын
дұрыс тәрбиелеп, оларды толыққанды азамат етуге
тырысқан отбасы;
19.
Жағдайсыз отбасыларға: (Ю.П.Азаров)- конфликті отбасы. Бұл отбасында ата -аналар
арасында, ата - аналар мен балаларының
арасында жиі дау - дамайлар туындап тұрады;
- педагогикалық дайын емес отбасы. Бұл
отбасындағы ата - аналардың балаларды
тәрбиелеуге педагогикалық дайындықтары
жеткіліксіз;
- аморальды отбасы. Мұндай отбасылар
аморальдық бағытта өмір сүріп, .балаларын да
соған итермелейді және педагогикалық психологиялық ықпал етуде "шектен шығуға"
жол берілді.
20.
Ғылыми әдебиеттер "жағдайсызотбасы" деген түсінікке нақты
анықтама бере алмайды, өйткені
оның пайда болу мен даму
формалары түрліше. Оның
мазмұнына түрлі түсініктер енеді
және олардың аталуы да түрліше:
"сәтсіз", "жағдайы ауыр",
"деструктивті",
"дисфункционалды" және т.б.
21. Жағдайсыз отбасыларға мыналар жатады:
1. жанжалды отбасы - кеңірек тарағаны;2. биморальды отбасы (маскүнемдік, төбелес,
былапыт сөз)
3. педагогикалық дәрменсіз отбасылар - жалпы
мәдениет деңгейінің төмендігі мен психологиялық
- педагогикалық мәдениеттің жоқтығы;
4. асоциалдық
отбасы- жағдайы
жалпы
қабылданған әлеуметтік нормалар мен мінезіне
ауытқулар бар, нұқсан келтіреді (ерте бастан
ішімдікке, нашақорлыққа үйрену, үйінен қашып,
қаңғыбастыққа салыну және басқа да жат
қылықтар).
22. Әлеуметтік тұрғыдан өмірлік стилі және үлкендерінің қимылдарын, ерекшеліктерін есепке ала отырып психотерапевт В.В.Юстицкий
отбасының мынадай түрлерінанықтады.
1. Сенімсіз отбасы
2. Жеңілтек отбасы
3. Айлакер отбасы
23. 1. "Сенімсіз отбасы― яғни, көршілеріне, қоршаған ортасындағы адамдарға сенімсіздікпен қарау. Тіпті, отбасы мүшелері барлығын
1. "Сенімсіз отбасы― яғни, көршілеріне, қоршағанортасындағы адамдарға сенімсіздікпен қарау. Тіпті,
отбасы мүшелері барлығын қатал, не тым жұмсақ, ал
олардың іс - әрекеті - әдейі жасалған әрекет дап
санаған. Қарапайым іс - әрекетте арамдық ойлаған.
Ондай отбасы тәртіп бойынша көршілері мен көп
араласпайды, ал туыстарымен, әріптестерімен қарым қатынаста жиі конфликттер, кикілжіңдер туып тұрады.
Егер бала ұстазымен немесе досымен ұрсысып қалса,
барлық жағдайда ата - аналар баласының әрекетін
дұрыс деп есептеп, әр уақытта оны жақтайды.
Баланың бойында күмәнділік, ашушаңдық дамиды
және де өз тектестерімен тіл табысу қиынға түседі.
24. 2."Жеңілтек отбасы" ― болашаққа мұңсыз, еш уайымсыз қарайды. Мұндай отбасы бір минуттік өтпеске құмар, болашаққа деген
2."Жеңілтек отбасы" ― болашаққа мұңсыз,еш уайымсыз қарайды. Мұндай отбасы бір
минуттік өтпеске құмар, болашаққа деген
жоспарлары жоқ. Егер кейбіреулері өмірлік
сарынын өзгерткісі келсе де, оған қалай жетуге
болатынын, не туралы ойлайтынын да
білмейді. Бұл отбасында өмірді жақсы жағына
өзгерту үшін не және қалай істеуі керек жайлы
талқылауды ұнатпайды, олардың көбінесе
барлық жағдайларды шыдап, басынан кешіруді
артық деп ойлайды, әрине қиындықтарға төтеп
бере алмайды.
25. 3. "Айлакер отбасы". Бұл отбасында ең алдымен мақсатқа жетушілік, сәттілік, іскерлік, айлакерлік бағаланады. Ең бастысы
3. "Айлакер отбасы". Бұл отбасында еңалдымен мақсатқа жетушілік, сәттілік,
іскерлік, айлакерлік бағаланады. Ең
бастысы еңбекпен күшті үнемдей отырып
сәттілікке жете білу. Мұндай отбасы үшін
заңдар кедергі емес. Айлакер отбасының
тағы бір ерекшелігі - қоршағандарды өз
мақсатында қолдану. Бұл отбасы өзіне
қажетті адамдарды қызықтырып, өзіне
қаратып алады.
26. Дау-дамайлардың жиілігіне, тереңдігіне қарай В.Торохтий отбасның төмендегідей түрлерін белгілеген:
1. Крезисті3.Порблемалы
2.Конфликті
4.Неврозды
27. 1.Кризисті отбасы. Отбасының өмір сүру жағдайында қажеттіліктердің, қызығушылықтардың қарама-қарсы келіп шиеленіске айналуы.
Ерлі -зайыптылар бірбіріне өшігіп қарсы тұруларымен сипатталады.
2.Проблемасы бар отбасы. Бас пананың
болмауы, бір адамның аурушаңдығы,
материалдық жағдайдың төмендігі, бір
адамның қылмыс жасап сотталуы т.б.
проблемалар болып тұратын отбасылар.
Мұндай отбасында қарым- қатынастар
бұзылып, психикалық ауруға шалдыққандар
жиі кездесіп тұрады.
28.
3.Неврозды отбасылар.Бұл отбасы
түрлерінде тұқымқуалаушылық арқылы пайда
болған
аурулармен
ауыратын
адамдар
кездеседі,
отбасындағы
басым
алған
қорқыныш сезімдері, ұйқының бұзылуы,
агрессия көрсету т.б. тән отбасылар.
4.Дау-дамайлы
отбасылар. Отбасында
жағымсыз эмоциялар көп орын алған, жиі-жиі
ұрыстар,
кікілжіңдер
болып
тұратын
отбасыларды жатқызуға болады.
29.
Дау-дамайлар бастауы отбасындағыдаулардан, келіспеушіліктерден
басталып, дау-дамайлар жағдайларына
ауысады.
Ғалымдар отбасындағы даудамайларды төрт түрге бөледі:
1)тұлғаның өзімен өзі,
2)тұлғааралық,
3)тұлға мен топ арасындағы,
4)топтар арасындағы.
30.
Дау –дамайлардың алдын алужолдары:
1. Ата-аналардың педагогикалық
мәдениетін жетілдіру.
2. Отбасының өмірін ынтымақтастық
негізде ұйымдастыру.
3.Талап қоюды іс- әрекет арқылы бекіту.
4.Балалардың қызығушылықтарын
ескеру, оларды түсіне білу. (Д. Лешли, А.
Рояк, Т. Юферова, С. Якобсон)
31. Қорытынды Ата-ана мен баланың ара қатынасы отбасы өмірінің айқын көрінісі болып табылды. Бала үшін отбасы бір жағынан –
тіршілік қоршауыболса, екінші тараптан – тәрбиелік орта.
Сондықтан да отбасын зерттеу маңызды іс. Біз
тәрбиешілер, жалпы ұстаздар әр баланың
отбасын дұрыс зерттеп, уақытында дау
дамайлардың алдын алып отырсақ, жақсы
тұлға қалыптастыруда көмегі тиері сөзсіз.
32.
Назарларыңызғарахмет!
Орындаған: Сатан Гүлжаухар Қазизқызы
Қабылдаған: Кусаинова Арнагүл Жақсылыққызы