Қорқыт Ата атындағы мемлекеттік универсиеті
Жоспары
Пайдаланылған әдебиеттер:
956.50K
Category: pedagogypedagogy

Эвфемизм

1. Қорқыт Ата атындағы мемлекеттік универсиеті

Тақырыбы: Эвфемизм
Орындаған: Манақбаева Аружан

2. Жоспары

1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
а)Ғалымдардың көз қарастары
ә)Эвфемизм мен Дисфемизмді салыстыру
б) БАҚ –дағы эвфемизмдердің қолданылуы
3. Қорытынды

3.

Кіріспе
Эвфемизм –тура айтылатын сөзді сыпайлап айту.
Қазіргі кездегі қолданылып журген эвфемизмдер
халқымыздың
бүгінгі
таңдағы
қалыптасқан
этикалық, мәдени нормаларының көріністері деп
есептеледі. Сондай-ақ бұл тіл мәдениетін, сөйлеу
мәдениетін көтеруге септігін тигізері, тілді тиімді
жұмсай білуге уйрететіні даусыз. Мысалы: Сенің
мұндай қоян журек, қорқақ, екі жүзді екеніңді бұрын
білген болсам...(Қ. Қайсенов Партизан соқпақтары).
Деп қолданудағы адамның мінез-құлқын ашу
мақсатында евфемизмдердің қызметі айрықша
көрініп тур.

4.

Яғни, көркем шығармада жазушылар кейіпкер бейнесін
сипаттауда эвфемизмді жиі қолданады. Эвфемистік
мағынаның басты қызметі – дөрекі, тұрпайы, айтуға
қолсайсыз сөздерді алмастырып, тыңдаушысына
коммуникативтік қолайсыздық тудырмау. Эвфемизмдеройды бейнелеп, көркем түрде жеткізудің
негізі.Эвфемизмнің тұрақты белгілері: біріншіден тыйым
салынған сөздерді ( діни, саяси, әкімшілік т.б )басқа
атаулармен ауыстыру, екіншіден, белгілі бір тілдік
ұжымда айтуға ұят саналатын сөздер, үшіншіден,
сөйлеуші ұғымында түсінігінде «дөрекі», «әдептілікке»
жатпайды-ау деген сөздерді басқаша сөздермен(
қарапайым лексика) ауыстыру. Міне , бұл аталғандарды
эвфемизмдердің тұрақты белгілері деп атауға болады.

5.

Ғалымдардың
ой пікірлері

6.

М.Жұмағұлова: “Әдеттегі эвфемизмдер жеке адамдар
арасындағы
коммуникативтік
колайсыздықты
болдырмауды көздейді де, жеке бастық қатынасқа тән
сипатқа ие болады. Ал газет бағаналарындағы
эвфемистік формалардың әлеуметтік сипаты басым
болады” деп есептеген.

7.

Б. Сағындықұлы: “дисфемизм тәсілімен сөз қолданумағынасы жағынан эвфемизмге қарама-қарсы тілдік
құбылыс, соңғысы сөздің ұғым-түсінігін сыпайылап
әдемілесе,алдыңғысы керісінше жағымды мағынаны
дөрекелейді, қатайтады.

8.

Мұхтар Әуезов Ұлы Абайды қайтыс болды деуге қимай:
“Осылайша айналасы айықпаған сұр тұман, суық заман
ішінде ұлы жан дүниеден көшті .Ұлы кеуденің ыстық демі
тоқтады. Шөл даланы жарып аққан дариядай жалтыр биік
басына жалғыз шыққан алып шынар құлады”

9.

Эвемизмдер мен
Дисфемизмдерді
салыстыру
Эвфемизмдер
1.Өкпе ауруы
2.Құлағының мүкісі бар
3. Зағип
4.Аяғын сылтып басады
5.Қайтыс болды
6.Қолының жымысқысы бар
7. Аузы жеңіл
8. Қосып айтады
9. Дүниеге келді
10.Аяғы ауыр
Дисфемизмдер
1.Құрт ауруы
2.Саңырау ,керең
3.Соқыр
4.Ақсақ
5.Өлді
6.Ұрлықшы
7.Өсекші
8.Өтірікші
9.Туды
10.Екіқабат

10.

“Ана тілі” газетінің 2015 жылдың 13-19 тамыз
аралығында басылып шыққан Нұрлан Құмардың
“Бала құқығын қорғау – ортақ міндет” атты
мақаласынан
алынған : “ Ата –аналардың
маскүнемдікке салынуы салдарынан уйлерінен
еріксіз қашып, қаңғыбастар қатарына қосылған
жеткіншектер жетерлік”
2 бет

11.

“ Ана тілі” газетінен :“Қайырымдылық- жүрекетен”
атты мақаладан : “Елорда әкімдігі ғимаратында
мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп
отырған отбасыларға ақшалай сертификаттар
тапсыру қайырымдылық шарасы өтті”
5 бет

12.

“Қазақ әдебиеті” газетінің 10-30 шілде аралығында
басылып шыққан “Сөздің кілті” айдарындағы
Ертай
Ашықбаевтың “Гәуһар сөзден зер
сызған” мақаладан алынған: “ 1948 жыл Алаш
жұртының біраз аяулы ақындары әлі қылмыстық
тұрғыдан да, саяси айыптарданда ақталмаған тұс
еді”
10 бет

13.

Телеақпараттық
хабарлардағы
эвфемистік
формалардың әлеуметтік сипаты басым болады.
Мысалы: жеке коммуниканттар арасында адресатқа
“еңбек ардагері”, “зейнеткер”, “ қария” деп сөйлеу
“пенсионер” деуден әлдеқайда сыпайы форма
болып табылады. Ақпараттық хабарлар тілінде,
әсіресе, мемлекеттің сыртқы, ішкі саясаты,
эканомиканың әлеуметтік саласындағы саясат,
қауіпсіздік,
құқық
қорғау,
т.б
салалар
эвфемизациялаудың объектісі болып
табылады.

14.

Телеарналардан көрсетілетін бағдарламарда
журналистер қамау, қамауға алу, түрмеге отырғызу,
абақтыға жабу сияқты нақты номинатив
терминдерді көрермен алдында қолданудан
қашқақтайды.Олар көреременге психологиялық
жағымсыз әсер қалдыратын атауларды өз
тілдеріндегі арнаулы терминдерді айтады.

15.

Қорытынды
Көркем шығармалар, газеттер, БАҚ
құралдарындағы эвфемистік және дисфемизтік
қолданыстар, біріншіден, халқымыздың тіл
байлығын көрсете, екіншіден, тіл мәдениетінің бір
кілті ретінде оқырман қауымның жалпы мәдени
өрісін артуына септігін тигізетіні сөзсіз.
Эвфемизмдер мен дисфемизмдер кейіпкер
бейнесін ашуда әр түрлі көзқарасқа, қарымқатынас пен көңіл-күйге байланысты жұмсалып,
лексикалық мағынасы арқылы жағымдыжағымсыз сезім тудыратын сөздер қызметін
атқарады.

16. Пайдаланылған әдебиеттер:

Қ. Аханов “Тіл білімінің негіздері” Алматы “ Санат”
1993
Ә. Ахметов “ Қазақ тіліндегі эвфемизмдер”
Ә.Болғанбаев “ Қазақ тілінің лексикологиясы”
“Мектеп” баспасы, 1988
“ Қазақ әдебиеті” , “Ана тілі” газет
М.Әуезов “Абай жолы”
English     Русский Rules